Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жалпы лингвистика.doc
Скачиваний:
75
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
488.45 Кб
Скачать

6.4 Тіл мен мәдениет

Тіл мен мәдениет онтологиялық қауымдастығының негізінде байланысқан, идеалдық олардың өмір сүруінің объетивті формасы барып табылады. Тіл мен мәдениет – адамның дүниетанымын көрсететін сананың (идеалды) формасы. Табиғи тіл өз мәнінде халықтың материалдық және рухани мәдениетінің көрінісі мен жүзекге асырылуының ұлттық формасы болып табылады. Кейінгі қағида ХІХ ғасырдағы ұлы неміс галымы В фон Гумболдттың (1767-1835) еңбектернде дамыған. «Язык и философия культуры» кітабында ол тілді «халық рұхының» көрінісі ретінде қарыстырады, тіл арқылы халық рұхын ұрпақтарына табыстайды. Тіл «әлем сүретін» тілдік емес шындықты таныстырудың ұлттық тәсілісінің, ұлттық ішкі форманың жаңғырағы ретінде жасақтайды.

Американдық ғылымдар Э. Сепир мен Б. Уорфтың лингвистикалық қатынастылық болжамында бұл ой одан дамып, тереңдеді. Оның кейбір кағидалары сынға ұшырағанмен тілдің сол тілде сөйлейтін халықтың ойын танытатыны, әр тілдің ақиқатты өзіне тән тәсілмен жеткізетіні, демек өзіндік «әлемдің тілдік суретімен» айырықшалатыны жөніндегі негізі тезисі мойындалып, ХХ ғасырдың екінші жартысында лингвистика ғылымында жаңа басымдылықтардың жасақталуына елеулі ықпал жасады. Б. Ли Уорф өзінің «Отношение норм поведения и мышления к языку» мақаласында «Мы расчленяем природу в направлении, подсказанном нашим языком», - деп жазады (1960).

Солай бола тұрса да, тіл мен мәдениеттің өзара ықпалдастығы туралы мәселете асқан соқтықпен келу керек, себебі олар түрлі семиотикалық жүйелер болып табылады. В.А. Звегинцев мәдениет құбыластары мен тіл құрылымы фактілерінің арасында тікелей себепті тәуелдіктің жоқ екенін, алайда, олардың арасында жалпы тәуелдіктің күмәнсіз болатының, соның салдарынан мәдениеттегі өзгерістің тілде жанама түрде жаңғыратының ескерткен. Тіл бағынышты және құрылымды ұйымдастырылған күрделі семиотикалық жүйе ретінде баяу, қиын өзгерсе де, ал мәдениет барынша үдемелі және оның көптеген салаларында өзгеріс біршама тез өтеді. Жалпы белгілі бір фактінің құбылыстың бекітілу беріктігінің объективті критерийлерінің бірін мәдениет феномен ретінде көрмеуге болмайды.

Жоғырада айтылғаннан шығатын қорытынды, біріншіден, мәдениет құбылыстарын фактілердің тілде жаңғыруы арқылы талдаудың, екіншіден, тілдік фактілерді терең тілдік емес компонент арқылы немесе дискурс арқылы түсіндірудің кешенді жолы «тіл - мәдениет - ұлт» проблемасын шешудің мейлінші өзекті және перспекивалық бағыты болып көрінеді.

Бұл жол лингвокультурологияда өткіріледі, оған В.В. Воробьев жаңа «мәдениет пен тілдің өзара байланысы мен әрекеттестігіне зерттейтіп және заманауи басылымдықтар мен мәдени қондырғыларға (норма мен жалпы адамзат құндылықтар жүйесіне) бағдар ұстай отырып, жүйелі әдістердің көмегімен осы үрдісті тілдік және тілдік емес (мәдени) мазмұн бірлігіне бірліктердің тұтас құрылымы ретінде көренетін синтез тіпті жаңа ғылым» деген анықтама береді (1997, 36 б.). Әрине, лингвокультурология тілдің, мәдениеттің, этностың өзара әрекеттестігі проблемаларын зекрттейтін жалғыз және жаңа «туған» ғылым емес.

Америка лингвистикасында ХІХ ғасырдың аяғында үндіс тайпаларының ұлттық-мәдени тілдік проблемаларын зерделеуге байланысты этнолингвистика жасақтаған (Ф. Боас, Э. Сепир, Б. Уорф). Ол этнография мен антропология қойнауынан туды. 60-70-жылдары Кеңес үкімет кезінде шыққан лингвострановедение (В.Т. Костомаров, Е.В. Верещагин) лингвокультурологияның із басушысы деп санауға болады.

Мәдениетаралық коммуникацияда лингвокультурологиялық зерттеулер ерекше өзекті. Ол бір тіл мен мәдениет иелерін өзге мәдени-тілдік құбылыстардың ұлттық артықшылығын, оның басқа халықтың рухани және материалдық қызметіндегі орнын терең зерделеуге бағыттап отырады.

Басқа халықтың мәдениет тілі арқылы білу, тілде шығарылған ұлттық қасиетті сезіну қазіргі Қазақстан сияқты қоғамда ұлттың мәдениет диалогтарына, бірін бірі күрметтеп, сыйлаудың берік негізіне қалайды.

