- •Лекция 1. Мемлекет пен экономиканың өзара қатынастарының тарихи сипаты.
- •§1 Мемлекеттің экономикадағы рөлі туралы теориялар.
- •§2 Рыноктық жүйенің сипаты – аралас экономика
- •§3 Аралас экономикадағы мемлекеттің негізгі функциялары.
- •§4 Мемлекеттік реттеудің объектілері мен субъектілері
- •§1 Мемлекеттік реттеу формалары
- •§2 Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері
- •§3 Мемлекеттік басқару және мемлекеттік реттеу
- •Лекция III Өсудің экономикалық факторлары және оны тұрақтандырушы мемлекеттік шаралар жүйесі
- •§1 Экономикалық өсудің негізгі факторлары және құралдары
- •§2 Экономикалық өсу теориялары және моделдері
- •§3 Экономикалық өсудің интенсивті типіне өтуді мемлекеттік реттеу
- •Лекция IV Мемлекеттік экономикалық саясат
- •§1 Экономикалық саясаттың мәні
- •§2 Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары
- •§3 Фискалдық экономикалық саясат
- •§4 Монетарлық экономикалық саясат
- •Лекция V Индустриалды-инновациялық даму – мемлекеттік экономикалық саясаттың негізі
- •§1 Экономиканың негізгі құрылымдары және оны қайта құру мәселелері
- •§2 Материалдық өндірісті дамытуды мемлекеттік реттеу
- •§3 Мемлекеттің өнеркәсіптік саясаты
- •Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу
- •§1 Агроөнеркәсіптік кешеннің құрамы, мақсаттары мен міндеттері
- •§2 Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің бағыты, әдістері және нақты механизмдері
- •Лекция VII Мемлекеттік антимонополиялық реттеу
- •§1 Бәсекелі және монополды рыноктар. Мемлекеттің монополизмге қарсы әрекеті
- •§2 Бәсекелік ортаны қалыптастыру және дамыту бойынша мемлекеттік шаралар
- •§3 Табиғи монополияны мемлекеттік реттеу
- •§4 Отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін мемлекеттік қолдау
- •Лекция VIII Инвестициялар мен инновацияларды мемлекеттік реттеу
- •§1 Инвестициялар мен инновациялық үдерістердің мәні, бастаулары және оларды тұтынушылар
- •§2 Инвестицияларды мемлекеттік реттеудің мақсаттары, міндеттері және проблемалары
- •§3 Инвестициялық үдерістер белсенділігін арттырудағы мемлекеттің рөлі
- •§4 Инновациялық-инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
- •Аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу
- •§1 Өндіргіш күштерді дамыту және орналастыру заңдылдықтары
- •§2 Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу
- •§3 Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеуді жетілдіру шаралары
- •Лекция х Әлеуметтік үдерістер мен әлеуметтік сфераны мемлекеттік реттеу
- •§1 Мемлекеттің әлеуметтік үдерістерге қатысуы
- •§2 Мемлекеттің халықты әлеуметтік қолдауы және қорғауы
- •§3 Әлеуметтік реттеудің формалары, әдістері, құралдары
- •§4 Еңбек және жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу
- •Лекция хі Экономиканы бюджеттік реттеу
- •§1 Мемлекеттік бюджеттің мәні, түсінігі, қызметі
- •§2 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын реттеу
- •§3 Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарызды реттеу
- •Лекция хіі Салық салу және салықтық реттеу
- •§1 Салықтар және мемлекеттің салық жүйесі
- •§2 Салық салу принциптері және салықтық реттеу.
