Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

билеты 5-8

.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
44.85 Кб
Скачать

Бұның бәрі саяси санамен саяси әрекетте көрініс тапты. Саяси құрылымнын моделі тек мемлекеттік институттар деңгейінде ғана емес, сонымен қатар адам деңгейінде де өзгерді деуге болады. Сондықтан саяси тәжірбие саясаттың бұрын «тарихтың объектвті заңдарына» арқа сүйеген, ресми идеология дәстүрлері шегінде анық бағаланбаған және толық дәрежеде зерттелмеген психологиялық жағына үлкен қызығушылық туғызады.

Бұрын өткеннен философтармен тарихшылары бізге саясатты «жасайтын» адамдардың ұмтылыстарын, сезімдерін және ойларын ұмтылыстарын, сезімдерін және ойларын ашатын көптеген қырағы психологиялық суреттемелер қалдырды, олар көптеген саяси оқиғалардың себептерін адамның жан күйінде іздеу керектігін аңғартты. Бірақ бұл кездейсоқ және үзінділік суреттемелер болған, олар көп уақыт бойы бір нақты толық теорияға қосылған жоқ. Саяси психологияның саясат туралы білімдердің жалпы кешенінен бөлінуі XIX ғасырдың 2-ші жартысында басталды. Бірақ тек келесі ғасырдың 70-ші жылдарында (кейбір елдерде оданда кеш) пәннің институционализациясы өтеді: ол оқу жоспарларына қосылады, саяси психологияның халықаралық қоғамы ұйымдастырылады, арнайы журналда шыға бастайды («Political Psychology және Political Behavior»). 90 – жылдың соңынан саяси психология курсы Ресейдің жоғары оқу орындарына енгізілді.

Бірақ саяси психологияның академиялық пән ретінде де, қолданбалы білім саласы ретінде қалыптасуы аяқталған жоқ. Оның түзілуі үрдісі жалғасып келеді, және де ол бірден шекарасында өтіп жатыр: саясаттану, жалпы психология, әлеуметтік психология және саяси психология. Саяси психологияның проблематикасы әлі күнге дейін анықталмағаны және түрлі зерттеушілер оны түрлішк сипаттайтыны қызықтырады. Көп нәрсе, жеке алғанда, қарастырудың сипатына байланысты: «психология жағынан» немесе «саясат жағынан». Сондықтан саяси психологияның біртекті, «дәстүрлі» сипатталуы туралы айтуға болмайды, әлі ерте және де бір, салыстырмалы кішкентай кітапта осы саладағы мамандардың не жасайтынын, не ойлайтынын, не туралы пікірталас жүргізетінін айту мүмкіндігі жоғары емес. Автор, алдына қойған мақсат басқаша; оқырманды іс ағымына енгізу үшін қажетті ұғымдар мен мәселелерді жүйелеп, түсіндіру, себебі осылайша оны білімді өздігінше толтыруға дайындауға болады.

Ең алдымен, адам басында қалайша біз саясат деп атайтын модель құралатынын қарастырайық, бұның нәтижесінде, саясат біздің ішімізде психикалық функциялар, үрдістер және операциялар объектісі ретінде орналасады. (Қабылдау, ойлау, түсіндіру, есте сақтау және т.б).

2. Саяси тұлға бағыттылығы мен іс-әрекет түсінігі. Саяси іс-әрекет мақсаты, маңызы, қажеттілігі.

Тобырдың психологиясын зерттеу XIX ғасырдың екінші жартысынан басталып, ек негізгі әлеуметтік-психологиялық мектептің қалыптасуына әсер етті: неміс ғалымдары - М. Лазарус, Г. Штейнталь, В. Вундт және француз-италь­ян ғалымдары - Г. Лебон, Г. Тард, В. Парето, Ш. Сигеле. Ресейде тобырлық мәселелер субъективті әлеуметтану тұрғысынан М.Г. Михайловский, ұжымдық рефлексология тұрғысынан В.М. Бехтерев, гелиопсихология тұрғысынан А.Л. Чижевским зерттеді. Бірақ 30-ші жылдары бұл тақырып социалистік қоғамға соншалықты қауіпті және идеологиялық жат болғандықтан тоқтатылды. Ал, Батыс Еуропа мен АҚШ -тарында 20—60-шы жылдары ғалымдар, оның ішінде саясаттанушылар мен әскерилер. Өз зерттеулерімен стихиялық мінез-құлық мәселесінде алға секіріп өтті.

