Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
05-11-2015_09-52-51 / гос.docx
Скачиваний:
32
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
53.04 Кб
Скачать

9. Иммунологиялық толеранттылық

Иммунологиялық толеранттылық-арнайы бір антигенге иммундік жауап болмайтын ерекше иммунологиялық құбылыс. Организмнің өз антигендеріне шыдамдылығы болады да, қалыпты жағдайда оларға қарсы жауап бермейді. Толеранттылықтың механизмін организмде тиісті лимфоциттердің клонының болмауымен немесе олардың тежелуімен түсіндіреді. Толеранттылықты қалыптастырудың бірнеше әдістері белгілі. Оның ең сенімдісі-антигенді организмге дамуының эмбриональдық сатысында енгізу. Кейбір жануар түрінде толеранттылықты қалыптастыру қабілеті туғаннан кейін де біраз уақытқа созылады. Бұл кезең туғаннан соң тышқан, тауық және күрке тауықта 1-2 күнге, ит пен егеуқұйрықта2-5 күнге созылады, ал қой мен қоянда туғанға дейін аяқталады. Бұл уақытты адоптивтік кезең деп атайды. Атоптивтік кезең шартты ұғым, оған толерогеннің ерекшелігі мен дозасы әсер етеді.

10. Анафродизия

Анафродизия-деп малдың ұзақ уақыт күйлемей қалуын айтады. Мұндай жағдай аналық ұрық безінің персистенттік сары денесі кезінде, гипофункция, атрофия, склероз сияқты патологиялық үрдістері кезінде, сондай-ақ жатыр аурулары мен сальпингит кезінде байқалады. Климаттың кенеттен өзгеріп кетуі де анафродизияға соқтырады.

11. Аналық ұрық безінің семуі.

Аналық ұрық безінің семуі. Аналық ұрық безінің көлемі өте кішірейіп, оның қызметінің әлсіреуімен сипатталады. Көбінесе сиырда кездеседі. Аурудың негізгі себебі дұрыс азықтандырмау, созылмалы инфекциялық аурулар, асқорыту органдарының аурулары, оргнизмнің зорығуы, кәрлік, климаттың жағымсыз әсері, т.с.с.болуы мүмкін.

Ауру мал күйлемейді немесе жыныс циклі жарамсыз болып, қашырғанымен тоқтамайды. Тік ішек арқылы қол салып қарағанда, ұрық безі бұршақтың көлемінен де кіші, жұқарған, сырты жалтыр түйін болып келеді. Жатыр да кішірейген, сипалағанда жиырылмайды.

12. Аналық ұрық безінің гипофункциясы

Аналық ұрық безінің гипофункциясы - көбінесе сиырда, бірінші тума қашарларда қыстыгүні және ерте көктемде кездесетін ауру. Ауру ұрық безінің қызметінің әлсіреуімен, немесе мүлдем тоқтауымен сипатталады.

Аурудың негізгі себебі малды дұрыс азықтандырмау, рационның құнарсыздығы, жемшөптің жетіспеуі, қараңғы-қапас, лас қорада қыс бойы далаға шығармай ұстау, сауу кезеңінің 300-күннен астам уақытқа созылып кетуі және басқа органдардың аурулары болып табылады.

Ауру малдың жыныстық циклі өз ырғағымен, ретімен қайталанып отыруы мүмкін, бірақ ол қалыпты жағдайдағыдан әлдеқайда әлсіз, нашар білінеді. Яғни жарамсыз циклі байқалады, овуляция феномені болмайды, кейде 4-5айға дейін мал күйлемейді. Тік ішек арқылы зерттегенде ұрық безінің көлемі кішірейген, тармақтары жіңішкеріп, былбырап жатады, массаж жасағанда жөнді жиырылмайды.

13. Симптоматикалық бедеулік

Симптоматикалық бедеулік –ұрғашы және еркек малдың уақытша ұрықтанбай,ұрықтандыралмай қалуы.Сонымен қатар әртүрлі аурулардың яғни, жұғатын, жұқпайтын аурулардың әсерінен де болады. Еркек және ұрғашы малдың бедеу қалу себептерінің бір қатары-малды дұрыс азықтандырмау, ас қорту жүйесінің, тыныс алу жүйесінің, қан тамыр- жүрек қызметтерінің бұзылу салдарынан да болады.Осындай ауруларға ұшырағанда дене қызуының көтерілуі,қан құрамының өзгеру, зат алмасудың бұзылуы бедеулікке ұшыраудың бірден – бір нышаны (белгісі).

Сиырлардың нышанды бедеулігі олардың гинекологиялық ауруына яғни, жатыр, ұрық жолы, ұрық безі мен қынап ауру салдарынан болатыны

дәлелденген.

14. А.Ю. Тарасевич бедеуліктің төменгі себептерін атаңыз.

Экстрогениталдық - малдың жасының ұлғайуы, эндокриндік безінің қызметінің бұзылуы, жүйке және сүт безі қызметінің бұзылуы,инвазиялық

және індетті аурулар. 2.Интрогениталды-аналық безінің күлдіреуігі,персистенттік сары дене,эндометриттер,анофродезия,нимфомания,ұрықтану және зиготаның теліну кезіндегі жатыр қызметінің бұзылуы.

3.Экзогендік-алиментарлық факторлар- моционның болмауы күн

сәулесінің жетіспеуінен туындайды. Н.Ф.Мышкиннің айтуынша бедеуліктің негізгі себебі аналық және аталық малдың жыныс мүшелерінің аурулары. Ал П.А. Волосков малшарушылығындағы қолдан ұрықтандыру кезіндегі кемшіліктер деп есептейді. А.П. Студенцовтың айтуынша бедеулік себептері өткінші,бірақ мал организмінде морфологиялық,қызметтік өзгерістерге әкеліп соқтырады.

4.Туа біткен бедеулік - бедеуліктің бұл түрі атадан балаға берілетін тұқым қуалау,эндокриндік бездердің қызметінің бұзылуы экологиялық факторлар,туысқандық будандастыру, зат алмасуының бұзылуы, тағы басқа себептер салдарынан туындайды.

15.Туғаннан кейнгі невроз.

16.Жатырдың айналып түсуі кезіндегі емдік шаралар.

17.жатырдың субинволюциясы.

18.Иммуногендік жүйелердіңтурлері?

1.Конституциялық

2.Фагоциттік

3.Лимфоидтық жүйелер