Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
12
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
38.02 Кб
Скачать

Тесты главы:  1. Профессиональный казахский (руский) язык 2руб.12.09.2012 с 2012-09-01 по 2012-12-29.     Пройти тест     Результаты теста 

 

Банк жүйесі-нарықтық экономиканың ең маңызды құрылымы. Дүниежүзіндегі ең бай мекемелер, әрине, банктер.

Қазақстан Республикасының банктік жүйесі мемлекеттік және коммерциялық банктерден тұрады. Банктер ақша, кредит, валюталық саясатты жүзеге асырады. Банктер ақшаны сақтайтын, қабылдайтын арнайы жабдықталған орын. Сондай-ақ банктер шетел валюталарымен жұмыс істеуге лицензия алады. Банктер жеке тұлғалардан салымдар қабылдайды және олардың сақталуына кепілдік береді. Банктердің жарғылық қорында миллиондаған қаржы болады. Банктер жүздеген клиенттерге түрлі операциялар бойынша қызмет көрсетеді.

Банктің клиенттері заңды және жеке тұлғалар, өнеркәсіп, мекеме, ұйымдар болып табылады. Ал халықаралық банктердің клиенттері тек заңды тұлғалар болады. Банктер басқа көптеген банктермен корреспондеттік байланыс орнатады.

Клиент қорын ұлғайту

Банктік қызмет көрсету нарығындағы бәсекелестіктің тұрақтануына қарамастан, бизнестің барлық желілері бойынша өзінің клиент қорын ұлғайту банк үшін басты басымдықтардың бірі болып қала бермек. Клиент қорын өсіру жөніндегі жоспарларға жету мақсатында Банк төмендегідей негізгі бағыттардағы бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруды көздейді:

Клиенттердің барлық топтары үшін маркетинг кешенін әзірлеу. Банктің нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында келесі үш жылда клиенттердің барлық топтары үшін (ірі компаниялар, ірі бизнес, ШОБ, жеке тұлғалар) көрсетілген қызметтер кешенін  әзірлеу жоспарланып отыр. Көрсетілген қызметтер кешенін әзірлеу процесі клиенттердің нысаналы топтары үшін несиелеудің аса тиімді мөлшерлемелерін анықтауға бағытталатын  болады. Сонымен қатар клиенттердің әрбір нысаналы тобына қатысты жеке-жеке Банктің аралас және тарифтік саясаты белгіленетін болады.

ШОБ несиелеудің жаңа бағдарламалрын дамыту. Қазіргі уақытта ШОБ компанияларын несиелеу қазақстандық барлық банктер үшін басым міндет болып келе жатыр. Клиенттердің осы санатын неиелеу жөнінен Банктің жеке өзі жасаған, сондай-ақ Халықаралық қаржы ұйымымен бірігіп жасаған бағдарламалары белсенді түрде дамып келеді. Центр Кредит Банкі аталған нарықта өз үлесін елеулі түрде ұлғайтуды да алдына мақсат етіп қойып отыр. Шағын және орта бизнес клиенттерін тарту үшін Банк өзінің жеке бағдарламалрын, сондай-ақ ЕҚДБ және басқа да ХҚҰ бірлесіп жасаған ШОБ несиелеу жөніндегі бағдарламаларын белсенді түрде дамытатын болады.

Жанама сатылымды арттыру

Банкі үшін жанама сатылымдарды дамыту да маңызды міндет болып табылады. Осы сәтке дейін Банктің дамуы негізінен экстенсивтік жолмен жүріп отырды. Клиенттерді тарту мақсатында Банктің филиалдық желісі белсенді түрде кеңейді, жарнамаға жұмсалатын шығыс көлемі артты. Банк келесі үш жылда қарқынды жолмен, яғни бұрыннан келе жатқан клиенттерге қосымша өнімдерді сату есебінен дамуды жоспарлап отыр. Жанама сатылымдар жүйесін дамытудың негізгі пайдасы: біріншіден, клиенттерді тартуға жұмсалатын шығын азаяды; екіншіден, бұрыннан кеғле датқан клиенттердің Банке деген ықыласы артады. Банктің аталған бағыт бойынша дамуын іске асыру мақсатында төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру жоспарлануда:

Бизнестің барлық желілері бойынша жанама сатылымдардың көрсеткіштерін талдау және жоспарлау, Банктегі жанама сатылымдар жүйесін дамыту деңгейінің басты көрсеткіші жанама сатылымдардың коэффициенті (cross-selling radio) болып табылады, ол бір клиентке сатылған өнімдердің орташа санын көрсетеді. Банк осы бағытты жоспарлы түрде дамыту үшін тұрақты негізде бизнестің барлық желісі бойынша осы көрсеткішке талдау, жоспарлану және мониторинг жүргізіп отырады.

Карточкалық бизнесті және халыққа несие беруді дамыту.

 Банк жоспарланушы кезеңде карточкалық бизнесті және халыққа несие беруді белсенді түрде дамытуды көздеп отыр. Бұл Банктің жанама сатылымдарының көлемін елеулі түрде көбейтуге мүмкіндік береді. Карточкалық бизнесті дамыту аясында ірі бизнестегі бұрыннан келе жатқан клиенттерге төлем карточкалары мен жалақы жобаларының сатылымдарын ұлғайту, сондай-ақ карточкалар арқылы тұрғындарға жекелеп несие беруді жүзеге асыру жоспарлануда. Карточка бойынша несие беру үшін де, жедел несие беру үшін де ең алдымен Центр Кредит Банкінің депозит ұстаушылары, сондай-ақ Банктің жалақы жобалары бойынша қызмет көрсетілетін клиенттері болып есептелетін компаниялардың қызметкерлері нысаналы клиенттер болып табылады.