КСРО-да тобырдың стихиялық әрекеті туралы зерттеулер 60-шы жылдары СОКП ОК халықаралық бөлімінде және т.с.с. жабық мекемелерде, Қорғаныс министрлігінде жүргізілді. Көптеген жағдайда бұл еңбектер өзедрінің негізіне шетелде алынған зерттеу нәтижелерін (кейде құпияланған зерттеулерді де) немесе әдістемелік негіздерін толықтай көшіріп салды. 90-шы жылдардың басына дейін біздің елімізде ашық дарияланымдар болмады. Тобырдың стихиялық әрекетінің салдарын жүйелі түрде тануға мойын бұру Ресейде XX ғасырдың 90-шы жылдарында ғана басталды.

Қазақстанда тобырдың стихиялы әрекетін зерттеуге «табу» қойылған. Елдегі идеологиядағы кеңестік мұра жойылмай тұрып, тобырдың стихиялық әрекетін зерттеу екі жақты қоғамды екіге бөлетіндей қайшылықты көзұарастарға кезедесуде.

Дегенмен, тобырдың стихиялық қозғалысы мен әрекеті тәуелсіз тарихымызда да екі рет: алғаш рет – «Желтоқсан» оқиғасында, екінші рет – «Жаңа өзен» оқиғасында орын алды. Тобырдың психологиялық әрекетін зерттеу заманауи саяси психология ғылымында талдау оның феномен ретінде гі мынадай ьелгілерін анықтады: тобырдың стихиялық мінезі (ағылшынша- colecive behavior) — саяси психологияда тобырдың әртүрлі мінез-құлқын, әртүрлі алып-қашпа сөз айналымын, паника мен басқа да тобырлық көріністегі құбылыстарды бейнелейтін іс-әрекеттер жиынтығын айтады. Ең алдымен, оның сипаты мен бағытталуы тобырдың санасымен байланыстылығын айту керек. Себебі, тұрмысы жақсы адам да тұрмысы төмендікпен стихиялық әрекетке бырап жатқан тобырға ілескенде оның бұқаралық көпшілік сананың жетегінде кететіні белгілі.

Көптеген ғалымдар тобыр психологиясындағы басты назарды материалдық игіліктерге ие болу мүмкіндігіне. Еңбек шарттары мен экономикалық жағдаймен тығыз байланыстырады. Мұнда бұқаралық сана басқа аталған компоненттердің ортасындағы қондырғыға айналып, қоғамның экономикалық базисінен тікелей бағышта болады. Мазмұны бойынша қоғамдағы барлық әлеуметтік-саяси-экономикалық пробелмаларды қамтиды, көпжоспарлы жүйелі сипатат болады. Құқықтық, этникалық, кәсіби, стихиялық құбылыстар жеке адамның, кіші топтардың, тұтас топтар мен қоғамдық топтардың деңгейінде пайда болып тұтастай үлкен немесе шектеулі аумақта көрінеді.

Тобырлық санаға да тобырдың мінезіндегі интегративтік детерминант тәрізді өзінің ерекшеліктері тән; жоғары дәрежедгі қозғалыс, қайшылықтар, және спонтан­дық. Бұл сипаттар оған кең ауқымды және жылдам өзгергіш шарттардың шынайы іс-әрекеттегі көптеген жәйттәрдің интеграциялық тұрақтылығынан, топтық және тобырлық дәрежеден беріледі. Тобырлық сана тобырлық пікір, тобырлық коңіл-күй және тобырлық мінез-құлық құбылысының сипаттарынан құралады. Осы шарттардың ұйымдасу нәтижесінен ұйымдасқан және стихиялық мінез-құлықтың бағыты мен сипаты анықталады. Сондықтан зерттеу көзі ретінде тобырлық стихиялық әрекетті тобырдың санасы мен тобырдың пікірінің қосылуынан бастап зертетуіміз қажет.

Ұйымдасқан саяси топтарға қарағанда, стихиялық ұйымдасқан митингтер өздерінің қатысушыларына өзгеше талап қояды. Стихиялық әрекет түріне жеке адамның бұрын жоспарланбаған іс-әрекетімен қатар, ұйымдаспаған тобырдың бірігіуі: бунт, көтеріліс, митингтер, т.с.с. жатады. Саяси психологияны тобырдың пішінінде өткен кез-келген іс-шара, ондағы жеке адамның мінез-құлқынан гөрі тобырдың санасындағы психологиялық заңдылықтар жүзеге асырылатынымен қызықтырады.

