Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экзамен - азастан тарихы.docx
Скачиваний:
1172
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
300.47 Кб
Скачать

19. Алтын Орда (1243-XV ғ. Ортасы): құрылуы, этникалық құрамы, билік жүйесі.

1227 жылы Жошы өлген соң оның орнына ұлы Батый отырды. 1235 жылы Монғол империясының астанасы Қарақорымда болған құрылтайда Батысқа (Еуропаға) шапқыншылық жорық жасау ұйғарылды. Бұл жорық 1236 жылы басталады. Алтын Орданың астанасы Сарай-Бату, ал кейінірек Сарай-Берке қаласы болды. Түрік деректерінде Батый ханның әскерлері қыпшақтар деп аталды. Себебі, ұлан-ғайыр өлкеде орналасқан мемлекет халқының басым бөлігі түркі тілдес қыпшақтар болатын. Мемлекеттің басты саяси-мәдени тілі қыпшақ тілі болды. Алтын Орда әскерлері оң қол, сол қол деп екі қанатқа бөлінді. Мемлекет басындағы нояндар мен бектердің, басқақтар мен тамғашы- лардың қолында билік көп болды. Алтын Орда мемлекеті тарихи әдебиетте “Қыпшақ ұлысы” деп те аталды. Алтын Орда- да монғолдар басым тайпа болған жоқ. ХІV ғасырда монғолдар түркіленіп, Алтын Орданың халқы “татарлар” деп аталынған. Сонымен қатар Алтын Орда Берке ханның тұсында біртұтас монғол империясынан, бөлек тәуелсіз мемлекет болды. Кейін Алтын Ордада Мөңке хан өз атынан теңге шығара бастады. Алтын Орда ХІV ғасырдың І жартысында, Өзбек пен Жәнібек хандар тұсында едәуір көтерілді. Өзбек ханның тұсында 1312 жылы мұсылман діні мемлекеттік дін болып жарияланды. Алтын Орданың тәуелсіз иеліктерге бөлінген кезі ХІV ғасырдың ІІ жартысы. 1359—1379 жылдар Алтын Орда тарихында “Ұлы дүрбелең” кезеңі деп аталынды. Кейін Тоқтамыс хан Алтын Ордадағы өз билігін соғыстағы жеңістермен бекіте түспек болып 1382 жылы Мәскеуді өртеді. Солтүстік пен Батыста Ақсақ Темірдің басқын- шылық жоспарларына Алтын Орда мемлекеті кедергі жасады. Әмір Темір мен Тоқтамыс хан арасындағы шешуші шайқас 1395 жылы болды. Тоқтамыс пен Темір арасындағы күрес-тартыс Сыпыра жыраудың жырларында бар. Алтын Ордада әскер ісін және дипломатиялық қатынастарды “беклербектер” басқарды. Ал, “басқақтар” алым-салық жинаумен айналысты. Алтын Ордаға Темір мемлекетімен болған соғыс өте ауыр тиді. Алтын Орданың ыдырау себебі мыналар:

- этникалық құрамы әр түрлі халықтар бір мемлекетте тұра алмады;

- шаруашылығының өркендеуі нашар болды; - билік үшін талас күшейді;

- езілген халықтың азаттық күресі күшейді.

Әмір Темір әскерлерінің 1389-1391 және 1395 жылдардағы жорықтары нәтижесінде Алтын Орда талқандалды. Алтын Орда ХV ғасырдың ортасына қарай біржола құлады. Шаруашылығы және мәдениеті. Көшпелі мал шаруашылы- ғы мен отырықшы егін шаруашылығы Алтын Орда халықтары- ның басты шаруашылығы осы екеуі. Алтын Орда халықтары, негізінен, мұсылмандар болды. Алтын Орда мемлекетінде ал- ғашқыда көне ұйғыр жазуы негізгі жазу болып қалыптасса, кей- іннен ислам діні ықпалының күшеюіне байланысты араб жазуы да қатар қолданылды.