Негізгі бизнес-процестерді жетілдіру

Клиенттердің қанағаттану деңгейі Банктің клиенттер тікелей жанасатын ішкі бизнес-процестерінің оңтайландыру дәрежесіне тікелей байланысты. Сондықтан таяу жылдары ШОБ өкілдері мен жеке адамдарға несие беру желілері бойынша бизнес-процестерді кейінге қалдыру жағдайларына ерекше көңіл бөлінетін болады. Жекелеген жағдайларда Банк төмендегідей іс-шараларды іске асыруды көздеп отыр:

Процестік басқаруды енгізу. 2006 жылы Банк дамудың аталған бағытына жауап беретін  бөлімше құруды көздеп отыр. Жаңа бөлімшенің алдында тұрған басты міндет-алдағы уақытта несиелер бойынша тапсырыстарды қарастыру мерзімдерін клиент үшін де, Банк үшін де тиімді деңгейге дейін қысқартуға мүмкіндік беретін процедуралар мен ережелерді әзірлеу және енгізу.

Сапа стандарттарын енгізу. Банктің 2006-2008 жылдарға қойған басты мақсаты-капиталдың халықаралық нарықтағы құнын арттыру. Сапаның халықаралық стандарттарын енгізу және сертификаттау арқылы ықтимал инвесторлар алдындағы өзінің ішкі бизнес-процестерінің дамығандығын растау Банк үшін маңызды міндет болып қалыптасуда. Банктің таяу жылдардағы жұмысы несиелеу сияқты негізгі бизнес-процестерді оңтайландыруға бағытталған болғандықтан, Банк алдында 2008 жылдың соңына қарай ISO: 9000  халықаралық стандартын енгізу міндеті тұратын болады.

 

Мәтін бойынша тапсырмалар:

Мәтінді мәнерлеп оқып, сұрақтарға жауап беріңіз

Банк жүйесі деген не?

Банктер қандай саясатты жүзеге асырады?

Банктің клиенттері кімдер?

Клиент қорын ұлғайту дегеніміз не?

Банк үшін жанама сатылымды арттыру маңызды ма?

Банктегі сапа стандартын енгізу қалай жүргізіледі

«Қазақстанның банктері» атты дөңгелек столға дайындалыңыз

 

СӨЙЛЕСУ МӘНЕРІ : СҰХБАТТЫ РӨЛГЕ БӨЛІП ОҚЫҢЫЗДАР

 

Қызмет бабындағы кездесулер

Кәсіпкер: Сәлеметсіз бе?

Банк маманы:Амансыз ба?

Кәсіпкер: Менің аты-жөнім-Асхат Мұратұлы.

                  Мен несие алайын деп едім.

Банк маманы: Жақсы. Қанша аласыз?

Кәсіпкер:200 миллион теңге.

Банк маманы: Не мақсатпен аласыз?

Кәсіпкер: Кәсіпкерлікті дамытуға.

Банк маманы: Сіз қандай қызметпен айналысасыз?

Кәсіпкер: Ұн өнімдерін дайындаймыз.

Банк маманы: Осы жұмыспен қанша жыл айналысып келесіз?

Кәсіпкер:2 жыл болды.

Банк маманы:Онда қажетті құжаттарды тапсырыңыз.

Кәсіпкер:Барлық құжаттарым дайын, тексеріңіз.

Банк маманы:Несиені екі сағаттан кейін аласыз.

Кәсіпкер:Үстемақысы қанша?

Банк маманы:Жылына 7 пайыз үстемақы қосылады.

Кәсіпкер:Рақмет!

Банк маманы: Ісіңіз сәтті болсын!

 

АУДАРМА ШЕБЕРЛІГІ:СІЗ ҚАЛАЙ АУДАРАР ЕДІҢІЗ?

Бизнес дегеніміз не?

Бизнес дегеніміз-бұл бір-бірімен өзара бәсекеге түсетін, өз мүддесін ойлауға ұмтылатын, өндіретін заттары мен жасайтын қызметін адамдарға  ұсынатын ұйым.

Бизнестің жаны-айырбас: ақшаны затқа, затты тағы ақшаға айналдыру.

Ақша-тауар өндірісі мен айналысы процесінде барлық тауарлардың құнын белгілеу үшін бөлініп шыққан, жалпы эквивалент балама болып табылатын мүлдем айрықша зат. Оның металл және қағаз ақшалары бар. Әр елде ақша әр түрлі  аталады.

Бизнес үш түрден тұрады:

жекеменшік

серіктестік

корпорация

Жекеменшік-жалғыз адам бәріне ие. Серіктестік-екі немесе одан көп адамдардың бизнеспен айналысатын еркін одағы.

Корпорация-барлық жеке меншік пайға қарай бөлінген. Яғни акционерлерден кім қанша қосса, сонша ықпалы бар.

СӨЗ МАРЖАНЫ – МАҚАЛ

Адамды заманы билейді.

Поступками человека время управляет.

Заманына қарай заңы, тоғайына қарай аңы.

По лесу и звери, по времени и законы.

Әр нәрсе өз уақытымен қызықты.

Все интересно в свое время.

Өткен күнді қуып жетпессің.

Вчерашний день и бегом не догонишь.

 

ОЙЫН - ОЙ ӨСІРЕР

1.Заттың көлемі мен мөлшерін білдіретін қанша сөз білесіңдер?

2.Берілген сын  есімге лайықты зат есім тауып кім тез айтады? Қызық, өнімді, атақты, мол, алып, сапалы, тұрақты, табиғи, шынайы, суық, ыстық.

3.Бірінші  сыңары сын есім болып келетін қандай бірікке сөздерді білесіңдер?

         

Қаржы

 

Корпоративті  қаржының  мазмұны, функциясы,түсінігі.

Қаржы мемлекет түрлі қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржы ресурсының қорларын қалыптастыру мақсатында реттейтін ақша қатынастарының жүйесі болып табылады.

Корпоративтік топ капиталды шоғырландыру әдістерін пайдалана  отырып,   атқарушы   билік   органдарының   атынан мемлекет пен кәсіпорынның, шағын және ірі бизнестің, кәсіпорын мен өңірдің арасындағы әріптестік қатынастарды. құруға мүмкіндік беретін мекемелік құрылымдар.