- •§3 Мемлекеттік салықтық реттеу
- •Лекция хііі Экономиканы қаржылық реттеу
- •§1 Қаржының мәні және оны мемлекеттік реттеу
- •§2 Қаржы ағындарын реттеу
- •§3 Қаржы-несиелік және банктік қызметті мемлекеттік реттеу
- •Лекция XIV Меншік объектілері мен қатынастарын мемлекеттік реттеу
- •§1 Меншікті мемлекеттік реттеу түрлері және әдістері
- •§2 Мемлекеттік кәсіпорындарды жалға, концессияға беру және жекешелендіру мен жекешеден алу
- •§3 Мемлекеттік меншік объектілерінің қызметін реттеу
- •Лекция XV Сыртқыэкономикалық қызметті мемлекеттік реттеу
- •§1 Сыртқыэкономикалық қызметті реттеудің мақсаттары мен міндеттері
- •§2 Сыртқыэкономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әдістері
- •§3 Сыртқыэкономикалық қызметті мемлекеттік қолдау және ынталандыру
- •Лекция XVI Экономиканы мемлекеттін реттеудің шетелдік тәжірибесі
- •§1 Мемлекеттің экономикадағы рөлі: американдық тежірибе
- •§2 Швециялық әлеуметтік модель: басқару және дамыту
- •§3 Қытай экономикасын реформалау мен дамытудағы мемлекеттік реттеудің рөлі
- •§4 Экономиканы мемлекеттік реттеудегі Корея Республикасының тәжірибесі
- •Глоссарий
- •Әдебиеттер:
§3 Қаржы-несиелік және банктік қызметті мемлекеттік реттеу
Қаржыны реттеу қызметінің дербес тармағы – несиені және несиелік қатынастарды реттеу болып табылады. Несие – бұл бір тұлғаның екінші бір тұлғаға уақытша, қайтарымдылық шартымен беретін ақшалай қаражаттары. Несиелік қатынастар дегеніміз – қарызға берумен және қайтарумен ақша есептеулерін ұйымдастырумен, ақша белгілерін және бағалы қағаздарды эмиссиялаумен, сондай-ақ несиені инвестиция көзі ретінде пайдаланумен байланысты ақшалай қатынастар.
Қаржы-несие операцияларын жүзеге асырушы негізгі агент банктер болып табылады, дегенмен мұндай операцияларды тек қана банктер емес, соныимен қатар басқа да қаржылық-кредиттік институттар жүргізеді және оларға ақша қаражаттарын несиеге, пайызбен беретін кез келген ұйымдар жатқызылады.
Қазіргі әлемдік шаруашылықта қолма-қол ақшалай есептеулерді банктер арқылы қолма-қол емес есептеулермен алмастыратын прогрессивті үрдіс үстемдік етеді. Ал, мұның өзі мемлекет пен муниципалдық органдар, шаруашылық жүргізуші субъектілер, үй шаруашылықтары арасында айналыста жүрген ақшалай қаражаттардың негізгі массасы банктер арқылы атқарылады деген сөз. Осыған байланысты мемлекеттің экономикадағы қаржы ағындарын қадағалап, бақылау мүмкіндіктері артады, сөйтіп заңсыз, көлеңкелі қаржылық операцияларға тосқауыл күшейе түседі. Қаржылық ағындардың «мөлдірлігі», (прозрачность) транспаренттілігі (ашықтығы) деңгейі жоғарылайды.
Банктерге қаржылық қатынастарға қаржы-несие ұйымы ретінде ғана емес, сонымен бірге, мысалы акционерлік қоғамдардың акцияларын иемденіп, солардан дивиденд алатын шаруашылық жүргізуші субъекті рөлі де тән. Қаржылық-өнеркәсіптік топтарға мүше болу немесе, тіпті басшы ұйым ретінде де банктер шаруашылық жүргізуші субъектілерге айналады.
Рыноктық экономикасы бар елдерде банктер мен банктік мекемелер екі деңгейлі жүйені құрайды және оның негізгі буыны демек, жүйенің ұшар басы ұлттық банк (орталық банк) болып табылады.
Орталық ұлттық банктер көбінесе мемлекеттік банк болып келеді. Дегенмен, кейбір елдерде ол негізгі акционері мемлекет болып табылатын коммерциялық (мысалы, инвестиция банкі) акционерлік банк болып қалыптасады. Федералдық резервтік жүйе (FRS) деп аталатын АҚШ-тың Орталық банкінің құрылымы ерекше. Ол 12 штаттың орталық банктерінен құралады. Қазақстан Ұлттық Банкі – мемлекеттік болып табылады.
Ұлттық Банк айналымдағы ақша массасының көлемі мен құрылымын реттейді. Бұл функция банктерге берілетін несиелік ресурстардың көлемін өзгерту ашық рыноктағы операциялар ретінде бағалы қағаздар мен шетелдік валютаны сатып алу-сату арқылы іске асырады. Коммерциялық банктер ұстауға тиісті міндетті резервтер нормасын тағайындау мен өзгерту Ұлттық Банктің құзырында.
Ұлттық Банк өз несиелері үшін есептік қойылымдарды (ставка, қайта қаржыландыру қойылымдары) орнықтыру арқылы кредиттер бойынша банктік пайыздық қойылымдарға реттеуші әсер етеді.
Ақша белгілерін айналымға шығару және айналымнан алу құқығы да толықтай Ұлттық Банктің құзырындағы функция болып табылады.
