Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет гаус.docx
Скачиваний:
30
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
887.24 Кб
Скачать

1.2 Өндірістік – шаруашылық жұмыстарына талдау жасау

Мекеме өндірістік-шаруашылық жұмыстарына анализ жасасақ, жұмыс көлемінің жылдан жылға көбейіп келе жатқанын көреміз.

Жұмыс күнінің 2013 жылдан 2012 жылға дейінгі аралықта екі есеге дейін көбейгеннің көріп отырмыз. Осыған байланысты барлық табыстар көбейген,бірақ та шығындар да азайған жоқ. Себебі, жаңа көліктерді уақытында жөңдеу шін көптеген шығын түрлерін қажетсінеді.

Істеп шығу мен бұзылымдарды алдына ала ескерту үшін ТҚ-тің операцияларын белгілі бір мезгілде және уақыт аралығында орындау.

Көп елдерде жоспарлы алдын ала ескерту жүйесін қолданады, соған байланысты ТҚ-ті алдын ала ескерту міндетін атқарады және белгілі бір ұақытта автомобильдің берілген жұмыс істеу мерзімінен (жүрген жолынан) кейін орындалады, ал жөндеу қажет болған жағдайларда орындалады.

Бұл қарастырылған екі әдісте келесі жұмыстардан тұрады. Олар мыналар: ұйымдастыру, технологиялық, басқару және т.б. Жұмысты ұйымдастыру үшін алдымен мәлімет жинап, оны өңдеп, белгілі бір инженерлік шешім қабылдай білу керек.

Тәжірибе көрсеткендей жөндеу жұмыстарының жұмыс көлемі, автомобильге жасалынатын барлық (КҚ, ТҚ-1, ТҚ-2 және МҚ) қызметтердің көлемінен асып кетеді [1].

Автомекемеде линиядан келген және линияға шығатын автомобильдерді бақылаудан өткізу пункті бар. Автокөліктер негізінен ашық алаңда сақталынады. Мекеменің өндірістік базасы тексеріп, оның автомобильде техникалық пайдалану талаптарына сай келмейтінін көруге болады: жөндеу посттары жоқ, жөндеу шеберханалары техникалық талаптарға жауап бермейді. шылығының жұмыстары негізінен көктемде, жазда және күзде жүргізіледі. Автомобильдерді пайдалану кезінде де осы мерзімдерге келеді. Сол үшін негізгі жөндеу жұмыстарын қыста жүргізуге тура келеді.

Жоғарыда айтылып кеткен кемшіліктерді ескере отырып Тараз қаласындағы ЖШС «Өрлеу - 2012» ның автокөлік мекемесінде ТҚ және жөндеу жұмыстарын, моторлық цех бойынша жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру керек [1].

1.3 Бөлімдерде жұмысшылардың саны

Жұмысшылар саны: 11 слесар, 2 дөңгелек жөңдеуші, 2 токарь, 3 электрик, 4 қозғалтқыш жөңдеуші,5 аргрегат жөңдеуші, 2 аккумулятор жөңдеуші, 2 медник, 1 вулканизатор,3 пісіру жұмысымен айналысатын қызметкерлер, 3 жестянщик, маляр, 2 аспапшы, 6 қосалқы қызметкерлер,4 жабдықтарды реттеуші, 6 кезекші механиктер, 2 отын құушы, 3 май ауыстырушы, 4 қойма маманы, 1 жөңдеу бөлімшесінің бастығы, 2 автоколоналардың бастықтары, 1 бас инженер, 1 қауіпсіз жол қозғалысының инженері, 2 тетіктерді жеткізуші, 10 жуу қызметкерлері, қызметтік көліктерге 4 және автобустарға 5 жүргізуші [1].

1.4 Қызмет және жөңдеу жұмыстарының өндірістік технологиясы

Көліктерді келесі техникалық қызмет көрсету түрлері қамтиды: күнде өткізілетін техникалық қызмет көрсету (ЕО), бірінші техникалық қызмет (ТҚ-1), екінші техникалық қызмет (ТҚ-2) және аралық жөңдеу.

Күнде өткізілетін техникалық қызмет (ЕО) қозғалмалы құрамның техникалық жағдайын, атап айтқанда жолда қауіпсіз жүру жолын, қажетті эксплуатациялық материалдармен қамтасыз етуіне жауап береді.

Кезең аралық уақытта күнде өткізілетін техникалық қызмет көрсетуде басқару құрылғыларын, жарықтандыру аспаптарын, кузовты бақылау-тексеру жұмыстарын қамтиды. Сонымен қатар, жуу-жинау жұмыстары, құрғату операциялары және маймен, отынмен, суыту сұйықтармен кешенді жұмыстарымен қамтамасыз етілдеі.

Бірінші және екінші техникалық қызмет көрсету (ТҚ-1 және ТҚ-2) жұмыстары уақытылы қадағалау арқылы көліктің агрегаттар мен құрылғылар тозуын алдын алып, істен шығуын төмендету.