Кәсіпорындар мен корпорациялардың қаржысы олардың шаруашылық кызметінің процесінде туындайтын және капиталды, кіріс пен ақша қорын қалыптастыру әрі оны пайдалану үшін қажет ақша қатынастарының жүйесі болып табылады.

Капитал (баланстың пассиві) - активтің (айналымнан тыс және айналым) пайда болатын көзі.

Кіріс тауар сатудан алынатын және өзге де операциялық және сатудан тыс алынған түсімнің нысаны болып табылады.

Ақша коры тұтыну, жинактау және резерв қорына бөлінеді. Акша қоры - көзделген мақсатқа сәйкес және біршама дербес қолданылатын шаруашылық жүргізуші субъектінің ақшалай қаражатының жеке бөлігі. Ақша коры кәсіпорын айналымындағы ақшалай қаражаттың тек бөлігін ғана құрайды.

Корпоративтік қаржының басты функциясы - шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорларының жеке ауыспалы айналу процесінде ақша қатынастарының пайда болуына себеп болады (і-сурет).

Нарықтық (тауарлық) шаруашылык жағдайында корпоративтік қаржының мына үш функциясы заңды түрде танылған:

капитал, кіріс және ақша қорын қалыптастыру;

капитал, кіріс және ақша қорын пайдалану;

бақылау функциясы.

Бірінші функция ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Тауар сатудан алынған түсімді бастапқы бөлу есебінен кәсіпорындар мен корпорациялардың қаржы жоспарында (бюджетінде) көрсетілетін арнайы қоры пайда болады.

Бухгалтерлік есеп жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес бухгалтерлік баланста құрылтайшылык  құжаттар мен осыған орай пайда болған және есептік саясаттың жыл бойы жұмыс нәтижелері бойынша таза (бөлінбеген) таза кірістің есебінен қабылдаған тұтыну мен жинақтау қорының қалдығы жеке көрсетілмейді. Таза пайданың пайдаланылуын сипаттайтын тиісті ажырату бухгалтерлік балансқа және пайда мен залал жөніндегі есепке түсіндірмеде (атап айтқанда, капитал өзгерісі жөніндегі есепте), сондай-ак түсіндірме жазбада келтіріледі.

Капиталды, кірісті және ақша қорын кәсіпорынның (корпорацияның) қаржы жоспарында (бюджетте) карастырылған мақсатқа пайдалану қаржының екінші функциясының экономикалық мәні болып табылады.

 

Мәтін бойынша тапсырмалар:

1.Мәтінді оқып шығып, оның мазмұнына қатысты тірек сөздерді теріп жазып, орыс тіліне  аударыңыз.

2.Мәтіннің әр абзацындағы негізгі ойды білдіретін сөйлемді табыңыз

3.Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз

4.Мәтіндегі етістіктермен сөзтіркестерін құрастырып, жазыңыз.

 

СӨЙЛЕСУ МӘНЕРІ : СҰХБАТТЫ  ТОЛЫҚТЫРЫҢЫЗ

..., ..........?

Мен Ақпарат министрлігінің жалпы бөлімінде істеймін.

...............?

Иә, Аманжол да министрлікте істейді?

...............?

Ол мәдениетті адам, білімді маман.

...............?

Жоқ, ол немісше сөйлемейді, ол ағылшынша сөйлейді.

..............?

Мен үйге сағат жетіде қайтамын. Жұмысым сағат алтыда аяқталады.

.............?

Жоқ, бүгін мен бассейнге бармаймын, мен дүйсенбіде  барамын.

..., .........?

Әрине, күнде сағат сегізде жұмысөа барамын.

................?

Жоқ, сенбі, жексенбі күндері мен демаламын.

АУДАРМА ШЕБЕРЛІГІ:СІЗ ҚАЛАЙ АУДАРАР ЕДІҢІЗ?

Аудит

Аудит- кәсіпорындардың, фирмалардың, т.б. қаржы-шаруашылық операцияларын белгіленген тәртіппен орындалуына ревизия жасау.Аудитор-тексеруші компания басшылығымен келісім шарт негізінде акционерлік компаниялардың қаржы-шаруашылық қызметінің жай-күйін тексеруші адам. Оның міндетті-тексерілген компанияның қаржы жағдайы жөнінде қорытынды беру.

СӨЗ МАРЖАНЫ – МАҚАЛ

Тату үйдің бақытты тасыр,

Ұрыс-керіс үйдің ырысы қашар.

              Дружный дом – счастья полон,

             Дружбу потерял – счастье   расплескал .

Жолдасы көптің – олжасы көп.

            Друзей много – шире дорога

Қимас досың сұраса, қимасыңды бересің.

               Для друга сердечного от сердца отрывают.

Татулық – табылмас бақыт.

            Дружба – богатство бесценное

 

ОЙЫН - ОЙ ӨСІРЕР

1.Мына сипат кімге, неге тән екенін тауып, кім тез жаза алады?

Тапқыр..., Ұялшақ..., Тартымды..., Қыран..., Ұшқыр..., Жайдары....;

2.Мына сын есімдердің синонимін кім таба алады?

Ақылды, тентек, зерек, көлемді.

3.Төмендегі тіркестердегі сын есімдердің антонимін тауып, кім жазып шығады? Мысалы: Жаңа киім-ескі киім. Ашық күн. Жаңа өмір. Ұнамды кейіпкер. Болымсыз етістік. Тұнық су. Тіл алғыш бала.

Сөз таптары

 

Тілдегі әр сөз өзінше мағына білдіреді, өзінше қызмет атқарады. Мысалы:

Аға, аяз сөздері заттың атын білдіреді.

Биік,кең сөздері заттың сынын білдіреді.

Бес, отыз сөздері заттың санын білдіреді.

Мен, ол сөздері зат атуларының орнына жұмсалады.

Оқы, ойна сөздері заттың қимылын білдіреді.

Бүгін, кеше сөздері істің мезгілін білдіреді.

