Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Халыаралы туризм географиясы.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
1.47 Mб
Скачать

6. Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Александрова А.Ю. Экономика и территориальная организация международного туризма. М.: МШГУ, 2009.- 105 с.

  2. Александрова А.Ю. Международный туризм. Учебное пособие для ВУЗов. М.: Аспект-Пресс, 2007. – 464 с.

  3. Александрова А.Ю. Структура туристского рынка. М.: Пресс-Соло, 2002. – 384 с.

  4. Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, методы, практика. - Алматы, 2000. – 336 с.

  5. Мироненко Н.С., Твердохлебов И.Т. Рекреационная география. М.: МГУ, 1981. – 207 с.

  6. Папирян Г.А. Экономика туризма. – М.: Финансы и статистика, 2008. – 208 с.

  7. Ананьев М.А. Экономика и география международного туризма. М.: 1975.

Тақырып 14

Солтүстік және Латын Америкасының туристік орталықтары мен аймақтарының негізгі сипаттамасы

Лекция мақсаты: дәріс тақырыптары бойынша Солтүстік және Латын Америкасының туристік орталықтары мен аймақтарының негізгі сипаттамасың анықтау.

Лекция сұрақтары:

  1. АҚШ-тағы халықаралық туризмнің даму (үлкен рекреациялық қор, рекреациялық территория­лардың негізгі типтері), АҚШ-тың Шығысын­дағы, Батысындағы және Орталықтарындағы негізгі туристік орталықтар.

  2. Тынық және Атлант мұхиттары мен Мексика шығанағының жылы жағалауларындағы маңызы рөлі. Аляска, Гавай аралдары.

  3. Канаданың негізгі рекреациялық аймақтары мен туристік орталықтары (халық ұлттық парк желісі, Ниагара ұлы көл). Кариб аймағы елдерінің негізгі туритік аймақтары мен орталықтары, Оңтүстік Американың құрғақ бөліктері.

  4. Аргентина мен Бразилияның негізгі туристік орталықтары

СОЛТҮСТІК ЖӘНЕ ЛАТЫН АМЕРИКАСЫНЫҢ ТУРИСТІК АУДАНДАРЫ МЕН ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ

Шетелдік туристерді қабылдаудан Америка аймағы Европадан кейінгі екінші орынды қазіргі шаққа дейін алып тұрды. ДТҰ анықтауы бойынша бұнда кіретіндер – Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка және Кариб бассейіндегі аралдар.

1970-2002 жылдары Америкаға келген туристердің саны және олардан түскен табыс.

Жыл

Туристердің саны

млн адам

Түскен табыс

млрд долл

1970

42,33

4,6

1980

62,4

25,5

1990

92,9

67,1

2000

128,3

132,8

2001

121,0

122,5

2002

120,2

2003

2004

2005

Американың аймақтарына келетін туристердің саны

Аймақ

1990

1995

2000

2007

2008

2009

2010

2011

Америка

68,9

99,6

122,3

132,8

122,5

132,8

122,5

132,8

Солтүстік Америка

54,8

77,5

92,1

101,0

91,3

101,0

91,3

101,0

Кариб бассейіні

8,7

12,2

15,8

16,8

16,9

16,8

16,9

16,8

Орталық Америка

0,7

1,6

2,8

3,1

3,2

3,1

3,2

3,1

Оңтүстік Америка

4,8

8,4

11,6

11,8

11,0

11,8

11,0

11,8

Американың аймақтарына келген туристерден түскен табыс

Аймақ

1990

1995

1999

2007

2008

2009

2010

2011

Америка

68,9

99,6

122,3

132,8

122,5

122,3

132,8

122,5

Солтүстік Америка

54,8

77,5

92,1

101,0

91,3

92,1

101,0

91,3

Кариб бассейіні

8,7

12,2

15,8

16,8

16,9

15,8

16,8

16,9

Орталық Америка

0,7

1,6

2,8

3,1

3,2

2,8

3,1

3,2

Оңтүстік Америка

4,8

8,4

11,6

11,8

11,0

11,6

11,8

11,0

Әлем туризмдегі туристердің келу санына қарай Америка аймағының үлесін құрады: 2000 ж – 18,5%, 2002 ж – 16,8%. Әлем туризмдегі Америка аймағының үлесі динамикалық жағынан тұрақсыз. Өйткені, 1970 жылдан 1985 жылға дейін ол үнемі төмендеп 20,17% жетті (1970ж – 25,5%), сосын біраз жылдар бойы тұрақсызданып тұрды да 1996 жылы 19,5% дейін төмендеді. Европадағы сияқты мұнда да аймақ ішіндегі алмасу аймақаралық алмасуда басым болды. Аймаққа келушілердің көбісі европалықтар болды. Ол жағынан онда көрінгені Ұлыбритания болды.

