Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКДO.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
4.57 Mб
Скачать

Пәннің оқу-әдістемелік қамсыздануы

    1. Оқытушымен студенттердің өздік жұмысы

Негізгі әдебиет:-

  1. Матвеев А.Н. Электр және магнетизм негізгі сұрақтары.,1984-424с.

  2. Тобаяқов Д.О. Электр және магнит А.,Мектеп,1998-136б.

  3. Фриш С.Э. Жалпы физика курсы. Қазақ университеті. Т.2.,1992-84б.

  4. Савельев И.В. Жалпы физика т.2. Электр және магнетизм М.1982-460с.

Қосымша әдебиет:

1) Чертов А.И. Сб.задач по физике М.,Наука, 1977-318с

2) Парселл Э. Электричество и магнетизм М. Наука, 1970-502с.

3) Калашников С.Г. Электричество М.,Наука, 11985-591с.

  1. Лекциялар тезисі

1-бөлім Электростатикалық өріс

1-тақырып. Вакуумдегі электростатикалық өріс

Мақсаты: Вакуумдегі электростатикалық өрістің сипатын толық қарастыру

Жоспар

  • Электр өрісі

  • Зарядтардың өзара әсері

  • Гаусс теоремасы

  • Потенциал

  • Кернеулік векторы мен потенциал арасындағы байланыс

  • Электрлік диполь

Берілген тақырыпта денелерді электрлеу, электр зарядының екі тегі және олардың өзара әсері туралы айтылады. Бұл тақырып электр өрісінің кіріспе тақырыбы болғандықтан да студенттердің есіне қайталап төмендегі мәлметтерді айтқан дұрыс:

Тек қозғалмайтын заряд қана электростатикалық деп аталатын өрісті тудырады.

Бұл тақырыпта осы өріске қатысты екі заң толық қамтылады:

Бірінші заң зарядтардың сақталу заңы, ал екіншісі Кулон заңы. Зарядталған жүйе үшін суперпозиция принципінің, сондай ақ зарядтардың өзара әсері, атқарған жұмысы, күш сызықтарының бағыты толық қарастырылады. Кернеулік векторының бағытына тоқталған соң, потенциал ұғымы және кернеулік пен арасындағы байланыс қарастырылады. Соңынан Гаусс теоремасы негізінде кез келген өткізгіш беті арқылы өткен өріс ағыны заряд қорымен анықталатыны жайлы айтылады. Зарядтың беттік, сызықтық және көлемдік тығыздығын анықтау жолдары және мысалдар көрсетіледі.

Студенттер білімін бекітуге, тексеруге арналған сұрақтар:

  • Электр өрісіне анықтама

  • Зарядтардың өзара әсері қалай бағаланады?

  • Гаусс теоремасының тұжырымдамасы

  • Потенциал анықтамасы, сипаты қандай?

  • Кернеулік векторы мен потенциал арасындағы байланысты көрсету керек

  • Электрлік диполь деген не?

Әдебиеттер [1-4]

2-тақырып. Электр өрісіндегі өткізгіштер

Мақсаты: Электр өрісіндегі өткізгіштерді оқып үйрену

Жоспар

  • Заттардағы өріс

  • Өткізгіш ішіндегі және сыртындағы өріс

  • Өткізгіш бетіне әсер етуші күш

  • Электростатиканың жалпы есебі

  • Электр сыйымдылық

  • Конденсатор

  • Электростатикалық қорған

Берілген тақырыпта Заттардың өрістегі әсері, өткізгіш бетінде зарядтардың таралуы және өрісі, өткізгіш ішіндегі өрістің ерекшелігі. Электрлік қорғанды түсіндіру,пайда болуы. Конденсатор және оның қарапайым құрылысы пайдалану, қосу, жалғау және оның сипатына тоқталып өтеді. Конденсаторлардың түрлері жалғану түрлері, сыйымдылықты анықтау жолдары қарастырылады. Конденсатор түрлеріне байланысты сыйымдылықты анықтау өрнектері де түрлі болады: цилиндрлік, жазық, сфералық т.б.

Cтуденттер білімін тексеруге , бекітуге арналған сұрақтар:

  • Заттардағы өріс қалай анықталады?

  • Өткізгіш ішіндегі және сыртындағы өріс ше?

  • Өткізгіш бетіне әсер етуші күш сипаты қандай?

  • Электростатиканың жалпы есебі не?

  • Электр сыйымдылық деген не?

  • Конденсатор не үшін қажет?

  • Электростатикалық қорған деген не?

Әдебиеттер [1-4]

3-тақырып. Диэлектриктердегі электр өрісі

Мақсаты: Диэлектриктердегі электр өрісін оқып үйрену

Жоспар

  • Диэлектриктер поляризациясы

  • Поляризация векторы

  • D және P векторлары

  • D және P векторларының қасиеті

  • Диэлектрик түрлері

  • Диэлектриктер үшін Гаусс теоремасы

  • Сегнетоэлектриктер, Пьезоэффект

Диэлектрик бұл электрді өткізбейтіндер тобына жатқызылады. Енді электр өрісінде диэлектрик орналасқан болса, қандай өзгерістер байқалады. Диполь ұғымынан кейін диэлектриктерде поляризация деп аталатын құбылысты толық түсінген болса, студентке материалды әрі қарай алып кетуге әбден мүмкін. Егер құбылысты елестете, көре білмесе мүлдем түсіну қыйынға соғады. Диэлектрик түрлері және онда Гаусс теоремасын пайдалану,диэлектриктегі өрісті бағалайды. Поляризация және индукция векторларының қасиеттеріне тоқталып, бағалайды.

Студенттер білімін тексеруге және бекітуге арналған сұрақтар:

  • Диэлектриктер поляризациясы деген не?

  • Поляризация векторының мағнасы не?

  • D және P векторлары арасындағы байланыс қандай?

  • D және P векторларының қасиеті қандай?

  • Диэлектрик түрлері қандай?

  • Диэлектриктер үшін Гаусс теоремасы қалай орындалады?

Сегнетоэлектриктер, Пьезоэффект құбылысын түсіндір қалай анықталады?

Әдебиеттер [1-4]

4-тақырып. Электр өрісінің энергиясы

Мақсаты: . Электр өрісінің энергиясын анықтауды үйрену, қолдану

Жоспар

  • Зарядтар жүйесі үшін электрлік энергия

  • Зарядталған өткізгіш және конденсатор энергиясы

  • Электр өрісінің энергиясы

  • Зарядталған екі дене жүйесі

  • Диэлектрик бар кездегі күш

Өткізгіш ұғымы енгізілген соң, энергиясын анықтау көрсетіледі. Екі өткізгіш диэлектрикпен шектелген жағдайда, яғни конденсатор үшін арнайы энергияны анықтау өрнегі қортылып көрсетіледі. Энергия өзгерісі күш арқылы атқарылған жұмыспен бағаланса, ол үшін де потенциалды анықтау жолдары көрсетіледі де соңында жұмыс және күшті анықтау өрнегі қортылады.

Студенттер білімін бекітуге арналған сұраақтар:

  • Зарядтар жүйесі үшін электрлік энергия қалай анықталады?

  • Зарядталған өткізгіш және конденсатор энергиясы ше?

  • Электр өрісінің энергиясы деген не?

  • Зарядталған екі дене жүйесі үшін энергия қалай бағаланады?

  • Диэлектрик бар кездегі күш ше?

Әдебиеттер [1-4]

5-тақырып. тұрақты электр тогы