Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции.docx
Скачиваний:
214
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.39 Mб
Скачать

4 Жаттығу

  1. Конструктор режиміне кіріңіз және белгілі бір пәндік саладан бір объектіні сипаттаңыз (1 жаттығуны қараңыз).

  2. Конструктордың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, объект сипа­т­тамаларына аттаулар беріп, олардың типтерін анықтаңыз.

  3. 2 жаттығудағы көрсетілгендей кейбір өрістерге алдын ала сипаттамалар беріңіз.

5 Жаттығу

  1. Ашу батырмасы арқылы бұрын құрылған кестелердің кез келген бірін ашыңыз.

  2. Кестені мәліметтермен толтырғанда Түзету (Правка) менюі­нің командаларын, саймандар тақтасының батырмаларын және кон­­­текстік менюдің қайталанатын мәндерді көшіріп алып керекті орынға қою командаларын пайдаланаңыз.

  3. Кестелердегі жасалған өзгертулерді сақтапи қойыңыз.

6 Жаттығу

  1. Алмастыру” (“Подстановка”) ішкі беті арқылы орнатылатын өріс қасиеттерін қарап шығыңыз, Кестелер режимін пайдаланып “Баспа” жаңа кестесін құрыңыз. Бұл кестеде тек бір ғана өріс болады, оған мынадай баспа атауларын енгізу керек: Ғылым, Жоғары мектеп, Білім, Рауан және т.с.с.

  2. 1 жаттығуда құрылған “Кітап” кестесін ашыңыз.

  3. Конструктор режиміне кіріңіз.

  4. “Баспа” өрісінің сипаттамаларына арналған “Жалпы” (“Общие”) ішкі бетіне кіріңіз.

  5. Басқару элементінің типі” қасиеті үшін “Тізімі бар өріс” деген мәнді таңдаңыз, “Жолдар шығу көзінің типі” (“Тип источника строк”) қасиеті үшін “Кесте/Сұраныс” мәнін таңда­ңыз, “Жолдар шығу көзі”(“Источник строк”) қасиеті үшін – “Баспа” кестесін таңдаңыз, “Қосылған бағана” мене “Бағана саны” үшін 1 деген мәнді көрсетіңіз.

  6. Ашу батырмасы арқылы “Кітап” кестесінің мәліметтерді енгізу режиміне кіріңіз.

  7. “Баспа” өрісіне арналған мәліметтерді енгізуді орындаңыз.

  8. Кестедегі жасалған өзгертулерді сақтаңыз.

7 Жаттығу

  1. Алмастыру” ішкі бетіндегі өрістердің тағайындалатын сипаттамаларын қарап шығыңыз.

  2. Кестелер режимін пайдаланып “Жарияланатын орын” атты жаңа кесте құрыңыз. Бұл кестеде екі өріс болуы тиіс: Код және Жарияланатын орын.

  3. Жаңа мәндер енгізіңіз, мысалы: Алматы, Астана, Москва, Санкт-Петербург.

4. 1 жаттығуда құрылған “Кітап” кестесін ашыңыз.

5. Конструктор режиміне кіріңіз.

  1. “Жарияланатын орын” өріс сипаттамаларына арналған “Жалпы” ішкі терезеге кіріңіз.

  2. Басқару элементінің типі” үшін “Тізімі бар өріс” деген мәнді таңдаңыз, “Жолдар шығу көзінің типі” үшін “Кесте/Сұраныс” мәнін таңдаңыз, “Жолдар шығу көзі үшін сұраныс құрастырғышын (построитель запросов) ашыңыз да, соның ішінде кестенің атын – Жарияланатын орын, өрістің атын – Жарияланатын орын, сұрыптау – өсуі бойын­ша деп экранға шығаруды көрсетіңіз. “Қосылған бағана” және “ Бағана саны” үшін 1 деген мәнді көр­сетіңіз.

  3. Ашу батырмасы арқылы “Кітап” кестесінің мәліметтерді ен­гізу режиміне кіріңіз.

  4. “Жарияланатын орын” өрісіне арналған мәліметтерді енгізуді орындаңыз.

  5. Кестедегі жасалған өзгертулерді сақтап қойыңыз.

8 Жаттығу

  1. Пуск батырмасын басу арқылы Access-ке кіріңіз.

  2. Мәліметтер базасын құру сұхбат терезесінде Шеберді іске қосу (Запуск мастера) қанат белгісін (переключатель) басы­ңыз.

  3. “Құру” (“Создание”) сұхбат терезесіндегі Мәліметтер базасы іш­кі терезесін таңдаңыз да, көрсетілген базалардың біреуін, мыса­лы, Музыкалық коллекция белгішесін таңдаңыз және сұхбат жүрген кезде қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа база құрыңыз.

  4. Құрылған базаларды мәлі­мет­терді енгізу және Конструктор режимдерінде қа­рап шығыңыз.

Бақылау сұрақтары:

  1. Кесте не үшін қажет?

  2. Объект қалай сипатталады?

  3. Өріс дегеніміз не?

  4. Әрбір өріс қалай сипатталады?

  5. Access-те мәліметтердің қандай типтері болады?

  6. Санауыш (Счетчик) мәліметтер типі не үшін қажет?

  7. Өріске қандай қасиеттерін тағайындауға болады?

  8. “Келісім бойынша мән” (Значение по умолчанию) қасиетінің қызметі неде?

  9. Бет перде (Маска) не үшін қажет?

  10. “Алмастыру” ішкі беті не үшін қолданылады?

  11. Құрып отырған кесте өрісінің мәнін беру үшін,е басқа кесте өрістерін қалай пайдалануға болады?

  12. Алмастыру шебері не үшін қажет?

  13. Кесте режимінде кесте қалай құрылады?

  14. Конструктор режимінде кесте қалай құрылады?

  15. Кесте шебері режимінде қалай жұмыс істейміз?