Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дипломмм готовый.docx
Скачиваний:
55
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
247.42 Кб
Скачать

2.3 Ұйымның міндеттемелер есебінің аудиты

Қазақстан Республикасы қаржы Министрінің 29 желтоқсан 2002 жылғы №542 бұйрығымен бекітілген қаржылық есеп берулерді дайындау және ұсынуға арналған нұсқауының тұжырымдамалық негізіне сүйенсек, «Міндеттемелер - бұл тұлғаның екінші бір тұлғаның пайдасына қандай да бір іс - әрекетті орындау міндеті: яғни мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша төлеу және т.б., ал несиегер борышкерден өз міндетін талап етуге құқылы болады».

Міндеттемелер өткен кезеңдегі келісімнің немесе өткен оқиғалар мен құбылыстардың нәтижесі болып табылады, ұзақ және ағымдағы болып бөлінеді.

Ағымдағы міндеттемелерге қысқа мерзімді банк несиелері, қысқа мерзімді займдар мен кредиторлық қарыздар жатқызылады.

Ағымдағы міндеттемелерді аудиторлық тексеру кезінде аудитордың алдында тұрған негізгі міндеттер:

  • Төлем тәртібінің сақталуын, есеп айырысулар кезінде қолданылатын бағаның негізділігін тексеру;

  • Баланста көрсетілген ағымдағы міндеттемелер сомасының шынайылығын және заңды негізділігін тексеру;

  • Ағымдағы міндеттемелерді төмендету бойынша нұсқауларды дайындау.

Аудитор басты назарды кредиторлық қарыздарды тексеруге аударуы қажет, өйткені ол ағымдағы міндеттемелердің басым бөлігін алады.

Кредиторлық қарыздар - ұйымның басқа заңды және жеке тұлғалардың алдындағы міндеттемелері.

Пайда болу сипатына қарай кредиторлық қарыз қалыпты және ақталмаған болып бөлінеді .

Қалыпты кредиторлық қарыз бен ұйымның бизнес жоспарын орындау барысына, сондай-ақ есеп айырысудың іс жүзіндегі формаларымен байланыстарын санаған жөн.

Бұларға төлеу мерзімі келмеген акцептелген есеп – қисап құжаттары бойынша жаьдықтаушыларға қарыз және бюджетке төлемдері өтіп кеткен қарыз және т.б.жатады.

Ақталмаған кредиторлық қарыз болып бюджетпен есеп айырысу бойынша – қаржы органдарына, еңбекті өтеу бойынша - ұйым қызметкерлеріне, мерзімінде төленбеген есеп-қисап құжаттары бойынша- жабдықтаушыларға және т.б мерзімі өткен қарыз саналады.

Кредиторлық қарыз тексерудің басты міндеттері мыналар:

  1. Төлем тәртібін сақтауды тексеру.

  2. Есептеуде қолданылатын бағаның, тарифтік және басқа құндық көрсеткіштердің негізділігін тексеру.

  3. Кредиторлық қарыз сомасының шынайылығын тексеру.

  4. Есептеулерді реттеу мен кредиторлық қарыз ды азайту жөніндегі ұсыныстарды дайындау.

Кредиторлық есеп айырысу жағдайын бақылауды ұйымдастыру келісім шарттық және есептік тәртіптің нығаюына тапсырылған ассортиментте және төлемдік тәртіпті сақтау үшін жауапкершілікті арттыру сапасымен өнімді жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындауға, кредиторлық қарызды қысқартуға және соған орай шаруашылық жүргізуші субьектінің қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Кредиторлық қарыздың есепті кезеңнің басы мен аяғындағы жағдайы баланста мынадай баптардың қалдықтарымен сипатталады:

1.Төленуге тиісті шоттар мен вексельдер.

2.Алынған аванстар.

3.Салықтар бойынша қарыздар .

4.Төленуге тиіс дивидендтер .

5.Негізгі компания мен еншілес ұйымдар арасындағы топ ішіндегі операциялар бойынша қарыз.

6.Акционерлік қоғамның лауазымды адамдарына қарыз .

7.Басқадай кредиторлық қарыз .

Кредиторлық қарыздарды тексеру кезіндегі аудитордың басты мақсаты оның баланста көрсетілген шамасының дәлдігі мен шынайылығын айқындау болып табылады. Бұл үшін ол баланстың мәліметтерін Бас кітаптағы, журнал – ордерлердегі, ведомстегі және басқа да есеп регистрлеріндегі жазбалармен салыстыруы қажет.

Аудитор кредиторлық қарыздардың әрбір түрі бойынша жан – жақты негізделген зерттеу жүргізу үшін аудиторлық тексеру бағдарламасын жасауы қажет. Аудиторлық тексеру бағдарламасы кестеде берілген.

