Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеты.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
92.14 Кб
Скачать

5- билет

Сөйлем құрылысына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем болып екіге бөлінеді. Бір ғана ойды білдіріп, бір ғана интонациямен айтылатын сөйлем жай сөйлем деп аталады да: екі я одан да көп жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.  Сөйлем айтылу мақсаты мен интонациясына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті сөйлем болып бөлінеді.  Хабарлы сөйлем - айтылу мақсаты хабарлау, суреттеу, баяндауды білдіретін сөйлемнің түрі.  Мысалы: Мен жалақы алдым.

Сұраулы сөйлем - жауап алу мақсатымен қарай айтылған сөйлем.  Сұраулы сөйлемдер мынадай жолдармен жасалады:  а) Сөйлемде сұрау есімдігінің қолданылуы арқылы. Не үшін?  ә) ма, ме, ба, бе, па, пе, ша,ше шылауларының қолдануы арқылы. Жерім жаман ба?  б) ғой, қой, ау, еу шылауларының , ә, сірә сияқты оқшау сөздердің; болар, шығар, қайтеді, білемін деген көмекші сөздердің сұрау мәнінде қолданылуы арқылы:  – Осы ғой алған жоспары? – Иә, осы.  в) Сұрау интонация арқылы. Япырай, ие бермей кетпесе?

Бұйрықты сөйлем - біреуге бұйыру, тілек – өтініш ету мақсатында айтылған сөйлем.  Бұйрықты сөйлемде интонация біркелкі бола бермейді: бірде хабарлы сөйлем интонациясымен айтылса, бірде лепті сөйлем интонациясымен айтылады да, соған сәйкес сөйлем соңында нүкте(.) я леп белгісі(!) қойылады. Бұйрықты сөйлемнің баяндауышы етістіктің бұйрық рай тұлғасынан және бұйрық не шартты рай тұлғасына тілек-өтініш мәнді –шы, -ші жұрнағының үстеуі арқылы жасалады. М: Бар! Шап! Жиып кел тегіс! – деді...

Лепті сөйлем - айтушының көңіл күйін (қуану, ренжу, зеку, алу, өкіну т.б.) білдіретін сөйлем.  Лепті сөйлем ерекше әуенмен айтылып, дауыс ырғағы сөйлем соңында да көтеріңкі қалыпта болады. Соған сәйкес сөйлем соңында леп белгісі (!) қойылады. Құнанбай қатты зекіп қалып:  – Жә тоқтат! – деді. (М.ә)

2) Ш.Айманов туралы әңгіме

Айманов, Шәкен Кенжетайұлы (1914—1970) — қазақтың әйгілі актері, режиссер.1964ж КСРО-ның халық артісі.

Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданы. Топырақ бұйырған жеріАлматы қаласы.

Орта мектеп бітірген соң (1928), Семейдегі педагогикалық техникумға оқуға түскен.

Айманов Шәкен (Шаһкерім) — актер, режиссер, КСРО халық артисі (1964). Болашақ актер 1914 ж. 15 ақпанда қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Ол кішкентай кезінен жездесі Қали Байжановтың әндерін тыңдап өскен. Ауыл мектебін бітіріп, Семей мұғалімдер техникумында оқып жүргенде 1932 ж. Алматыдағы Қазақ драма театрына шақырылады. Айманов 1932 – 33 жылғы маусымнан театрға жұмысқа қабылданды. Ол алғашында бірқатар рөлдерді ойнады. 

1953 ж. бастап, өмірінің соңына дейін қазақ кино өнері саласында өнімді еңбек етті.ССРО және ҚазССР-інің халық артисі. Қазақ кино өнерінің негізін салушылардың бірі. Айманов режиссер ретінде «Біздің сүйікті дәрігер», «Атамекен», «Алдар көсе», «Атаманның ақыры» және басқа фильмдерді түсіріп, Н. Ф. Погодиннің «Мылтықты адам», «Таланттар мен табынушылар», М. Әуезовтың «Абай» спектакльдерін театр сахнасына шығарды. Актер ретінде «Абай әні», «Жамбыл» т. б. фильмдерде ойнаған. «Абай әні» фильмінде Абайдың шәкірті, жас ақын Айдардың бақталасы Шәріп бейнесін сомдады. Ол ССРО және ҚазССР-інің Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

3)Шығыс септіктегі зат есіммен сөйлем құрастыр

Шығыс – кімнен? неден? қайдан? –нан, -нен, -тан, -тен, -дан, -ден

Мысалы: Бүгін әжем ауылдан үйге келді.

