Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
umkd_Sotsioloia_Obschy_kurs.doc
Скачиваний:
106
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.01 Mб
Скачать

Квоталық және кездейсоқ зерттеу әдістері

Квоталық іріктеу әдісі респонденттердің іріктеп таңдалуы (жынысы, ұлты, жасы, білімі, әлеуметтік-кәсіби мәртебесі) жүретін бірнеше белгілер (мысалы, бес белгі) бойынша анықтауды қажет етеді. Бұл әдіс зерттеу басталғанға дейін жалпы жиынтық элементтерінің бақылау белгілері туралы статистикалық мәліметтер болған жағдайда қолданылады. Қайсы бір бақылау белгілері туралы мәліметтер квота ретінде, ал олардың жеке сандық мағыналары - квота өлшемдері ретінде алға шығады.

Квоталық іріктеу кезінде респонденттер сұхбат алушымен квота өлшемдерінің сақталуымен мақсатты түрде іріктеп таңдалады.

Мысал:“N” қаласы халқының билік органына көзқарасын тексеру бойынша зерттеуде іріктеу және жалпы жиынтық құрылымдарының 5 белгісі: жынысы, жасы, білім деңгейі, ұлты, әлеуметтік-кәсіби жағдайы бойынша сәйкес болуы белгіленеді. Осы белгілер бойынша қала халқының жалпы жиынтықтағы бөлінуі белгілі (статистикалық мәліметтер негізінде) және пайызбен көрсетілген.

Іріктеу жиынтығы элементтерінің құрылымы

Іріктеу жиынтығы элементтерінің қажетті белгілер бойынша бөлінуінің құрылымы оның пайыздық тұрғыдағы жалпы жиынтық элементтерінің бөлінуі құрылымына тепе-тең, мөлшерлес болатындай құрылуы тиіс.

Әдістемелік нұсқаулықтар

Әдістемелік нұсқаулықтар бекітілген типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған. Оқу жұмыс бағдарламасы дәрістік, семинар сабақтардың, СОӨЖ сабақтарының және СӨЖ тапсырмаларының тақырыптарының тізімінен тұрады. Оқу жұмыс бағдарламасына қосымша ретінде СОӨЖ, СӨЖ, тәжірибелік сабақтарды орындау бойынша әдістемелік нұсқау құрастырылған.

Осы нұсқаулардың міндеті болып студенттерге пәнді оқу барысында көмек көрсету таңылады.

Құралда әр-бір тақырыптың қысқаша мазмұны ашылады, тақырыпты игеруге әсер тигізетін сауалдар, тапсырмалар, өзін-өзі бақылау сұрақтары енгізілген.

Курстың белгілі-бір тақырыптары дәрістерде немесе тәжірибелік сабақтар барысында қарастырылуы мүмкін, басқа тақырыптар – тек қана дәрісте, үшіншілері – студенттін өзімен зерттеледі. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттің өздік жұмыстары, студенттің өздік жұмыстары тапсырмаларды орындауды, конспектілеуді, библиографиялық тізімдерді, реферативтиік баяндамаларды, тезистерді даярлауды, көшірмелерді құрастыруды, рецензия мен аннотацияларды жазуды, есептерді шешуді көздейді.

Құралда сабақтарды өткізудің әр-түрлі нысандары көзделген, мысалға алсақ: практикумдар, кәсіби ойындар, мәселелі ізденіс семинарлар және т.б.

Курстың жеке тақырыптары бойынша конспектілеу жұмыстарын жүргізу

Конспект деген сөз латын тілінен шыққан және шолу, мазмұндау деген мағына берген. Дұрыс құрастырылған конспектіде қарастырылатын әдебиеттегі немесе нормативтік құқықтық актідегі ең негізгісі ерекше көрсетілген, ең маңызды мән-жайларға көңіл бөлінген, қысқа және айқын тұжырымдамаларда маңызды теоретикалық ахуалдар көрсетілген. Жақсы конспектіні тек қана сол жағдайда құрастыру мүмкін болады, егер де тұнғыш қайнар көзі толық зерттелсе, ал оның негізгі мазмұны игерілсе ғана, егер де зерттелетін әдебиеттің немесе нормативтік құқықтық актінің құрастырылған жоспары мен мәтіннің дара бөліктерінің байланысы анықталған жағдайда ғана мүмкін. Конспектілетін жұмыстын авторының басты ойлары сөзбе-сөз мазмұндалмай, өз сөздерімен мазмұндалу тиіс. Бұл мәтіннің мазмұның жемісті игеруге себеп болады. Егер де белгілі-бір жайларды сөзбе-сөз келтірген жағдайда дәйектелген мәтіннің беттерін көрсету керек.

Конспектінің сыртқы хаттауы келексі талаптарға сәйкес болуы тиіс: дәйектелетін жұмыстың авторының тегі мен инициалдарын, оның басып шығару деректерін (басып шығарған жерін, баспаны, жылың), конспектілетін беттін номерін көрсету керек, мәтінді ұғынықты, айқын, жұмыстың жоспарының орындары шығарылатын жолдар қалтырып жазу керек.