- •1.Қазақстан тарихы пәнінің міндеті мен мақсаты.
- •2. Қазақстан территориясындағы тас дәуірі.
- •3. Қола дәуірі (б.З.Б. XVIII-X ғғ.). Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
- •3.Егіншілік. Егіншілік орташа дәрежеде дамыды.
- •4. Сақтар (б.З.Б. VII-III ғғ.): орналасуы, этникалық құрамы, саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •5. Үйсіндер және қаңлылар (б.З.Б. II-б.З.V ғғ.): орналасуы, ру-тайпалық құрылымы, саяси тарихы, көрші мемлекеттермен байланысы.
- •6. Ғұндар: саяси тарихы, әскери жүйесі, шаруашылығы, мәдениеті.
- •7. Түрік қағанаты (552-603 жж.) - Еуразиядағы тұңғыш көшпелі империя. Батыс түрік қағанаты (603-704 жж.): әкімшілік жүйесі, этноәлеуметтік құрылымы, әлсіреуі.
- •8. Түркеш қағанаты (704-756 жж.): орналасуы, этникалық құрамы, Таң әулетімен, арабтармен күресі.
- •9. Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.): орналасуы, тайпалық құрамы, әскери-әкімшілік сипаты, шаруашылығы, мәдениеті.
- •10. Оғыз мемлекеті (IX ғ. Соңы – XI ғ. Басы): саяси тарихы, тайпалық құрамы және этносаяси байланыстары, шаруашылығы.
- •11. Қимақ қағанаты (IX ғ. Соңы – XI ғ. Басы): тайпалық құрамы және орналасуы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •13. XI ғ. Басы мен XII ғ. Қазақстанның экономикасы мен мәдениеті.
- •14. Қарақан мемлекеті (942-1210 жж.): орналасуы, саяси билігі, әскери-тайпалық әкімшілік жүйесі, шаруашылығы.
- •15. Қарақытай мемлекеті (1128-1213 жж.): саяси тарихы, қоғамдық құрылысы және шаруашылығы.
- •16. Найман мен керейт ұлыстары (XII ғ. Басы – XIII ғ.): қалыптасуы, территориясы, шаруашылығы, діні.
- •17. Қыпшақ хандығы (XI ғ. Басы – 1224 ж.): тайпалық құрамы, саяси билігі, шаруашылығы, мәдениеті.
- •18. Моңғол мемлекетінің құрылуы (XIII ғ.). Шыңғысханның Қазақстан мен Орта Азияны басып алуы. Ұлыстардың құрылуы.
- •19. Алтын Орда (1243-XV ғ. Ортасы): құрылуы, этникалық құрамы, билік жүйесі.
- •21. Моғолстан (XIV ғ. Ортасы –XV ғ. Басы): құрылуы, орналасуы, этникалық құрамы, ішкі және сыртқы жағдайы.
- •22. «Көшпелі өзбектер» мемлекеті (1428-1468 жж.): орналасуы, этникалық құрамы, ішкі және сыртқы жағдайы. Хандықтың ыдырауы.
- •23. Ноғай ордасы (XIV ғ. Соңы – XV ғ.): орналасуы, этникалық құрамы. Орданың шекаралас мемлекеттермен өзара қарым-қатынасы.
- •24. Сібір хандығы (хv ғ. Аяғы – хvі ғ.): құрылуы, территориясы, этникалық құрамы, ішкі және сыртқы саяси жағдайы, шаруашылығы.
- •25. Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері. Кіші жүздің ру-тайпалық құрамы.
- •26. Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы.
- •27. XVII ғ.-XVIII ғ. Басындағы Қазақ хандығының саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
- •28. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы. «Жеті жарғы».
- •29. Қазақ-жоңғар қатынастары. Бұланты, Аңырақай шайқастары.
- •31. Қазақстанның Ресейге бодандыққа өтуінің басталуы.
- •32. Әбілқайыр хан (1693-1748 жж.) – мемлекеттік, саяси қайраткер және әскери қолбасшы.
- •33. Қазақ даласында Ресейдің отаршылдық саясатының тереңдеуі және оның кезеңдері.
- •34. Абылай хан (1711-1781 жж.) – саяси және мемлекеттік қайраткер.
- •35. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі.
- •36. Бөкей Ордасының құрылуы. Жәңгір хан.