6-билет

  1. Антонимдер ,синонимдер .

Мағыналары бір-біріне жақын, мәндес сөздерді синоним дейді. Мысалы, әдемі, сулу, келбетті, немесе қысқа, шолақ, келте, немесе кушті, мықты, берік т. б. сөздердің мағыналары бір-біріне жақын, сондықтан да көбіне-көп оларды бірінің орнына екіншісін қолдана беруге болады: әдемі қыз — сұлу қыз, келбетті қыз немесе күшті жігіт, мықты жігіт, берік жігіт т. б. Белгілі бір ұғымды білдіретін мәңдес сөздер тобы синонимдік қатар жасайды. Мысалы: аброй, бедел, қадір немесе мықты берік, күшті, бекем дегендер синонимдік қатар құрайды. Бірақ жалпы ұғымды білдіретін сөздер мен жеке ұғымды білдіретін сөздер немесе бір заттың әр жақты түрін біддіретін сөздер синонимдік қатар жасай алмайды. Мысалы, киім деген сөзге шалбар немесе көйлек синоним бола алмайды, өйткені шалбар да, көйлек те киімнің жеке-жеке түрлері. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді антонимдер дейді. Ащы-тұщы, жақсы-жаман, аз-көп, алыс-жақын т. б. Болымсыздық мағынаны білдіретін қосымшалар арқылы жасалған сөздер антоним бола алмайды: Қарлы — қарсыз, желді — желсіз т. б. Антоним болу үшін сөздердің тұлғалары бөлек, мағыналары бір-біріне қарама-қайшы болуы шарт. Кейде антоним сөздер жалпылық мағыналы қос сөз түрінде де қолданылады. Мысалы: Жоғары — төмен үйрек-қаз ұшып тұрса сымпылдап.

  1. Қазақстанның елтаңбасын суреттеу

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек пішінді және көгілдір түсте күн сәулесі шашырап тұрғандай әсерде шаңырақтың суреті бейнеленген (киіз үйдің жоғарғы бөлігі). Шаңырақтың оң және сол жағында мифтік қанатты пырақ бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде үлкен бес бұрышты жұлдыз бейнеленген, ал төменгі жағында алтын түспен жазылған «Қазақстан» сөзі бар. Көркемдік тұрғысы жан-жақты көзқарастың дәлме-дәл бірегей үндестігін тапқан. Шаңырақ - киіз үйдің негізгі бөлігі болып табылады, тіршіліктің бастау алар көзі, адамзат өмірінің маңызды бөлігі. «Шаңырақ» сөзі «чакра» сөзінен шыққан, санскритте «дөңгелек» мағынасын береді. Ал философиялық мағынасы - «Күн дөңгелегі». Сол үшін шаңырақтың күн көзін бейнелеуімен қатар шаңырақтан түскен күн сәулесімен дала уақытын біліп отыруы да кездейсоқтық емес.

  1. Синтаксистік талдау

Талдау реті

1.Сөйлем мүшесін табамыз.

2.Сөйлем мүшесінің жасалу жолын анықтаймыз.

3.Құрылысына қарай (жай, құрмалас)

4.Қатысына қарай (жалаң, жайылма)

5.Бастуыштың қатысына қарай (жақты, жақсыз)

6.Ойдың берілуіне қарай (толымды, толымсыз)

7.Айтылу сазына қарай )хабарлы, лепті, сұраулы)

Талдау үлгілері

Сабынның көбігіне ұқсас бұл алдамшы өрнек соншама әдемі

~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~ _____ .-.-.-.-.-.--.-.-.-.-

көрінеді. (Жай, жайылма, белгілі жақты,толымды, хабарлы)

_______

_______

Көр-ін-е-ді- жіктік жалғау тұлғалы көсемшелі етістікпен жасалған дара баяндауыСонша-ма әдемі- нөлдік тұлғалы мөлшер үстеуден және сын есім тіркесінен жасалған күрделі қимыл-сын пысықтауыш.

Өрнек- нөлдік тұлғалы зат есімнен жасалған дара сапалық анықтауыш.

Алда-мшы –нөлдік тұлғалы туынды сын есімнен жасалған дара сапалық анықтауыш.

Бұл – нөлдік тұлғалы сілтеу есімдігінен жасалған дара сапалық анықтауыш.

Сабын-ның көб-і-гі-не ұқса-с -ілік септік тұлғалы негізгі зат есімнен, барыс септік тұлғалы тәуелденген зат есім және нөлдік тұлғалы туынды сын есім тіркестерінен жасалған күрделі сапалық анықтауыш.