Кредиторлық қарыздарды аудиторлық тексеру бағдарламасы

Аудит процедуралары

Ақпарат көздері

1

Тауарлы – материалдық қорларды сатып алуға арналған құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығы мен бар екендігін тексеру

Келісім шартта, шот – фактуралар, төлем құжаттары, кіріс құжаттары мен тағы басқалары

2

Тауарлы – мтериалдық қорлардың саны мен сапасы жөніндегі тілек – талаптарды рәсімдеудің дұрыстығын, негізділігін және уақытылығын тексеру

Тиісті құжаттарды (акт, теміржол бекеттері түбіртектері, салыстыру тізімдемесі) жабдықтаушыға, темір жолға арыздар, 8 журнал – ордер, Бас кітап және т.б.

3

Алынған құндылықтарды кіріске алудың немесе орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет есебінің толықтылығы мен уақытылығын тексеру

Қабылдау актілері, жүкқұжаттар, шот – фактуралар, кіріс ордерлері, қойма есебі карточкалары, материалдар есебі, 6 журнал – ордер, Бас кітап, баланс, т.б.

4

Жабдықтаушылар мен мердігерлерге қарыздың анық сенімділігін, шынайылығын және заңдылығын тексеру

Шарттар, жобалық – сметалық құжаттар, орындалған жұмыс актілері, шот – фактуралар, төлем тапсырмалары, 6 журнал – ордер, Бас кітап, баланс, т.б.

5

Шот корреспонденцияларын құрудың дұрыстығын тексеру, аналитикалық және синтетикалық есеп мәліметтерінің сәйкестігі

Шот – фактуралар, төлем тапсырмалары, 6 журнал ордер, Бас кітап, әдістемелік ұсынымдар

6

Салықтық ставкалар мен жеңілдіктерді қолданудың дұрыстығын тексеру

Есеп регистрлері, шот – фактура

7

Жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлемдердің рәсімделуі мен есептелуінің дұрыстығын тексеру

Есептеу – төлеу ведомстары, жұмыс уақытының табелі, журнал – ордер

Кредиторлық қарыздардың жай – күйін тексеруді аудитор несигермен (жеткізушілер, қызметкерлер мен жұмысшылар, бюджет) есеп айырысуды түгендеуден бастағаны жөн.

Несигерлермен есеп айырысуды түгендеу нәтижесі актімен рәсімделеді, онда келісіленбеген кредиторлық қарыздардың сомасы көрсетіледі. Осы түгендеу актісіне кредитордың аттары, мекен – жайы, сомасы көрсетілген анықтама қоса тіркелуі тиіс.

«Төленуге тиіс шоттар мен вексельдер» бабын тексергенде аудитор оның қалдығын «Төленуге тиіс шоттар» шотымен салыстыруы қажет, ол мыналар үшін жабдықтаушалармен және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі ақпаратты жинақтап қорытуға арналған :

а) алынған ТМҚ мен айналымнан тыс активтер, орындалған жұмыстар мен тұтынылған қызметтер;

ә) алынған ТМҚ, айналымнан тыс активтер,есеп-қисап құжаттары әлі түспеген (фактураланбаған жеткізілімдер) жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;

б) қабылдау және табылған ТМҚ артығы мен айналымынан тыс активтер;

в) тасымалдау мен т.с.с бойынша алынған қызметтер Бұл шот бойынша есептеулерді мынадай екі бағыт бойынша жүргізу қажет:

  1. Қабылданған материалдық құндылықтар, орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет үшін төлемнің дұрыстығын талдау.

  2. Жабдықтаушылардан алынған ТМҚ-ны кіріске алудың толықтығын талдау.

Аудитор жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуды тексеру бағдарламасын жасағанда, ішкі бақылау мен есеп жағдайын анықтайтын ішкі аудит жұмысына да жүргізілген жұмысқа қаншалықты сүйенетіндігін айқындауы тиіс.

Аудиттің маңызды құрамдас элементі бюджетпен есеп айырысуды тексеру. Бюджетпен есеп айырысуды аудиторлық тексеру кезінде қарастырылатын жалпы сұрақтар:

  • салық салынатын базаны анықтаудың дұрыстығы мен толықтылығы;

  • салық ставкаларының дұрыс қолданылуы, сондай – ақ төлемдерді есептеу кезінде арифметикалық есептеулердің дұрыстығын тексеру;

  • салықтарды төлеу кезіндегі жасалынған шегерімдердің және қолданылған жеңілдіктердің заңдылығы мен негізділігі;

  • бюджетке салықтарды төлеудің дер мерзімділігі;

  • төлемдерді есептеу мен төлеу бойынша бухгалтерлік жазулардың дұрыстығы;

  • бюджетпен есеп айырысу бойынша аналитикалық және синтетикалық есептердің дұрыс жүргізілуі;

  • бас кітап пен баланстағы аналитикалық және синтетикалық есеп жазуларының сәйкестілігі.

