Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дипломмм готовый.docx
Скачиваний:
55
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
247.42 Кб
Скачать

3.3 Ұйымдағы аудит жүйесін жетілдіру

Тексерістің барлық қажетті процедураларын өткізгеннен кейін аудиторларға аудит бағдарламасының барлық пункттері бойынша атқарылу сапасы мен толықтығына баға беру керек. Сонымен қатар, аудитор клиентке объективті жазбаша ақпарат беру үшін тексерістің нәтижелеріне талдаулық қарастыру және жүйелендіруді жүргізуге міндетті. Аудиторлық қорытынды жасалмайды, өйткені аудиторлық тексеріс тек бір бөлек аймақты, жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу аудитін қарастырды.

Тескерістің нәтижелерін жүйелендіру алынған нәтижелердің нақты бір кезектілікке келтіруге негізделеді. Мүмкіндік бойынша ең елеулі деген ескертулерді бөліп көрсетеді: шоттардағы қате жазбаларды, салық заңнамасын бұзушылықты, шоттарды жазбалардың болмауы, т.б.

Жүргізілген аудиттің нәтижелері аудиторлық ұйыммен кәсіпорын басшылығымен талғауға алыну керек. Талғаудың мақсаты – аудит барысында табылған мәселелерді талдау және кәсіпорынның бухгалтерлік есептілігіне аудиторлармен ұсынылатын түзетулерді келістіру.

Жүргізілген тексеріс материалдары бойынша «АСМЕР-НС» ЖШС-ның басшылығына жазбаша ақпарат ұсынуға болады.

«АСМЕР-НС» ЖШС-де жүргізілген жұмыс туралы аудиторлық қорытынды есептіліктің шыңайылығы туралы аудитордың пікірін білдіреді. Бухгалтерлік есептіліктің шыңайылығы туралы пікірде бухгалтерлік есеп ҚР-да бухгалтерлік есепті реттейтін нормативтік актілерге сәйкестігіне аудиторлық ұйым баға беруі керек.

Аудиторлық қорытынды – ол барлық жеке және заңды тұлғаларға, мемлекеттік басқару органдарына, сот органдарына және жергілікті басқару органдарына арналған заңды құжат.

Аудиторлық қорытындыда аудиттің объектісі көрсетіледі: кәсіпорын аты, аудит жүргізілетін бухгалтерлік есептің нысандары, есептік мерзімі және есептік күні. Қорытындыда есептіліктің шыңайылығына әсер ететін барлық елеулі жағдайлар ескерілуі керек. Аудиторлық қорытындыға түзетулер енгізуге болмайды.Аудиторлық қорытынды үш бөлімнен тұрады: кіріспе бөлімі, талдау бөлімі және қорытынды бөлім.

Кіріспе бөлімінде аудиторлық ұйым туралы барлық қажетті мәліметтер көрсетілуі тиіс: аудиторлық ұйымның заңды мекен-жайы, аудиторлық қызметпен айналысуға лицензия туралы мәліметтер (лицензия номері, берілген күні, лицензия берген органның атауы, лицензия мерзімі), аудит жүргізуге қатысқан аудиторлардың аты-жөндері.

Талдау бөлімінде «АСМЕР-НС» ЖШС-де бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау жағдайын тексерудің жалпы нәтижелері, қаржы-шаруашылық операциялар жасалу барысында заңнаманы сақталуы көрсетіледі. Талдау бөлімі «АСМЕР-НС» ЖШС-ның басшылығына ұсынылады.

Қорытынды бөлімінде аудиторлық ұйым кәсіпорынның бухгалтерлік есептілігінің шыңайылығы туралы пікірі көрсетіледі.

«АСМЕР-НС» ЖШС-де жүргізілген аудит барысында жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысулар жүргізілуінде стандарттан тыс жағдайлар мен елеулі бұзушылықтар табылмаған.

Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп есеп айырысуларда бұзушылықтар болуы мүмкін, бірақ «АСМЕР-НС» ЖШС-ның бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйесіне оң баға берілуіне байланысты бұзушылықтар кездеспейді:

  • шарттар дұрыс толтырылады;

  • жабдықтаушылар мен мердігерлерден түскен тауарлар мен қызмет көрсетуді уақытылы кірістеледі;

  • түпнұсқа құжаттардың жою салдарынан болған бұрмалаулар жоқ;

  • бухгалтерлік есеп шоттарында нақты емес дебиторлық және кредиторлық борыштарды көрсету орын алмаған;

  • жабдықтаушылар шоттарында бөліп көрсетілген ҚҚС сомаларын шоттарда дұрыс және заңды көрсетілген;

  • жалған құжаттарды құрылмайды;

  • жабдықтаушылар шоттары мәліметтерінің кәсіпорын есебі мәліметтеріне сәйкес келеді.

