Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции.docx
Скачиваний:
214
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.39 Mб
Скачать

Зертханалық жұмыс №7 (2 сағат)

Тақырыбы: БАСҚАРУ ЭЛЕМЕНТТЕРІМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ЖӘНЕ МАКРОС ҚҰРУ.

Мақсаты: MS Access МҚБЖ-де форма құру режимдерімен танысу. Басқару элементтерімен жұмыс жасап үйрену. Формамен макростар арасында байланыс орнату.

Форма – көрнекі түрде берілген ақпараттар жиыны.

Макрос - арнайы тілде жазылған макрокомандалар жиыны. МҚ жұмыс жасағанда дайын макрокомандаларды қолдану арқылы МҚ жүйелі ету мүмкіндігі бар.

Форма құрудың төрт түрі бар:

  • Конструктор

  • Форма шебері (Мастер форм)

  • Автоформа (баған бойынша, ленталық, кестелік, қиылысқан (сводная) кесте, қиылысқан диаграмма)

  • Диаграмма

Келесі терезеде көрсетілген (Сурет 20).

Сурет 20. Жаңа форма құру терезесі

  1. Форма шебері арқылы тСТУДЕНТЫ кестесіне форма құрайық. Ол үшін ашылған терезеден форма шеберін және кесте атын таңдаймыз. ОК батырмасын басамыз.

  2. Келесі ашылған терезеде форма құруда керек өрістерді таңдаймыз (Сурет 21).

Сурет 21. Форма құрудың екінші қадам терезесі

  1. Суретте көрсетілген 3 өрісте таңдаңыз. Ары қарай батырмасын басыңыз (Сурет 22).

Сурет 22. Үшінші қадам терезесі.

  1. Ленталық түрін таңдап ары қарай батырмасын басыңыз (Сурет 23)

Сурет 23. Төртінші қадам терезесі.

  1. Стиль түрі «Международный». Ары қарай батырмасын басыңыз (Сурет 24).

Сурет 23. Соңғы қадам терезесі.

  1. Бұл терезеде форманы ашуға болады немесе оны конструктор режимінде өзгерту үшін ашуға және формға ат беруге болады. Біз Форма макетін өзгерту деген жерге белгі қойып (Изменить макет формы) форма атын фСТУДЕНТЫ деп өзгертейік те, дайын батырмасын басайық. Сонда форма конструктор режимінде ашылады (Сурет 25).

Сурет 25. Конструктор режимінде ашылған форма

  1. Бұл терезеде тСТУДЕНТЫ кестесінің өрістер тізімі, форма шебері арқылы құрған формамыз және Элементтер тақтасы (Панель элементов) көріп тұрмыз. Элементтер тақтасында басқару элементтері орналасқан.

  2. Аталған тақтадан Батырма (Кнопка) элементін таңдап алып, форма Форма ескертулерінен (Примечание формы) төмен орналастырыңыз. Келесі терезе ашылады (Сурет 26).

Сурет 26. Батырма құру терезесі

  1. Батырманың қызметін анықтау үшін, біз Категориялар өрісінен қажет категорияны таңдаймыз. Ол - формалармен жұмыс (работа с формой). Категорияны таңдағанда сәйкес әрекеттері ашылады.

  2. Ол жерден Форманы жабу (Закрыть форму) әрекетін таңдаймыз. Ары қарай батырмасын басыңыз (Сурет 27)

Сурет 27. Келесі қадам терезесі

  1. Ашылған терезеден сурет түрін таңдаңыз. Сурет орнына Леп белгісін (!) таңдаңыз. Ары қарай батырмасын басамыз (Сурет 28).

Сурет 28. Соңғы қадам терезесі

  1. Батырмаға ат береміз. Дайын батырмасын басамыз.

  2. Формадағы өзгерістерді сақтап, форманы ашыңыз (Сурет 28).

Сурет 28. Дайын форма терезесі

  1. Батырманы басқанда форма жабылады.

  2. тПРЕДМЕТ кестесіне Автоформа режимдерінің бірінде фПРЕДМЕТ формасын құрыңыз.

  3. Диаграмма құру кестелерде сандық мәліметтер болса, солардың арасындағы қатынастарды көрсетуге өте қолайлы (Сурет 29).

Сурет 29. Диаграмм түрлері

  1. тПРЕДМЕТ кестесіндегі студенттердің бағаларын көрсететін конустық диаграмманы құрыңыз.

  2. Макрос құруды қарастырайық. Ол үшін қабаттамадан макросты таңдап, Құру батырмасын шертіңіз (Сурет 30).

Сурет 30. Макрос құру терезесі

  1. Макрокоманда өрісінен керек команданы таңдаймыз. Мысалы, Кестені ашу (Открыть таблицу) командасын таңдайық. Онда төмен жақта орналасқан жерде макрокоманда аргументін көрсетуіміз керек. Қай кестені жабамыз, соның атын тізімнен таңдаймыз. Мысалы, бізге тСТУДЕНТЫ кестесін ашу керек (Сурет 31).

Сурет 31. Макрос құру терезесі

  1. Макросты мСТУДЕНТЫ атымен сақтап жабамыз. Содан кейін Қосу (Запуск) батырмасын басамыз. Нәтижесінде бізге тСТУДЕНТЫ кестесін ашып береді.

  2. Өз беттеріңізбен мПРЕДМЕТ құрыңыз. Ол макросты қосқанда фПРЕДМЕТ формасы ашылсын.

  3. Енді макрос пен басқару элементтерінің арасында байланыс орнатайық. Ол үшін жоғарыда құрған фСТУДЕНТЫ формасының конструктор режиміне өтіңіз. Элементтер тақтасынан батырманы алып формаға орнатыңыз. Батырма құру терезесін жауып тастаңыз.

  4. Формаға орнатқан батырманың оң жағын басып Қасиеттер терезсін (Свойства) ашыңыз (Сурет 31).