Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsii_GRE.doc
Скачиваний:
287
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.05 Mб
Скачать

§4 Инновациялық-инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу

Қазіргі әлемде кез келген мемлекет өндірістің ғылыми-техникалық және технологиялық деңгейін жоғарылату проблемасымен бетпе-бет келуі айдан анық. Елдің ғылыми-техникалық әлеуеті оның өндірістік-экономикалық әлеуетінің сипатты көрсеткіші болып табылады.

Сондықтан, мемлекет инновация деп аталатын ғылыми зерттеулер мен ізденістерге, оларды өндіріске енгізуге технологиялық жаңалықтарды игеруге тұрақты түрде назар аударуы тиіс.

Инновациялық ғылыми зерттеулердің білім беру мен іргелі ғылымды дамытумен байланысты жақтарын реттеуде мемлекеттің рөлі ерекше. Экономикасы дамыған елдерде іргелі ғылыми зерттеулердің 50%-дан астамын мемлекет қаржыландырады.

Инновациялық қызметтің капитал сыйымдылығының өте жоғары болу себептері:

  1. ғылыми зерттеулер мен ізденістер және олардың нәтижелері арасында, яғни экономикада пайдалану арақашықтығы едәуір уақыт кезеңін алады, жылдармен есептелуі мүмкін;

  2. инновациялық қызмет зерттеушілердің, жобалаушылардың, конструкторлардың, технологтардың еңбекақысына, сондай-ақ қымбат ғылыми аппаратураға, эксперименттік жабдықтарға едәуір шығындарды талап етеді;

  3. инновациялық жобалар тәуекелі жоғары категорияға жатады, себебі жобаға алдын-ала артылған үміт ақталмауы мүмкін, есептеулер бойынша әзірлемелердің үштен екі бөлігі практикада қолданыс таппай жатады. Оның үстіне кемшіліктерді кеміту үшін қатарлас ізденістер жүргізуге тура келеді.

Инновациялық қызметті жүргізу үшін едәуір инвестициялардың қажеттілігі оны инновациялық-инвестициялық қызметке айналдырады, яғни өзінің мәні бойынша кез келген инновациялық жоба сонымен бірге инвестициялық болып шығады.

Рыноктық экономикасы бар елдерде инновациялық-инвестициялық қызмет жартылай мемлекеттік қызмет, өйткені оны мемлекет реттейді, қаржыландырады және оған тапсырыс береді. Егер ғылыми зерттеу, ізденіс жұмыстарына мемлекеттің қатысуы әжептәуір болса, ғылыми жетістіктерді қолдануда, олардың рынокқа енуінде мемлекет тікелейден гөрі жанама әсер етеді.

Ғылым-техника-өндіріс тізбегін толықтай өз қарамағына алуға мемлекеттік ресурстар жетіспейді. Дегенмен, мемлекеттің инновациялық-инвестициялық қызметті заңнамалық, құқықтық реттеуге толық мүмкіндігі бар. Ол техникалық-технологиялық прогрестің алдыңғы шебіндегі салаларға «белсенді патронаж» деп аталатын формада жүзеге асады.

Кеңейтілген мағынасында айтқанда, әңгіме экономикада инновациялық факторларды пайдалануды қолдауда мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат жүргізу туралы болып отыр. Ғылыми-техникалық саясаттың мақсаты елдің инновациялық әлеуетін қалыптастыру, қолдау және дамыту болып табылады. Шетелдік озат тәжірибеден үйрену, прогрессивті технологияны қайталау, лицензияларды сатып алу - бұлар әлсіз ғылыми-техникалық стратегия. Ал, белсенді стратегия өзіндік ғылыми-техникалық әлеуетке, «өсу нүктелеріндегі» серпіліске, ғылыми-техникалық ұмтылысқа негізделеді.

Өзінің нақты мағынасында мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат жекелеген мақсатты бағдарламалар мен инновациялық жобаларды діттейді.