Жалт, жылт сөздері қимылдың және басқа құбылыстың бейнесін білдіреді.

Дейін, туралы, да сөздері сөйлем ішіндегі негізгі сөздерді байланыстырады.

Алақай, бәрекелді сөздері адамнын көңіл-күйін білдіреді.

 

Негізгі сөздер-жеке тұрып, белгілі бір сұраққа жауап беріп, сөйлемге мүше бола алатын сөздер.

Көмекші (дәнекер) сөздер-жеке тұрып белгілі бір сұраққа жауап бермейтін және сөйлем мүшесі бола алмайтын сөздер. Мысалы: Дариға кітапханадан шықты. Айгүл кітапты оқып шықты. Дегендегі шықты сөзі бірінші сөйлемде негізгі сөз болып, екінші сөйлемде көмекші сөз болып тұр.

Сөз таптары деп сөздердің мағынасына, тұлғасына, жеке қызметіне қарай бөлінуін айтады.

Тіліміздегі сөз таптары мыналар:

Зат есім (адам, ауыл, дәптер т.б.)

Сын есім (жақсы, ақ, қызық, суық т.б.)

Сан есім (жеті, екеу, оныншы, он екі т.б.)

Есімдік (мен, сен, кім? не? неше? т.б.)

Етістік (жаз, тыңда, айт, ойна т.б.)

Үстеу (ертең, жоғары, аса, көзбе-көз т.б.)

Еліктеу сөздер (гүрс, дүрс, саңқ, шаңқ т.б.)

Шылау (да, соң, және, дейін, қарай, т.б.)

Одағай (алақай, қап, пәлі, пай-пай, т.б.)

Модаль сөздер (керек, сияқты, мүмкін, шығар т.б.)

 

Зат есім, сын есім, сан есім, етістік, үстеу, еліктеу сөздер негізгі сөздерге жатады.

Шылау көмекші сөздерге жатады.

Зат есім, сын есім, сан есім бір сөзбен есімдер деп аталады.

 

Зат есім-өз алдына мағыналық дербестігі бар, заттың (нәрсенің) атын білдіретін атау сөздер. Зат есімге тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары жалғанады.

Сұрақтары: кім? не?

 

Жалпы зат есім-біркелкі заттарды, құбылыстарды, жан-жануарларды жаппай атайтын зат есімдер.Мысалы, ата, апа, ана, нағашы, дәрігер, егінші, торғай, кітап, білім және т.б. Жалпы есімдер сөйлем басында келсе ғана бас әріппен жазылады.

Жалқы зат есім-жеке адамдарды, жеке заттарды, құбылыстарды жекелеп (даралап) атайтын зат есімдер. Жалқы есімдер үнемі бас әріппен жазылады. Оған жататын сөздер:

Кісінің аты-жөні және лақап аттары: Абай, Мұхтар Омарханұлы Әуезов, Сәбит-Сәбең, Қалыбек-Қаллеки.

Мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, көше аттары.

Географиялық (жер, су, тау, орман, ғарыш әлеміндегі денелердің жеке аттары және т.б.) атаулар: Ертіс, Қаратау, Арал теңізі, Бетпақ дала, Ай, Үркер және т.б.

Тарихи оқиғалардың аттары: Ақтабан шұбырынды (1723 жылғы оқиға).

Әдебиет, өнер, газет, журнал, ән, күй, би, шығармалар аттары.

Мал мен хайуанаттарға арнап қойылған аттар: Байшұбар, Құлагер, Ақтөс, т.б.

Ұйым, мекеме, зауыт аттары.

Жалқы есімдер мен жалпы есімдер бір-біріне ауысып отыруы мүмкін. Мысалы, Мақпал (түрі, майда барқыт) және Мақпал (қыздың аты).

Жалаң зат есім-бір сөздерден болған зат есімдер. Мысалы: үй, Отан, оқулық, т.б.

Күрделі зат есім-бірнеше сөзден біріккен, қосарланған, тіркескен, қысқарған зат есімдер. Мысалы: бәйтерек, белбеу, қарақат, ата-ана, жауын-шашын, ауыл шаруашылығы, балалар бақшасы, сары май, ҚазҰУ, мм және т.б.

Негізгі зат есімдер-тек түбірден тұратын зат есімдер, сондықтан түбірге және жұрнаққа бөлінбейді. Мысалы. Ана, бала, бас, дос, қора, сарай, жапырақ.

Туынды зат есімдер-жұрнақ арқылы жасалған зат есімдер. Мысалы: достық, балықшы, жауын, деген зат есімдер жұрнақ (ық, -шы, -ын) арқылы дос, балық, жау деген түбірлерден жасалып тұр.

Туынды зат есім жасайтын жұрнақтар:

Жаңа сөз тудырмай, қосымша мағына үстейтін, рең мәнін тудыратын жұрнақтар:

-й: ата-й, апа-й;

-еке, -ке, -қа, -а, -е: атаке, Мұқа, Исеке, Жәке;

-тай: ағатай, апатай, шешетай;

-жан: ағажан, апажан, Асанжан, Ардақжан;

-қан, -кен, -қай, -ан, -ң: балақан, ботақан, шешекей, Төкең;

-шақ, -шек: інішек, келіншек;

-шық, -шік: қапшық, төбешік;

-ша, -ше: сандықша, күркеше;

-ш, -ыш, -іш: Сәулеш, Төлеш;

-сымақ: ақынсымақ, балуансымақ, киімсымақ;

Мағынасы басқа жаңа сөздер тудыратын жұрнақтар: от-ын, шал-ғы.

Есімдерден зат есім жасайтын негізгі жұрнақтар:

-шы, -ші: қойшы, малшы, әнші;

-шылық, -шілік: адамшылық, кеңшілік, қиыншылық;

-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: балалық, кісілік, жеңілдік, адалдық, жолдастық, биіктік;

-кер, -гер. айлакер, саудагер;

-хана: шайхана, кітапхана.