7-билет

1)Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Тұрлаулы мүшелер деп сөйлемнің негізгі мүшелері болып саналатын бастауыш пен баяндауыштыатаймыз. Бастауыш – сөйлемде атау септігінде тұрып, іс – оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы мүше.Сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер?

Баяндауыш – бастауыштың іс–әрекетін, оқиғаның қай шақта болғанын сөйлемді тиянақтап тұратын тұрлаулы мүше. Сұрақтары: Не істеді? Не істейді?

2) Ұлттық тағамдар туралы әңгіме

Қазақ халқы асты жоғары бағалап, қадірлей білген. Сондықтан қазақтар  адам қажеттіліктерінің  ішінде тағамды  жоғары қойған. «Астан үлкен емессің», «Ерді қорласаң састырар, асты қорласаң құстырар» деген секілді ескертпе сөздер, мақал- мәтелдер осының дәлелі. Қай заманда, қалай айтылғанына қарамастан, халық асты құрметтеудің жолын, оны әзірлеудің көзін, ретін таба білген.  Ел мен елді татуластыруды, жақсылар мен жайсандарды құрметтеуді, өздерінің мырзалық, мәрттік үлгілі, өнегелі қасиеттері мен артықшылықтарын, ел дәулетін қазақ кең дастарқаны арқылы яғни ас, қонақасы арқылы көрсеткен. Сүттен жасалатын қазақта құрт, қатық ,қымыз шұбат, сүт көже, сүзбе, көбік, ежігей тағы да басқа тағамдар баршылық. Мал шаруашылығымен айналысқан ата -бабамыздың негізгі асы- ет пен сүт болған. Етті қуырып, асып жеген.  Ал сүттен  көптеген астар дайындаған. Сиыр, қой сүттерінен құрт, кілегей, қаймақ, ірімшік, сары май тағы да басқа тағамдар әзірлеген. Осы астардың барлығын даярлауды қазақ әйелдерге жүктеген. Қазақ әйелдері тағамдарды жазда да, қыста да бұзбай сақтаудың әдіс-тәсілдерін білген. Олар сүттен жасалатын қаймақ, ірімшік, сары май,  шұбат, қымыз, құрт секілді тағамдарды шебер дайындаған. Басқа тағамдарға қарағанда, сүттің алатын орны ерекше Бұрын қымыз, шұбатын ішіп, құрт-ірімшігін жеп-ақ халқымыз дерттің алдын алған.  Ата-бабамыздың алып тұлғалы, батыр да дана болуының бір сыры осы болуы да әбден мүмкін. 

3)Көмектес септіктегі зат есімнен сөйлем құрастыр

Көмектес – кіммен? немен? –мен, -бен, -пен.

Мен Айнұрмен сабаққа бардым.

9-билет

1)Толықтауыш.Оның түрлері

Толықтауыш деп сөйлемде негізінде атау мен іліктен басқа септіктің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтыратын тұрлаусыз мүшені атаймыз.

Толықтауыш кімді? нені? кімге? неге? кімнен? неден? кімде? неде? кіммен? немен? кім (не) туралы? кім (не) жөнінде? не тақырыпты? деген сұрауларға жауап береді.

2) Қымыз туралы әңгіме

.Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ . Дегенмен ілгері заманда жылқы мен түйенің адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланатын. “Жылқы – малдың патшасы, түйе – малдың қасқасы” деген мақал сол кезде туған болатын. Мереке-қуанышта, қайғы-қасіретте, басқа түскен не ауыр күндерде де бұл түліктер адамның жан серігі, айырылмас досы болған. Жылқының бір қасиеті – сүтінде. Бие сүтінен қымыз ашытады. Қазақтың ертедегі көшпелі өмірінде ауруға ем болып, сауға қуат берген осы қымыз. Бие сүтінде қант көбірек болады, оны жаңа сауған сүттің дәмін татып білуге болады.    Қымыздың құрамына кіретін түрлі заттардың бәрі де адамның бойына жақсы сіңеді. Бие сүтінде “ С” витамині мол болады. Сондықтан оның емдік қасиеттері, әсіресе туберкулез ауруынан емдеу үшін айрықша жоғары. Сондықтан да туберкулезді қымызбен емдейтін ең алғашқы курорт 1858 жылы Самара қаласының маңында ашылған екен. Оны ұйымдастырушы В. Толстиков деген дәрігер: “қымыз асқазанды ыстап, адамның өзін әлдендіреді, оның тәнін жаңғыртады” – деп жазған екен. 

