Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экзамен - азастан тарихы.docx
Скачиваний:
1172
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
300.47 Кб
Скачать

28. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы. «Жеті жарғы».

Тауке хан. Қазақ хандығының билігі 1680 жылы Жәңгірдің ұлы Тәукеге көшті. Жаңа билеуші көрген саясаткер, ақылды дипломат, құдыретті хан болды. Тәуке ханның өзіне дейнгілерден айырмашылығы – хандықтағы ерекше әлеуметтік топты құрайтын, дала ақсүйектерінің өкілі билердің көмегімен өзінің үстемдігін нығайтуға тырысты. Дәстүрлі қазақ қоғамында билерге ерекше маңыз берілді. Билердің шаруашылық, әдетті-құқық, әскери және идиологиялық міндеттерді атқаруда ерекше ролі болды.

Тәуке хан даулы істерді шешуде билер сотының беделін арттырып, билер кеңесін кесімді үкім шығаруда ерекше органға айналдырылды. Осыдан бастап билер кеңесі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатындағы аса маңызды мәселелерді шешетін тұрақты жүйеге айналды.

Тәуке хан билігінің бір бөлігін беру жолымен ықпалды билерді мемлекеттік істерге тартуға бағытталған саясат ұстанды. Ол қазақтың үш жүзінің ең беделді билердің қатысумен билер кеңесін сәтті ұйымдастырып отырады. Ұлы жүзде Төле бидің, Орта жүзде Қазыбек бидің, Кіші жүзде Әйтеке бидің беделі ерекше болды. Олардың даналығы мен кемеңгерлігі ойрат жаулап алушыларына қарсы қазақ халқының күшін біріктіруде, сондай-ақ хандықты ауыр сындардан аман алып өтуге бағытталды.

Тауке ханның саясаты. Тәуке хан орыс-қазақ қатынастарнының жақындасуына табандылықпен қол жеткізді. Ол 1686-1693 жылдары Сібірге бес елшілік жіберді. Мұнда Тәуке орыс-қазақ қатынастарының өзара тең дәрежеде дамуын нығайтуға айқын мүдделілігін танытты. Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы бейбіт келісім-қатынастар сақтала берді. 1698 жылы ойраттар мен қазақ әміршілері арасындағы қарулы қақтығыстардың жаңа кезеңі басталды. Жонғардың әскери шонжарлары манызды сауда жолдары өтетін және ірі сауда орталықтары орналасқан Оңтүстік Қазақстанның аумағын басып алуды көкседі. Қазақтың Сығанақ, Түркістан, Отырар, Сайрам, әсіресе Созақ қалалары жоңғарлармен күресте өзіндік стратегиялар тірек бекетіне айналды. Тәуке ханның ойратармен күрестегі кейбір сәттіліктері оған үлкен жеңіс әкелмеді, соғыс белсенділігі ойраттардын жағына болды. Қалмақ-қазақ қырқыстары толассыз жүргізілді. Олардын 1711-12,1714,1717 жылдардағылары ерекше еді. Жоңғария қазақтарға аса қатерлі кауіп төндірді.

1718 жылы қазақтын барлық үш жүзіне билігі толық тараған қазақ хандарының сонғысы Тәуке қайтыс болды. Тәуке ханның тұсында қазақ хандығы бір орталыққа бағанған мемлекет еді.

«Жеті жарғы». Тәуке хан билік құрып тұрған кезінде қазақтардын әдеттегі құқық нормалары бір жүйеге келтіріп, толықтырады. Тұжырымдалған заңдар «Жеті жарғы» деген атпен мәлім, мұның өзі сөзбе-сөз алғанда «жіті ереже» деген сөз. Жеті жарғыға әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жақтары қамтылған.

Әкімшілік-құқық нормалары мен қылмысты іс құқығы. Жеті жарғы бойынша, жоғарғы билік ханның қолында шоғарлануға тиіс болды. Зандардын жекелеген баптарына қарағанда, хан жоғары судья болған, ол қылмысы және теріс қылықтары үшін соттап, жазаға тартқан, шағымдарды қараған, салық салу тәртібін белгілеген.

«Жеті жарғы» жеті заңнан құралды:

1. Жер дауы заңы (земельный закон) 2. Отбасы - неке заңы (семейно – брачный закон) 3. Әскери заң (военый закон) 4. Сот заңы (судебный закон) 5. Қылмысты істер заңы (уголовный закон) 6. Құн заңы (закон о Куне) 7. Жесір дауы заңы (закон о вдовах)

Жасаған қылмыстары үшін кінәлілер түрлі жазаларға тартылған. Жеті жарғыда «қанға қанмен, мертіктірсе мертіктірумен кек қайтару» заңы сақталады. Бірақ билердін үкімі бойынша немесе талапкерлердің келісуі бойынша жаза жеңілдетілетін болған, мұндайда қылмыскер кез келген қылмысы үшін тек қана белгіленгн құн төлеп жазаланатын.

Жазалаудын ең көп тараған түрі құн төлеу болған. Талапкерлердің келісіу бойынша, тіпті кісі өлтірген адамдар да құн төлеу арқылы өмірін сақтап қала алған. Қылмыскердің және өлген адамның (атақты адам-кедей адам, мырза-құл) әлеуметік тегіне байланысты құн мөлшелерін өзгеріп отыруы Жеті жарғынын таптық сипатық дәлелдейді.

Отбасы-неке қатынастары саласында ата-анасының өз балаларының өміріне құқығы орнықтырылып, әйелдер тең құқықсыздық жағдайы нығайтыла түскен.

Мұрагерлік құқық мәселерінде Жеті жарғы, сірә, әдеттері құқық нормаларын баянды еткен сияқты. Баласы жоқ бөлек тұрған ұлы қайтыс болса, оның мал-мүлкі әкесіне берілетін болды. Ата-анасы қайтыс болса, жас балалары ең жақын туыстарының, ал ондай туыстары болмаған жағдайда « бөгде сенімді адамдардың» қамқорлығына берілетін болған.

Сот. Соттау құқығы тек ханның, билер мен рубасаларын қолында ғана болды: «Дауды шешу және кінәлі адамға үкім шығару ханның өзі болмаса, талапкер мен жауапкер тұратын ауылдардын билеушілерін не ақсақалдырдан қолына болып, істі қарауға екі жақтан да сайланған арада жүруші тағы да екі адам шақырылуға тиіс.

Осы заңдарға қосымша Тәуке ханның мынадай есе қаларлық баптары қосылуға тиіс:

- "Ханың, өзі сондайақ барлық сүлтандар, олардың ақсақалдары мен билеушілері халық істерін талқылау ұшін қүзде ортадағы бір жерге жиналып отырсын.

- Бірде – бір қазақ халық жиналысына қару – жарақсыз келмейтін болсын. Қарусыз адамның даусы болмаған және оған сасы кішілер орын бермеген.

- Қару ұстап жүре алатын кез келген адам хан мен билеушілерге жыл сайын мал – мүлкінің 20 дан бір болігін алымға төлеп отыратын болсын.

- Әр бір тармақтың, румен бөлімшенің өз таңбасы болсын. Таңбалар сол кезде – ақ үлестіріліп, бұкіл мал – мүліктің кімдікі екенін ашырату ұшін олардың бәріне таңба салауға міндетелген"