Етістіктен зат есім жасайтын негізгі жұрнақтар:

-м, -ым, -ім: байлам, күзем, қысым, түсім;

-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: бұрма, көрме, қазба, сүзбе, баспа, кеспе;

-қы, -кі, -ғы, -гі: шапқы, тепкі, бұрғы, сүзгі;

-с, -ыс, -іс: талас, айтыс, жүріс;

-қ, -к, -ық, -ік, -ақ, -ек: тарақ, күрек, қызық, түкірік;

-ыш, -іш: қуаныш, таяныш, өкініш;

-н, -ын, -ін. Боран, жуын, түйін;

-у. Сабау, жамау, көсеу, егеу;

-ынды, -әнді: шайынды, үйінді, үгінді.

Еліктеуіш сөздерден зат есім жасайтын жұрнақтар:

-ыл, -іл: ыңқыл, гүріл, ырыл, гуіл, тарсыл, шіңкіл;

-у: дүмпу, қыңқу, қаңқу, желпу.

        Дара зат есімдер-негізгі түбір, туынды түбірден жасалған жеке зат есімдер. Мысалы: кеме, көмір, қант, бал, оқушы, қырат, көрермендер.

     Күрделі зат есім-екі не бірнеше сөздің өзара бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы жасалған зат есімдер.

Мысалы: еңбекақы, көзқарас, Ақтөбе, Сарыөзек, бақа-шаян, ата-ана, ел-жұрт, Арал теңізі, Мәдениет үйі.

 

Сын есім

 

    Сын есім-заттың, құбылыстың сын-сипатын, көлемін, түр-түсін, белгісін, сапасын және затқа, құбылысқа, іс-әрекетке қатысын білдіреді.

Сын есімнің белгілері:

Заттың түрін, түсін білдіреді: ақ, қара, көк, т.б.

Мысалы:

          Еділден ұшқан екі ақ қаз,

          Жайықтан ұшқан жалғыз қаз,

          Бірі-шаңқан, бірі-боз. (С.Сейфуллин)

   Осы мысалдағы ақ, боз, шаңқан сын есімдері заттың түр-түсін білдіріп тұр.

Заттың көлемдік, аумақтық, салмақтық белгісін, сынын білдіреді: биік (үй), кіші (інісі), тар, қысқа, т.б.  Мысалы: Абай мол, ауыр денесімен сыртына қарай бұрылды. (М.Ә.).

Заттың сапалық белгісін, сипатын білдіреді: жақсы (сөз), жаман (ырым), сараң, жалқау, т.б. Мысалы: Үлбіреген ақ етті, ашық жүзді, тісі әдемі көріп пе ең қыздың жайын. (Абай). Бұл мысалдағы ақ, ашық, әдемі сын есімдері заттың сапалық белгісін білдіріп тұр.

Заттың дәміне, исіне және басқа сиапттарына байланысты белгілерін білдіреді: ащы (пияз), тұщы, қышқыл, жұмсақ және т.б. Мысалы: Желдің жұмсақ лебі шипа тәрізді тиеді. (С.Сейф.)

Затқа, қимыл, іс-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты сынды білдіреді. тасты (жер), балалы (үй), білімді (жігіт), көтеріңкі (көңіл), сусыз (арна), төменгі (ағыс), т.б.

 

Сын есім шырайлары-бір тектес сапалық сынның бірінен екіншісінің артық я кемдігі, әр түрлі дәрежеде болатынын білдіруді көрсетеді. Мысалы: жақсырақ, жақсылау, жап-жақсы, т.б.

Сын есімнің шырайлары сапалық сын есімдерден ғана жасалады.

 

Салыстырмалы шырай-мынандай жұрнақтар арқылы жасалады.

    -рақ, -рек, -ырақ, -ірек;

    -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу;

    -ғыл, -қыл, -ғылт, -қылт;

    -шыл, -шіл, -шылтым, -шілтім;

   -ғыш, -ілдір;

   -аң, -қай, -ша, -ше;

Күшейтпелі шырай: үлкен-үп-үлкен-тым үлкен, тап-тамаша, өте жақсы, тым кіші, нағыз жүйрік, шымқай қызыл, орасан зор.

Сын есімнің сөйлемдегі қызметі:

Сын есімдер сөйлемде, негізінен, анықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан. (Абай.) Бұнда сұр және суық (қандай?) деген сын есімдер бұлт деген зат есімді анықтап тұр. Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын. (Мақал.) Жақсының деген сөз кімнің? деген сұраққа жауап беріп анықтауыш болып тұр.

 

Ескерту. Сын есімдер кейде анықтауыштың анықтауышы немесе күрделі, үйірлі анықтауыштың құрамында да жұмсала береді. Берілген мысалдағы суық деген түсі суық құрамында бұлттың үйірлі анықтауышы болып тұр.

Сын есім жіктік тұлғада тұрып баяндауыш болады. Мысалы: Сен бір артық көркемсің. (Жамбыл.) Әлсіз адам сүріншек. (Мақал.)

Сын есім сөйлемде етістіктің алдында тұрып, қимыл, іс-әрекеттің сынын білдіріп, қалай? деген сұраққа жауап беріп, пысықтауыш болады. Мысалы: Өлеңмен сөзді желдей (қалай?) құйындатқан.

Сын есімдер табиғаты жағынан көптелмейді, септелмейді, тәуелденбейді. Көптік, септік, тәуелдік жалғаулары жалғанса, зат есімнің орнына жүреді.

Заттанған сын есім атау септігінде тұрып, бастауыш қызметін атқарады. Мысалы. Ұялшақ сыбағасынан құр қалар. (Мақ.)

Сапалық сын есім-негізгі түбір сын есімнің өзінен болып, заттың сынын, сапалық белгілерін, түр-түсін анықтайды. Мысалы: жақсы сөз, жаман ырым, сараң адам, тентек бала, алғыр бала, зерек оқушы, жалқау кісі, көк шөп, қызғылт орамал, ащылау қымыз, тұп-тұщы су. Сапалық сын есімдердің морфологиялық сипаты-шырай. Мысалы: Мүсірәлі момындау, ауқаты шағындау адам еді. (С.Сейф.). Сапалық сын есімдер негізінен түбір сөздер болып келеді. Мысалы: қызыл, үлкен, толық, ақылды, және т.б.