- •37. 1822 Ж. «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» мен 1824 ж. «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» және оның мәні.
- •38. И.Тайманов пен м.Өтемісов басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі.
- •39. Қазақ халқының 1837-1847 жж. Ұлт-азаттық қозғалысы.
- •40. Есет Көтібаров және Жаңқожа Нұрмұхамедов бастаған көтерілістер: аумағы, нәтижесі және маңызы.
- •41. Патша үкіметінің 1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалары: мәні және мақсаттары.
- •42. Орал және Торғай облыстарындағы көтерілістер. Маңғыстаудағы халық көтерілісі.
- •43. Патша үкіметінің 1886-1891 жылдардағы реформалары. «Далалық Ереже».
- •44. Шоқан Уәлиханов: өмірі мен ғылыми мұрасы.
- •45. Ыбырай Алтынсарин: ағартушы, педагог және қоғам қайраткері.
- •46. Абай Құнанбаев: ағартушы, ойшыл, ақын.
- •47. Хх ғ. Басындағы империялық биліктің Қазақстанға қоныс аудару саясаты. П. Столыпин реформасы.
- •48. 1905-1907 Жж. Бірінші Орыс революциясының Қазақстанға ықпалы. Ресейдің I-III Мемлекеттік Думасының қазақ депуттары.
- •49. Хх ғ. Басындағы қазақ зиялылары (ә.Бөкейханов, м.Дулатов, а.Байтұрсынов, х. Және ж. Досмұхамедовтар, м.Тынышбаев, ш.Құдайбердиев, т.Б.).
- •50. Алғашқы қазақ басылымдары: «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналы.
- •53. 1917-1920-Шы жылдарындағы Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдар.
- •66. Қазақстандықтардың соғыс жылдарындағы еңбек майданындағы ерліктері (1941-1945 жж.).
- •67. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.).
- •68. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру.
- •70. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.).
- •71. Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.).
- •72. 1985-1991 Жылдардағы экологиялық және қоғамдық-саяси бірлестіктердің құрылуы және олардың қызметі.
- •73. Қазақстан Тәуелсіздік жолында. «Қазақ кср-нің Егемендігі туралы Декларация» (1990 ж.).
- •74. Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы. «қр Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы» (1991 ж.).
- •75. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы (тмд). Алматы Декларациясы (1991 ж.): мақсаты мен міндеттері.
- •76. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы мен рәміздері.
- •77. Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы (1992 ж.): қазақ диаспорасының тарихы мен ахуалы.
- •79. Президент н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына тұңғыш Жолдауы «Қазақстан - 2030»: бағыттары мен мақсаттары (1997 ж.).
- •80. Қазақстанда нарықтық қатынастарға көшу кезіндегі әлеуметтік - экономикалық қиындықтар және одан өту жолдары.
- •81. «Қазақстан 2050» бағдарламасы: мазмұны, басты міндеттері.
- •82. Қазақстан Республикасының қазіргі замандағы сыртқы экономикалық байланысы, бағыттары.
- •85. Тәуелсіз Қазақстанның рухани дамуы (1991-2010 жж.). Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегі.
- •86. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2013 жж.).
- •87. Президент н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаулары мен еңбектері (студенттің таңдауы бойынша).
- •2003 Жылы “Сындарлы он жыл” еңбегі жарық көрді. Еңбекте қазіргі таңдағы әлемдік проблемалар көтерілді. Ең бастысы – есірткіге қарсы күрес мәселесіне тоқталды.
- •90. Президент н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында қойылған міндеттер.
68. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру.
1954 жылы 23 ақпан мен 2 наурыз аралығында Компартия ОК пленумы болып, онда «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» женінде қаулы қабылданды. Бұл КСРО-да нан тапшылығын жою үшін жасалды. Астық мәселесін шешудің теориялық түрғыда екі бағыты болды:
1. Интенсивтік бағыт - экономиканы реттеудің нарыктық қатынасына көшу. Бірақ та бул социализм идеологиясына қайшы келетін еді. Егер Кеңес Ода-ғында тың игеруге дейінп астық өндіруде гектарына 1 центнерден қосса, онда бул өнім бұкіл игерілген тың жерлердің енімімен пара-пар болар еді.
2. Экстенсивтік бағыт - астық өнімін жаңа жерлерді жырту, тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы. Азық-түлік мәселесін шешуде Кеңес үкіметі осы екінші жолды таңцады.
Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың және тыңайған жерлер жыртылды. Оның 6,5 млн гектары, яғни 50%-ы Қазақстанда. Осы-лайша жаппай тың және тыңайған жерлерді игеру қозғалысы басталды. Тек 1954-1955 жылдары бір жыл ішінде Қазақ өлкесінде жаңа 337 совхоз құрыл-ды. Жаңадан құрылған совхоздардың атауларының өзі кеп жайтты аңғар-тып тұрса керек: «Мәскеу», «Ленинград», «Киев», «Ростов», «Одесса», «Кан-темировец», «Тамановец» совхоздары құрылды. Олар Ақмола, Кекшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылды. 1954-1955 жылдары бүкіл Кеңес Одағы бойынша 29,7 млн га тың және тыңайған жер, оның ішінде Қазақстан бойынша 18 млн га, яғни 66,6% жер жыртылды. Тың және тыңайған жерді игеру нәтижесінде Кеңес Одағында жан басына шақ-канда 2 мың кг астық өндіру мүмкін болды. Ал дүниежүзілік тәжірибеде жан басына 1 мың кг астық жеткілікті болатын.
Тың игерудің непзп қорытындысы - ол сол уақыттан осы кезге дейін Қазақ-стан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі. Сонымен бірге Қазақстан сырт елдерге экспортқа астық шығаратын елге айналды.
Тың және тыңайған жерлерді игерудің зардаптары да болды. 1960 жыл-дарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн га жер жел эрозиясына ұшырады. 1954-1962 жылдар аралығында тың игеру үшін Қазақстанға КСРО-ның тек еуропалық бөлігінен 2 млн адам әкелінді. Республикада қазақ халқының үлесі 30%-ға дейін төмендеп, ұлттық тіл, салт-дәстүр мен халық-тың әлеуметтік институттарының жойылып кету қаупі туды.
1962 жылы Н. Хрущевтің бастамасымен солтүстік облыстар тың өлкесіне біріктіріліп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді.
69. 1960-1985 жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, мәдени ахуалы. Н.С.Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы сияқты пайдаланып, көптеген тың тәжірибелерді, оның ішінде келешегі жоқ тәжірибелерді сынақтан өткізіп байқап көрді. Гидропоникалық әдіспен өсімдік өсіру, жүгері егу т.б. осы сияқты тәжірибелер Қазақстан шаруашылықтарында байқаудан өтті. Оның айтуымен республиканың оңтүстіктегі аудандары көршілес республикаларға берілді, өлкелер құрылды. Көптеген қосалардың аттары өзгертілді: Ақмола – Целиноград атанды, Батыс Қазақстан облысы – Орал облысы болды. Хрущевтің жолсыздықтары мен жөнсіз қылықтарын ашық айтпаса да халық оған наразы болды. Сойтіп, елдің экономикасын жаңа сатыға көтеру, халық шаруашылығын басқару, өндірісті жоспарлау мен ынталандыру жүйесін тубегейлі жақсарту қажеттігі кесіп жетілін келе жатты. Экономикалық мәселелерді шешуде субъектівизмде, валюнтаризмді жою қажеттігі барған сайын айқындала түсті.Елде қалыптасқан жағдайы түзеу және жол берілген қателіктерді жою жөнінде кезек күттірмейтін шығұл шараларды 1964 жылы 14 қазанда болып өткен КОКП-ның пленумында қабылдады. Пленум Н.С.Хрущевті КОКП ОК-нің бірінші хатшысы және КСРО Министралер Советінің төрағасы міндеттерінен босатты. Оның орнына КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы етіп Л.И.Брежневті сайлады, ал Кеңес Өкіметінің басшысы етіп КСРО Жоғарғы Кенесі А.