Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Халыаралы туризм географиясы.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
1.47 Mб
Скачать

15. Бақылау түрлері

ағымдық;

аралық қорытынды;

сабаққа қатысу;

зерттеушілік жұмыс (реферат).

15.1 Білімді бағалаудың жалпы шкаласы

Әріптік баға

Баллдардың сандық баламасы

Меңгерілген оқу пәнінің %-дық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

A

4,0

95-100

өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағаттандырарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттандырарлықсыз

15.2 Студенттің рейтингін қою шкаласы:

Бақылау құрылымы

Апта

Барлығы

2

3

4

5

6

7

8

ВСК 1

1

Лекциялар

200

200

200

200

200

200

200

20 (1400/14*20%)

2

Практикалық

сабақтар

100

100

100

100

100

100

100

50 (700/7*50%)

3

СӨОЖ, СӨЖ

100

100

100

100

100

100

100

30 (700/7*30%)

Барлығы

100

Бақылау құрылымы

Апта

Барлығы

9

10

11

12

13

14

15

ВСК 2

1

Лекциялар

200

200

200

200

200

200

200

20 (1400/14*20%)

2

Практикалық

сабақтар

100

100

100

100

100

100

100

50 (700/7*50%)

3

СӨОЖ, СӨЖ

100

100

100

100

100

100

100

30 (700/7*30%)

Барлығы

100

15.3 Студенттерді бағалау критерийі

Сабақтан қалған әрбір 1 сағат -0,1 балл болып есептеледі. Берілген тапсырмалар мерзімінде өткізілуі керек, мерзімінен өтіп кеткен жағдайда баға 10%-ке төмендетіледі. Егер жеке жоба немесе өзіндік жұмыс аяқталмаған сипатта болса, онда 1 балл кемітіледі. Реферат мазмұны тақырыптан ауытқыған жағдайда, қорытынды балдан 2 балл шегеріледі.

* семестр бойынша тек 3 рет себеппен сабақтан қалуға болады, қалған күндерге реферат немесе ауызша түрде бақылау тапсырылады.

** тапсырмалар белгіленген мерзімнен кешіктірілетін болса, кешіктірілген әр күнге -2 балл.

Студенттерді бағалаудың академиялық саясаты: оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында студенттер мына шарттарды орындауы керек:

    • сабаққа кешікпеу;

    • сабақ уақытында сөйлеспеу;

    • ұялы телефон қолданбау;

    • сабақтан себепсіз қалмау*;

    • үй тапсырмаларын уақытында орындау**;

    • курстастар мен оқытушыларға түсіністікпен қарап сыйласымды болу;

    • ұқыпты және әдепті болу;

    • Университет ғимаратында шылым шекпеу.

Студенттерді бағалаудың академиялық саясаты

Критерии оценки поведения

Кол-во баллов*

1.

сабаққа кешікпеу

-0,5

2.

ұялы телефон қолдану

-0,5

3.

үй тапсырмаларын уақытында орындау

+ 1

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

«Әлеуметтік қызмет және бизнес» факультеті

«Туризм» кафедрасы

ЛЕКЦИЯЛЫҚ КЕШЕН

«GМТ3201 Халықаралық туризмнің географиясы» пәні бойынша

«5В090200 – Туризм» мамандығы

Алматы, 2013 ж.

Тақырып 1

Кіріспе. Халықаралық туризм: анық­тамасы, негізгі түсініктері, атау сөздері

Лекция мақсаты: дәріс тақырыптары бойынша «Халықаралық туризм» үсінігі, оның мақсаты мен міндеттерің анықтау.

Лекция сұрақтары:

  1. Курстың құрылымы, ұсынылатын әдебиеттер тізімі.

  2. Туризм туралы әр түрлі адамдардың пікірлері.

  3. Кеңестік және әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде туризмнің анықтамасы.

  4. Саяхатшылар мен уақытша келушілер туралы түсінік.

  5. Халықаралық туризмнің классификациясы. Халықаралық туризмнің кіру және шығу туризмге бөлінуі. Ұлттық туризм мен ел ішіндегі туризмнің түсінігі.

  6. Шетелдік туризм. Халықаралық туристік нарық тауар-ақша қатынастар сферасы ретінде.