 

Қатыстық сын есім-бір заттың сын-сипатын, әр түрлі белгісін басқа бір заттың, қимыл іс-әрекеттің, сынның қатысы арқылы білдіретін сын есім. Мысалы: өнерлі азамат, аттылы кісі, балалы отбасы, орманды алқап. Мысалы: Ол тек үй иесінің тақиялы басын изеп, әлденені ықыластана құптағанын көрді. (Досжан). Қазақ тіліндегі –лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті, -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік, -ғы, -гі, -қы, -кі, -сыз, -сіз, -шыл, -шіл, -и, -паз, -қой, -ық, -ік, -қ, -к, -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш, -шақ, -шек, -ғыр, -гір, -қыр, -кір және т.б. сөзжасам қосымшалары зат атауын білдіретін немесе есім мәнді және қимылды білдіретін сөздерге жалғанып, қатыстық сын есім жасайды. Мысалы: Бүгінгі (қатысты сын есім) көш (зат есім) Қайыңдыға қонғалы келе жатқан. (М.Ә.).

Қатыстық сын есімге шырай қосымшылары жалғана алмайды.

Салыстырмалы сын есім-бір тектес сапалық, сынның бірінен екіншісінің артық я кемдігін, әр түрлі дәрежеде болатынын білдіреді. Мысалы: сары түстің-сарғыш, сарырақ, сарылау, тым сары, сап-сары екендігін көрсетуі.

Күшейтпелі сын есім-біркелкі сындардың бірінің екіншісінен не өте артық, не өте кем екендігін көрсететін шырай түрі.и Мысалы: үлкен-үп-үлкен-тым-үлкен- өте үлкен. Күшейтпелі шырай сапалық негізді сын есімдерге өте, тым, аса, ең, тіпті, нағыз, нақ, шымқай, орасан, ыңғай, кілең күшейткіш үстеулер пайдаланылады.

 

Күрделі сын есім:

-қосарлану, қайталану арқылы жасалған күрделі сын есімдер дефис арқылы жазылады. Мысалы: жақсы-жаман, ұзынды-қысқалы, балалы-шағалы, үлкен-үлкен, т.б;

-күшейткіш буын арқылы жасалатын күшейтпелі шырай сын есімдер де дефис арқылы жазылады. Мысалы: жап-жасыл, кіп-кішкентай, әп-әдемі т.б;

-бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалған күрделі  сын есімдер бөлек жазылады. Мысалы: қызыл ала, ұзын бойлы, қара торы т.б.;

- күшейткіш үстеу арқылы жасалатынын күшейтпелі шырай тұлғалы күрделі сын есімдер де бөлек жазылады. Мысалы: өте әдемі, тым жақсы, нағыз адал т.б.

 

Сан есім

 

Сан есім-заттың санын, ретін, есебін білдіретін сөз табы. Сұрақтары. қанша? неше? нешеу? нешінші?

Қазақ тіліндегі барлық сан есімдер жиырма шақты сөздер арқылы жасалады. Оларды бірлік, ондық, жүздік, мыңдық сандар деп беруге болады. Миллион, миллиард сан есімдері қазақ тіліне орыс тілі арқылы енген.

 

Есептік сан есім-заттың нақтылы санын білдіреді. Мысалы: бес, он, екі, жүз жиырма сегіз.

 

Реттік сан есім-заттың саналуын ретін білдіріп нешеу? деген сұраққа жауап береді. Мысалы. Бір-інші, тоғыз-ыншы, екі-нші, т.б.

 

Жинақтық сан есім-заттың жинақталған санын білдіріп нешеу? деген сұраққа жауап береді. Мысалы: біреу, екеу, үшеу, бесеу, т.б.

 

Болжалдық сан есім-заттың санын дәл білдірмей шамамен болжалдап көрсетеді де қанша? Неше? қай шамалы? Қаншадан? Деген сұраққа жауап береді. Мысалы: жүздеген, отыздаған, тоқсандай, ондарда, жүз шамалы, т.б.

 

Топтау сан есім-заттың санын жекелеп емес, топтап көрсетеді де нешеден? қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: екіден, үштен, қыры-елуден, оннан.

 

 Бөлшектік сан есім-заттың бөлшектік санын білдіреді.

 

Қазіргі қазақ тілінде семантикалық жағынан сан есімге жақын біраз сөздер тобы бар. Олар:

 

 

Заттың мөлшері мен өлшемі, мағынасы

Мысалдар

Салмақ

Қадақ, тұт, келі, батпан

Көлем

Бір шым-шым, бір уыс, бір тілім, бір құшақ

Қалыңдық

Пышақ сырты, шынашақ, бармақ, бір елі

Қашықтық

Адым, таяқ тастам, шақырым, қозы көш жер, ат шаптырым

Ұзындық

Тұтам, сынық суйем, кере қарыс, кез, аршын, құлаш

Сан есімдердің тура мағынасындағы сөздер

Жарты мағынасы

Жарты, жарым

Бір мағынасы

Жеке, дара, жалқы, жалғыз

Екі мағынасы

Егіз, қос, пар

Төрттен бір мағынасы

Ширек

Уақыт мөлшері

Сүт пісірім уақыт, шай қайнатым, бие сауым

 

 

Бұл сөздер мөлшерлік мағынада қолданылғанымен басқа сөз таптарына жатады. Сан есімдер зат есімнің жалғауларын қабылдап, заттық мағынада қолданыла береді. Мысалы: Онын алып, тоқсаннан  дәме қылып. (Абай). Бұндағы онын, тоқсанан сан есімдері тәуелденіп, септеліп әрі заттық, әрі сандық ұғымды  білдіріп тұр.