20. XIV-XV ғғ. Ақ Орда және Көк Орда мемлекеттері: этникалық құрамы, саяси жағдайы.

Алтын орданың тарихын зерттеушілер Көк Орда, Ақ Орда деген терминдердің шығуын Жошы ұлысының әр бөліктері деген пікірді ұстанады. Бірақ Ақ, Көк Орданың туу кезеңі туралы әр түрлі қайшы пікірлер айтылуда. Батудың Алтын Орданы басқару кезеңінде енші жерлер, облыстар Жошыдың басқа ұлдарының меншігінде болған. Ақ Орда – Шибанда, Көк – Орда-Еженде Жошылықтардың генеологиясы бойынша оның үлкен ұлы Орда-Ежен Бату ханның келісім берген. Орда-Ежен еншілікке әкесінің резиденциясын Ертістің бойында Алакөл көлінің жанында орналасқан Көк Орданы алды. Осы оқиғаға байланысты Үтеміш қожаның аңызын келтіре кету керек: Шыңғысхан Жошының мұрагерлік мәселесін қарастырғанда Орда-Еженге көк түсті киіз үй қойған, соған байланысты Көк Орда.

Ақ Орда: Берке ханның өлімінен кейін 1266-67жж Абул Гази жазғандай, Меңгі-Темір хан таққа отырып, ұлыста тәртіп орната бастады. Ақ Орда орналасқан аймақты ол Шибан ханның ұлы Бахадур ханға еншілікке берді.

Көк Орда термины ресми атау ретінде Жошының тірі кезінде қолданылған:

1. оның ордасын, Алакөл маңайындағы білдіру үшін;

2. бұл термин Жошының ұлдары Орда-Ежен ұрпақтарының иеліктерін білдіру үшін;

3. Көк Орда жошылықтардың сол қанаттың ханзадалары деп атаған

Ақ Орда.

а) Ақ Орда сөзтіркесі алғаш рет 1266-67 жылдардағы оқиғаларды сипаттауда Алтын Орда ханы Меңгі-Темірдің билегенге дейін болғанын білдіреді;

б) Ақ Орда термині Шибан ұрпақтары иеліктеріне қатысты, себебі олардың географиялық орналасуы Алтын Орданың алғашқы хандарының жеке сарайлары мен Орда- Ежен иеліктерінің аралықтарында болды. Орда-Ежен иеліктері алғашқыда Жошы ұлысының ең шығысында орналасты;

в) Ақ Орда ханзадалары Жошылықтардың әскерінің оң қанатына кірді. Ұлыстар – Шыңғысхан династиясының билеушілер мүшелерінің меншік иеліктері, өсуіне және өз бетімен бөлінуіне қарай мемлекеттікті білдірді.

Көк Орда және Ақ Орда XIV ғасырдың екінші жартысында Өзбек ұлысына орын беріп, кейіннен бұл ұғым Жошы ұлысында қолданылмады.

Ақ Орда аумағы XIV ғасырдың ІІ-ші жартысында Алтын Ордадан тәуелділігінің әлсіреуіне қарай біртіндеп қалыптасты.

Орда-Ежен ұлысы алғашқыда Ертіс маңайынан Жетісудың солтүстік-шығыс жағында орналасты. XIV ғасырда Орда-Ежен билеушілері өз биліктерін Шибанға да жүргізді, яғни қазіргі Қазақстанның барлық аумағына, Жетісудан басқа. Жетісу Шағатайлар мемлекеті құрамына кірген. Ақ Орданың саяси орталығы Қазақстанның оңтүстігіне ауысты. Астанасы Сығанақ қаласы болды.

Ақ Ордада түркі тілдес тайпалар қоныстанған, сондай-ақ шығыс далаларынан қоныс аударған түркі тілдес моңғол тайпалары: қыпшақтар, найман, үйсін, арғын, қарлұқ, керейт, қаңғы, қоңырат, маңғыттар т.б.

Көшпелі аудандарда малға жеке меншік болғанда жайылымдарға билік ету ірі ақсүйектерге берілген, сондықтан олар жайылымдардық да меншік иелері болды, сөйтіп олар барлық қауымдастық иелігін де меншіктенді. Сондай-ақ, кейбір басылымдарда Ақ Ордада инджу, мильк, сайургал ақсүйектерінің жер иеленудің мұрагерлік түрін қолданғаны туралы айтылған. Қарапайым көшпенділер мен егіншілерді пайдаланудың әр түрлері орын алған, ол үшін пайдасына алым салық төлеген. Малшылар – зекет төлеген, етпен, яғни соғым, сыбаға ретінде. Егіншілер – бадж, харадж. Әскер үшін тагар жиналған. Мұсылман дінбасылары вакф жерлерін иеленген.

Мемлекет басына Орда-Ежен ханы тұрды, оған Жошының жер иелері бағынатын және өз жер иеліктерінде және қол астындағы тайпаларға әкімшілік саяси билікті жүзеге асыратын ірі көшпелі ақсүйектер (бек, әмір, бағадурлар) кірді.