Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Халыаралы туризм географиясы.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
1.47 Mб
Скачать

6. Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Александрова А.Ю. Экономика и территориальная организация международного туризма. М.: МШГУ, 2009.- 105 с.

  2. Александрова А.Ю. Международный туризм. Учебное пособие для ВУЗов. М.: Аспект-Пресс, 2007. – 464 с.

  3. Александрова А.Ю. Структура туристского рынка. М.: Пресс-Соло, 2002. – 384 с.

  4. Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, методы, практика. - Алматы, 2000. – 336 с.

  5. Мироненко Н.С., Твердохлебов И.Т. Рекреационная география. М.: МГУ, 1981. – 207 с.

  6. Папирян Г.А. Экономика туризма. – М.: Финансы и статистика, 2008. – 208 с.

  7. Ананьев М.А. Экономика и география международного туризма. М.: 1975.

  8. Биржаков М.Б. Введение в туризм. – М.-Санкт-Петербург: Торговый дом «Гердаң, 2009. – 192 с.

  9. Гезгала Ян. Туризм в народном хозяйстве. –М.: Прогресс, 1974. - 212 с.

  10. Квартальнов В.А. Иностранный туризм. М.: Финансы и статистика, 1999. - 312 с.

  11. Немоляева М.Э., Ходорков Л.Ф. Международный туризм: вчера, сегодня, завтра. – М., 1985.

Тақырып 8

Діни туризмнің географиясы

Лекция мақсаты: дәріс тақырыптары бойынша діни туризмнің географиясың анықтау.

Лекция сұрақтары:

  1. Қажылық тарихы.

  2. Иерусалим - әлемнің ірі діни орталығы. Христиан қажылықтын орталықтары

  3. Мусульман қажылықтын орталықтары.

  4. Будда қажылықтын орта­лық­тары.

  5. Діни тақырыбы бойынша экс­курсиялық туризмнің географиясы. Діни мақ­саттарымен ғылыми туризмнің геогра­фиясы. Туристік іс-әрекеттің ұйымдастыруына әсер ететін діни туризмнің дамуы.

Діни туризм географиясы

Туристік ағымдарға елеулі әсерін діни мотивациямен сапарға барушылар тигізеді. Діни туризмнің тарихының тамырлары бірнеше ғасырларға кетеді. Ежелгі римдіктер мен гректер храмдарға жиі барып тұрды. Орта ғасыр дәуірінде құдайға табыну жалпылама сипаттама алады. ХІХ ғасырда қасиетті жерлерге саяхат ұйымдасқан түрге көшеді. Қазіргі шақта жыл сайын 200 млн-нан астам адам қасиетті жерлерге барып құдайға құлшылық жасап қайтады, оның ішінде 150 миллион – христиандар, 20-30 миллион – үнділер, 40 миллион – мұсылмандар, буддистер.

Туристік ағымдардың қалыптасуына діни мотивациясы әсер етеді. Діни туризмнің тарихы Антикалық замаңға жатады. Ежелгі гректер мен римдіктер шіркеулерге барған еді.

15-16 ғғ. қажылық қозғалыс күшееді. 19 ғ. қажылық ұйымдастыру түріне айналады.

Әлемде қажылықтың 11 мақраауданы бар:

  1. Христиандық Еуропа.

  2. Христиан діні басым болатын Солтүстік Америка.

  3. Христиан діні және жергілікті діндер басым болатын Латын Америка.

  4. Ислам басым болатын Солтүстік Африка.

  5. Ислам басым болатын Батыс және Оңтүстік Африка.

  6. Ислам, христиан, иудаизм діндері бар Батыс Азия.

  7. Индуизм және буддизм діндері кең тараған Оңтүстік Азия.

  8. Буддизм, ислам және христиан діндері кең тараған Оңтүстік-Шығыс Азия.

  9. Буддизм, конфуцианство, синтоизм басым болатын Шығыс Азия.

  10. Буддизм басым болатын Орталық Азия.

  11. Ислам басым болатын Орта Азия.

Әр мақроаймақ өзінің қажылық орталықтармен танымал болады. Мысалы, әлемдегі ең ірі діни орталық – Иерусалим. Иерусалим үш діннің орталығы болып саналады – иудаизм, христиан, және ислам. Еврейлер Стена Плача деген объектіге барады. Христиандар Воскресение храмына, ал мұсылмандар Омар мешетіне қажылыққа барады.

Христиан қажылықтың орталықтары – Еуропа: Рим (Италия), Париж және Лурд (Франция), Фатима (Португалия), Варшава (Польша), Мансеррат (Испания).

Мұсылман қажылықтың орталықтары – Сауд Аравиядағы Мекка – Мухаммед пайғамбарының тұған жері; Медина – 622 ж. Мухаммед бұл қалаға көшкен. Мұнда өмір сүріп, жерленген орны.

Будда қажылықтың орталықтары – Гималаида орналасқан Лхаса қаласы. Лхасада Далай-Лама сарайы орналасқан, Шри-Ланкада – Канди қаласы; Жапонияда – Нара қаласы – мұнда 16 м биіктігі бар Ұлы Будданың статуясы орналасқан.

Діни тақырыбы бар экскурсиялық туризнің географиясы

Мұндай саяхаттар ұзақ емес және діни мейрамдарына байланыспайды. Мұндай саяхаттарға қажылық жасайтын адамдар рухани мақсатымен шықса, ал туристер танымдық мақсатпен шығады. Туристер Израиль, Иордания, Франция, таулы шіркеулері бар Грецияға, Ватиканға – католик орталығына барады. Францияда ескерткіштердің 57% діни объектісі болып саналады және олар мемлекеттің қорғауында.

Діни мақсаты бар ғылыми туризмнің географиясы

Мұндай мақсаттағы туристік ағымдар Мысыр, Италия, Қытай,Үндістан, Жапонияға бағытталады. Мұндай саяхаттар көп емес, бірақ олар діни туризмнің географиясын кеңейтеді.

Францияда мәдени шараларды ұйымдастыру үшін Фонд құрылған. Фонд таулы жерде орналасқан шіркеулерді қалпына келтіреді. Сонымен қатар, Францияда қажылық бойынша епархий директорлардың ұлттық ассоциациясы құрылған. Ассоциацияның мақсаты француз және шетел жұмысын біріктіру.

Шет елде кейбір туристік фирмалар шіркеулермен бірге жұмыс істейді.

5. Өз-өзін бақылау сұрақтары

  1. Қажылық тарихы.

  2. Иерусалим - әлемнің ірі діни орталығы. Христиан қажылықтын орталықтары

  3. Мусульман қажылықтын орталықтары.

  4. Будда қажылықтын орта­лық­тары.

  5. Діни тақырыбы бойынша экс­курсиялық туризмнің географиясы. Діни мақ­саттарымен ғылыми туризмнің геогра­фиясы. Туристік іс-әрекеттің ұйымдастыруына әсер ететін діни туризмнің дамуы.