Лингвокультурология кешенді лингвистикалық пән ретінде культурология тәрізді іргелі қоғамдық ғылыммен тығыз байланысты. Культурология мәдениетті қоғамдық ғылыммен құбылыс және адамның сүру қабілеті ретінде, барлық жүйелік аспектілерінде рухани-практикалық қызметінің нәтижесі ретінде зерттейді. Лингвокультурологияның одан айырмашылығы металингвистика. Ғылымы ретінде ең алдымен мәдениет фактілерін танытатын тілдік құбылыстарды жүйелі зерттеуінде.

Бастапқы ұстанымдары, тіл мен мәдениеттің өзара қатынасын шешу жолдары жағынан лингвокультурологияға 70-жылдары В.Т. Костомаров, Е.В. Верещагин жасаған лингвострановедениелік тұжырымдама жақынырақ.

Лингвострановедение шетелдіктерге орыс тілін оқыту қажеттілігінен туған. Лингвострановедениенің негізін салушылардың анықтасында ол – «аспект преподавания русского языка иностранцам, в котором с целью обеспечения коммуникативности обучения и для решения общеобразовательных и гуманистических задач лингводидактически реализуется кумулятивная функция языка и проводится аккультирация адресата, методика преподавания имеет филологическую природу – ознакомление проводится через посредство русского языка и в процессе его изучения» (1990, 34 б.

Осылайша нақты міндетердің тууына байланысты лингвострановедениеде ең бастысы оқу, әдістеме аспект болады, ол лингвокультурологияда тілде ұлттық-мәдени формаларды теориялық жүйелі көрсету міндетін шешіп тұр.

Бастапқы әдістемелік позициялар мен бірқатар мәселелерде лингвокультурология этнолингвистикамен тоғысады. «Этнолингвистика» терминін тұңғыш рет көрнекті америкалық лингвист – антрополог Б. Ли Уорф тіл білімі, этнография мен социология тоғысында пайда болатын жаңа ғылымды атау үшін енгізген. Этнолингвистика – кешенді ғылым, оның міндетіне, біріншіден тілдің және тілдердің диалектіге бөлінуінің, сол тіл бойынша этностың материалдық және рухани мәдениетінің негізінде этностың географиялық бөлінуін қайта құру, екіншіден, «мәдени лексикада» көрініс тапқан онтология, космологиялық, әлеуметтік түсініктердің ең көне жүйесін қалпына келтіру, мифологиялық сипатты сөздерді этимогиялау жатады. Кеңестік тіл білімінде этнолингвистикалық зерттеулердетиісінше «диалектологиялық» (Н.И. Толстой мен мектебінің ғалымдары) және әэтимологиялық (Вяч. Вс. Иванов, О.Н. Трубачев, В.Н. Топоров) екі бағытқа бөлінеді.

Лингвокультурология лингвокультуралық қауымдыстық дамуының қазіргі кезеңіне, тілідік тұрақты қолданыстарға бағдар ұстаса, этнолингвистикалық зерттеулер тіл мен мәдениеттің, көне тіл мен көне мәдениеттің өзара қатынасының тарихи аспектінің жағына, тайпа тілдерін, диалектерді, тілдер семьясын зерделеу жағына ойысады. Этнолингвистикалық зерт теулерде қазақстандық ғалымдар А.Т. Қайдаров, М.М. Копыленко, Е.Е. Жанпеиісов есімдеріне байланысты үшінші бағытты атап өткен жөн. Ол лингвокультурологиялық тұжырымдамаға мейлінше жақын, онда этномәдени лексика мен фразеологияда ғана емес, ономастикада, фоносемантикада, сөздердің ассоциациялық байланыстарында, идиоэтникалық пресуппозициялар мен фондық білімдерде, паралингвистикалық құбылыстарда да көрініс табатын идиоэтникалық (ұлттық – айырықша) семантика зерттеу нысаны етіп алынған. Қазахстандық тіл білімінде осы бағытта түрлі тілдер материалында жұмыс істейтін ғылым-лингвистердің тұтастай мектебі қалыптасқан ( М. Б. Балакаев, Ш.Ш. Сарыбаев, Б.Қ. Қалиев, М.Р. Сәбітова, Е.Н. Кельібаев және тағы басқалары).

Лингвокультурологиямен аралас басқа салада - әлеуметтік лингвистикада немесе социолингвистикада мәдени-тілдік өзара әрекеттестік проблемасы тіл мен қоғамның өзара ықпалдастығы мен өзара әрекеттестігінің жалпы проблемалары кешеніне құрамдас бөлік ретінде енген, себебі мәдениет қоғамның бөлшегі болып табылады. Осылайша тіл мен мәдениет проблемасы лингвокультурологиядай емес бірінші қатардан екінші жылжытылып, жалпы проблематикаға бағындырылған.

Көріп отырғынымыздай, лингвокультурология - өзінің нысаны мен пәні, нақты зерттеу міндеттері, пәнді зерделлейтін әдістемелігі менәдістері бар дербес ғылым. Лингвокультурологиялық фактілерді қарастырмай Батыс пен Шығыстың өзара қатынасын, кез келген түрлі этностық лингвомәдени қауымдастықтардың ішіндегі өзара қатынастарды жан-жақты, терең зерттеу мүмкін емес.