Коммерциялық банктердің қызметін реттеу және бақылау үдерісін лицензия беруден бастап, оның күшін жоюға дейін Ұлттық Банк жүзеге асырады. Коммерциялық банктердің қызметіне бірқатар міндетті нормативтер енгізе отырып, Ұлттық Банк кредиторлардың мүдделерін қорғайды. Мұндай нормативтер қатарына жарғылық капиталдың минималды мөлшері, өзіндік қаражаттар мен активтер сомасының шекті арақатынасы, өтімділік көрсеткіші сияқты нормативтер жатады.
Резервтер нормасын реттеу саясаты мемлекеттің ұлттық банк арқылы банктік депозиттер мен жиынтық кредиттік ақша массасын бақылау құралы болып табылады.
Егер елдегі жағдай күйзелісті (депрессиялық) кезеңге түсіп, мемлекет кәсіпкерлік қызметті жандандыруға мүдделі болса, онда ұлттық банк өзінің кредиттері бойынша пайыздық қойылымдары мен коммерциялық банктер үшін міндетті резервтер нормасын төмендетуді қолға алады.
Ақша массасын реттеудің тағы бір құралы – Ұлттық Банктің «ашық рыноктағы» операциялары болып табылады. Мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату арқылы Ұлттық Банк коммерциялық банктердің кредиттік ресурстарын «тұсайды» немесе босатады. Егер мемлекет инфляцияны төмендетіп, ақша массасын қысқартқысы келсе, онда Ұлттық Банк мемлекеттік облигациялардың белгілі бір мөлшерін ашық рынокқа «лақтырады».
Ұлтық Банк жүргізетін операциялар шеңберіне үкіметке (Қаржы министрлігіне) мерзімділік, ақылық, қайтарымдылық принциптері негізінде кредит береді, үнқатысу (соглашение) негізінде банктерді несиелейді, бағалы қағаздарды, шетелдік валютаны сатады, сатып алады, отандық және шетелдік кәсіпорындарды инвестициялайды, шетелдік ақша бірліктеріне қатысты теңгенің ресми бағамын тағайындайды, мемлекетке коммерциялық банктерге есептеу және кассалық қызметтерін көрсетеді.
Осы операциялардың барлығы Ұлттық Банктің мемлекеттік эмиссиялық, кредиттік және есептеу қызметін куәландырады.
Коммерциялық банктердің міндетіне кассалық, төлем инвестициялық және сақтандыру қызметтерін көрсету жатады.
Мемлекеттік бағалы қағаздар рыногы – мемлекеттің қаржылық саясатының маңызды құралы болып табылады.
Оның атқаратын негізгі функциялары:
Әртүрлі деңгейдегі билік органдары бюджеттерінің тапшылығын қаржыландыру. Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару және оны ашық рынокта сату нәтижесінде үкімет ақша қаражаттарын алып, оларды мемлекеттік бюджет тапшылығын жабуға жұмсайды.
Нақты жобаларды қаржылдандыру. Әдетте, нақты жобалар үшін бағалы қағаздарды шығару әдісін муниципалдық (қалалық, жергілікті) билік органдары қолданады. Мақсатты бағалы қағаздарды рынокқа шығару арқылы олар тұрғындар мен ұйымдардың уақытша бос ақша қаражатарын қажетті жобаларға тартады.
Айналымдағы ақша массасы көлемін реттеу. Бұл функцияны, әдетте Ұлттық Банк жүзеге асырады. Банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуы айналымдағы ақша массасын көбейтеді, ал оларды сату, керісінше ақша массасын кемітеді.
Қаржы-несие жүйесінің өтімділігін (ликвидность) қолдау. Ұлттық Банктің бұл маңызды функциясы мемлекеттік облигациялар рыногы арқылы жүзеге асады. Өтімділікті ұстап тұру үшін сыйымды, айналым қорларын «жұтып» қоятын банктердің және активтерді тиімді айналдыратын өтімді рыноктың болуы қажет.
Жазылғанды жинақтап қорытындыласақ, рыноктық қатынастар жағдайларында қаржыны мемлекеттік реттеу көпқырлы және көпфункциялы қызмет болып табылады.
Қаржыны мемлекеттік реттеу функцияларын тиімді қолдану жүйені тікелей басқару мен жанама реттеуге мүмкіндіктер береді.
Ізденіс сұрақтары
Қаржының мәні, түсінігі
Қаржының реттеу құралдары
Қаржы ағындарын мемлекеттік реттеу
Қаржы-несиелік қызметті мемлекеттік реттеу
Банктік қызметті мемлекеттік реттеу
Ұлттық банктің реттеуші іс-қимылдары
Мемлекеттік бағалы қағаздар рыногы – мемлекеттік қаржылық саясаттың құралы ретінде