Н. Косыгинді тағайындады. Осының артынша партия, совет және басқа қоғам ұйымдарын 1962 жылы жүзеге асырылған өндірістік принцип бойынша бөлу ойластырылмаған іс деп бағаланып, олардың территориялық - өндірістік принцип бойынша құрылуын қалпына келтіру ісі қолға алынды. Сонымен бірге жоспарлау мен экономикалық ынталандыру әдістеріндегі қателер де түзетіле бастады. Осы жылдарда іске асырылған шаруашылық реформа дәйекті жүргізілмегеннің өзінде елдің экономикасын көтеруге елеулі ықпал жасады.70 жылдардың басында бұрынғыдай социализмнен коммунизмге өту туралы территориялық идея басым болды. Бұл жайлы 1967 жылы қазан төңкерісінің 50 жылдығына арналған сөзінде Л.И.Брежнев мәлімдеді.1977 жылы 7 қазанда КСРО Конституциясы қабылданды. Конституцияда қияли болжамдар көп болды. Коммунизмге өтер жол мәселесі, кемелденген социализм теориясы кең таралды.1978 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР-інің конституциясы қабылданды. Бұл Кеңестік жүйедегі Қазақстанның соңғы Конституциясы болды. Бұл Конституциясында да демократияны шектеу, адам құқығын елемеу т.с. қоғамға жат құбылыстар орын алды. Ұлтаралық қатынастарда да келеңсіз жағдайлар көбейді. Республикада орыс тілі «ұлы тіл» ретінде дәріптеліп, қазақ тіліне немқұрайды қарау кеңейді.1979 жылы КОК ПК–ы Қазақстан жерінде неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдады. Автономиялық облыстың құрамына Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Кокшетау облыстарының бірнеше аудандары кіруге тиіс болды. Жоспар бойынша автономиялық облыс орталығы Ерейментау қаласында орналасатын болды. Бұл жөнінде арнайы комиссия құрылын, оған КОКП ОК-ының хатшысы А.Коркин торағалық етті. Партияның бұл шешімі қазақ халқының ұлттық мүддесін аяққа таптаудың көрінісі болды.1979 жылы 16 маусымда Ақмола қаласындағы Ленин алаңына қазақ жерінде неміс автономиясын құруға наразы болған жастар жиналды. «Неміс автономиясына жол жоқ!» «Қазақстан бөлінбейді!» деген жазулары бар плакаттар ұстаған жастар партияның бұл шешімін қатты айыптады. Осы жылы 19 маусымда жастар алдына шыққан атқару комитетінің төрағасы Жұмахметов пен облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Морозов Қазақстан жерінде ешқандай автономия құрымайтынына жастарды сендірді.70 жылдар мен сексенінші жылдардың бірінші жартасында партияның жоғары орындарында сөз бен істің бірлігіне шақырылған үндеулер барған сайын күштірек естіле бастады. Мұның өзі екі жүзділік үндеу еді. Ойткені, оны басшы органдарында отырғандардың өздерінің орындауы міндетті болмады, талап тек қана төменгі буындағыларға бағытталды. Ішкі партиялық жұмыстарды жақсарту мен жетілдіру жөніндегі көптеген қаулылар көзбояушылық сипат алды. Партия басшыларының қатып қалған жаттандылық және дүмшелік пен цифрлардан, алуан түрлі есеп құрастырудан басқа ешнәрсе талап етілмеді. Партия беделі барған сайын құлдырай бастады.Сонымен Қазақстан президенті Н.А.Назарбаев айтқандай, тоқырау өмірдің барлық салаларында: идеология да, адамдар арасындағы қарым-қатынаста да, орын алды. Брежневтің жеке басына табыну етек алған жағдайда, әсіресе, жетпісінші жылдардың аяғы мен сексенінші жылдардың бас кезінде ол барған сайын күшейе түсті.
Өнеркәсіптің дамуы. 1965 жылы қыркүйекте КОКП ОК-нің пленумы болып өтті. Пленум өнеркәсіпті дамытуға арналды. Пленумда қойылған міндеттер: 1. Өнеркәсіпті салалық принцип (ұстаным) бойынша басқару. 2. Өнеркәсіп салалары бойынша одақтық республикалық министрліктер құру. 3. Кәсіпорындар дербестігін арттыру. 4. Шаруашылық есепті дамыту. 5.Жұмыскерлерді экономикалық ынталандыру мен материалдық мадақтаулары көбейту.