Соңғы уақытқа дейін саяси психология тобырдың әрекеті, паника және алып-қашпа сөзді саясаттың объектісі ретінде мойындамай келді. Лебон мен Тард заманынан бері жалпы психологияда да тобыр агрессиясы мен энтузиазмі туралы білімге аса айтарлықтай үлес қосқан жоқ. Бірақ елімізде орын алып отырған жағдайлар отандық саясаттануда саяси психологтарды әзірлеп, осы бағытта ғылыми ізденістер жасауға құлшындырып отыр. Стихиялық элементтердің саяси мінез-құлықтағы орын алуы мен оның соңының қантөгіске ұласуы биліктің митингке қатысқан өз азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайтынын көрсетті.

Стихиялық әрекет әдетте бұқараның саяси дағдарысқа немесе тұрақсыздыққа тобырлық реакциясын көрсетеді. Бұл реакция иррационалдық, инстинктивтік сезімнің ойланған, прагматикалық тұжырымнан бел алып кететінін көрсетеді.

Психологиялық шарттар: сенімсіздік, қорқыныш, ресми БАҚ-қа күмән ретінде пайда болып алып-қашпа сөз, паника, агрессияға жол береді. Тобырдың арасындағы адамдардың көңіл-күйі тобырдың психологиясына тән өзгеріспен циркуляторлық реакция арқылы таралып, тез көтеріледі. Айтылған сипаттамалық белгілер үнемі стихиялық түрде болғанымен, одан қалайда саяси ұпай алатын және өзіне қажетті тиімділік көретін саяси күштер көп болады. Бұл тұрғыда ең кең таралғаны: экстремистік, ұлтшылдық, қозғалыстар. Бұлардың басты ерекшелігі - саяси процеске қатысушылардың бақылауы мүмкін емес, санадан тыс, иррационалдық себебінде ойнау мүмкіндігі. Саяси психологтар нақты осы салада, саясаткерлерге «үлкен репрессивтік әлеует» немесе агрессияға жақындық, авторитарлық құрылымдағы күш көрсету» тән екенін айтады. Бірақ мұндай саясаткерлердің әлуеметтік жіктің белгілі тобына сүйенетіні белгілі. Бұл топ осы саясаткердің қызметінің әсерінен өмірін жақсартып отырған әлуеметтік база болып табылады. Мұндай әлеуеметтік топты ерте кезде демостан (халық) бөліп охлоеом (қара) деп атаған.

Сасяи іс-әрекеттің стихиялық нысанына өзінің салтты құныдылықтары мен әлеуметтік бағдарынан жатсынған қоғамның маргиналдық топтары бейімделгіш болады. Олардың қалыптасқан көзқарастарына қауіп төніп, ертеңгі күнге жаңа көзқарас қалыптастыру өте қиын тиеді. Мысалы, экстремистік мінез-құлыққа әсер ететін идеяны алып қарасақ, оның базасына айналған рухани даму жетіспеушілігі, білім әлеуетінің төмендігі байқалады.

Экстремистік шараға баратындар ырымға көп сенеді. Бірақ олардың әрекетінде идея не басым тетік, не басым құндылық емес, олар алғашқы кезекте діни сенім, инстинкт, көңіл-күй тәрізді санадан тыс нанымдарға беріледі. Стихиялық әрекет саяси көсбасшының құралы болып табылады. Ол осы құрал арқылы өзінің маңында бағынышты адамдар тобын түзеді де, олардың нанымын тәрбиелейді.

Берілген мәтіндегі тобыр феномені мен оның пайда болу заңдылығы саяси психологияның аса маңызды зерттеу көзі. Тобыр саяси психологияда адамдардың өзара мақсат бірлігімен, ұйымның позициялық рөлдік бірігуімен сипатталмайды, бірақ бірегей көңіл-күймен және назардың бірге болуымен ерекшеленеді. Тобыр-бұл да әлеуметтік ағзаның бір түрі, сезімі мен мінезі тұрғысынан ол ұйымдасқан топтан ерекшеленеді. Сонлықтан тобырды басқару, оның әрекетін бағыттау үлкен білгірлікті саяси психологиялық алғырлықты қажет етеді. Көптеген ғалымдар топ пен тобырдың арасындағы айырмашылық нақты емес, осы екі категорияның арасында өте үлкен ұйымдасқан аралық топтардың ұғымы жатыр деп сендіреді. Мысалы, жиналған топқа тобырдың да көптеген белгісі тән болады. Тобырдың наразылығы мен энтузиазмі міндетті түрде саяси себептен құралмайды дейді орыс саяси психологы Шестопал, олардың наразылық көңіл-күйі «Күннің жоғарғы белсенділігінен немесе ұлттық валютаның курсының түсуімен де байланысты болуы мүмкін».