«Салықтар бойынша қарыздар» бабындағы ақпараттың шынайылығын анықтау үшін оның ақпараттарын Бас кітаптың «Төленуге тиісті ағымдағы табыс салығы», «Қосылған құн салығы» шоттарындағы сомалармен салыстыру қажет.

«Басқадай кредиторлық қарыздар» бабына аудитор баса назар аударуы тиіс. Баланстың осы бабы бойынша жыл басы мен жыл соңындағы қалдықтардың шынайылығын анықтау үшін, біздің ойымызша, оларды Бас кітаптағы «Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу», «Жалгерлік міндеттемелер», «Төленуге тиісті пайыздар», «Жұмысшылардың еңбек демалысы бойынша есептелген қарыздар», «Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысу», «Басқадай кредиторлық қарыздар» шоттарының жиынтық қалдықтарымен №9 журнал – ордердің, №10 журнал – ордердің мәліметтерімен салыстырған дұрыс.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек ақы төлеуді тексерудің негізгі міндеті – еңбек ақы төлеуде нормативтік – құқықтық актілердің сақталуын бақылау, жалақыдан ұстап қалу мен еңбек ақы төлеуде бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыстығын тексеру болып табылады.

Бақылау барысында қолданатын ақпарат көздері болып «Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу» шоты бойынша аналитикалық және синтетикалық мәліметтер өнімділіктің есебі және еңбекке ақы төлеуді есептеу жөніндегі бастапқы құжаттар (мысалы, жұмыс істеген уақыт есебі табелі мен нарядтар) уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары, еңбек демалысына төлемді есептеу, нормативтік құжаттар, бұл операцияны реттейтін ҚР «Еңбек туралы» заңы, қызметкерлердің еңбегі мәселелері жөніндегі әдістемелік ұсыныстар, олардың орташа еңбек ақысын есептеу тәртібі жөніндегі нұсқаулық және т.б. басшылыққа алынады.

Қызметкерлермен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуларды тексеруді әр айдың 1-күніндегі шоты бойынша аналитикалық есеп көрсеткеіштердің және бухгалтерлік баланстағы бір уақыттағы Бас кітаптағы жазхулармен сәйкестігін анықтап бастаған жөн. Бұл үшін Бас кітаптағы қарастырылып отырған айлардың бірінші күніндегі тізімдемесінің ведомостінің жиынтық сомасымен (берілетін) Ұйым балансындағысымен салыстыру керек.

Айырмашылық табылғанда олардың себептерін анықтау керек. Сондай – ақ мәліметтерді депозитке салынған еңбек ақы есеп кітабы көрсеткішьерімен салыстыру керек. Сосын бастапқы құжаттардың анық сенімділігін толтыру дщұрыстығын олардың еңбек ақы және еңбекті өтеудің басқа түрлерін есептеу мен төлеу бойынша нормативті құжат талаптарына сәйкестігі тексеріледі.

Еңбекті уақыт бойынша төлеуде тарифтік мөлшерлеме немесе мәміле шарттарын қлдданудың дұрыстығы кесімді төлеуде – жұмыстың сандық және сапалық көрсеткіштерін орындау, нормалар мен баға қоюды қолданудың дұрыстығы тексеріледі.

Еңбек пен оны төлеу есебі жөніндегі бастапқы құжаттарды тексергенде орындалған жұмыс есебі үшін жауапты лауазымды адамдардың қойылған қолдары бар – жоқтығын, барлық деректемелердің толтыру дұрыстығын, құжаттарда тазартып, өшірілген (ескертілмеген) түзетулердің бар – жоқтығын т.б. анықтайды.

Жұмыс уақыты мен нарядтар есебі табелін, сондай еңбекті төлеуді есептеу жөніндегі бастапқы құжаттарды тексергенде, оларға ойдан шығарылған (жасанды) тұлғаларды кіргізу жағдайлары бар – жоқтығын анықтау қажет. Бұл үшін оларды берген уақыттағы нарядтарды талдап шығу, нарядтар мен жұмыс уақытының есебі табелдеріндегі жұмысшылардың аты – жөндерін жеке құрам есебінің және төленген сомалар туралы мәліметтерімен салыстыру керек.