 

Сан есімнің сөйлемдегі қызметі:

Сан есім заттың санын, мөлшерін, ретін білдіргендіктен, әдетте сөйлемде анықтауыш болады. Мысалы. Екі достың бір ыңғайлы, біреуінің ебі жоқ. Екі, біреуінің-анықтауыш.

Сан есім жіктеліп немесе көмекші етістіктермен тіркесіп келіп баяндауыш болады. Мысалы: Атадан-алтау (нешеу?), анадан-төртеу (нешеу?), жалғыздық көрер жерім жоқ. (Абай.) Біз екеу (нешеу?) едік. (Б.Майлин.)

Сан есім атау септікте тұрып бастауыш болады. Мысалыф: Алтау (кім?) ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді. (Мақал)

Сан есімдер септік тұлғасында да, септелмей де етістіктің алдында келіп пысықтауыш болады. Мысалы. Кездесіп жетпіс үште (қашан?) іздегенім. (Жамбыл.) Біз екі-екіден (қалай?) бөліндік.

Сан есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердің бірінде келіп, толықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Білікті бірді (кімді?) жығар, білімді мыңды (кімді?) жығар.

Сан есім зат есіммен я қатыстық сан есіммен тіркесіп келіп сөйлемнің күрделі мүшесі қызметін атқарады. Мысалы: үш түрлі кедергіден (қандай кедергі?) өттік. Гектарынан 15 центтнер (қанша?) бидай алынды.

 

 

Есімдік

 

Есімдік-есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есім) орнына жүретін сөз табы. Мысалы:

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,

Онның тәтті оралған мәні оятар. (Абай.)

 

Серікбек келді дегеннің орнына-Ол келді дегенде, Ол есімдік болады.

Морфологиялық жағынан есімдіктер түрленетін сөздердің тобына жатады.

Есімдіктер мағыналық ерекшеліктері жағынан жеті топқа бөлінеді.

А. Жіктеу есімдігі-белгілі бір жұрнақтың ұғымымен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі. Мен, сен, сіз, ол, біз, біздер, сендер, сіздер, олар.

1-ші жақ-айтушы, сөйлеуші жақ, (кім?)

2-ші жақ-тыңдаушы жақ (кім? сен, сендер, сіз, сіздер)

3-ші жақ-бөгде жақ (кім? не?)

 

Синтаксистік қызметі.

 

Жіктеу есімдіктері сөйлемде бастауыш, баяндауыш толықтауыш, анықтауыш қызметін атқарады.

Жіктеу есімдігі жеке тұрып пысықтауыш бола алмайды. Анықтауыштық қызмет ілік септігіндегі жіктеу есімдіктеріне ғана тән. Мысалы. Біздің заманымыз-өткен заманның баласы, келер заманның атасы. (А.Байт.) Бұл сөйлемде біздің сөзі анықтауыш қызметін атқарып тұр.

 

Жіктеу есімдіктерінің септелуі

Септік               мен                       сен

А.с.        мен     сен

І.с

Б.с.         менің  сенің

Т.с                       маған            саған

Ж.с                      мені   сені

Ш.с                     менен            сенен

К.с                      менімен                  сенімен

 

Ә.Сілтеу есімдігі-мезгеу, нұсқау, көрсету мағыналарын білдіреді: бұл, сол, осы, осынау, сонау, анау, ана, мына, мынау, әне, міне.

Септік                бұл                     мына

А.с.        бұл                     мына

І.с                        бұның               мынаның

Б.с.         бұған               мынаған

Т.с                       бұны                 мынаны

Ж.с                      бұнда                мынада

Ш.с                     бұда                  мынадан

К.с                      бұнымен           мынамен

 

Сілтеу есімдіктері септелгенде заттанып зат есімнің орнына жұмсалады. Сөз басында тұрғанда одан кейін сызықша қойылады. Мысалы: Бұл-аңыраған ана.

Сілтеу есімдіктері сын есімдердің орнына жұмсалады. Мысалы: Кіші үйдің боз інгені бүгін тағы өлді. (Аймауытов).

Сілтеу есімдіктері сан есімдердің  орнына  жұмсалады. Мысалы: ... әр түрлі сылтау айтып бермей жүргенде, он бес күн өтіп кетті. Бұл күндердің ішінде арыз бойынша начальникпен жоғарыда айтып өткен қағазда келіп қалған еді. (М.Дул.)

Сілтеу есімдіктері есімдік сөздерінің орнына жұмсалады. Мысалы: Әңгімедегі пікір не нәрсе туралы болса, сол нәрсе шығарманың тақырыбы болады. (А.Байт.)

Сілтеу есімдіктері жеке етістік сөздер орнына қолданылмайды.

Кейбір сілтеу есімдіктерінің сөйлемде атқаратын қызметтерінде ерекшеліктер бар. Мысалы, міне, әне, анау, туу, (түнеу) ешқашан бастауыш немесе толықтауыш болып қызмет атқара алмайды;  бұл, ол сөздері баяндауыш болмайды; міне, әне есімдіктері анықтауыш қызметін атқармайды. Пысықтауыштық қызмет-тек осы, сол есімдіктеріне тән.

Б.Сұрау есімдігі-жауап алу мақсатымен сұрау мағынасында қойылады.

Сұрақтары: кім? кімім? кіміміз? не? қай? қандай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? қашанғы? қайсысы? нешеуі? т.б.

 

Сұрау есімдіктері түрленбейді, синтаксистік қызмет атқармаайды. Олар қай сөз табына байланысты сұрала айтылса, сол сөз табының орнына қолданылады.

Сөйлемнің мағыналық ерекшелігіне қарай сұрау есімдігі кейде негізгі сұраулық мағынасын бермейді. Мысалы: Кім көрінгені би болып, малымызды талап алды. (Ж.Айм.)

 

Септік              кім?           не?           жақтары          мен           біз         кім           қайсы

 

А.с.                  кім?          не?               I ж.              мен            біз        кіммін      қайсымын

І.с                    кімнің?     ненің?

