Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Халыаралы туризм географиясы.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
1.47 Mб
Скачать

6. Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Александрова А.Ю. Экономика и территориальная организация международного туризма. М.: МШГУ, 2009.- 105 с.

  2. Александрова А.Ю. Международный туризм. Учебное пособие для ВУЗов. М.: Аспект-Пресс, 2007. – 464 с.

  3. Александрова А.Ю. Структура туристского рынка. М.: Пресс-Соло, 2002. – 384 с.

Тақырып 11

Туризмдегі статистикалық есептін әдістері

Лекция мақсаты: дәріс тақырыптары бойынша туризмдегі статистикалық есептін әдістерің анықтау.

Лекция сұрақтары:

  1. Халықаралық туризм статистикасындағы мәлі­мет жинаудың түрлері.

  2. Есептеу арқылы статистикалық бақылау.

  3. Туризмдегі арнайы ұйымдастырылатын бақылау (шекарадағы есеп, орналастыру орнындағы келгендерді тіркеу, анкета сұрақтар, банк әдісі, таңдап тексеру)

Туристік статистиканың негізгі әдістері – келушілерді шекара мен орналастыру орындарында тіркеуді біріктіріп және оған таңдап тексеруді қосқанда туристік ағым мен шығынның дәлдік есебі көтеріледі. Таңдап тексеру шетелдік саяхатшыларды бақылау-жіберу орындарында сұрақ беру арқылы ұйымдастырылады. Таңдап тексеру әдісі АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Ирландия, Швейцария елдерінде үнемі жүргізіледі. Мақсатын таңдаумен қатар бақылау объектісі шығады. Бақылау объектісі – барлық келушілердің жиын-тығы. Арнайы анкеталар елде болған шетелдік туристер туралы толық мәлімет береді. Түрі жағынан анкеталар ашық және жабық болады. Жабық анкетада барлық сұрақтарға жауаптың тізімі болады. Мысалы, "Аэрофлот-Ресей әуежолы" авиакомпаниясының ұшақ бортында көрсетілген қызметі өте жақсы, жақсы, орташа, көңіл толмайды деп бағалаймыз. Ашық анкетада берілген ашық сұраққа әр респондент өз пікірін айтып ашық жауап береді. Сондықтан да ашық берілген сұрақтар арқылы мазмұны жағынан бай мәліметтер жинауға болады.

Туристік шығындар туралы статистикалық мәліметтер жинағанда, сондай-ақ, әр түрлі басқа да әдістер қолданылады. Соның біреуі – күнделік әдісі. Сол арқылы бір келушінің тәу-лік ішіндегі шығынын анықтайды. Сапар басында келу-шілерге арнайы бланкілер саяхат кезінде толтыру үшін таратып береді (күнделіктер), содан кейін саяхат біткен соң қайтарып беруін сұрайды. Онда келушінің күнделікті шығыны және жалпы шығынның жинағы көрсетіледі, сонымен қатар келу мақсаты, баратын орны, болған аудандары мен түнейтін күндер саны көрсетіледі.

Күнделік әдісінің жақсы және нашар жақтары бар. Ол туристердің шығыны туралы толық мәлімет алуға мүмкіндік береді. Бұл әдістің жетістігі барлық төлем операциялары төленісімен күнделікке жазылады, сондықтан да дәлдік мәліметтер болады. Солай болғанымен, күнделік әдісінің бірқатар кемшіліктері де бар. Оның ішіндегі ең бастысы – күнделік формасын келушілердің барлығының міндетті түрде толтырмауы.

Халықаралық туризм статистикасының онан әрі дамуы – мәлімет базаларының жетіспеуінен шегерілуде. Қазіргі шақта әлемдік туристік алмасудың барлық көрсеткіштеріне бірде бір ел жүйелі түрде бақылау жасамайды. Статистикалық жұмыс жақсы жолға қойылған Францияның өзінде де есеп жұмысы үлкен мәселелермен жүргізіледі.

Халықаралық туризмнің статистикасы әр түрлі формада мәліметтер жинайды. Олар статистикалық бақылау есебі арқылы немесе арнайы жүргізілетін тексерулер арқылы жүргізілуі мүмкін. Көбінесе статистикалық мәліметтер бекітілген формалар бойынша белгілі бір уақыттарда кәсіпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан алынады. Бухгалтерлік есепке қарап, олар есеп қағаздарын толтырып, оны статистика органдарына жібереді. Дәл сол есептер туризм туралы негізгі мәліметтерді береді. Дегенмен, ол бұндай күрделі қоғамдық-экономикалық құбылыстың барлық жағын қамти алмайды. Сондықтан да туризм туралы мәліметтің бір бөлігін арнайы статистикалық бақылаудың көмегімен алады. Олар хат жазу немесе тексеру түрінде ұйымдастырылады. Осылардың арқасында келіп түскен мәліметтер есептерді толықтырады, ол туристік іс-әрекеттердің жеке аспектілерін толығырақ білуге көмек береді.