Зерттеушілер, тобырда адам өзін анонимді сезінеді. Сондықтан ол жауапкершілігі жоғары тәуекелге бара алады деп санайды. Бұл әрекеттер батырлық немесе вандализм мен қылмыстық болуы мүмкін. Сезімнің иррационалдығы жекелеген тұлғаның көпшіліктің арасында өзінің ерік-жігерін босатып, инстинкті түрде тобырлық санаға берілетін жануарлардың отарлық сезімімен түсіндіріледі. Тобыр әлеуметтік тип ретінде аморфты, құрылымының әртүрлі. Тобырда ешқашанда көсбасшы болмайды, егер бола қалса ол өзін-өзі бекітумен көсбасшылыққа келеді, және барлық рөл көсбасшы және оған ерушілер деп бөлінеді. Тіпті кейде көсбасшының билігі шексіз болады. Оның соңынан ерушілер оған шексіз сеніммен қарайды. Тобырдағы адамдардың мінез-құлқы әртүрлі дәрежедегі заңдылықтармен айқындалады. Онда тек қана физикалық қозғалыс емес, тобырдың географиясы да есепке алынады. Бұл заңдылықтар меңіз суының қозғалысы сияқты физикалық заңдылықтарға негізделеді. Тобырдың арасындағы адамға ауасыздық, қатты дыбыс әсер етеді. Қажетті жағдайда бұл заңдылықтар алкоголь мен наркотиктермен қыздырылып отырылады.

Тобырдың пайда болуы. Алып-қашпа сөз бен циркулярлық айналым. Алып-қашпа сөз-коммуникация көздерінен өзекті ақпараттың көңіл-күйдің ерекше түрінде берілуінен де басталады. Циркулярлық реакция (синоним: көңіл-күй айналымы) - екіжақты таратылатынын процесс, ол күшейген сайын индивидтер арасында семантикалық (коммуникация) психофизиологиялық дәрежеге түседі немесе көтеріледі.

Эмоционалдық айналым іс-шара мен кез-келген тобырлық акцияны алып жүреді: бірігіп музыка тыңдау, спектакль көру, манифестация мен митингте болу, соғысқа қатысу, т.с.с. Белгілі дәрежеде ол біріктіретін күш болады (фасцинация). Бірақ, оптимум аясынан асып төгіліп циркулярлық реакция бақыланбайтын, өзінің қарама-қарсы тарапына қирату күшіне айналады.

Жұқтыру феномені аса күрделі және анықталмаған. Мұнда тірі адам денесі шығаратын электромагниттік сәуленің немесе адам денесінен тарайтын, әсіресе нерв жүйесі мен мидан тарайтын басқалай өрістің адамның өзін-өзі басқаруын бақылаудан шығуымен байланысты таралатын күші болуы да мүмкін. А.Л. Чижевский және оның жақтастары астрофизикалық және геофизикалық өзгерістердің адамның биотикалық және әлеуметтік белсенділігіне әсерін көрсетеді.

3. Адам іс-әрекетінің жалпы саяси психологиялық сипаттамасы. Саяси іс-әрекет түсінігі. Саяси іс-әрекетті тудырушы себептер. Саяси іс-әрекет мақсаты. Саяси іс-әрекеттегі ерік пен зейін. Адам саяси іс-әрекетінің ерекшелігі мен атрибуты. Саяси іс-әрекеттің түрлері. Саяси іс-әрекет және адамның дамуы.

Саяси іс-әрекеттің психологиялық теориясының негізгі түсініктері. Кеңестік психологтардың еңбектеріндегі саяси іс-әрекет мәселесі. Саяси іс-әрекет құрылымы. Әрекет іс-әрекеттің орталық компоненті ретінде. Саяси әрекеттің негізгі сипаттамалары. Іс-әрекеттің саяси психологиялық теорияларының негізгі заңдылықтары. Саяси іс-әрекет шарттары. Іс-әрекеттің физиологиялық функциялары.

3.