  1. Мәтінді оқып, 5 сөзді құрамына қарай талда. 3 мақал-мәтел айту

Сөз құрамы орыс. состав слова – сөздің сыртқы түр-тұрпаты. Тілдегі сөздер бір бүтін тұлға ретінде қаралғанмен, олар мағыналы бір не бірнеше бөлшектен құралуы мүмкін. Сөз құрамының ең негізгі бөлшегі – түбір. Сөз тудыратын, сөз жалғастыратын (байланыстыратын) қосымшалар түбірге қосылады. Мысалы, ек-ін, егін-ші, егін-шілік сөздері ек түбіріне жұрнақтар (-ін, -ші, -лік)жалғану арқылы жасалған. Ал бойжеткен сөзі екі түбірдің бірігуінен, бала-шаға сөзі түбірлердің қосарланып айтылуынан туған. Сөздер сыртқы тұлғасына (құрамына) қарай түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз болып бөлінеді. Сөз құрам ұғымына түбір сөзге жалғанатын жалғаулар жатады, бірақ бұлар сөз емес, сөздің морфологиялық құрамының бөлшектері. Қазақ тілі сөздердіңморфологиялық құрамына қарай жалғамалы тілдер тобына қосылады

Білімнің басы — бейнет, соңы — зейнет.

Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.

Көзі жоқ, құлағы саудың ақылы толады,

Құлағы жоқ, көзі саудың ақылы озады.

8-билет

1)Қазақ жазушылары туралы диалог құрастыр.

-Салем,Таня!

-Салем, Максим!

-Сен қазақ жазушыларынан кімдерді білесін?

-Мен Абай Құнанбаев,Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынов және көптеген жазушыларды білемін

-жарайсын!

-Жаксы рахмет!

2) Ы.Алтынсаринің бір әңгімесін айтып бер

Үнді жұртының бір адамы бір жақтан үйіне қайтып келсе, үйдің қасындағы ағаштың басына кептіруге іліп қойған еті жоқ. Ағаштың айналасын әбден жүріп, қарап болған соң, орамға шығып жолай дауыстап сұрайды: - Аласа бойлы, қолында қыскантақ мылтығы бар, соңында тарақ-құйрық кішкентай иті бар, бірі қарт адам көрдіңіз бе? - деп. Бұл кісіні әркім көрген екен, сілтеумен барып тауып ұрысын ұстапты-мыс. Ауылдас адамдары үндіден «ұрының түсі-түгін қайдан білдіңіз» деп сұрасыпты. Сонда үнді айтты дейді: - Ұрының аласа бойлы екенін білгенім, менің қолыммен ілген етімді, ол ағаштан аяғының астына тас қойып, соның үстіне шығып алыпты. Қарт екенін білгенім, жүргендегі ізінен байқадым - адымының арасы тым жақын екен. Мылтығының қысқа екенін: етімді ұрларда, мылтығын ағашқа сүйеп қойған екен, сонда мылтықтың аузы ағаштың кішкене қабығын жырып кетіпті, жер мен сол жырылған қабықтың арасынан шамаладым. Ұрының қасында иті бар екенін, және ол иттің өзі кішкентай, құйрығы тарақұйрық екенін білгенім, етімді ұрлап жатқанда, ит анадай бір кұмайтырақ жерде отырған екен; соның құмға түсіп қалған ізінен, және былғаңдатқан құйрығының табынан байқадым депті-міс.

3)Мәтінді оқып марфологиялық талдау жаса.

Морфология (биология) - ағзаның пішіні мен құрылымы туралы ғылым. Морфология (гр. morf — түр, тұлға, logos — сөз, ілім) — дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының бір сапасы

10- билет

1)Пысықтауыш

Пысықтауыш [1] деп сөйлемде іс-әрекеттің жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгілмекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүшені атаймыз.[2]

Пысықтауыштардың сұраулары: қашан? қайда? (қалай қарай?) қайдан? қалай? қайтіп? не себептен? неліктен? кім үшін? не үшін? не істеуге? не қылуға? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? ненің арқасында? кімнің арқасында? не сайын? кім сайын? қанша?қанша уақыт? неше рет?