КСРО жоғарғы Кеңесінің сессиясы 1965 жылғы өнеркәсіпті басқару жүйесін өзгерту және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі кейбір басқару оргадары өзгеше құру туралы заң қабылдады. Көп ұзамай осындай қаулылар мен заңдарды Қазақстан Компартиясы ОК-нің XIV пленумы мен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі де қабылдады. Қабылданған шешімдерге сәйкес 1965-1966 жылдары Қазақстанда халық шаруашылығы Қеңесі және экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері таратылып, салалық одақтық – республикалық министрліктер құрылып, өнеркәсіптік, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза – қағаз және ағаш өңдеу, азық – түлік т.б. кәсіп орыңдары біріктірілді.60 жылдардын басында өнеркәсіпті сапалық жағынан өзгерту, ғылыми негізде құру үрдісі басталды. Қазақстанда өнеркәсіпке жаңа техниканы енгізу жоспары жасалды. Ең алдымен өндірісті электрлендіру мәселесі қолға алынды. Қарағандыда іске кіріскен екінші МАЭС пен Бұқтырма су – электір станциясы техникалық – экономикалық көрсеткіштерінің жоғарылығымен ерекшеленді – 45 мың шақырымнан асатын қуатты электр тасымалдау жүйесін орнатты. Қарағанды көмір кеніндегі механикаландырылған жүйе еңбек өнімділігін 6%-ға дейін көтерді. Өндірістің автоматтандырылған жүйесі 27 мың адамның еңбегін атқарды. 1985 жылы жаңа технологиялық процесті өндіріске енгізгені үшін Ащысай полиметалл комбинатына Лениндік сыйлық берілді. Екібастуз көмір кесіндісіне озық технология қолданылып, қуатты экскаваторлар пайдаланылды. Ғылыми – техникалық жетістігі нәтижесінде Шымкенттегі М.И.Калинин атындағы заводта жұміс технологиясы жақсартілді. 1965 жылы Өзен кен орнында жаңа технология негізінде алғашқы мұнай өндірілді.1965 жылғы шаруашылық реформасы нәтижесінде ғылыми – технологиялық процестерді өндіріске енгізу ісі өнеркәсіптегі жағдайды түбірімен өзгертті. Реформа еңбекпен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруге оң жол ашты. Кәсіпорындар қызметін жоғарыдан реттеуге шамадан тыс әуестенушілік доғарылды, олардың шаруашылық дербестігі ұлғая тусті. Пайда, баға, ақшалай сыйлық, несие тәрізді экономикалық тұтқалар қозғалысқа келтірілді. Әрбір жұмыскердің, тұтастай алғандағы кәсіпорынның материалдық мүдделігіне баса назар аударылды. 1966 жылы Қазақстанның Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Шымкент – цемент заводы бастаған II өнеркәсіп жұмыс жүргізудің жаңа тәртібіне көшті. 1970 жылы Қазақстан өнеркәсібінің 70% - ы жоспарлаудың жаңа жүйесіне жұмыс істеді.1970 жылға қарай КСРО-ның халық шаруашылығында Қазақстанның көмір және темір кенін өндіру, болат балқыту, қара металдар прокаттау жөніндегі үлес салмағы өсті. Республикада бұрын болмаған өнеркәсіп салалары өркендеді: титан, магний, синтетикалық каучук, полиэтилен, көтергіш крандар өндірістері т.б.. Мұнай өндіру және химия өнеркәсібі де бұл уақытта жалпыодақтық маңызға ие болды.Женіл өнеркәсіптер қатары өсті: Теміртау, Жамбыл қалаларында азық-түлік өнеркәсібі, Алматыда мақта-мата өнеркәсібі, Семейде трикотаж фабрикасы алғашқы өнімін бере бастады. Бес жылдың ішінде республикада жеңіл өнеркәсіптің 14 кәсіпорны салынды.Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанда 170-ке жуық кәсіпорын іске қосылды. Қуатты Екібастұз отын энергетика кешенінің құрылысы 1970 жылға қарай басталды. 1975 жылға қарай еліміздегі кәсіпорындардың барлығы энергиямен қамтамасыз етілді. 80 жылдары одақ көлемінде өндіріске енгізілген ғалыми-техникалық жаңалықтардың 3% - ы Қазақстанға тиесілі болды.Тоқырау кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске кабілетсіз, қарабайыр (экстенсивті) әдіспен жұмыс істеді. Соның өзінде халық шаруашылығының дамуында кейбір келелі көрсеткіштерге қол жеткізді. Мәселен, осы жылдарда өндіріс және ғылыми өндірістер құрылымдарының саны 28-162 дейін, оның ішінде кәсіпорындар 1971 жылы – 97, ал 1985 жылы – 610 дейін өсті.