Туристік ағымдардың статистикасында келушілердің саны мен болуының ұзақтығы туралы мәліметтерді осындай есептерден алуға болады. Статистикалық бақылаудың ең кең тараған әдісі – шекарадағы есеп және орналасу орындарында-ғы келушілерді тіркеу.

Қазіргі шақта әлемнің 60 елінде шетелдік туристерді шекарада, ал 40 елде орналастыру орындарында тіркейді. Шекарадағы есеп елге келгенде және шыққанда кеден бақы-лауында жүргізіледі. Барлық бақылау рұқсат орындарында болады. Саяхатшылар туралы нақты мәлімет алудың негізгі көздері – олардың келу карточкасы, паспорт пен визасы және басқа да сол сияқты формалар. Олар туристердің жасы, жынысы, азаматтығы және сапардың мақсаты туралы мәліметтер береді. Шекарадағы есеп әдісі АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Ирландия, Испания, Греция, Франция, Үндістан, Алжир және басқа да елдерде қолданылады. Бұл әдіс кең тарағанымен, оның елеулі кемшілігі бар. Туристердің есеп саны шекараны кесіп өткенде кейде қайталанады, соның арқасында туристік ағымдардың жалпы мөлшері бірнеше есе көтеріліп кетеді.

Туристер есепке шекараны өткенде ғана алынып қоймайды, олар барып тоқтаған орындарында да алынады. Сондықтан шекарадағы есептеуден басқа да статистикалық бақылау әдісі қолданылады – келушілерді орналастыру орын-дарында тіркеу. Отель және басқа да орналастыру орындары күнделікті келушілерді тіркеп отырады. Әрбір келуші есеп карточкасын толтырады. Онда келушілердің саны, сонымен қатар азаматтығы немесе тұрақты тұратын елі, келген күні және отельде болуының ұзақтығы көрсетіледі. Осылай статистикалық бақылау кезінде алынған мәліметтер қонақ үйі базаларының толық жұмыс істеуін реттеп тұрады. Бұл әдіс халықаралық және ішкі туристерді де есептеу үшін пайдаланылады. Бірақ алда олардың болғандығы туралы толық мәлімет бермейді, өйткені барлық орналасу орындары сәйкес түрде есеп жасамайды.

Туристік табыс пен шығындар, физикалық туристік ағымдар ретінде әр түрлі әдістермен есептелінеді. Халық-аралық туризмнен түскен валютаның көлемін банктің есеп мәліметі арқылы және таңдап алып тексеру арқылы анықтауға болады. Банк әдісі халықаралық туристермен жүргізілген валюта операциясы туралы мәліметтерді жинаумен шектеледі.

Ұлттық (орталық) банк коммерциялық банктер және валюта айырбастау орындары арқылы туристік шығындарды есепке алып отырады, өйткені олар туризм каналы арқылы сатылған және сатып алынған шетелдік банкноттар туралы ұлттық банкке мәліметтер беріп тұрады. Банк әдісі Франция-да және басқа да Еуропа мемлекеттерінде қолданылады. Оның кең түрде қолданылуы – бірқатар артықшылықтары-ның болуы. Ол туристерден қосымша мәліметті қажет етпейді және статистикалық органдардың жұмысын қиындатпайды. Түскен мәліметтерді төлем балансын жасағанда Ұлттық банк өңдейді. Солай болғанымен, статистикалық бақылау про-цесінде банк әдісінен қателіктер туындайды. Себебі, "қара нарық" барлық елдерде де бар. Ол арқылы валюта ағымының бір бөлігі банк каналын айналып өтеді. Банк әдісі территорияларға бөліп қарағанда шетелдік туристерден түскен валютаның көлемі туралы дұрыс түсінік бермейді. Есеп ақша келіп түскен елдер бойынша жүргізіледі, сондықтан қателіктер кетеді.

5. Өз-өзін бақылау сұрақтары

  1. Халықаралық туризмнің статистикасы, оның тарихы мен екі негізгі бөлігі.

  2. Халықаралық туризмнің статистикасында ақпараттарды жинаудың әртүрлі түрлері.

  3. Индустриальді дамыған елдердің экономикасындағы дағдарысқа байланысты экономиканың нашарлауы халықаралық туризмде жаңа тенденцияларды құрады.

  4. Қазіргі туристік сұраныстың басты тенденциялары: ұзақ демалыс кезеңің бөлшектеу және үш S-ті үш L-ге айырбастау.