2)Қазақстан өнері туралы әңгіме

" Қазақ жерінде кезігетін бейнелеу өнерінің алғашқы нұсқалары палеолит дәуіріне жатады. Олар Қаратау мен Хантау тауларында тасқа қашалған жан-жануарлар тұрпаты түрінде кездеседі. Неолит және қола дәуірінде тасқа бедерленген Баянауыл үңгіріндегі (Павлодар облысы), Таңбалы аңғарындағы (Алматы облысы) бейнелер (бұғы, арыстан, садақты аңшы, арбаға жегілген бұқа, сиыр, т.б.) мен Балқаш көлінің солтүстік жағасындағы жақпар тастардағы суреттер (келіншектің қасындағы екі ер кісінің жекпе-жек қылыштасуы, т.б.) қазақ жерін мекендеген тайпалардың негізгі кәсібін, әдет-ғұрпын баяндайды. Көптеген шекіме суреттердің сюжеті жыртқыш аңдардың аша тұяқтыларға шабуылына, діни нанымға құрылған. Суреттер нобайына ішінара қына түсті бояу жағылған ( Қаратау шимайлы тастары). Андрон мәдениеті мұрасына саналатын геометриялы өрнекті қыш ыдыстар, қалыптау арқылы жасалған бұйымдар, күн шапағы бейнеленген қола құрал-жабдықтар Орталық, Солтүстік және Батыс Қазақстан аумағында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде ашылды.

3) Абайдың өлеңін жатқа айту

Желсіз түнде жарық ай

Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп, Ауылдың жаны терең сай, Тасыған өзен күрілдеп. Қалың ағаш жапырағы Сыбырласып өзді-өзі, Көрінбей жердің, топырағы, Құлпырған жасыл жер жүзі. Тау жаңғырып, ән қосып Үрген ит пен айтаққа. Келмеп пе едің жол тосып Жолығуға аулаққа? Таймаңдамай тамылжып, Бір суынып, бір ысып, Дем ала алмай дамыл қып, Елең қағып, бос шошып. Сөз айта алмай бөгеліп, Дүрсіл қағып жүрегі, Тұрмап па еді сүйеніп, Тамаққа кіріп иегі?

11-билет

1)Аңықтауыш

Анықтауыш[1]деп сөйлемде негізінде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені атаймыз.[2]

Анықтауыштар қандай? қай? қайдағы? (недегі?) қашанғы? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен? деген сұраулардың біріне жауап береді

2) Жамбыл туралы әңгіме

Акын 1846 жылы ақпан айында казіргі Жамбыл  облысындағы Жамбыл тауының бөктерінде дүниеге келген. Жамбыл– өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. Ақынның  XX ғасырдың басына дейінгі шығармашылық өмірбаяны туралы деректер аз, өлеңнен ауыз жаппаған кісінің ұшан-теңіз жыр-толғау, айтыстары да түгел сақталмаған. Әйтсе де  бала Жамбылдың дүмше молданы мысқылдап шығарған "Шағым", ақындық жолына рұқсат сұраған "Әкеме", "Менің пірім Сүйінбай" деген өлеңдері, бозбала кезінің мұңды да шуақты көркем жыры – "Айкүміспен айтысы", сылқым бойжеткен Кәмшат сұлуға шығарған құрбылық наз өлеңі сияқты дүниелер сақталған. Одан бертіндегі Жетісуды, Қаратау, Сыр өңірін өнеріне тәнті еткен, қырғыздың шалқар "Манасын", Шығыстың әйгілі қиссаларын жырлаған ақын мұрасынан бірталайының аты ғана белгілі. "Кедей күйі", "Пұшықтың ұрыға айтқаны", "Әділдік керек халыққа", "Кәрібайдың төбеті", "Жылқышы", "Мәңке болыс" тәрізді тегеурінді де өжет ақындык мінезден, халықтық даналықтан туған өлеңдері, әйгілі Құлмамбет, Сарбас, Нұрмағанбет, т.б. ақындармен айтысы, Өтеген, Сұраншы батырлар туралы ұзақ дастандары – даңқты шайырдың төңкеріске дейінгі шығармашылығынан сақталған қомақты мұрасы. Осылардың өзінен-ақ, Жамбылдың халықтың ақындық қазынасын жете, зерделей меңгеріп, жаңғырта, жаңарта дамытқан, өмір-тіршілік даналығын көкірегіне тоқыған, елдің арғы-бергі тарихын әділдік, шындық сөзін ешкімнен де тайсалмай айтатын, өлеңі тау өзеніндей тасқынды үлкен дарын иесі екенін танимыз.

3) Өткен шақтағы етістікті табу.

Өткен шақ — іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болып өткенін білдіретін етістіктің шақтарының бір түрі. Өткен шақ 3 топқа бөлінеді: 1) Жедел өткен шақ “-ды, -ді”, “-ты, -ті” жұрнақтары арқылы жасалып, іс-әрекеттің жуық арада ғана болып өткенін, аяқталғанын көрсетеді. Мысалы: “келдім”, “таптыңдар”.

