- •Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
- •3. Силлабус
- •70 95 00 (35 108)– Әлеуметтану кафедрасы, s_tagaeva@ mail.Ru
- •5.1 Оқу пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері.
- •5.2 Оқытылатын пәннің құзіреттілігі
- •5.3 Оқу пәнін оқыту жоспары
- •7.2 Бақылау формасы
- •4. Әлеуметтану пәні бойынша глоссарий
- •Глоссариймен жұмыс істеу бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Оқу пәнінің тақырыбы бойынша дәріс тезистері және дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар Тақырып 1. Әлеуметтанудың объектісі және пәні
- •Тақырып 2 Әлеуметтану ғылымының даму тарихы
- •Тақырып 3 Қоғамның әлеуметтік құрылымы
- •Әлеуметтік іс-әрекеттер, өзара іс-қимылдар және қарым-қатынастар
- •Тақырып 4 Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік
- •Әлеуметтік топтар
- •Тақырып 5 Әлеуметтік институттар
- •Тақырып 6 Тұлға әлеуметтануы
- •Әлеуметтік мәртебелер және рөлдер
- •Тақырып 7 Девиантты мінез-құлық әлеуметтануы
- •Тақырып 8 Отбасы әлеуметтануы
- •Тақырып 9 Экономикалық әлеуметтану
- •Экономикалық социологияның тарихи дамуы
- •Экономикалық социологияның негізгі категориялары
- •Тақырып 10 Әлеуметтік шиеленістер
- •Жанжалды жіктеу
- •Саяси жанжалдың өзіне тән ерекшелігі
- •Жанжалдар динамикасы және оларды реттеу әдістері
- •Тақырып 11 Мәдениет әлеуметтануы
- •Тақырып 12 Дін әлеуметтануы
- •Дін және қоғам. Діннің әлеуметтік функциялары
- •Тақырып 13 Этникалық әлеуметтану
- •Этносаралық қатынастар
- •Тақырып 14 Басқару әлеуметтануы
- •Тақырып 15 Эмпирикалық әлеуметтану
- •1 Кезең. Социологиялық сұрауға дайындалу:
- •2 Кезең. Эмпирикалық ақпарат жинау:
- •3 Кезең. Социологиялық мәліметтерді өңдеу және түсініктеме беру:
- •4 Кезең. Алынған мәліметтерді талдау:
- •Социологиялық зерттеудің бағдарламасы
- •Социологиялық зерттеудің іріктеуін құрау. Іріктеу жиынтығы
- •Сипатты есептеу
- •Квоталық және кездейсоқ зерттеу әдістері
- •Әдістемелік нұсқаулықтар
- •Курстың жеке тақырыптары бойынша конспектілеу жұмыстарын жүргізу
- •Курстың жеке тақырыптары бойынша жұмыстардан көшірмелер жасау
- •Тезистерді құрастыру
- •Мақалаларға аңдатпа мен ой-пікір жазу
- •Курстың белгілі бір тақырыптары бойынша библиография құрастыру
- •Әдеби қайнар көздерді сипаттау үлгісі
- •Реферативтік баяндамаларды даярлау
- •Тәжірибелік/семинарлық сабақтарды өткізу жоспары және оларға дайындалудың әдістемелік нұсқаулықтары
- •Әдістемелік нұсқаулықтар Семинар сабағы
- •Тәжірибелік сабақ
- •Білім алушылардың өздік жұмысына арналған тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
- •Өздік тапсырмаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
- •Эссе қалай жазылады?
- •Әлеуметтану пәнінен білім алушылардың білімін бағалауға арналған сұрақтар
- •Өзгерістер мен толықтыруларды енгізу парағы
- •20__/20__ Оқу жылына
Тақырып 7 Девиантты мінез-құлық әлеуметтануы
1. Э.Дюркгеймнің аномия немесе қоғамдағы дезорганизация жағдайын талдау.
2. Р. Мертонның ауытқушылық мінез-құлық типологиясы.
3. Т.Селлиннің мәдениеттің конфликт теориясы.
4. Э.Фромм әлеуметтік сипат және адамдық деструктивтік туралы.
Негізгі ұғымдар: девиация, суицид, қылмыс, әлеуметтік ауытқушылық, норма, асоциалды, деликвентті мінез-құлық, аномия, депрессия және т.б.
