- •1.Қазақстан тарихы пәнінің міндеті мен мақсаты.
- •2. Қазақстан территориясындағы тас дәуірі.
- •3. Қола дәуірі (б.З.Б. XVIII-X ғғ.). Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
- •3.Егіншілік. Егіншілік орташа дәрежеде дамыды.
- •4. Сақтар (б.З.Б. VII-III ғғ.): орналасуы, этникалық құрамы, саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •5. Үйсіндер және қаңлылар (б.З.Б. II-б.З.V ғғ.): орналасуы, ру-тайпалық құрылымы, саяси тарихы, көрші мемлекеттермен байланысы.
- •6. Ғұндар: саяси тарихы, әскери жүйесі, шаруашылығы, мәдениеті.
- •7. Түрік қағанаты (552-603 жж.) - Еуразиядағы тұңғыш көшпелі империя. Батыс түрік қағанаты (603-704 жж.): әкімшілік жүйесі, этноәлеуметтік құрылымы, әлсіреуі.
- •8. Түркеш қағанаты (704-756 жж.): орналасуы, этникалық құрамы, Таң әулетімен, арабтармен күресі.
- •9. Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.): орналасуы, тайпалық құрамы, әскери-әкімшілік сипаты, шаруашылығы, мәдениеті.
- •10. Оғыз мемлекеті (IX ғ. Соңы – XI ғ. Басы): саяси тарихы, тайпалық құрамы және этносаяси байланыстары, шаруашылығы.
- •11. Қимақ қағанаты (IX ғ. Соңы – XI ғ. Басы): тайпалық құрамы және орналасуы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •13. XI ғ. Басы мен XII ғ. Қазақстанның экономикасы мен мәдениеті.
- •14. Қарақан мемлекеті (942-1210 жж.): орналасуы, саяси билігі, әскери-тайпалық әкімшілік жүйесі, шаруашылығы.
- •15. Қарақытай мемлекеті (1128-1213 жж.): саяси тарихы, қоғамдық құрылысы және шаруашылығы.
- •16. Найман мен керейт ұлыстары (XII ғ. Басы – XIII ғ.): қалыптасуы, территориясы, шаруашылығы, діні.
- •17. Қыпшақ хандығы (XI ғ. Басы – 1224 ж.): тайпалық құрамы, саяси билігі, шаруашылығы, мәдениеті.
- •18. Моңғол мемлекетінің құрылуы (XIII ғ.). Шыңғысханның Қазақстан мен Орта Азияны басып алуы. Ұлыстардың құрылуы.
- •19. Алтын Орда (1243-XV ғ. Ортасы): құрылуы, этникалық құрамы, билік жүйесі.
- •21. Моғолстан (XIV ғ. Ортасы –XV ғ. Басы): құрылуы, орналасуы, этникалық құрамы, ішкі және сыртқы жағдайы.
- •22. «Көшпелі өзбектер» мемлекеті (1428-1468 жж.): орналасуы, этникалық құрамы, ішкі және сыртқы жағдайы. Хандықтың ыдырауы.
- •23. Ноғай ордасы (XIV ғ. Соңы – XV ғ.): орналасуы, этникалық құрамы. Орданың шекаралас мемлекеттермен өзара қарым-қатынасы.
- •24. Сібір хандығы (хv ғ. Аяғы – хvі ғ.): құрылуы, территориясы, этникалық құрамы, ішкі және сыртқы саяси жағдайы, шаруашылығы.
- •25. Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері. Кіші жүздің ру-тайпалық құрамы.
- •26. Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы.
- •27. XVII ғ.-XVIII ғ. Басындағы Қазақ хандығының саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
- •28. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы. «Жеті жарғы».
- •29. Қазақ-жоңғар қатынастары. Бұланты, Аңырақай шайқастары.
- •31. Қазақстанның Ресейге бодандыққа өтуінің басталуы.
- •32. Әбілқайыр хан (1693-1748 жж.) – мемлекеттік, саяси қайраткер және әскери қолбасшы.
- •33. Қазақ даласында Ресейдің отаршылдық саясатының тереңдеуі және оның кезеңдері.
- •34. Абылай хан (1711-1781 жж.) – саяси және мемлекеттік қайраткер.
- •35. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі.
- •36. Бөкей Ордасының құрылуы. Жәңгір хан.
- •37. 1822 Ж. «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» мен 1824 ж. «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» және оның мәні.
- •38. И.Тайманов пен м.Өтемісов басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі.
- •39. Қазақ халқының 1837-1847 жж. Ұлт-азаттық қозғалысы.
- •40. Есет Көтібаров және Жаңқожа Нұрмұхамедов бастаған көтерілістер: аумағы, нәтижесі және маңызы.