12-билет

1)Омонимдер

Айтылуы бірдей болғанмен, мағыналары бөлек-бөлек сөздерді омоним дейді. Мысалы, аяқ деген сөз әрі ыдыстың бір түрі және адамның дене мүшесі мағыналарын білдіреді. Бұл мағыналардын арасында байланыс жоқ. Демек, аяқ деген сөз бірдей айтылғанмен әр мағынасы бөлек-бөлек сөз болып табылады. Сондай-ақ сыр — біреудің құпия ойы және сыр — бояу, жас — адамның нешеге келуі және жас — көзден ағатын су және жас — жастық кез т. б. Омоним сөздерді көп мағыналы сөздермен шатастыруға болмайды

2)Жатқа өлең айту

Желсіз түнде жарық ай

Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп, Ауылдың жаны терең сай, Тасыған өзен күрілдеп. Қалың ағаш жапырағы Сыбырласып өзді-өзі, Көрінбей жердің, топырағы, Құлпырған жасыл жер жүзі. Тау жаңғырып, ән қосып Үрген ит пен айтаққа. Келмеп пе едің жол тосып Жолығуға аулаққа? Таймаңдамай тамылжып, Бір суынып, бір ысып, Дем ала алмай дамыл қып, Елең қағып, бос шошып. Сөз айта алмай бөгеліп, Дүрсіл қағып жүрегі, Тұрмап па еді сүйеніп, Тамаққа кіріп иегі?

3)Қазақ билері туралы әңгіме

Қазақ билері — ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің да қызметін атқарған. Билер өздерінің бір ғана сөзімен небір шытырман даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып отырған.

Қазақ билері әділ және елге сыйлы болуға тиісті болатын. Өз әділдігімен елге танымал болған қазақтың атақты билері:

  • Төле би (1663—1759 жж.)

  • Қазыбек би (1667—1764 жж.)

  • Әйтеке би (1644—1700 жж.)

Қазақ халқының бұл билері елді үш жүздің бірлігін сақтауға шақырды.

13-билет

1)Халық ауыз әдебиетінің салалары

Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған “фольклор” (ағылшынша lolk — халық, lore — білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. Бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бірақ мағыналары бір емес. [1]Мысалы, “халық поэзиясы” дейтін ұғым өлең түрінде айтылатын поэзиялық жанрларды жинақтап атауға лайық болса, “халық шығармашылығы” — халық шығармашылығы мен өнерінің барлық түрлерінің жалпы атауы, “ауызша сөз өнері” — прозалық та, поэзиялық та шығармалардың ортақ ұғымы. Бұларға қоса “халық даналығы”, “халық білімі” деп аударылатын “фольклор” терминінің мән-мағынасында да елеулі айырма бар. Батыс Еуропа, Америка, Австралия халықтарының ұғымында бұл сөздің мағынасы тым ауқымды

2) Төле би туралы әңгімеле

Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.

3)Есімдік.Мәтінен есімдікті табу. Сойлем қурастыр

Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын, я олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім,сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы. [1]Есімідіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады

Мен әрине бүгін сабаққа барамын.

14-билет

1)Етістік.Болымсыз түрі

Заттың қимылын, амалын, жай-күйн білдіретін сөздерді етістік дейміз. М ы с а л ы: Ол ән салды. Сен домбыра тарт.

Етістік не істеді? не істейді? не қылған? деген сұрақтарға жауап береді. СөйлемнІң баяндауыш, пысықтауыш қызметін атқарады

Болымсыз етістіктер болымды етістіктердің түбіріне ма, -ме, (-ба, -бе, -па, -пе) жүрнағын жалғау арқылы жасалады. Мысалы: бар — барма, көтер — көтерме, сөйле — сөйлеме, сөйлес — сөйлеспе, шық — шықпа, шығар — шығарма, жаз — жазба, жалғыз — жазғызба.

Болымсыз етістіктің жұрнағы сүрау шылауымен тұлғалас. М ы с а л ы: Сен бүгін келдің беОл осыны түсіне ме? Суретті ол салған ба? Бүл мысалдарда сұрау шылауы көсемше, есімше, жіктік жалғауына аяқталған сөздерден кейін келіп тіркесіп, сөйлемге сұрау мағынасын беріп түр.

Етістіктің болымсыздық жұрнағы — сөзде көсемше, есімше, рай жұрнақтарын, жіктік жалғаудан бұрын қолданылатын қосымша. Мысалы:көрме-й-дІ, кел-ме-ген, айт-па-й-мын, ал-ма-ғай-сың, бер-ме-се. Етістіктің жүрнағы өзі жалғанған сөзіне болымсыздық мағына береді.