Бұрын төленген бастапқы құжаттар бойынша қайтадан есептеу жағдайлары бар – жоқтығын анықтау қажет. Бұл үшін оларды берген уақыттағы нарядтарды талдап шығу, нарядтар мен жұмыс уақытының есебі табелдеріндегі жұмысшылардың аты – жөндерін жеке құрам есебінің және төленген сомалар туралы мәліметтермен салыстыру керек.

Бұрын төленген бастапқы құжаттар бойынша қайтадан еспетеу жағдайлары бар – жоқтығын, бір адамның аты – жөні бірнеше есептеу – төлемдік тізімдемелерінде (ведомостерде) қайталануын тексеруде маңызды. Ұйымның тізімдік құрамында жоқ, аз уақыт жұмыс істеген адамдарға жазылған нарядтарға, сондай – ақ төлем сапасымен орындалған жұмысты қайта жасап, ақауды жою бойынша нарядтарға ерекше назар аударған жөн.

Бастапқы құжаттармен есептік тізімдемелерді тексергенде арифметикалық санаудың дұрыстығына ерекше көңіл бөлу керек. Аудиторлық тексерудің жүзеге асатын одан әрі кезеңдері мыналар:

  • төлемді есептеудің дұрыстығын іріктеп тексеру;

  • жұмыстың қалыпты жағдайларынан ауытқумен байланысты қосымша ақыны рәсімдеу тәртібі;

  • құжаттық рәсімдеу мен іркіліс төлемі;

  • өнімнің ақауын құжатпен рәсімдеу мен оны төлеу;

  • түнгі мезгілдегі жұмысқа қосымша ақы;

  • жұмыстан тыс уақыттағы еңбекті өтеу;

  • мерекелік күндердегі жұмысқа төлеу;

  • іс жүзіндегі заңнамада қарастырылған (еңбек демалысына, жұмыстан шығу жәрдем ақысын төлеу және т.с.с) жұмыспен өтелмеген уақытқа төлем есептеу;

  • уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы есептеу;

  • жалақыдан ұстаудың дұрыстығын тексеру.

Заңнамаларға сәйкес жалақыдан мыналар ұсталынады: жеке табыс салығы, зейнетақы қорына аударымдар, бұрын берілген аванс бойынша берешекті, сондай – ақ арифметикалық қате нәтижесінде артық төленген соманы өткізуге; есеп беретін сома бойынша берешекті өтеуге; пәтерақы, баланың мектепке дейінгі балаларға мекемеде тәрбиеленгені үшін, еңбеккерлердің ұйымға келтірген материалдық зиянының орнын толтыруға; ақшалай начеттар (заңсыз жұмсаған қаржыны біреудің мойнына жазу); кредитке сатып алнған тауарға; газет пен журналдарға жазылғаны үшін; орындалатын (үкім) құжаттар бойынша, өнім ақауы үшін. Жалақыдан басқа ұсталымдар еңбеккерлердің келісімімен ғана ұсталады.

Жеке табыс салығы ҚР – ның «Салықтар және бюджетке міндетті басқа төлемдер туралы» Кодексімен белшіленген тәртіппен мөлшерде ұсталынады.

Зейнетақы жарнасын ұстауы және төлеу қызметкердің ай сайынғы табысының 10 пайызы мөлшерінде жүргізіледі.

Қарызға алынған тауарлар үшін адамдарға ұзақ пайдалану үшін кредитке тауарлар сату ережелерінде қаралған тапсырма – міндеттеме негізінде жасалынады.

Қызметкерлер келтірілген материалдық зиянның орнын толтыру үшін ұсталым ұйым бойынша (еңбеккерлердің келісі болғанда) бұйрық негізінде, не болмаса, сот шешімі бойынша атқарылады.

Тексеру қорытындысында мыналарды анықтау қажет:

  • шығыстарды еңбекке ақы төлеу қорына жатқызудың дұрыстығы;

  • жеке төлемдерді өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнына жатқызудың дұрыстығы;

  • бухгалтерлік өткізбе желілері (проводкаларды) еңбекті өтеу қоры бойынша жасаудың дұрыстығы;

  • синтетикалық және аналитикалық есепті, жиынтық мәліметтерді және еңбекке ақы төлеу қоры бойынша бухгалтерлік есеп беру нысандарын толтыруды жүргізудің дұрыстығы;

  • «Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу» шоты арқылы орындайтын (үкім) қағазы және депозитке салынған еңбек ақы, 8 және10 журнал – ордерлердегі (есептің журнал – ордерлік нысандары) жазбасы, Бас кітап пен баланс жағынан аналитикалық есеп жазбаларына сәйкестігі.

«АСМЕР-НС» ЖШС-ң МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЕСЕБІ МЕН АУДИТІНІҢ ИНОВАЦИЯСЫ