Тексерілетін кәсіпорынның басшылығы үшін ақпарат – ол басшылыққа жазбаша түрде құрылған аудитордың есептілігі. Оның ішіне: бухгалтерлік есеп жазбаларында, бухгалтерлік есептілік және ішкі бақылау жүйесінде табылған жетіспеушіліктер туралы мәліметтер, жетіспеушіліктер табылған жағдайлар, табылған жетіспеушіліктерді кетіруге арналған нұсқаулықтар болуы керек.

Аудитті жоспарлау және жүргізуде «АСМЕР-НС» ЖШС-де ішкі бақылау жүйесі қарастырылған. Ішкі бақылау жүйесінің жағдайы мен оны ұйымдастыруға «АСМЕР-НС» ЖШС-гі жауапты.

Аудитор ішкі бақылау жүйесін тек бухгалтерлік есептіліктің шыңайылығы туралы аудиторлық қорытынды құру үшін қажетті жұмыстар көлемін анықтау үшін ғана қарастырады.

Аудит барысында бухгалтерлік есептіліктің шыңайылығына елеулі әсер ететіндей бұзушылықтар табылған жоқ.

Аудитор «АСМЕР-НС» ЖШС-нан алынған тауарлы-материалдық босалқыларды, көрсетілген қызметтер мен орындалған жұмыстардың кірістелуі мен келіп түсу жағдайын бағалаған. ТМБ-ды жеткізуге келісім-шарттардың нақты бары мен олардың сапасы бағаланған. Құжаттарды рәсімдеу бойынша елеулі емес бұзушылықтар табылған (барлық деректемелер толтырылмаған, керек емес немесе артық деректемелер толтырылған). Тауарлы-материалдық босалқыларды кірістеу, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді кірістеу барысында жабдықтаушы құжаттарында көрсеткіштермен саны және сапа жағынан сәйкессіздіктер жоқ. «АСМЕР-НС» ЖШС-ның жабдықтаушыларға шағымдар жазбаған.

«АСМЕР-НС» ЖШС-ның жабдықтаушымен ҚҚС анықтау дұрыстығын тексергеннен кейін, аудитор ҚҚС дұрыс, ҚҚС бюджетке төлеу және есептеу тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес көрсетілгенін, яғни бөлек жолмен және бухгалтерлік есеп тіркелімдеріне енгізілген. ҚҚС өз бетінше жасанды түрде көрсету жағдайлары кездеспейді.

Жабдықтаушылардың шотынан мәліметтер «АСМЕР-НС» ЖШС-гі кәсіпорнының есеп тіркелімдеріне дұрыс енгізілген, яғни алғышқы құжаттардың мәліметтері бухгалтерлік есеп шоттарында көріуімен сәйкес келеді.

Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысулар аудитінің маңызды процедураларының бірі – кредиторлық қарыздың нақтылығын анықтау. «АСМЕР-НС» ЖШС-дегі кредиторлық қарыз нақтылығын анықтау барысында аудитор ақпарат көздерінің көмегімен тауарларды алу және уақытында төлем жасауда бұзушылықтар табылмады, қаржылық есептіліктің мәліметтерінің бұрмалануы кездеспейді, көрсетілген кредиторлық қарыз нақты.

«АСМЕР-НС» ЖШС-ның да жабдықтаушылардан алынған тауарлы-материалдық құндылықтарды кірістеу толықтығын тексеру қателердің жоқтығын көрсетті.

Сонымен бірге, бұл ұйымда шоттар корреспонденциясы дұрыс жасалған.

Жүргізілген тексеріс нәтижелеріне сәйкес «АСМЕР-НС» ЖШС-ның тексерілген қаржы-шаруашылық операциялар бухгалтерлік есепті реттейтін нормативтік актілерге сәйкес жүргізілгенін дәлелдеді.

«АСМЕР-НС» ЖШС-де есеп айырысу есебінің кемшілігі ретінде кредиторлармен есеп айырысуларды түгендеу дұрыс деңгейде жүргізілмейтінін айтуға болады.