2) Қазақстан ән- ұраны

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

 Қазақстан республикасының мемлекеттік ән ұраны 2006 жылы өзгертілді.

3)Құрманғвзы туралы әңгімеле

Туып-өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Орал облысының Жаңақала ауданына қарастыЖиделі деген жер. Топырақ бұйырған орыны – Астрахань (Ресей) облысының бұрынғы «Шайтани батага», қазіргі «Құрманғазы төбе» деп аталатын жер.

Шыққан тегі – Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қызылқұрт бұтағы. Құрманғазының жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ ауызды, сөз дарыған адам болыпты. Ал, нағашы жұрты – Беріш руы. Қалмақ шапқыншылығы кезінде асқан ерлігімен көзге түскен Ағатай батырдың есімі исі Берішке ұран болған. Одан берідегіӨтеміс би, Махамбет ақын, Исатай батыр бір ғана Беріш руының емес, исі қазақтың ардақты ұлдары Оның «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Ертең кетем», «Бозқаңғыр», «Пәбескі», «Терезеден-есіктен», «Бозшолақ», «Бұқтым-бұқтым», «Не кричи, не шуми», «Арба соққан», «Аман бол, шешем, аман бол», «Қайран шешем» сияқты күйлері замана басқа салған зобалаңның бір-бір бекеті сияқты

15-билет

1) Етістіктің шақтары

Қимыл, амал-әрекеттің жасалу мезгілін етістіктің шақ категориясы білдіреді. Етістіктің шақтарының ішкі мәнін анықтауда сөйлеушінің хабарлау кезі негізгі тірек нүкте қызметін атқарады. Қимыл-әрекеттің жасалу мезгілі сейлеушінің хабарлаған кезіндегі не одан бұрынғы, не хабарлап тұрған кезден кейінгі болып жіктелген. Осы ерекшелікке сай етістіктің шақтары үшке бөлінеді. Олар: осы шақ, келер шақ, өткен шақ. Тілде қимылдың жасалуының осы мағынасын білдіретін әр шақтың арнаулы морфемалары бар.

2)Егеменді Қазақстан әңгіме

1985 жы­лы на­урыз­да К. У. Чер­ненко қай­тыс болған­нан кейін, КОКП Ор­та­лық Ко­митетінің бас хат­шы­сы қыз­метіне М. С. Гор­ба­чев келді.

1985 жы­лы сәуірде КОКП ОК-нің пле­нумын­да әле­уметтік, эко­номи­калық да­муды же­дел­де­ту мәсе­лесіне сәй­кес эко­номи­калық құры­лым­ды ғылы­ми-тех­ни­калық прог­ресс негізінде қай­та құру бағыты жа­ри­ялан­ды.

1990 жы­лы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен Қазақ КСР Пре­зиденті инс­ти­тутын енгізу және осы қыз­метке Н. Ә. На­зар­ба­ев­ты сай­лау мен 1990 жы­лы 25 қазан­да «Қазақ КСР-нің Мем­ле­кеттік Еге­мендігі ту­ралы» Дек­ла­раци­яны қабыл­дау бол­ды. 1991жы­лы 16 жел­тоқсан­да Қазақстан өз тәуелсіздігін жа­ри­яла­ды және ғасыр­лар бойы қағажу көріп, ұмыт бо­ла бас­таған тілін, салт-дәстүрін қай­та жаңғыр­тып, тәуелсіздік ту­ын биікке көтерді. Қазақстан Рес­публи­касы еге­мендігін алған­нан кейінгі алғашқы міндет­тер мем­ле­кеттік құры­лым­ды, аза­мат­тық қоғам­ды қалып­тасты­ру бол­ды. 1993 жы­лы Қазақстан Рес­публи­касы­ның Конс­ти­туци­ясы­ның қабыл­да­нуы Қазақстан­ның де­мок­ра­ти­ялық мем­ле­кеттігі қалып­та­су­ының бас­та­масы бол­ды.

Рес­публи­ка өз тәуелсіздігін жа­ри­ялаған­нан кейін мем­ле­кет бас­шы­сын сай­лау заңды­лық. Осы мақсат­пен 1991 жылғы 1 жел­тоқсан­да бүкілха­лықтық Пре­зидент сай­ла­уы өткізіліп, ха­лықтың біра­уыз­дан қол­да­уымен Н. Ә. На­зар­ба­ев Қазақстан­ның тұңғыш Пре­зиденті бо­лып сай­лан­ды.