Инновациялық-инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі әдістері келесідей:

  • іргелі ғылыми зерттеулерге шығынды бюджеттік қаржыландыру және ғылыми-техникалық прогресті қолдау;

  • ғылыми-техникалық өнімді мемлекеттік сатып алу;

  • мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарын ұстап тұру;

  • ғылыми кадрларды даярлауға мемлекеттік қолдау;

  • инновациялық-инвестициялық қызметке қатысушыларға салықтық жеңілдіктер беру;

  • халықаралық ғылыми-техникалық алмасуларды қолдау;

  • зияткерлік меншікті, жаңалықтарды, өнертабыстарын, патенттерді мемлекеттік қорғау;

  • қолданбалы зерттеулерді коммерциализациялауға мемлекеттік жәрдем беру;

  • отандық инновацияларды әлемдік рынокқа өткізуге көмектесу;

  • ғалымдардың еңбегін, қызметін қолдау, насихаттау арқылы танымалдығын арттыру.

Рыноктық реформаларды жүргізу кезінде-ақ Қазақстан 2003-2015 жж. арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясын қабылдаған болатын. Стратегия 2015 жылға дейінгі Қазақстанның мемлекеттік экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын диверсификациялау және дамудың шикізаттық бағытынан арылу жолымен ел дамуын орнықтыруды көздейді.

Мемлекеттік индустриалды-инновациялық саясаттың басты заттық белгісі бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған өңдеуші өнеркәсіптік тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулерді өндіру болып табылады.

Әлемдік экономиканың жаһандануы жағдайында Қазақстан экономикасы бірқатар проблемалармен бетпе-бет келді. Оның негізгілері: шикізаттық бағдарлану, әлемдік экономикамен шамалы ғана интеграция, ел ішілік, салааралық, өңіраралық әлсіз экономикалық интеграция, ішкі рыноктағы тауарлар мен қызмет көрсетулерге тұтынушылық сұраныстың төмендігі (шағын экономика), өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның нашар дамуы, кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалуы, ғылым мен өндіріс арасындағы байланыстың болмауы, ғылыми-зерттеу және ізденіс-тәжірибелік жұмыстарға қаржы-қаражаттың жетіспеуі, менеджменттің экономиканың жаһандануы үдерісіне және сервистік-технологиялық шаруашылыққа өтуіне сәйкессіздігі болып табылады.

Стратегия бойынша белсенді мемлекеттік ғылыми және инновациялық саясат жүргізілуі тиіс. Ғылым мен инновацияны ынталандыру үшін қаржы рыногын одан әрі дамытып, фискалдық, антимонополдық, инфрақұрылымдық саясатты жетілдіру қажет. Стандарттау саясаты шеңберінде экономиканың барлық салаларында және басқаруда әлемдік стандарттарға көшу іс-қимылдары көзделген.

Стратегияны ойдағыдай жүзеге асыру ел экономикасы құрылымдарын сапалық өзгерістерге әкеліп, оның адами өндіргіш және табиғи капиталын тиімді пайдалану негізінде Қазақстанды әлеуметтік даму мен қоғам құрылысының жаңа деңгейіне шығарады.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен механизмін жетілдіру бойынша жекелеген ұсыныстарды негіздеу үшін стратегияның тиісті бөлімдерінде импортты алмастыру және экспортқа бағдарланған саясатты жүзеге асыру туралы шетелдік тәжірибе келтірілген, сондай-ақ әлемдік рынокта бәсекелік артықшылықтарға жетуге көмектесетін экспорттық саясаттың бірқатар түрлері мен кезеңдері көрсетілген.

Толықтай алғанда, стратегияны жүзеге асыру нәтижесінде 2015жылға қарай Қазақстан экономикасы сервистік-технологиялық даму жолына түсуге әзір болуы тиіс.

Ізденіс сұрақтары

  1. Инвестицияның мәні және түсінігі

  2. Инвестиция бастаулары және оны тұтынушылар

  3. Инвестициялар құрылымы

  4. Инвестицияларды мемлекеттік реттеудің мақсаты мен міндеттері

  5. Инвестицияларды мемлекеттік реттеу проблемалары

  6. Инвестициялық үдерістерді мемлекеттік қолдауды белсенділендіру

  7. Инновациялық-инвестициялық қызметті мемлекеттің реттеу.

Лекция ІХ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]