Б.с                   кімге?       неге?           II ж.             сен                         кімсің?    қайсысың?

                                                                                  сендер

Т.с                 кімді?         нені?

Ж.с                кімде?        неде?          III ж.             ол                           кім?         қайсысы?

Ш.с               кімнен?      неден?

К.с                кіммен?      немен?

 

 

Г.Өздік есімдігі-өз деген бір ғана сөзден және оның тәуелденген түрлерінен тұрады. Мысалы: Менің өзім, сенің өзің, баланың өзі, оқушылардың өздері, өз ісім, өз баласы, т.б. Өздік есімдіктері сөйлемде пысықтауыштан өзге мүшелердің бәрінің де қызметін атқара алады.

Ілік септігіндегі өздік есімдіктері зат есімдердің алдында қолданылғанда, көбіне ілік жалғаулары мен тәуелдік жалғауынсыз айтылады. Мысалы, Жамал өз ойынан шығарып өлең де жазатын болды. (М.Дулатов)

 

Д.Жалпылау есімдігі-жалпылау, жинақтау мағыналарын білдіретін есімдіктер: бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін, түгел, тегіс. Мысалы: Бар ойы-өлең айтып, ән салайық. (Абай.) Сөйлемде негізінен анықтауыш қызметінде жұмсалады. Субстантивтік мәнде қолданылғанда бастауыш, толықтауыш болады. Ешқашан пысықтауыш қызметін атқара алмайды.

Тәуелдік жалғаулары бар, барлық, барша, бәрі сөздеріне ортақ тәуелдеу түрінде ғана болмаса, жекеше түрінде жалғанбайды. Мысалы, Мынау қымбатшылық баршамызға мағлұм. (М.Дулатов.) Бәрің де ойнауға келдің ғой? (Аймауытов)

Ал бүкіл, күллі, тамам есімдіктері тәуелденбейді.

Жіктік жалғаулары жалпылау есімдіктеріне мүлде жалғанбайды. Жалпылау есімдіктерінің субстантивтенген түрлері ғана тәуелденіп барып есептеледі.

 

Е.Болымсыздық есімдігі-болымсыздық мағынаны білдірітін есімдіктер: ештеңе, ештеме, ешкім, ешбір, ешқашан, ешқандай, ешқайда, ешқайсысы, дәнеңе, дәнеме. Мысалы. Көнбеді ешкім сөзіме, Әдетіне қарасып (Абай.)

Болымсыздық есімдіктері жіктік және көптік жалғауларын тікелей қабылдамайды.Көптік жалғаулары тек тәуелдік жалғаулармен бірге жүріп қана қосылады. Онда да болымсыздық есімдіктердің бәріне бірдей емес, ештеме, ешнәрсе, ешқайсы, дәнеңе, түк есімдіктеріне жалғанады. Мысалы, ештемелері, ешнәрселері, түктері.

Тәуелдік жалғаулары тек ІІ-ІІІ жақтарға ғана жалғанады. Мысалы: ешқайсыларың, ешқайсылары.

Тәуелдік жалғаулары болымсыздық есімдіктерінің жекеше түріне түгел жалғана бермейді. Мысалы, ешкім, ештеңе (ештеме) ешнәрсе, дәееңе, түк есімдіктері жекеше түрде тәуелденеді. Сеніңоныңмен өмірдің ештеңесі кетпейді. (Д.Исабеков)

 

Ж.Белгісіздік есімдігі-заттың сындық белгісін, сан мөлшерді белгісіз етіп, жорамалдап, тұспалдап көрсету. Біреу, кейбіреу, бірдеме, әркім, әрне, әлдекім, әлдене, кімде-кім, бір, қайсыбір, қайсыбіреу, әлдеқайда, әлдеқашан, т.б. сөздер жатады. Мысалы: Кей құрбы бүгін тату, ертең бату. (Абай.) Біреу желіп, біреу шоқытып келеді. (Аймауытов)

Белгісіздік есімдіктері сөйлемнің барлық мүшелерінің қызметін атқарады.

Белгісіздік есімдіктердің бәріне бірдей тән морфологиялық түрлену формасы не синтаксистік қызметтері жоқ. Әр түрлі сөз таптарына бейім болып келеді.

 

Белгісіздік есімдіктер

Сөз таптары орнына жұмсалады

Мысалы

Бір, кей, әр пәлен, әлдеқайда

Сын есімдер орнына

Әр ауылдың, әр үйдің бір қазан бұзары, бір биі болады ғой. (Ж.Аймауытов)

Біреу, әлдене, әлдекім, кейбіреу, әркім, әрнәрсе, әрнеңе

Зат есім орнына

Әркімнің бетіне қарай құбылып, өз пікірін әсте сездірмеуші еді (Ж.Аймауытов)

Бірнеше, әлденеше

Сан есім орнына

Бірнеше жоба көрсетілді... әлденеше дем алып, ақшам әлетінде Арабай ауылына әзер жетті (Ж.Аймауытов)

Әлдеқайда, әлдеқашан, әлдеқалай

Үстеу сөздерге бейім

Әлдеқайда алыста бұлдырлап келе жатқан кәрілік. (А.Байтұрсынов)

 

Тәуелдік жалғаулары белгісіздік есімдіктерінің әлде, әр, пәлен, әлдекім және т.с.с. түрлеріне жалғанбайды.

Белгісіздік есімдіктері жіктік жалғауларын қабылдамайды.

Көптік жалғаулары бірдеңе, бірнәрсе, біреу, әркім және т.с.с. есімдіктерге жалғанады. Мысалы: Тайтері, шоқпыт, ши, салам, секілді бірденелер жатушы еді. (Ж.Аймауытов)

Септік жалғаулары белгісіздік есімдіктерге бірелкі жалғана бермейді. Мәселен, әлде, әр, пәлен, әрқалай есімдіктеріне жалғанбайды.

 

Соседние файлы в папке каз яз лекции