- •41. Патша үкіметінің 1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалары: мәні және мақсаттары.
- •42. Орал және Торғай облыстарындағы көтерілістер. Маңғыстаудағы халық көтерілісі.
- •43. Патша үкіметінің 1886-1891 жылдардағы реформалары. «Далалық Ереже».
- •44. Шоқан Уәлиханов: өмірі мен ғылыми мұрасы.
- •45. Ыбырай Алтынсарин: ағартушы, педагог және қоғам қайраткері.
- •46. Абай Құнанбаев: ағартушы, ойшыл, ақын.
- •47. Хх ғ. Басындағы империялық биліктің Қазақстанға қоныс аудару саясаты. П. Столыпин реформасы.
- •48. 1905-1907 Жж. Бірінші Орыс революциясының Қазақстанға ықпалы. Ресейдің I-III Мемлекеттік Думасының қазақ депуттары.
- •49. Хх ғ. Басындағы қазақ зиялылары (ә.Бөкейханов, м.Дулатов, а.Байтұрсынов, х. Және ж. Досмұхамедовтар, м.Тынышбаев, ш.Құдайбердиев, т.Б.).
- •50. Алғашқы қазақ басылымдары: «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналы.
- •53. 1917-1920-Шы жылдарындағы Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдар.
- •66. Қазақстандықтардың соғыс жылдарындағы еңбек майданындағы ерліктері (1941-1945 жж.).
- •67. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.).
- •68. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру.
- •70. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.).
- •71. Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.).
- •72. 1985-1991 Жылдардағы экологиялық және қоғамдық-саяси бірлестіктердің құрылуы және олардың қызметі.
- •73. Қазақстан Тәуелсіздік жолында. «Қазақ кср-нің Егемендігі туралы Декларация» (1990 ж.).
- •74. Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы. «қр Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы» (1991 ж.).
- •75. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы (тмд). Алматы Декларациясы (1991 ж.): мақсаты мен міндеттері.
- •76. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы мен рәміздері.
- •77. Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы (1992 ж.): қазақ диаспорасының тарихы мен ахуалы.
- •79. Президент н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына тұңғыш Жолдауы «Қазақстан - 2030»: бағыттары мен мақсаттары (1997 ж.).
- •80. Қазақстанда нарықтық қатынастарға көшу кезіндегі әлеуметтік - экономикалық қиындықтар және одан өту жолдары.
- •81. «Қазақстан 2050» бағдарламасы: мазмұны, басты міндеттері.
- •82. Қазақстан Республикасының қазіргі замандағы сыртқы экономикалық байланысы, бағыттары.
- •85. Тәуелсіз Қазақстанның рухани дамуы (1991-2010 жж.). Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегі.
- •86. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2013 жж.).
- •87. Президент н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаулары мен еңбектері (студенттің таңдауы бойынша).
- •2003 Жылы “Сындарлы он жыл” еңбегі жарық көрді. Еңбекте қазіргі таңдағы әлемдік проблемалар көтерілді. Ең бастысы – есірткіге қарсы күрес мәселесіне тоқталды.
- •90. Президент н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында қойылған міндеттер.
21. Моғолстан (XIV ғ. Ортасы –XV ғ. Басы): құрылуы, орналасуы, этникалық құрамы, ішкі және сыртқы жағдайы.
ХІV ғ. ортасы – ХVІ ғ. басында Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аумағы Моғолстан мемлекетіне кірді. Бұл мемлекет ХІҮ ғ. ортасында Орта Азияның солтүстік-шығыс бөлігі, Жетісу мен Шығыс Түркістан жерінде Шағатай ұлысы ыдырағаннан кейін құрылды. Моғолстан мемлекетінің негізін салушы – дулат тайпасының көсемі Әмір Болатшы. Алғашқы ханы – Тоғылық Темір (1348-1362 жж.), ол Моғолстан билеушілері әулетінің негізін салды. Астанасы – Іле алқабындағы Алмалық қаласы болды. Территориясы: Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан. Орталық аймағы – Жетісу. «Моғолстан» атауы «монғол» сөзінен шыққан. Өйткені түрік және парсы деректерінде монғолдарды осылай атаған. Халқы: дулаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, үйсіндер, барластар т.б. түрік және түріктенген монғол тайпалары. Олар мемлекет атауына сай моғолдар деп аталды. Осынау тайпалардың Жетісуды жайлайтын едәуір бөлігі кейін қазақ халқының құрамына енеді, ал оның Тянь-Шань өңірі мен Шығыс Түркістанды мекендейтін екінші бөлегі қырғыздар мен ұйғырлар құрамына кетеді. Осылардың ішінде дулаттар ең қуатты тайпа болды.
