Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеты 9 кл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
16.09.2019
Размер:
303.1 Кб
Скачать

1 билет

  1. Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар.

Манаш Қабашұлы Қозыбаев

М.Қ.Қозыбаев 1931 жылы 16 қарашада қазіргі Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Тазкөл басындағы ауылда дүниеге келген. 1947 жылы Меңдіқара педагогика училищесін, 1953 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірді. М.Қозыбаев – тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Президентінің «Бейбітшілік және рухани келісім» сыйлығының лауреаты.

М.Қозыбаев 800-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектерінің, соның ішінде 30 монографияның, 50-ден астам ұжымдық еңбектердің, оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Академик Манаш Қозыбаев 2002 жылы қайтыс болды. Ұлы ғалымның есімін мәңгілік сақтауға байланысты 30 мамыр 2003 жылдан ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетіне академик Манаш Қозыбаевтың аты берілді.

М.К.Козыбаев родился в 1931г. 16 ноября в нынешней в Кустанайской области Меңдиқарском р-не в деревне Тазколь. В 1947 г. он закончил Меңдиқарское педагогическое училище, в 1953 Казахский Государственный университет имени С.М.Кирова исторический факультет. М.К.Козыбаев – доктор исторических наук, научный общественный деятель РК, академик Научноой Национальной академии РК, лауреат Государственной премии Казахстана, лауреат премии Президента РК «За мир и духовное согласие».

М.К.Козыбаев автор более 800 научных и среди них 30 монографий, более 50 кружковых трудов, учебников и учебных пособий. Академик М.Козыбаев умер в 2002 г. Для того, чтобы навечно сохранить в памяти имя великого ученого 30 мая 2003 г. по решению правительства РК СКГУ было присвоено имя Манаша Козыбаева.

Сұрақтар:

  1. М. Қ. Қозыбаев қашан, қайда дүниеге келген?

  2. Ол қандай оқу орындарын бітірді?

  3. М.Қозыбаев атақтары бар?

  4. М.Қозыбаев қандай еңбектердің авторы?

  5. Ол қашан қайтыс болды?

  6. Манаш Қозыбаевтың аты СҚМУ-не не үшін берілді?

  1. «Менің сүйікті пәнім» тақырыбына диалог құрастырыңдар.

  • Сенің сүйікті пәнің қандай?

  • Менің сүйікті пәнім қазақ тілі пәні.

  • Қазақ тілі пәнін қалай оқисың?

  • Қазақ тілі пәнін жақсы оқимын.

  • Қазақ тілі пәнінде қандай тапсырмаларды орындайсың?

  • Қазақ тілі пәнінде әртүрлі тапсырмаларды орындаймын.

  • Сен қазақ тілінде қалай сөйлейсің?

  • Мен қазақ тілінде орташа сөйлеймін.

  • Қазақстан азаматы қазақ тілін қалай білуі керек?

  • Қазақстан азаматы қазақ тілін жақсы білуі керек.

  • Мектепте қандай пәндер оқытылады?

  • Мектепте қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, неміс тілі, математика, орыс және қазақ әдебиеті, тарих, биология, химия, информатика, тағы басқа пәндер оқытылады.

  • Сен үшін қажетті пән қандай деп ойлайсың?

  • Мен үшін қажетті пән биология деп ойлаймын.

  • Өзің қазір қандай пәнді көбірек оқып жүрсің?

  • Мен қазір биология пәнді көбірек оқып жүрмін.

  • Барлық пәндер адамға қажет пе?

  • Иә, барлық пәндер адамға қажет

  • Қазіргі заманда неше тілді білуің қажет?

  • Қазіргі заманда үш тілді білуім қажет.

  • Өзің барлық пәндерді қалай оқисың?

  • Өзім барлық пәндерді орташа оқимын.

  • Сенің пәндер бойынша үлгерімің қандай?

  • Менің пәндер бойынша үлгерімім орташа.

  1. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңдар: заман талабы, көп тіл білу, ана тілім, мемлекеттік тіл, менің болашағым, әке-шешемнің арманы.

2 билет

  1. Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар.

Қонақасы.

Қонақасы – салт. Халқымыздың тарихи, әлеуметтік тұрмыстық жағдайындағы ерекше бір қымбат дәстүрі – осы қонақжайлық. Үйіне келген қонақты құрметпен қарсы алып, мал сойып, қонақасы беру – жомарттықтың, елдіктің үлкен белгісі. Қазақ қашанда семіз қойын, басқа да тәтті тағамдарын әдейі сақтап, «қонақ келеді» деп күтіп отырған. Қонақ та кез-келген үйге түспейді, қонақжай, дастарқаны мол, таза, өнегелі ұл-қызы бар үйді таңдайды. Халық дәстүріне қонақ шақырмау, қонақты үйге түсірмеу үлкен айып болып саналады. Қазақ оларды арнайы қонақ, құдайы қонақ деп бөледі. Қыдырма қонақ деген де бар. Бірақ ол сыйлы қонақ емес.

Гостеприимство – традиция. В истории социально бытовой жизни народа особенно ценным было гостепримство. Гостя всегда встречали с уважением и ради него резали барана подавали самое лучшее угощение – это символ щедрости и патриотизма. Казахи всегда резали жирного барана и специально хранили сладкие угощения, ожидая внезапных гостей. Но и гость выбирал особый дом, который славился гостеприимством, богатством, чистотой и воспитанными детьми. В традиции казахов считалось большим грехом, если хозяин не приглашал гостей или не встречал их. Казахи делили гостей на особых, божьих гостей. Но есть еще странствующий гость. Но он не считался почетным гостем.