"Туризм" мен "турист" деген терминдер әдебиет беттерінде XVІІІ ғасырдың соңында пайда болды, XІX ғасырда кең қолданыла бастады, әсіресе XX ғасырда. Біршама зерттеушілердің айтуы бойынша, "туризм" және "турист" деген сөз француз тілінен (tour – саяхат) енген. Солай бола тұрса да, ең алғаш бұл сөз XVІІІ ғасырда Британ аралында осы елге келетін англия жастарының саяхатын анықтау үшін қолданылды. Француз, Италия, Германия жастарының оқуларын толықтыру үшін мектептерге жіберіліп тұрды. Саяхатты "grand tour" десе, саяхатшыларды туристер деп атады.

Берлиннің туризмді зерттеу институтының журналында "Archіv fur Fremdenverkehr" (1930-1931) атты мақаланың алғы сөзінде ресми түрде ғылыми әдебиетте "туризм" деген түсінік XX ғасырдың 30-шы жылдарында пайда болды.

Туризм деген өте кең түсінік, әдебиеттерде оған берілген әр түрлі анықтамаларды кездестіруге болады. В. Унцикер туризм деп тек табыс табуға арналмаған тұрақты жерден тыс жердегі барлық саяхат пен қысқа мерзімдік сапардағы құбылыс пен қатынастың жиынтығын атады. Кейбір авторлар "әр түрлі мақсаттағы спорттық жарыстарды" туризмге жатқызды. КСРО–да бірінші болып 1952-ші жылы В.В. Добкович туризмге қазіргі уақытқа лайықтап анықтама берді: "Туристік саяхат деп каникул және ұзақ уақытты демалыс кезеңдерінде біздің еліміздің әр түрлі аудандарында болып, сол елдің халықтарының өмірімен және мәдениетімен танысу, социалистік құрылысымен, табиғи байлықтарымен, тарихи, әскери және революциялық ескерткіштерімен танысуды айтамыз" – дейді.

Туризмге қысқа да, сәтті анықтаманы ҮКЭ (Үлкен Кеңестік Энциклопедия) берді: "туризм – бос уақыттағы адамның белсенді саяхаты, сапары, жорық жасап демалуы".

ХХ ғасырдың 30-шы жылдары поляк географы С. Лещицкий туризм туралы түсінікті толықтап, "туристік-сауықтыру қозғалысына байланысты теориялық, шаруашылық, географиялық, статистикалық, құқықтық, мәдени және әлеуметтік сұрақтардың жиындысы" – деп анықтама берді.

Туризм географиясы облысына еңбегі сіңіп, атағы шыққан В.С. Преображенскийдің айтуынша, "туризм" термині арқылы мынадай негізгі түсініктер беріледі:

а) демография мен халық географиясы және әділет ғылымы оқитын халық қозғалысының ерекше түрі;

б) экономика саласы, экономика мен экономикалық географиямен айналысатын халықтың әлеуметтік-мәдени қажеттілігін өтейтін салалардың біреуі;

в) социология мен рекреациялық география айналысатын тұрақты жерден тыс жерлерде бос уақытты өткізудің түрі.

Қазір туризм анықтамасы екі топқа біріктірілуі мүмкін – жұмыстық және концептуалдық. Біріншісінің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және басқа да туризмнің аспектілеріне ғана қатысы бар. Екіншісі, концептуалды немесе мәнін көрсететін анықтама, пәнді бүтіндей қамтиды, туризмнің ішкі сырын ашады.

Тарихи даму процестерінде "туризм" мен "турист" деген түсінікке біраз өзгерістер енгізілді. Практикалық жағынан туризмнен гөрі турист деген түсінік анықтамасы жағынан анығырақ болғанын қажет етеді. Ең алғашқы "турист" деген анықтаманы Ұлттар Лигасының статистика жөніндегі сұрыптау Комитеті берді (1937). Ол халықаралық түсініске ие болды және азғантай түзетулермен біздерге де жетті. Соңғы жылдары "турист" ұғымының анықтамалары ресми халықаралық туристік ұйымдар одағының жиындарында (Дублин, 1950; Лондон, 1957), БҰҰ-ның халықаралық туризм және саяхаттар туралы конференциясында (Рим, 1963), туризм туралы парламентаралық конференцияның конгре-сінде (Гаага, 1989) талқыланды /1/. Бұл оның теориялық және практикалық жағынан маңызының зор екендігін және оған берілетін анықтаманың толық та дәлірек болу керектігін көрсетеді.