1992 жылғы 4 ма­усым – Қазақстан Рес­публи­касы та­рихын­дағы ерек­ше мәрте­белі күн. Бұл күн еліміздің мем­ле­кеттік рәміздері – Туы, Ел­таңба­сы, Гимні – дүни­еге кел­ген күн ретінде мәңгі ес­те қала­ды.

Қазақстан­ның тәуелсіздігін ал­ды­мен та­нып, әлем ал­дында мойын­даған ту­ыс­тас Түркия мем­ле­кеті және Ру­мыния бол­ды. Бүгінде Қазақстан­ды 120 мем­ле­кет та­нып, 70-тен ас­там мем­ле­кет­пен елшілік дип­ло­мати­ялық қаты­нас ор­наттық. Еліміздің бірне­ше ха­лықара­лық ұйым­дардың мүшесі екендігін, әсіре­се олар­дың ішінде әлем­дегі ең бе­делді ұйым­дардың бірі – БҰҰ мүшелігін мақта­ныш­пен ай­та ала­мыз.

16-билет

  1. Етістіктің райлары

Рай категориясы қимылдың болмысқа катысы туралы сөйлеушінің түсінігін, көзқарасын білдіреді. Қазақ тілінде 4 түрлі рай бар: 1. Бұйрық рай. 2. Қалау рай. 3. Шартты рай. 4. Ашық рай.

2) Менің болашақ мамандығым әңгіме

Күнге қол жеткізіп оны адамдарға сыйлауды армандайтын адам өз ісінің шебері деп көремін. Мамандық таңдау-бұл адамның өміріндегі ең бір жауапты кезең. Арман – адамның қанаты емес пе? Әр адамның өз армандары болады. Менің қазіргі арманымның біріөзім қалаған маман иесі болу. Мен болашақ мамандығымды – үлкен Журналист деп танимын. Журналист болып мағыналы, адамның көкірегіне сенім ұялатар үлкен шығармалар жазып, үлкен кітаптар жазғым келеді!

Иә, Сенімнің ұлы күші бар. Меніңше, тек өз бойындағы күш-қуатқа, ерік жігерге, дарын-қабілетке қалтқысыз бар жанәнімен сенген адам ғана биік мұрат-мақсат шыңдарына шыға алады.

Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, үшінші біреулерге әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б.

Мамандық таңдау үшін адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?» , «Қалай өмір сүрем?» деген сұрақ қоймайтын адам кемде-кем

3)Көптік жалғаулы зат есімнен сөйлем құрастыр

Көптік жалғау — жалғанған сезіне көптік мағына беретін қосымша. Көптік жалғауының дыбыс үндестігіне қарай алты варианты қолданылады: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер(қала-лар, мекеме-лер, ғалым-дар, езен-дер, ат-тар, шөп- тер)

Біздің сыныптың оқушылары стадионға барды..

17-билет

1)Сын есім. Оның түрлері

Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін) және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз.Сын есім  қандай,қай? деген сұрактарға жауап беріп, сөйлемде анықтауыш болады Мағынасына қарай сын есім сапалық сын есім және қатыстық сын есім болып екіге бөлінеді. Сапалық сын есім мен қатыстық сын есімнің айырмасы ең алдымен білдіретін мағынасына байланысты болады. Шырай арқылы түрлене алатын сын есімнің түрін сапа сын дейміз. Мысалы: жақсырақ, көңілдірек, өте көңілді, жап-жасыл, сарылау, бозаң, үп-үлкен.

Шырай арқылы түрлене алмайтын сын есімнің түрін қатыстық сын дейміз: қалталты, көйлексіз, күзгі, байпақшаң, қалалық (комитет)

2)Менің бос уақытым әңгіме құрасытру

Таңертең мектепке барар алдында, мен теледидар қараймын немесе компьютер қосамын. Демалыс күндері достарымызбен серуенге шығамыз. Біз дос балдармен киноға барамыз, көшеде серуендейміз, көңілді тілдесіп бос уақытымызды өткіземіз. Біз әр демалыс кезін асыға күтеміз. Біз қысқы демалыс кезінде, қала сыртына отбасымызбен бірге шығып, таудан сырғанаймыз. Ал жазғы демалыс кезінде, достарымызбен аквапаркке және саябақтарға барамыз. Мен бос уақытымды көңілді өткізгенді ұнатамын

3) Мақал мәтел жатқа айту

Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір.

Ғылым — теңіз, білім — қайық.