«АСМЕР-НС» ЖШС-ның жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу есебін жетілдіруге бағытталған шаралар ретінде ұсынуға болады:

  • жылдық қаржылық есептілік құру алдында жабдықтаушылар мен мердігерлермен салыстыру актілерін жүргізу;

  • бұл аймақ үшін жеке құжат айналымының сызбасын құрастыру. Ол атқарушылардың жауапкершілігін көтеруге әсер етеді.

  • кәсіпорынның бухгалтерлік есеп бөлімін кеңейтуге, және кәсіпорынның міндеттемелері бойынша есепті жүргізуге бөлек жеке тұлғаны, яғни бухгалтерге көмекші ретінде тағайындау.

Қорытындылай келе, «АСМЕР-НС» ЖШС-ның жүргізілген аудит барысында жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу есебінің ішкі бақылау жүйесіне тестілеу жүргізіліп, бухгалтерлік есебіне талдамалық процедуралар жүргізілгенін айта кеткен жөн. Сонымен қатар аудиттің жұмыс бағдарламасы құрыстырылған.

«АСМЕР-НС» ЖШС-де жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысудың бухгалтерлік есебінің аудиторлық тексеріс нәтижелері көрсеткендей, тексерілген қаржы-шаруашылық операциялар ҚР-да бухгалтерлік есепті реттейтін нормативтік актілерге сай жүргізілетінін көрсетті.

Аудит үрдісінде ішкі бақылау және бухгалтерлік есеп жүйесі зерттеліп отырған кәсіпорынның қызметінің мінезі мен көлеміне сәйкестігі жөнінде айтылды.

Тексеріс нәтижелері бойынша жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу есебі бойынша операциялардың құжатталуында елеулі емес бұзушылықтар табылды. Мысалы, құжаттардың деректемелерінің толық емес толтырылуы. Сонымен бірге, «АСМЕР-НС» ЖШС-ның мердігерлермен есеп айырысуына түгендеу, яғни салыстыру аз жүргізілетінін айтып кетуге болады.

Ұйымдардың табысты әлеуетті қызметін қамтамасыз ету, ұзақ мерзімде экономикалық тұрақты болуын қалыптастыру мақсатында нарықтық ортада шаруашылық субъектілердің даму қарқындарын өсіруге мүмкіндік беретін аудит жүйесі қажет болып табылады. коммерциялық ұйым мен сыртық ортаның өзара әрекет ету мәселесін жаңаша қалыптастыруға мүмкіндік беретін теорияны жасау қажеттігі туындайды. Осы жағдайларда коммерциялық ұйымның стратегиялық аудит мәселесі дамудың қазіргі замаңғы құралы, өзгерістер жасаудың, адаптацияның, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыруының тиімді құралы ретінде қарастырылады. Сергей Степашиннің айтуынша, стратегиялық аудит – бұл «шығындар аудиті емес, нәтижелер аудиті. Ол аудитттің одан да жоғары үлгісі. Оның назарында, мысалы, ірі мемлекеттік бағдарламалар мен жүйелік реформалар нәтижесі, жалпы алғанда үкіметтің экономикалық саясат нәтижелері болады. Стратегический аудит — мемлекет пен қоғамның экономикалық рефлексиясының инновациялық органы екенің барлығы түсінеді: «тиісті қаржылық бақылау болмаса – модернизация да болмайды»i.

Қазіргі заамңғы экономикада бизнестің жетістігі жасалған әлеуетке де, ооны басқару тәсіілне де байланысты болып табылады. Өнеркәсіптік зерттеулер институтындағы американдық зерттеушілер 2003 жылы 191 американдық компаниялардың басшыларынан олардың технологиялық көшбасшылықтың маңызды мәселелріне қатысы туралы сұрау алған. Зерттеулер нәтижесі көрсетіп отырғандай, американдық экономика көшбасшылары компаниялар дамуныың осы бағытына әр түрлі қарайтынын көрсетті. Басым бағыттарға жатқызылғандар: ҒЗТКЖ тиімді басқару есебінен бизнестің өсуін қамтамасыз ету қабілеті - 17%, инновациялар ағымын жеделдету - 13%, стратегиялық басқару жүйесіне технологияларды жоспарлаудың интеграциясы - 12%. Фирманың инновациялық әлеуетін таладудағы акценттер шаруашылық қызметтің деңгейіне байланысты ауыстырылады.ii.