Қазіргі шақта халықаралық тәжірибеде кең қолданылып жүрген анықтама 1963-ші жылы Рим конференциясында енгізілген және бүкіл дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) қолдаған келесі анықтама: "Туристер – бұлар өзінің тұрақты елі емес, ақша табатын іс-әрекеттермен айналыспайтын, басқа бір елге қандай да болмасын бір мақсатпен келуші адамдар". Бұл анықтама мыналарды қамтиды:

– туристер немесе келушілер деп, осы елде кемінде 24 сағат болатын адамдарды айтады және олардың саяхат жасау мақсаттарын мынадай топтарға біріктіруге болады: а) бос уақыттарын көңіл көтеруге, каникулға, емделуге, оқуға, спорт немесе дінге пайдалану; б) жұмыс бабымен, отбасы ісімен, мақсатпен, съезд, симпозиум немесе конференцияға келушілер;

– экскурсанттар, немесе уақытша келушілер, елде 24 сағаттан аз уақыт болады (теңіз рейсіне қатысушыларды қосқанда).

Сапар мақсатына байланысты саяхатшылар үлкен екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа жататындар – туристік мақсатпен сапар шекпейтіндер. Бұлар шетелге кәсіптік іс-әрекетпен ақша табуға келетіндер. Оларға: шетелге барып жұмыс іздеп жүргендер немесе сонда жұмыс істеп жүрген адамдар; көрші территорияда жұмыс істейтін көрші шекара ауданның тұрғындары; тұрақты мекенге қалушылар жатады. Екінші топқа жататындар – уақытша келушілер, олар туристік мақсатпен саяхат жасаушылар. ДТҰ–ның кепілдемесімен статистикалық есепке жеңілдік үшін олар үш блоққа топтастырылған: көңіл көтерушілер, кәсіптік ынтасын қанағаттандыру және басқа да туристік мақсаттарды (оқу, емделу, транзит, әр түрлі) көздеушілер (4-сурет) /1/.

Саяхаттың ұзақтығына қарай уақытша келушілер "таза" туристер және экскурсантар болып бөлінеді. Турист – бұл бір тәуліктен артық және бір жылдан кем уақытта, өзінің тұрғылықты жерінен тыс жерде жүрген адам.

Экскурсант – ол күндізгі уақытта, түнеуге қалмайтын бір жерге баратын (бір елге немесе тұрғылықты жерге) адам.

Туристік ағым мен оның бағытына қарай, сондай-ақ құқықтық статусына байланысты туризм екі үлкен классқа бөлінеді: ішкі (ұлттық) және халықаралық (шетелдік). Ішкі туризм – бұл азаматтардың өз елінің ішіндегі саяхаты. Халықаралық туризм – бұл азаматтардың өз елінен тыс жердегі саяхаты, туристердің бір елден екінші елге сапары немесе бірнеше елдерге сапарлары. Шетелдік туризм – бұл шетелдік азаматтардың туристік мақсаттармен басқа елге келуі.

Бұлай бөліну халықаралық туризмнің екі басқа түрімен тығыз байланысты – кіру және шығу, бұлар туристік ағымның бағыты арқылы айырмашылықта болады. Туристің саяхат жасау мақсатына қарай оның шыққан елін және баратын елін анықтайды. Туристің шыққан елі шығу туризмі делінсе, ал баратын елі кіру туризмі деп аталынады. Бір турист бірден шығуда және кіруде турист бола алады.

Ұлттық туризм ішкі және сыртқа шығу туристік ағымдардан құралады. Бір елдің ішіндегі туризм – ішкі және келетін туристік ағымдарды қамтиды.

Ішкі туризм дегеніміз демалу, спортпен айналысу және басқа да мақсаттар үшін адамдардың өз елінің ішіндегі қозғалысы. Бұндай саяхаттарда елдің шекарасынан өтпейді, туристік құжаттарды толтырмайды.

Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып басқа бір шетелдік елге барады. Кеденнен өту үшін туристік құжаттарды толтырады (паспорт, виза жасау), валюта және медициналық бақылаудан өтеді. Бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі болып саналады және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы.

