Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
05-11-2015_09-52-51 / гос.docx
Скачиваний:
32
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
53.04 Кб
Скачать

19. Иммунитеттің лимфоидтық жүйесі

Иммунитеттің лимфоидтық жүйесі омыртқалы жануарларға тән, әсіресе сүтқоректілерде жетілген және арнайы лимфоидтық органдардың қызметіне негізделген. Лимфоидты иммунитет жүйесі деп лимфоциттер пайда болып, жетіліп, функциялық толысатын лимфоидты органдардың жиынтығын айтады. Бұларға бауыр, сүйек майы, тимус, көк бауыр, сөл түйіндері, дәнекер ұлпадағы лимфоидты құрылымдар, құстың Фабрициус қалтасы жатады.

20. Аналық ұрық безінің гипофункциясы

Аналық ұрық безінің гипофункциясы - көбінесе сиырда, бірінші тума қашарларда қыстыгүні және ерте көктемде кездесетін ауру. Ауру ұрық безінің қызметінің әлсіреуімен, немесе мүлдем тоқтауымен сипатталады.

Аурудың негізгі себебі малды дұрыс азықтандырмау, рационның құнарсыздығы, жемшөптің жетіспеуі, қараңғы-қапас, лас қорада қыс бойы далаға шығармай ұстау, сауу кезеңінің 300-күннен астам уақытқа созылып кетуі және басқа органдардың аурулары болып табылады.

Ауру малдың жыныстық циклі өз ырғағымен, ретімен қайталанып отыруы мүмкін, бірақ ол қалыпты жағдайдағыдан әлдеқайда әлсіз, нашар білінеді. Яғни жарамсыз циклі байқалады, овуляция феномені болмайды, кейде 4-5айға дейін мал күйлемейді. Тік ішек арқылы зерттегенде ұрық безінің көлемі кішірейген, тармақтары жіңішкеріп, былбырап жатады, массаж жасағанда жөнді жиырылмайды.