Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет гаус.docx
Скачиваний:
30
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
887.24 Кб
Скачать

1.5 Қосымша бөлшектерді және отынды-майлы сұйықтарды сақтау үшін арналған бөлімдер

Ағымдағы жөңдеу және қызмет көрсету зоналарымен бірге қосалқы бөлшектер мен майлау сұйықтар қоймасы орналысқан. Дизелді отын жер асты сыйымдылықтан сақталады. Отынмен қамтамасыз ету, отын беру құбырлары арқылы іске асады [1].

1.6 Жөңдеу-қызмет көрсету жұмыстарын жүргізудің өндірістік процесы

Күн сайынғы қызмет көрсету. Бақылау-тексеру жұмыстары жүргізушімен және механикпен; жуу-тазалау жұмыстары арнайы мамандарылыған топпен іске асырылады. Жүргізушінің күн сайынғы қызмет көрсету операциялары арнайы жұмыс кезіндегі дайындау-қорытынды уақытта ұйымдастырылады.

Күн сайынғы қызмет көрсету жұмыстары кезекші механикпен қабылданып, автобустың тазалығы мен сыртқы жағдайы үшін толық жауапкершіліке алынады.

ТҚ-1 жүргізілетін жұмыстарға байланысты біліктіліке сәйкес қажетті мамандармен орындалады. Жұмыстың сапасы орындалу кезінде және аяқталған уақыта бөлімнің бригадирі тексеріп қадағалайды. ТҚ-1 мәліметтері ТҚ жоспар-есебінде көрсетіледі. ТҚ-2 жүргізілер алдында Д-1 өткізіледі. Оның мақсаты, барлық ақауларды табу арқылы үлкен жұмыс көлемі анқыталады. Бұл ақаулар ТҚ-2 жүргізгенге дейін аралық жөңдеу кезінде іске асырылады.

Өндірісті дайындау бөлімінің басқармасына жіберілетін, диагностикалық карта мен есепке алу парағына көлікті диагностикадан өткізу мәліметері мен тексеру қорытындылары енгізіледі. ТҚ-2 орындалуын мен дайындалу үшін Бас инженер жауап береді. ТҚ-2 барлық кешенді жұмыстары тұғырықты посттарда жұмысшылармен іске асырылады. Аталмыш жұмыстарды іске асыру үшін қажетті бөлшектер мен қосалқы материалдар, көліктен шешілген ескі бөлшектер орнына беріп, жұмыс орнындарына жеткізіледі де, аусытырады.

ТҚ-2 сапасына бригадир жауап береді.

Ағымды қызмет көрсету бөлімшенің мамандарылған тобы, қозғалмалы құрамның ағымдағы жөңдеу жұмыстарын орындайды. Автобустарда жөңдеу жұмысы орындалғаннан бастап, кешігудің бірден бір себебі, қосалқы бөлшектердің жоқтығынан немесе жұмыс орындау постарының бос еместігінен болып отыр. Осындай уақытарда ағымды қызмет көрсету және жөңдеу жұмысын жүргізу бөлімшелердің күту тұрағына жіберіледі.

Ағымды жөңдеудің сапасы жұмыстың орындалуы мен аяқталған кезінде бригадирмен қадағалынады .

Қозғалмалы құрамды жұмысқа шығару. Жүргізуші ауысым басында міндетті түрде, күн сайынғы тексеру операцияны орындап, барлық бөлшектер мен құрылғылар бүтін және көліктің жұмыс істеуіне ештеңе кедергі келмейтініне сенімді болу қажет. Диспетчерлік қызмет бөлімшесінен жүргізуші жол жүру парағын алуы тиіс. Мекемеден шықан кезде жүргізуші жол жүру парағын көрсету арқылы шығуға рұқсатама берліген жөнінде дәлелдейді. Қозғалмалы құрамның шығу кезінде белгілі бір ақаулар байқалса, жол жүру парағы арқылы қажетті бөлімшеге жіберіледі[1].

1.7 Өндірістік орындар

ЖШС «Өрлеу - 2012» территориясында ағымды жөңдеу және тексеру зоналары, жылы гараж, жуу учаскісі және жөңдеу зоналары кіретін: вулканизация, қозғалтқышты-агрегатты, меднитік, аккумуляторлы, электротехникалық және слесарлы-механикалық бөлімдер орналысқан.

Слесарлы-механикалық бөлімде тетіктерді қалпына келтіру бойынша слесарлы және механикалық жұмыстар атқарылуда. Аталған жұмыстарға келесі операциялар жатқызылады: тетіктерді механикалық өңдеуден кейінгі дайындамалар, тетіктерді пісіруге дайындау жұмыстары, пісіруден кейінгі өңдеулер, жөңдеу өлшемдеріне сәйкестендіретін механикалық өңдеулер және басқа да қалпына келтіру операциялары.

Меднитік бөлім радиаторларды, отын бактерін, отын және май құбырларын жөңдеуге арналған.

Аккумуляторлы бөлім қоректендіру батареяларын жөңдеу, қалпына келтіру және қуаттандыруға арналған.

Электротехникалық бөлім сымдардың жинақталуын, генератор, стартер және тағы басқа электр жабдықтар, құралдар, агрегаттарды жөңдеу және тәжірбие өткізуге арналған.

Қозғалтқышты-агрегатты бөлім қозғалтқыштарды жөңдеу, бұзу және жинау, тәжірбие өткізуге, әрі қосалқы агрегаттарды жөңдеуге арналған.

ТҚ 1, ТҚ 2 және ағымды жөңдеу жұмыстары біріккен түкпірдегі посттарда іске асырылады. Әрбір постта өзінің шығу-кіру қақпалары бар.

Өндірісте жуу-жинау жұмыстарын іске асыру үшін екі линиялы жуғыштар орнатылған[1].