Халықаралық туризмнің қазіргі жағдайы.

Геополитика (геосаясат) дегеніміз – географиялық жағдайларды саясатпен біріге отырып оқитын ғылым.

Халықаралық туризм қашан пайда болды? Кейбіреулер халықаралық туристік байланыстарды сонау алғашқы қаумның құрылған кезіне жатқызса, басқалары –орта ғасырдағы крестілер жорығына жатқызады, ал үшіншілері алғашқы бірінші турист ретінде Марко Полоны атайды.

Қазіргі туризмнің басталуы деп 1841 жылды атайды – Томас Куктің ұйымдастыруымен поездбен 600 адамды (туристерді) Лейстерден Лафбороға апарғанын. Англия – бұл ең бірінші капиталистік жолмен дамуға енген ел. Бұнда алғашқы туристік ұйымдар құрылды, олар өздерінің іс-әрекеттерін алдымен өз елінде бастап, сосын шетелдерге шықты.

ХІХ-ғасырдың 50-70 жылдарында Европадағы шетелдік саяхатшылардың көбісін құрағандар ағылшындар болды. Контененттегі "Англетер", "Британик", "Лондон" атты қонақ үйлері дәл сол уақыттарда пайда болды.

1865 жылы Кук АҚШ-қа ағылшын ретінде барады. Ондағы мақсаты ағылшындарды АҚШ-қа, ал американдықтарды Европаға туристік сапар шегуге көңдірді. 1866 жылы ағылшын туристерінің алғашқы екі тобы АҚШ-қа сапар шекті.

Бірінші дүниежүзілік соғыс халықаралық туризмнің дамуын уақытша тоқтатты. Соғыс бітісімен-ақ халықаралық туризмнің көлемі соғысқа дейінгі деңгейге жылдам жетті, ал 3-4 жылдан кейін оның деңгейі көптеген елдерде онанда асып кетті.

ХХ-ғасырдың 20-шы жылдары шетелдік туризмнің географиялық шеңбері кеңейді. Егерде соғысқа дейін шетелдік туристердің көбісі Италия мен Швейцарияға барса, ал соғыстан кейін ХТ барлық Европа елдерің қамтыды. 1925 жылы Гаага қаласында туризмді насихаттау үшін халықаралық одақтың ұйымдарының 1-конгрессі өтті. Оның жұмысына 14 Европа елдерінің делегаттары қатысты.

Екінші дүниежүзілік соғыс халықаралық туризмнің дамуын тағыда уақытша тоқтатып, туризмнің материалдық-техникалық базасына елеулі зиянын келтірді. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдар соғыстан бұзылған туристік байланыстарды қалпына келтіруге ғана кетті.

1950 жылдары әлемдегі тіркелген туристердің саны соғысқа дейінгі деңгейден біраз асты, 25 млн адамға жетіп, түскен табыс 2,1 млрд долларды құрды. 1950 жылдан бастап халықаралық туризмнің дамуында жаңа кезең басталды.

1960 жылдардың қарсаңында шетелдерге шыққан туристердің саны 71 млн адамға жетті, яғни айтқанда үш есе артты. Олардан түсетін табыс 7 млрд долларға жетті.

1961 мен 1970 жылдар аралығы ХТ-нің жоғарғы қарқында даму кезеңі деп сипатталынады. 1971 жылы әлемдегі саяхатшылардың саны 168,4 млн адамға жетсе, онан түсетін табыс 17,9 млрд долларға жетті.

ХТ-нің соншалықты жоғары қарқында өсуінің себебі неден? Бұл уақыттарда ХТ-ге бірқатар жағымды факторлар әсерін тигізді: әлемдегі саяси жағдайлар, ірі капиталистік елдердің экономикасының өсуі, транспорт облысындағы жаңа техникалық процестер жол бағасын төмендетті. Мысалға, 50-жылдары АҚШ-тан Европаға ұшақпен барып қайту үшін бір мың доллар болса, ал 60-шы жылдары 3-4 есе төмендеді.

ХТ өзінің даму сатысында "аристократтық" туризмнен (ХІХ ғасыр және ХХ ғасырдың басында) "жаппай" туризм сатысына дейін жүріп өтті (ХХ ғасырдың ортасымен соңы).

