Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Халыаралы туризм географиясы.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
1.47 Mб
Скачать

6. Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Александрова А.Ю. Экономика и территориальная организация международного туризма. М.: МШГУ, 2009.- 105 с.

  2. Александрова А.Ю. Международный туризм. Учебное пособие для ВУЗов. М.: Аспект-Пресс, 2007. – 464 с.

  3. Александрова А.Ю. Структура туристского рынка. М.: Пресс-Соло, 2002. – 384 с.

  4. Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, методы, практика. - Алматы, 2000. – 336 с.

  5. Мироненко Н.С., Твердохлебов И.Т. Рекреационная география. М.: МГУ, 1981. – 207 с.

  6. Папирян Г.А. Экономика туризма. – М.: Финансы и статистика, 2008. – 208 с.

Тақырып 13

Еуропаның, Американың, Азия, Афри­каның, Австралия және Мұхит арал­дары­ны­ң негізгі туристік аймақтары.

Шетел Еуропаның негізгі туристік аудан­дары мен орталықтардың сипаттамасы

Лекция мақсаты: дәріс тақырыптары бойынша Шетел Еуропаның негізгі туристік аудан­дары мен орталықтардың сипаттамасың анықтау.

Лекция сұрақтары:

  1. Әлем туризміндегі Еуропаның орны: туризмнің даму деңгейінің және оған қатысатын елдердің халықаралық туризмде бірқатар басты және қосымша факторларға тәуелділігі.

  2. Еуропаның рекреациялық аймаққа бөлінуі:

  1. Жерортатеңізі

  2. Альпі

  3. Орталық Еуропа

  4. Солтүстік Еуропа.

  1. социализмнен кейінгі елдердегі туризм

Е В Р О П А

Бұл аймақ халықаралық туризмде барлық көрсеткіштері жағынан басымды. Мұнда ең жоғарғы туристік ағымдар байқалады. Туристік ағымдардың 2/3 мына үш елде құрастырылады: Германия, Франция, Ұлыбритания. Мұнда ішкі аймақтық сапарлар басым.

2000 жылы әлемдік туризм нарығында Еуропаның үлесіне 58% тиген еді.

2000 жылы Еуропаға келушілердің саны 402,6 млн адам болды. Әлем бойынша барлығы – 697,6 млн адам.

Аймақ бойынша:

2000 Жылы

Солтүстік Еуропа – 44,1 млн адам

Батыс Еуропа – 141,6 млн адам

Орталық-Шығыс – 76,6 млн адам

Оңтүстік/Жерортатеңіз Еуропа – 125,7+14,7 млн адам

2004 Жылы

Солтүстік Еуропа – 49,6 млн адам

Батыс Еуропа – 139,0 млн адам

Орталық-Шығыс – 86,3 млн адам

Оңтүстік/Жерортатеңіз Еуропа – 149,5 млн адам

2005 Жылы

Солтүстік Еуропа – 52,9 млн адам

Батыс Еуропа – 142,7 млн адам

Орталық-Шығыс – 87,9 млн адам

Оңтүстік/Жерортатеңіз Еуропа – 158,0 млн адам

1970-2010 жылдары Еуропаға туристер санының динамикасы және олардаң түскен табыс

Жыл

Туристер саны

млн адам

Табыс

млрд доллар

1970

113,0

11,1

1980

189,8

61,7

1990

286,7

139,7

2000

402,6

234,5

2006

401,4

230,4

2007

411,0

2008

407,1

2009

424,4

328,5

2010

441,5

348,2

1985 жылдан бастап ішкі аймақтағы европалық туристердің халықаралық саяхаты өсті, ал оған керісінше әлемнің басқа аймақтарынан Европаға келушілердің саны төмендеді. Мысалға, 1985 ж. Европаға келген америндық туристер 11% құраса, ал 1992 ж. – 5,4% болды, негізінен, америка долларының Европа валютасына қарағанда нашар болғандығынан. Зерттеулерге қарағанда, Европаға келетіндердің 90% - бұлар европа елдерінің туристері. Мысалға, немістер негізінен аймақтың ішінде ғана саяхаттайды, олар халықаралық туризм санының 19% құрайды. Британдықтар - 10%, француздар - 7%, датчандар - 6%. Сонымен, Европадағы ішкі аймақтық туризм, ол аймақтағы халықаралық туризмнің өте жоғары шоғырлануының арқасы.

Туристік ағымдар негізінен Батыс және Оңтүстік Европаның демалыс орталықтарына бағытталынған, Франция, Испания және Италия ондағы басты туристік орталықтар. Ұлыбритания оқу ағарту туризмімен даңқы шықса, Солтүстік Европа экотуризммен даңықты.

Орталық және Шығыс Европаға баратын туристердің ағымы 25-30% құрайды, ал олардан түсетін түсім, туристік өнімдердің арзандығынан және көрсетілетін қызметтердің сапасының нашарлығынан, небәрі 2-3% ғана. Бұнда бір туристен түсетін табыс 300 ам долл ғана болса, ал Солтүстік Европа елдерінде 1000 долл дейін жетеді.

Сонымен, халықаралық туризм европа елдерінің экономикасының маңызды бір бөлігі.

Европаның басты субаймақтары болатыны: Батыс, Солтүстік, Оңтүстік Европа. Оларды өкшелеп келе жатқандар Орталық, Шығыс Европа және Жерортатеңіздік Европа (Туриция, Кипр, Израиль).

Европадағы келушілердің басты нарқы болатыны Солтүстік Америка – АҚШ, Канада және Мексика. Олар келушілердің 30% қамтиды.

Европаның рекреациялық жүйелерін кеңістікте ұйымдастырудың ерекшелік сипаты бола бастағаны олардың шағын курорттарды дамытудан гөрі ірі ТРЖ-ді қалыптастыруға көшуі.