Сұрақтар:

1. Қонақасы қандай салт?

2. Қонақжайлық қандай дәстүр?

3. Қазақ халқы қонақты қалай қарсы алған?

4. Қазақ халқы қонаққа не сойған?

5. Қазақ халқы келетін қонаққа не сақтаған?

6. Қонақ үйді қалай таңдаған?

7. Халық дәстүрінде қонақ шақырмау не болып саналады?

8. Қонақ түрлері қалай бөлінеді? (арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ)

  1. «Менің отбасым» тақырыбына диалог құрастырыңдар.

Сенің отбасың қандай?

Менің отбасым үлкен емес (шағын).

Отбасың қалай тұрады?

Отбасым тату тұрады.

Сенің әке-шешең қандай адамдар?

Менің әке-шешем жақсы адамдар.

Әке-шешең қандай қызмет істейді?

Әке-шешем темір жолда қызмет істейді.

Сенің мінезің қандай?

Менің мінезім жаман емес деп ойлаймын.

Сенен кейін кім бар?

Отбасымда мен жалғыз баламын.

Отбасың демалыс күнін қалай өткізеді?

Отбасым демалыс күнін жақсы өткізеді.

Сен отбасыңа қалай көмектесесің?

Мен шаң сүртемін, еденді жуамын, гүлдерге су құямын.

Болашақта отбасыңның қандай болғанын қалайсың?

Болашақта отбасымның өте жақсы болғанын қалаймын.

Отбасы туралы қандай мақал-мәтелдерді білесің?

Отан отбасынан басталады.

Отбасы бақыты неде?

Отбасы бақыты бейбітшілікте, бірлікте, татулықта.

Отбасы үшін әке-шеше не істейді?

Отбасы үшін әке-шеше көп еңбектенеді.

3.Синтаксистік талдау жасаңдар:

Қазақ халқының ерекше қымбат дәстүрі – қонақжайлық.

3 билет

  1. Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар. Домбыра.

Қазақ халқының ежелгі халық аспаптарының саны 40-қа жуық. Олар негізінен шекті, ысқышты, үрмелі, соқпалы болып бөлінеді. Ежелгі халық аспаптарының біріне домбыра жатады. Домбыра мына бөлшектерден тұрады: құлақтары, мойыны, пернелер, ішектер, тиектер, тегеріш.

Домбыра халқымыздың саз өнерінің ажырамас бөлшегіне айналды. Ол қазақтың ғасырлар бойғы жан серігі. Еліміздің қай түпкіріне барсаңыз да, әр үйдің төрінен домбыра көресіз. Соңғы кезде домбыраға қобыз, скрипка, гитара қосып, эстрада сахнасының сәнін келтіріп жүрген топтар мен ансамбльдер көбейіп келеді.

У казахского народа более 40 древних народных инструментов. В основном они делятся на струнные, смычковые, ударные. К древнему народному инструменту относится домбра. Домбра состоит из следующих частей: ушки, гриф, лады, струны, подставка, cкрепитель. Домбра неразрывно связана с композиторским искусством. он в течение многих веков был душевным инструментом. На каком бы уголке нашей страны вы не находились в каждом доме на почетном месте увидите домбру. В последние время на эстраде многие ансамбли и группы к домбре присоединили кобыз, скрипку, гитару.

1.Қазақ халқының ежелгі халық аспаптарының саны нешеге жуық?

2.Олар қалай бөлінеді?

3.Ежелгі халық аспаптарының біріне не жатады?

4.Домбыра қандай бөлшектерден тұрады?

5.Домбыра халқымыздың саз өнерінің несіне айналды?

6.Ол қазақтың ғасырлар бойғы қандай серігі?

7.Домбыраны қайдан көресіз?

8. Соңғы кезде домбыраға қандай аспаптар қосып ойнап жүр?

2. «Менің Отаным» тақырыбына диалог құрастырыңдар.

Сен қай мемлекетте тұрасың?

Мен Қазақстанда тұрамын.

2Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі?

Қазақстан Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан мемлекеттермен шектеседі (граничит).

Шекарасы неше мың шақырым?

12 мың шақырым

Қазақстанның аумағы неше мың шаршы шақырым?

Қазақстан неше экономикалық аймаққа бөлінеді?

2 млн, 717 300 шаршы шақырым.

Батыс Қазақстан аймағы қай жерде орналасқан және оған қандай облыстар жатады? Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстары

Батыс Қазақстанда қандай байлықтар мол? мұнай, балық

Солтүстік. Қазақстан аймағы қай жерде орналасқан және оған қандай облыстар

жатады?

Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстары жатады.

Солтүстік Қазақстанда қандай байлықтар көп?

Бидай және балық

Орталық Қазақстан аймағы қандай жерлерді қамтиды және ол қалай аталады?

Ақмола,Қарағанды облыстары жатады

Орталық Қазақстан немен бай?

көмір, пайдалы қазбалар.

Шығыс Қазақстан қай жерде орналасқан және оған қандай облыстар жатады?

Өскемен, облыстары жатады

Шығыс Қазақстанда қандай байлықтар бар?

Оңтүстік Қазақстан қай жерде орналасқан және оған қандай облыстар жатады

Алматы, Қызылорда, Шімкент облыстары жатады

Оңтүстік Қазақстанда қандай байлықтар бар?

мақта

Отаныңның астанасы қай қала?

3. Синтаксистік талдау жасаңдар:

Еліміздің қай түпкіріне барсаңыз да, әр үйдің төрінен домбыра көресіз.

4 билет