ХХ-ғасырдың екінші жартысында адам өміріндегі көзқарасы (стереотип) өзгерді. Бұрынғы бір тұрғылықты орыннан жылдар бойы қозғалмайтын халықтың өміріне жаңа "динамикалық" өмір стереотипі келді. Қазіргі қала өмірінің ырғағы рекреациялық қажеттілікті керек етуде.

ХТ-нің дамуына халықтың жұмыстан тыс уақыттарының көбеюі де әсерін тігізуде. Ұзақ уақыт төленетін демалыстары туристік сапарлардың санын өсіруде.

80-ші жылдардың басында әлем бойынша экономика құлдырап кетті, осы құлдыраушылық 1984 жылға дейінгі халықаралық саяхаттардың қысқаруының негізгі себебі болды.

80-ші жылдардың екінші жартысында жағдай қайтадан жақсарды. Бұл кезде Тынық мұхит бассейіндегі бірқатар елдер (Австралия, Гонконг, Тайланд және Қытай), сонымен қатар Европа елдері (Португалия, Турция) туризмнің өсу қарқынын аңғарса, керісінше кейбір елдерде құлдыраушылық байқалды, мысалға, туризм индустриясымен атағы шыққан Ливан.

90-шы жылдарында да ХТ-нің дамуы үшін қолайсыздықтар байқалды. Бұндағы басты себеб болғаны Ирақтағы соғыс "Құмдағы дауыл" атты.

ДТҰ-ның статистикасы көрсетеді, 20 жыл ішінде халықаралық туристер санының үш есе өскенін – 1970 ж 160 млн нан 1990 ж 460 млнға дейін. Бірақта, 1991 ж. халықаралық туризмде тағыда сәтсіздік байқалды, келушілер саны небәрі 1,5% өсті. Келесі көтерілу 1992 жылындаң байқалды - 8% өсті. Бұл жылдары келуші туристердің саны 504 млн адамға жетті, 1993 ж – 518 млн, ал 1994 ж – 546 млнға дейін.

Халықаралық туризмнен түсетін жылдық кіріс 80-ші жылдары және 1996 жылы көтеріліп 423 млрд долларға жетті.

Халықаралық туристік келушілер саны:

1999 ж – 650,2 млн адам

2000 ж – 697,7 млн адам

2001 ж – 693 млн адам

2002 ж – 714,6 млн адам

2007 ж –

2008 ж – 764 млн адам

2009 ж – 806 млн адам

2010 ж – 842 млн адам

Халықаралық туризмнен түсетін табыс:

1999 ж – 455,1 млрд долл

2000 ж – 477,3 млрд долл

2006 ж – 462 млрд долл

2007 ж –

2008 ж – 533 млрд долл

2004 ж – 633 млрд долл

2009 ж – 680 млрд долл

2010 ж – 700 млрд долл артық

Өсуі темпі 02/01 – 3,1%. 2006 ж. – 4,5% (болжам бойынша – 4,1%, 0,4% озып кетті).

2002 ж халықаралық туристік келушілердің саны 700 млн асты, 715 млн дейін жетті. Бұл 2001 жылмен салыстырғанда 22 млн артық, ал 2000 жылмен салыстырғанда 19 млнға артық.

2009 ж. – 2005 ж. салыстырғанда – 38 млн адам артық.

2010 ж. өсу темпі: Еуропа – 4% (футболдан әлем чемпионаты - 2006), Америка – 2%, ШАТ – 7,6%, Африка – 8,9%, Таяу Шығыс – 4%. Болжам 2020 ж. – 4% -өсу темпі.

5. Өз-өзін бақылау сұрақтары

  1. Халықаралық туризмнің ролі мен маңызы туралы 1989 ж. Гаага декларациясы.

  2. Халықаралық туризмнің қазіргі жағдайы.

  3. Туризм туралы түрлі адамдар ассоциациясының ұсынысы.

  4. Туризмнің статистикалық және анықтамалары.

  5. Халықаралық туризмнің ерекшеліктері, ішкі туризмнен айырмашылығы мен байланыстары.

  6. Кіру, шығу, ұлттық туризм және ел шеңберіндегі туризм туралы түсініктер.