Рекреациялықресурстарына және ТРЖ-нің функционалдық ерекшеліктеріне байланысты барлық Европаны 4 ауданға бөлуге болады: Жерортатеңіз, Альпі, Орталық Европа және Солтүстік Европаға.

1. Жерортатеңіз ауданы – туристік мамандырылған басты аудан Европаға ғана емес, барлық әлем бойынша. Теңіз жағалауын территориялық ұйымдастыруға туризмнің екі кезеңі маңызды әсерін тигізді: 1) ХІХғ соңы-ХХғ басы, ) екінші дүниежүзілік соғыстан кейін және бүгінгі күнге дейін. Бірінші кезең масштабы жағынан азғантай ғана – бұл кезде аристократтар ғана демалды, рекреациялық функциясы бар қала типтес мекендерді дамытты, негізінен Жерортатеңізінің күнгей беттерін игерді. Екінші кезең жаппай суға түсіп пляжда демалу туризмімен сипатталынады, экологиялық проблемаларды шиеленістірді. Жерортатеңізі ауданы біркелкі игерілмеуде. Жақсы игерілгендері Франция, Италия, Испания жағалаулары, әсіресе Францияның Лазур жағалауы, Италия Адриатикасының солтүстік бөлігі, Испанияның Балеар аралдары, Коста-Бланка.

2. Альпі ауданы – халықаралық туризмді дамытудың басты ауданы. Францияның, Италияның, Австрияның, Швейцарияның Альпасында мезгілдің шарықтап тұрған кезіндегі бір кв. км.-қа келетін жергілікті халық пен туристердің тығыздығы 1800 адамға жетеді. Барлығынан көп баратыны – Швейцария мен Австрия. Олар географиялық жағынан өте қолайлы Европаның ортасына орналасқан және туристік сұранысы жоғары дамыған елмен шектеседі (Германия). Бұнда санаторлық емдеу, тау шаңғысы туризмі, альпинизм дамыған. Швейцарияда конгресстер туризмі дамыған. Швейцарияның негізгі рекреациялық ареалы – Берн, Женева, Цюрих. Ал Австриянікі – Тироль, Зальцбург, Карантия.

3. Орталық европа ауданы. Бұл ауданға европаның бұрынғы барлық капиталистік елдері жатады, Скандинавия мен Жерортатеңізі елдері мен Португалидан басқалары. Бұнда туризмнің материалды-техникалық базасы жақсы дамыған. Ескі қалалар мәдени-тарихи ескерткіштерімен танымдық туризмнің дамуына әсерін тигізді. Миниралды су көздері өте көп – емдеу туризмі дамиды.

Германияның бальнеологиялық курорты – Висбаден Рейн долинасындағы, Шварцвальдағы - Баден-Баден курорты.

Бельгияның негізгі рекреациялық ауданы Арденна және теңіз жағалаулары. Арденада 18-19 ғаырларда атағы шыққан бальнеокурорт – Спа бар.

Голландияның негізгі рекреациялық ауданы – Лимбург провинциясы "голланд швейцариясы" деп аталынатын көркем жерлер бар.

Ұлыбританияға баратын туристер ағымы негізінен Лондонға барады, сосын Мидленд, Шотландия, Уэльске.

Көркем аудандары: Корнуэл түбегі, Борнмут ауданы, Уайт, Джерси, Мэн аралдары.

4. Солтүстік европа ауданы. Бұған кіретіндер Скандинавия елдері – Швеция, Норвегия, Дания, Исландия және Финляндия. Бұнда жақсы сақталынған экзотикалық территориялар бар – таза көлдер (60 мың). Ең ірісі Сайма көлі – онда белгілі курорттар Лаппенранта, Лауритсала, Иматра орналасқан.

Швеция – Балты теңізі мен Ботаникалық шығанақ жағалауы игерілген. Стокгольмнің солтүстік-батысында Даларна тау жүйесінде тау шаңғы туризмнің орталығы орналасқан.

Норвегияның негізгі рекреациялық ауданы – Осло айналасы, Мьеса көлі, Норвегида өте көркем фьордтар – Хардангер-фьорд, Согне-фьорд.

Лапландия – Финляндия, Швеция және Норвегияның солтүстік аудандары - өзінше көркем табиғаты мен аборигендік мәдениетімен туристерді өзіне тартады.

Данияда бірқатар теңіз жағалауында рекреациялық территориялар бар: Зеландияның солтүстік-шығысында, Фюн аралында, Ютландияның солтүстік, солтүстік-батыс жағалаулары және Борнхольм аралдары.

Поляр шеңберінде орналысқан Исландияда, өте уникальді ресурстары бар. Бұл гейзерлер, глетчерлер, көлдер мен құлама сулар елі.

Сонымен, Европа елдерінің халықаралық туризмге қатысуы рекреацияның даму деңгейі бірқатар басты және қосымша факторларға байланысты. Басқадан гөрі әсер ететіні экономикалық дамудың деңгейі, демографиялық жағдайлар, климат жағдайлары, рекреациялық ресурстардың аттрактивтігі, туризм туралы мемлекеттін жүргізетін саясаты және т. б.

5. Өз-өзін бақылау сұрақтары

  1. Әлем туризіміндегі Еуропаның орны.

  2. Еуропаның төрт туристік аймаққа бөлінуі: Жерортатеңізі, Альпі, Орталық және Солтүстік.

  3. Еуропаның социализмнен кейінгі туризм.

  4. Жерортатеңіз туристік аймақтың сипаттамасы.

  5. Альпі туристік аймақтың сипаттмасы.

  6. Орталық туристік аймақтың сипаттамасы.

  7. Солтүстік туристік аймақтың сипаттамасы.