Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции.docx
Скачиваний:
214
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.39 Mб
Скачать

108 Сурет. Басылым үшін кестелер мен өрістер таңдау

109 сурет. Жазбаларды топтастыру үшін өрістер таңдау

110 сурет. Топтастыру кезіндегі аралықтарды тағайындау

111 сурет. Сұрыптау өрісін таңдау

112 сурет. Нәтижелерді шығару тәсілін беру

113 сурет. Жоба түрін таңдау

114 сурет. Басылым стилін таңдау

115 сурет. Басылым атын енгізу

116 сурет. «Авто» басылымы бейнесі

7.3 Автобасылым режимінде басылым жасау

Автобасылым: бағанаға (Автоотчет: в столбец) режимі беттегі барлық өрістерді бір бағанға (колонкаға) орналастыру мүмкіндігін береді, кесте аты басылымның тақырыбы ретінде қолданылады, әрбір беттің төменгі жағында күн-ай мерзімі, бет нөмірі және басылым беттерінің жалпы саны орналастырылады. 117-суретте «Авто иесі» кестесі үшін жасалған басылым көрсетілген.

Автобасылым: таспалық (Автоотчет: ленточный) режимі өрістерді беттің жоғарғы жағына солдан оңға қарай бағаналар аттары ретінде орналастыруға мүмкіндік береді. Басылым альбомдық бағытта жасалады, бір бетке бағаналардың мүмкіндігінше ең көп (максимум) саны шығарылады, мұндайда бағана аттары қысқартылып та алына береді. Ал басқа бағаналар келесі беттерге басылатын болады. 118-суретте «Авто иесі» («ВладелецАвто») кестесі үшін жасалған осындай басылым бейнесі көрсетілген.

117 Сурет– Автобасылым: бағанаға (Автоотчет: в столбец) режимінде жасалған басылым көрінісі

118 Сурет. Автобасылым: ленталық (Автоотчет: ленточный)

режимінде жасалған басылым көрінісі

7.2 Конструктор режимінде басылымдар жасау

Конструктор режимі басылымдар жасау үшін де, әрі оларды түзету үшін де қолданыла береді. Мұнда басылымның мынадай бөлімдері бар:

- басылым тақырыбы – тек басылымның бас жағына ғана шығарылады, мұнда басылым жобасының тақырыбындағы мәтін орналастырылады;

- жоғарғы колонтитул - әрбір беттің жоғарғы жағына шығарылып отырады, мұнда тақырып, күн-ай мерзімі және беттер нөмірі жазылады;

- мәліметтер аймағы – кестенің немесе сұраныстың жазбасы орналасып, мұнда қайталанбайтын мәндері бар өрістер де тұрады;

- төменгі колонтитул - әрбір бетің төменгі жағына шығарылады;

- басылымның ескертпесі – тек басылымның соңына жазылады.

Мұндай бөлімдердің болуы немесе оларды қосу мен алып тастау ісі меню қатарының Түр/Колонтитулдар (Вид/Колонтитулы) және Түр/Тақырып/Басылым ескертпесі (Вид/Заголовок/Примечание отчета) командалары арқылы жүзеге асырылады. Басылым құру кезінде терезелерді тұтынушыға керекті басылым жобасына сәйкес элементтермен толтыру қажет. Өрістер бойынша жазбаларды топтастыру қажет болғанда, топтар бойынша қорытынды нәтижелер мәндері орналастырылатын Топ тақырыбы (Заголовок группы) және Топ ескертпесі (Примечание группы) бөлімдері қосылуы мүмкін. Ол үшін Сұрыптау және топтастыру (Сортировка и группировка) батырмасын шертіп топтастырылатын өрісті таңдап алып, содан соң топтастырылу өрісін тағайындап, оның қасиеттеріндегі Топ тақырыбы қатарына Иә (Заголовок группы – Да) және Топ ескертпесі қатарына да Иә (Примечание группыДа) деген белгілерді орнату қажет. Шығарылатын жазбаларды 10 деңгейге шейін топтастыруға болады. Басылымдар конструкторы терезесі 119-суретте көрсетілген.