Коммерциялық ұйымның новаторлық әлеуетінің жағдайын белгілі бір уақтта инновациялық аудит анықтайды. Ол инноватордың стратегиялық мүмкіндіктерін бағалауды қамтиды, атап айтқанда:

- инновациялық әлеует;

- инновациялық орта;

- инновациялық позиция;

- коммерциялық ұйымның инновациялық белсенділігі.

Стратегиялық инновациялық аудит коммерциялық ұйымның ресурстарды енгізумен және олардың корпоративті ортада таратылуымен байланысты болып табылатын ҒЗТКЖ абсолютті өлшемдегі қаржыландыру көлемдерін талдауды қамтитын, сондай-ақ келесі параметрлер бойынша бағалауы бар инновациялық әлеуетінің дамуын зерттеуі керек:

· сату көлеміндегі ҒЗТКЖ шығындар үлесі;

· негізгі бәсекелстер тобы бойынша ҒЗТКЖ шығындардың орташа көрсеткіштерімен арақатынасы;

· зертеулерге шығындар деңгейі;

· басты бәсекелестермен салыстырғандағы инновациялық қызмет.

Стратегиялық инновациялық аудиттің негізгі мақсаты инновациялық үрдісті тиімді ұйымдастырудың негізінде инновациялық кәсіпорынның ұзақ мерзімді қызмет етуін қамтамасыз етуде көрініс табады. Коммерциялық ұйымдағы инновациялық үрдісті тиімді ұйымдастырудың санаты болып қазіргі заман жағдайында инновациялық қызмет пен инновациялық өнімді таратуға кететін шығындарды қысқартуға мүмкіндік беретін экономикалық параметрлер табылады. инновациялық қызметтің пайдалы және табысты болуы бұл жерде мақсат ретінде емес, инновациялық қызметтің маңызды шарты және жүзеге асырудың нәтижесі болып табылады. стратегиялық аудит инновациялық кәсіпорындардың барлық сыртқы және ішкі элементтерінің үйлесімді қызмет етуін қамтамасыз етуге міндетті. инновациялық жүйенің осындай жағдайы үндесу деп аталады. Инновациялық кәсіпорындардың дамуындағы үндестіру инновациялық стратегиялық аудиттің негізгі мақсатты міндетін құрайды.

Инновациялық кәсіпорынға қатысты үндестірудің эндогенді және экзогенді аспектілері болады. Эндогендік үндестіру инновациялық кәсіпорынның оның жүйе бөліктерінің барлық ішкі құрылымдық үйлесуін білдіреді. Оны қамтамасыз ету үшін фирмаішілік басқарудың арнайы жүйесін жасау қажет, онда келесі міндеттер шешіледі:

  • Стратегиялық инновациялық концепцияны жасау;

  • Қызметтің тақырыптық бағыттылығын анықтау және инновациялық жобалар мен бағдарламаларды қалыптастыру;

  • Ұйымдастырушылық құрылымды және инновациялық қызметті басқару құрылымын құру;

  • Өндірістік үрдістерді жоспарлау және инновациялық өнімді өткізу;

  • Кадрлады іріктеу және орналастыру, инновациялық кәсіпорындардың әлеуетін тиімді пайдалану;

  • Жұмыстарды күнтізбелік жоспарлау және олардың орындалуын бақылау;

  • Шығармашылық атмосфераны және интеллектуалдық еңбектің жоғары мотивациясын жасау.

Экзогендік үндестіру инновациялық кәсіпорынның сыртқы орта жүйелерімен келісуін көздейді және инновациялық бағыттылықтың арнайы процедуралары мен осы ортаны шектеулерді ескеру арқылы жүзеге асырылады. инновациялық менеджментте экзогенді үндестіру келесі мақсаттарды көздейді:

  • Инновациялық қызметтің ұзақ және қцысқа мерзімді мақсаттарын қалыптастыру;

  • Маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;

  • Экологиялық жағдайды есептеу және табиғатты қорғау шараларын жоспарлау;

  • Прогрессивті тәжірибе мен бәсекелестердің озық тәжірибесін (инновациялардың бичмаркетингі) бағалау және пайдалану;

  • Инновациялақы бағдарламалардағы кооперацияны бағалау;

  • Тұтынушылық сұранысты және ҒТП объективті тенденцияларын есепке алу.