Билеушінің дәрежесі – хан. Моғолстанда мемлекеттің саяси басшысы және жер-судың жоғарғы иесі хан болған. Дулат тайпасы әмірлерінен ханның көмекшілері - ұлысбектер тағайындалды. Хандық кеңес мемлекеттің ішкі және сыртқы істері, әскери жорық және жайылымдық жерлерді бөлумен айналысты. Ақсүйектер жерді шартты түрде иеленудің икта, инджу, сойырғал сияқты түрлерін пайдаланған. Көшпелі аудандарда жер қауымның қарауында болған. Бірақ мал ақсүйектер қолында шоғырланғандығы себепті көшпелі аудандарда қоныс-өрістердің көпшілігі солардың меншігінде болды. Салықтың бірнеше түрі жиналды. Қала мен ауыл тұрғындарынан, егіншілер мен көшпелі халықтан алынатын салықтар, деректерде көрсетілгендей, қалан, күпшір, зекет, тағар, баж және қарадж деп аталған. Сондай-ақ халық әскери, кірешілік, еңбек, пошта т.б. әртүрлі міндеттерді атқарған. Иеліктерді қайта бөлуге бағытталған соғыстар мен өзара қырқыстар халық бұқарасының халін ауырлатты. Моғолстанның алғашқы ханы Тоғылық Темір өз билігін нығайту үшін ислам дінін тірек етті.
Моғолстанның саяси тарихында феодалдық соғыстар мен ішкі қырқыс, көрші мемлекеттер тарапынан жасаған шапқыншылықтарды тойтару жағы өте көп болған. Тоғылық Темір 1361 жылы Мәуереннахрды түгел басып алып, баласы Ілияс Қожаны билеуші етіп қойды. Кейін ол әкесінің орнына 1362-1385 жж. Моғолстанның билеушісі болды. Оның тұсында өзара қырқысу соғыстары басталып, Моғолстан бірнеше бөлікке бөлінді: Дулат әмірі Қамар ад-Дин – Жетісуды, Енке төре – Іле мен Тарбағатайды биледі.
Осыны пайдаланған Әмір Темір ХІV ғасырдың 70-80-жылдары Моғолстанға оншақты рет шапқыншылықтар жасайды. Қызыр Қожа хан (1385-1399 жж.) өзін Темірдің вассалы деп мойындайды. Қызыр Қожаның ұлы Мұхаммед хан тұсында (1408-1418) елдің жағдайы біраз нығайды. Оның кезінде Моғолстанның Темір тұқымынан тәуелсіз болуға қолы жетеді. Біраз уақыт өзара қырқыс пен талас-тартыс толастайды. Мемлекетті бір орталыққа бағындыру үшін Мұхаммед хан исламды енгізуге күш салады.
ХV ғ. 1-ші жартысында Моғолстанға ойраттар шапқыншылығы жиіледі. Уайс хан (1418-1428) ойраттарға батыл қарсылық көрсетті, олармен ұзақ соғыс жүргізді. Ол өз ордасын Тұрфаннан Ілебалық деген жерге көшіруге мәжбүр болады. Уайстың баласы Есен Бұға хан (1433-1462) ХV ғ. 30-жылдарының басында өкімет билігін иеленді. ХV ғ. 50-жылдарының аяғында Батыс Моғолстанға Жәнібек пен Керей бастаған тайпалар көшіп келді. Моғолстан ханы Есен Бұға оларға жер бөліп берді. Мұндағы Есен Бұғаның мақсаты:
- қазақтарды ойраттарға және Темір әулетіне қарсы әскери күш ретінде пайдалану;
- қарсыласы Әбілқайыр мен інісі Жүніске қарсы қою.
Жүніс хан тұсында (1462-1487) мемлекет жағдайы біраз нығаяды, бірақ ол 1472 жылы Жетісуға шабуыл жасаған ойраттардан жеңіліп қалады. Жүнісханның баласы сұлтан Махмұт хан (1487-1508) Жетісуда және Сырдария қалалары үшін қазақ хандарымен соғысады. Моғолстан билеушілерінің ең соңғысы Жүніс ханның немересі Сейітхан 1514 жылы Қашғарияны басып алып, Шығыс Түркістанда Моғолия атты жаңа мемлекет құрады. Жетісудағы қазақ рулары мен тайпалары 60 жж. бастап Қазақ хандығының құрамына енеді.
Сөйтіп, ХVІ ғ.басында феодалдық өзара қырқыстар, халық наразылығының жиілеуі және олардың Қазақ хандығына барып қосылуы салдарынан Моғолстан ыдырап, жеке мемлекет болып өмір сүруін тоқтатты. Моғолстан Қазақ хандығының құрылуына және қазақтың өз алдына жеке халық болып қалыптасу барысын аяқтауына территориялық тірек, саяси-экономикалық негіз болды.