Қазақ тіліндегі әдебиеттерде керітартпа ғадет, жағымсыз мінез-құлық, девиантты мінез – құлық деп әртүрлі деп беріледі. Ең алдымен норма дегеніміз не деген сұраққа тоқталайық. Ғылыми әдебиеттерде норма деп «қоғамның тұлғаға қоятын талаптарын, ережелер жиынтығын айтамыз». Сонымен, норма – қоғамдағы жалпымен қабылданған моральдық, заңдық, әлеуметтік талаптарға сәйкес мінез-құлық.
Мінез-құлықтағы ауытқулар дегеніміз әлеуметтік, мектептік, отбасылық жағдайларға байланысты адамның қоғамдағы қалыптасқан нормалар мен ережелерді бұзуы.Зерттеушілердің мәліметтеріне сүйенсек, ауытқушылықтардың төмендегідей критерийлері мен белгілерін бөліп көрсетуге болады:
Отбасылық сәтсіздік;
Оқыту және кәсіби мекемелердегі ауытқушылықтың алдын алатын жұмыстардың аздығы;
Тұлғаның тұлғалық компоненттерінің төмендігі;
Қарым-қатынастағы дискомфорт
Асоциалдық мінез-құлық басқаларға өшпенділік, агрессивтік қарым-қатынас, ережелерді бұзу, абыройды мойындамау.Осы жағдайда келесі көріністерді атап өтуге болады: төбелескіштік, басқаның мүлкіне зиян келтірушілік, адамдарға немесе жануарларға деген қатыгездік қарым-қатынас, ұрлық, өтірік айту.
«Деликвенттілік» түсінігі «delinque» - ренжіту, бұзу сөзінен шыққан. Әлеуметтік – психологиялық әдебиеттерде бұл түсініктің мәндік мағынасын А.Личконың анықтамасымен байланыстырады. Оның ойынша, деликвенттілік Қылмыстық кодекске сәйкес жазаланбайтын криминалдық мінез – құлыққа тікелей қатысты емес, майда құқық бұзушылық. Бірақ әлеумдік тәжірибеде кәмелеттік жасқа толмағандардың криминалдық іс-әрекеті.Девиантты мінез-құлық түсінігі Э.Дюркгеймнің атымен тығыз байланысты. Э.Дюркгейм бойынша девиантты мінез-құлық қоғамдағы жалпы қалыптасқан нормалардан ауытқуы.
Девиантты мінез-құлық теориясының өзін бірнеше топтарға бөліп қарастыруға болады:
Теориялардың бірінші тобына био-антропологиялық және био-медициналық концепцияларды жатқызамыз. Девианттылықтың себебі туа біткен немесе жүре біткен физиологиялық, психофизиологиялық ерекшеліктер.
Теориялардың екінші тобына девиантты мінез-құлықтың экономикалық теорияларын айтуға болады.Девианттылық экономиканың жоғары дамуымен немесе төмен құлдырауымен пайда болады.
Теориялардың үшінші тобына «мәдениеттер мен субмәдениеттер арасындағы қайшылықтар теориясын» (Т.Селлин, А.Коэн), «бақылау теориясының» әлеуметтік-психологиялық нұсқасы (М.Гольд, А.Райс), аномия теориясын жатқызуға болады.
Теориялардың төртінші тобына қоғамдағы тұрақсыздықтың, ұйымдастырушылықтың құлдырауының нәтижесіндегі жаһандық себептерді айтамыз.
Әлеуметтанудағы девиацияның түрлері мен формалары.
Девианттылықтың ең алдымен синхронды және диахронды түрлерін бөліп көрсетуге болады. Синхрондық девианттылық – қоғамдағы девиацияның тең бөлінуі; диахронды – жылдам динамика, ауытқушылық мінез-құлықтың тез бой көтеруі.
Ауытқушылықтың сонымен қатар, төмендегідей түрлерін көрсетеміз:
Реактивті – психотравмалық жағдайларға негізделген.
Тұлғаның төмен моральдық деңгейімен байланысты.
Құштарлық патологиясы (садиз), биологиялық факторларға негізделген.
Ал, көптеген ғалымдар девиацияны екі негізгі бағытта қарастырылады:
Қылмыстың пайда болу формасы бойынша – деликвентті, үйден қашу, босқыншылық, маскүнемдік, суицидтік мінез-құлық.
Себептерге байланысты – биологиялық факторлар, сонымен қатар, әлеуметтік-психологиялық негіздер, әлеуметтік орта, жасөспірімдік кезең мерзіміндегі психологиялық ерекшеліктер.