Бірінші техникалық қызмет көрсету (ТҚ-1) көлікің толық сыртқы жағдайын бақылап, қозғалтқыш, рульдік басқару, тежеу құрылғыларын толық тексеруден өткізеді. Оның барлық құрылғыларымен бөлшектерін бүтіндігіне бақылау қажет. Ең бастысы, аталған жұмыстар өзінің белгілі бір нақты бекітілген нормативтік база бойынша, жүрген жол көлемі бойынша іске асырылады.

Екінші техникалық қызмет көрсету (ТҚ-2) құрылғыларды және аспаптарды толықтай тереңдетілген техникалық тексеруден өткізеді. Электр құрылғылары және қоректендіру аспаптары ажыратылып, цехқа бақылау, әрі ретке келтіру үшін жеткізіледі. Барлық құрылғылар көліктің қозғалыс уақытында пысықталады[1].

Көлікті ағымды жөңдеуден өткізуде шағын жөндеу жұмыстары сияқты және бөлшектерді, агрегаттарды, қосылысты құрылғыларды ауыстыру аралық аусым уақытта іске асырылады. Жүргізушінің тапсырысымен немесе линиядан келгенде бақылаудан өткізілгенннен кейін анықталған шағын ауытқушылықтар жөңделеді.

Жөңдеу бөлімшесінің технологиялық процесінің схемасы.

Радиаторлар, отын сиымдылықтары, отынды-майлы құрылғылар тікелей медниттік бөлімшеге жеткізіледі. Оларды жуып, қадағалап, кейін жөңдеу жұмыстарына және тәжірбиеден өткізуге көшеді. Осы бөлімшеде келесі жұмыстар атқарылады: бөлшектерді тоттан және кірден тазартады, тесіктерді жамайды, отын құбырларын бүтіндігіне тексереді, бөлшектерді антифрикциялық қоспалармен құйып, басқа да қалпына келтіру жұмыстарыен айналысады.

Қозғалтқыштарды жөңдеу бөлімшеге қосалқы агрегаттарды бұзылмаған жағдайда әкелінеді. Осында оларды жөңдеп, тексереді. Толық жиналған қозғалтқыштарды тәжірбиеден өткізіп, соңғы тексеруден өткізеді. Түйіндерді верстактарда жинайды. Агрегаттарды стендтерде жинайды. Жиналған агрегаттарды тексеріп, тәжірбиеге салады.

Көліктерден ажыратылған электр құрылғылардың аспаптарын, барлық сымдарымен электр құрылғылар жөңдеу бөлімшесіне жібереді. Осы жерде олар толық кешенді жөңдеу операциялардан өткізіледі (бұзу, бақылау және іріктеу, жинау, тексеру және сырлау). Жаңа сымдарды жөңдеп, іріктеу жұмыстарын тиянақтайды. Жөңделген электр құрылғылардың аспаптарын сымдармен қоса ағымды тексеру және ағымды жөңдеу бөлімшелеріне жеткізіледі.

Түзету жұмыстарына ақаулардың сипатына қарай деформацияланған қабаттардың ойлы-қырлылығын қалпына келтіру, сонымен қатар, шанақтың бұзылған геометриялық көлемін түзету және т.б. жұмыстар жатады.

Дәнекерлеу жұмыстары қаңылтырлау - түзету жұмыстарының ажыратылмайтын бөлігі болып саналады. Барлық жөндеу жұмыстары дәнекерлеу жұмыстарын талап етеді. Түзету цехында ТҚС - да газды және нүктелі дәнекерлеу жұмыстары жүргізіледі, ал дәнекерлеу цехында электр доғалы дәнекерлегішті қолданады [1].

Жөндеу жұмыстары кезінде дәнекерлегіш бұзылған бөлікті алып тастау үшін, түзету жұмыстарында, шанаққа бөлшектер мен жаңа бөліктерді және қосымша бөлшектерді орнату кезінде, сонымен қатар, жарықтарды қайнатуда қолданылады. Дәнекерлеу, қаңылтырлау учаскелерінде 3 адам жұмыс атқарады.

Сырлау бөлімі ескі лакты сырлы қабатты алып тастап сырлау, жергілікті бүлінген жерлерді сырлауға, шанақтың жекелеген бөлшектерін және басқа да әртүрлі сақтандырғыш қабаттарды жағуға арналған.

Сырлаудың жалпы технологиялық үрдісіне үстіңгі қабаттарды сырлауға дайындау, алғашқы бояу, саңылауларды тығындау, тегістеу, аралық және сыртқы жабын қабаттарын жағу жұмыстары жатады. Сонымен қатар, кептіргіш камерада әрбір қабатты жағар кезде атқаруға қарастырылған кептіру режимін сақтау керек.

Үстіңгі қабатты сырлауға дайындау жұмыстары әртүрлі құрылғылар мен құрал - саймандардың көмегімен жергілікті жеңіл сырлап көрумен жүзеге асырылады. Шанақты сырлау және жергілікті жеңіл сырлап көру жұмыстарын сыр бүріккіш пистолетпен сырды ауа қысымымен бүрку тәсілі арқылы жүзеге асырады.