Өзінің мазмұны және уақыты бойынша инновациялық кәсіпорынды үйлестіру стратегиялық және жедел нысанда болады. Үйлестірудің стратегиялық нысаны инновациялық кәсіпорынның ұзақ уақыт өміршенді болуына ықпалын тигізеді және стратегиялық инновациялық мақсаттар мен жобаларды қалыптастыруға бағытталған стратегиялық менеджментпен қамтамасыз етіледі. Жедел үйлестіру дамудың таңдалған стратегиясын жүзеге асырудың құралы болып табылады және инновациялық кәсіпорындағы жедел менеджмент жүйелдерімен қамтамасыз етіледі.

Инновациялық көзқарас негізіндегі коммерциялық ұйым стратегиясының ерекшеліктері:

  • Ұзақ мерзімді перспективаға бағытталу;

  • Стратегияны жасау кезінде инновациялық, маркеттингтік және өндірістік қызметтің координацияланғандығы;

  • Ұйымдастырушылық мәдениетке тырысу және стратегиялық басқару қатысушыларының мотивациясын беленділендіру;

  • Ішкі және срытқы бәсекелестік артықшылықтарды қамтамасыз етуге бағытталу;

  • Кәсіпорынның инновациялық қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталу.

Стратегиялық инновациялық аудитті өткізу кезінде төрт негізгі қағиданы басшылыққа алу керек:

  1. Стратегиялық инновациялық аудитті жүргізу үшін пайдаланылатын ақпараттың шынайылығы;

  2. Аудит нәтижелері бойынша тұжырымдарды қалыптастыру және аудиторлық есепті жасау кезінде тәуелсіздік және объхективтілік;

  3. Тексерулерді жүргізудің мерзімділігі;

  4. Коммерциялық ұйымның даму стратегиясын ескере отырып инновациялық қызметтің барлық бағыттарын текғсерудің толықтығы.

Осы қағидалар аудиторлық қызмет бойынша стандарттарда келтірілген аудиттің жалпы қағидаларына негізделедіiii.

Жалпы алғанда, бизнестегі стратегиялық аудит келесі бағыттар бойынша жүргізілуі мүмкін:

- стратегия аудиті,

- шығындардың стратегиялық аудиті,

-пайданың стратегиялық аудиті,

- ақша ағымдарының стратегиялық аудиті,

- негізгі стратегиялық шешімдер аудиті,

-жеке меншіктің стратегиялық аудиті,

- инновациялардың стратегиялық аудиті.

Кез келген институционалдық бірліктің және жалпы ресейлік экономиканың экономикалық табыстылығының негізі болып инновацияларды жасау және енгізу, оларды болжау, нәтижелерін тиімді есептеуді ұйымдастыру, инновациялық өнімдердің өмірлік циклын бақылау және олардың аудиті, инновациялық үрдістерді талдау.

Инновациялық аудит ғылымды қажетсігнетін инвестициялық жобалар сараптамасы кезінде аса маңызды болып табылады және жұмыстардың келесі кешенін қамтиды:

• жобаның эконогмикалық элементінің бағалауын жүргізу;

• маркетингтік зерттеулердің инновациялық өнімдер мен жаңа технологиялар үшін тән болып табылатын талаптарға сәйкестігін бағалау;

•таңдалған бизнес-кесте мен экономикалық үлгінің тиімділігін бағалау;

• экономикалық және қаржылық көрсеткіштерді есептеу;

• жоба тұрақтылығы мен жүзеге асыру жоспарын таладу.

Сараптама нәтижелері бойынша жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігі туралы есеп жасалып, оны оптимизациялау бойынша ұсынцыстар жасалады.

Қазіргі заман жағдайында инновациялық аудитті жүргізудің маңыздылығы зор болып табылады.

Батыстағы инновациялық сектор зерттелген құқықтық кеңістікте әрекет етеді және іскерлік мәдениет ерекшелігін қамтиды. Ресейде біз оны қолдамаймыз. Сондықтан, әлеуеттердің бір бөлігін қазіргі заамңғы инновациялық құрылымды құруға жұмсау қажет, ал ол сапалық инновациялық аудитті көздейдіiv.

Сонымен, инновациялардың стратегиялық аудиті – аудит дамуының жаңа, аяғына дейін зерттелмеген бағыты. Инновациялардың стратегиялық аудитін өткізудің теориялық және стратегиялық негізін ары қарай жетілдіру инноватор-ұйымдарға жаңа зертеулерге тиімді және мақсатына сай инвестицияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.