Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции.docx
Скачиваний:
214
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.39 Mб
Скачать

119 Сурет. Басылымдар конструкторы терезесі

Саймандар тақтасында Формалар конструкторындағы сияқты батырмалар бар. Басылым бөлімдері элементтері болып саймандар тақтасының тиісті батырмалары арқылы жасалатын жазулар мәтіндері, енгізілетін объектілер, сызықтар, тік төртбұрыштар және т.б. табылады. Өрістерді орналастыру үшін Өрістер тізімі (Список полей) батырмасы қолданылады. Жазулар жасау үшін Жазу (Надпись) батырмасын қолданады. Басылымға есептелінетін мәнді орналастыру үшін Өріс (Поле) батырмасын басып, басылымның керекті жеріне Бос (Свободный) элементін орналастырады да, осы элементтің қасиеттерінде есептеу өрнегі ( «Мәліметтер» парақшасы, Мәліметтер қатары) мен оның жазуы («Жоба» («Макет») парақшасы, Жазу (Подпись) қатары) анықталады. Құрылған бос элемент үшін күн-ай мерзімі NOW( ) ішкі функциясы, ал бет нөмірі [PAGE] өрнегі арқылы беріледі. Бұларды Енгізу/Күн-ай мерзімі мен уақыты (Вставка /Дата и время) және Енгізу/Беттің нөмірі (Вставка/Номер страницы) командалары арқылы да орындауға болады.

120-суретте бұдан бұрын жасалған басылым көрсетілген (117 суретті қ.). Онда Конструктор режимінде тақырып мәтіні мен оның орналасуы өзгертілген. Осы аймақта C:\ProgramFiles\Microsoft Office\Clipart\Popular\DARTS.WMF файлынан алынған сурет орналастырылып, күн-ай мерзімі енгізілген. Құжаттың бастапқы түрімен салыстырғанда мәліметтер аймағынан 1-ші өріс алынып тасталған (Иесі Коды), ал қалған басқа өрістер екі бағанаға орналастырылған. «Жоба» парағында барлық өрістер үшін қаріптің 11-ші көлемі орнатылған. Осындай басылым түрі 121-суретте көрсетілген. Осылайша басылымның басқа да элементтерін, сондай-ақ қасиеттерін де өзгертуге болады.

120 Сурет. Конструктор режиміндегі басылым түрі

121 Сурет. Алдын ала қарап шығу режиміндегі басылым көрінісі

7.3 Көп кестелі басылым

Access МБ-ның өзара байланысқан бірнеше кестелерінен мәліметтер шығаруды қаматамасыз ете алатын күрделі басылымдар жасауға да мүмкіндік береді және олардың мәліметтер схемаларына сәйкес қажетті байланыстар автоматты түрде бірден орнатылады. Көп кестелі басылымдар негізгі бөлімнен және бағынышты басылымнан тұратын үстемелі бөліктен де құрастырыла береді немесе әр түрлі кестелер өрістерінен тұруы да мүмкін. Көп кестелі басылым бірнеше кезеңде жасалады:

- басты кесте негізінде басылымның негізгі бөлімі жасалады;

- бағынышты кесте көмегімен өз басылымыңды құруға болады және де мұнда Колонтитулдар батырмасын басып, екі колонтитулды да алып тастаған жөн;

- Конструктор режимінде негізгі басылымды ашып, бағынышты басылымды мәліметтер аймағына орын ауыстыруға болады немесе Бағынышты форма/басылым (Подчиненная форма/ отчет) батырмасын басып, көп кестелі форма үшін атқарылатын әрекеттерді орындауға болады;

- Конструктор мүмкіндіктерін қолдана отырып қажетті өзгерістер енгізіп, артынан басылымды сақтауға болады.

122-суретте Авто және Авто Иесі сияқты екі кесте негізінде жасалған «Иеcі және оның авто­мо­бильдері» көп кестелі басылымы көрсетілген. «Авто 1» бағынышты басылымы 120-суретте келтірілген. Бұл басылым Автобасылым: таспалық режимінде жасалып, артынан Конструктор режимінде толықтырылған: тек 4 өріс қалдырылған, тақырыбы өзгертілген, тақырып үшін қаріп көлемі – 14, өрістер үшін – 11 болып орнатылған. Конструктор режиміндегі көп кестелі басылым 124-суретте көрсетілген. Басылымның бастапқы түріне қарағанда (120, 121 суреттерді қ.) мұнда тақырып­тар аймағынан сурет алынған, басылым тақырыбы өзгертілген, «Иесі» тақырыбы енгізілген, Бағынышты форма/басылым (Подчиненная форма/отчет) батырмасы көмегімен бағынышты басылым аймағы құрылған.