Әсіресе көп баратын аймақтар: АҚШ, Канада және Мексика – басты туристік орталықтар болып саналады. Туристердің келуі мен олардан түсетін табыс жағынан бірінші орында АҚШ. АҚШ әлемдегі ең ірі рекреациялық инфрақұрылым. Қонақ үйлеріндегі орынның саны 10 млн асады. Көлік инфрақұрылымы өте жақсы дамыған. "Дөңгелек үстіндегі" демалыс – көп тараған түрі – пикаптар, трейлерлер, кэмперлер. АҚШ-тың рекреациялық қоры 200 млн га немесе мемлекеттік жердің 60% болады. Қазіргі шақта оның жартысы пайдалануда.

АҚШ-тың территориясында бірнеше аудандар бар. Олар ресурстардың құрамы жағынан, игерілгенділік түріне қарай бір-бірінен айырмашылықта болады:

1) АҚШ-тың Шығысы – халық тығыз орналасқан индустриалды аудан, онда табиғи рекреациялық ресурстар аз. Қалалардың мәдени-тарихи ресурстары бар. Сондықтан мұнда танымдық туризмі дамыған. Табиғи рекреациялық зоналар ауыл шаруашылығына пайдалануға болмайтын, қиын жерлермен біріктірілген – Аппалачей ауданы, Висконсине мен Солтүстік Миннесота морено-көлдік ландшафтпен.

2) АҚШ-тың Батысы – Кордильеры таулы аймақтарын қамтиды. Бұнда табиғи территориялар жақсы сақталған. Ұлттық паркттердің үлкен бөлігі бар – Йеллоустон, Йосемитск, Гранд-Колорадо.

3) АҚШ-тың Орталығы – жақсы игерілген. Ірі су қоймаларының бойында рекреациялық зоналар орналасқан. Арканзас штатында минералды су көздерінде АҚШ-тың барлық белгілі курорттары бар.

4) Тынық, Атлант мұхиттары мен Мексика шығанағының жылы ағыстары халықтың демалысы үшін зор маңызын тигізді. Флорида түбегі үлкен халықаралық курортқа айналған, оған жыл сайын 50 млн туристер барады. Калифорния түбегінде халықаралық маңызы бар курорттар орналасқан. Аляскада туризм индустриясы өндіру өндірістері мен балық аулаудан кейін үшінші орын алады.

АҚШ Канада және Мексикамен халықаралық туристік байланыста болады. Канада да әртүрлі рекреациялық ресурстар бар. Онда, АҚШ-қа қарағанда, табиғи ресурстар жақсы сақталған, бірақ рекреациялық желілер нашар дамыған. Үлкен көлдердің жағалауының барлығы рекреациялық желілер.Канаданың солтүстігі рекреация жағынан нашар игерілген.

ЛАТЫН АМЕРИКА

Үлкен рекреациялық потенциалы болғанымен, Латын Америкасының басым территориясы, экономикасының нашарлығына және әлемнің негізгі туристік нарқынан қашықтығана байланысты туристер үшін дамымаған.

Халықаралық даму дәріжесіне қарай екі туристік ауданға бөлуге болады: 1) Кариб ауданы, оған кіретіндер Мексика, Орталық Америка елдері және Кариб теңізінің аралдардағы мемлекеттері, Бермуд аралдары 2) Оңтүстік Америка елдері.

Америка аймағында халықаралық туризмнің дамуы жағвнан Кариб ауданы екінші орын алады, оған Латын Америкасы бойынша шетелдік туристердің 2/3 бөлігі келеді. Ауданның географиялық орналасуы қолайлы туристік нарқы дамыған Солтүстік Америкамен көршілес. Канада мен АҚШ-тан Кариб аралдарына дейін ұшақпен 2,5-3 сағат қана. Кариб ауданына жыл сайын орташа есеппен 18 млн туристер келеді.

Кариб елдерінің ішінде көзге түсетіні Мексика, онда АҚШ-пен "көрші туризм" дамыған. Жылына Мексикаға 5 млн туристер келеді, негізінен АҚШ-тан. Туризм екі бағытта дамуда: біріншісі – орталық аудандардағы және Юкатан түбегіндегі көне үнді мәдениетінің көптеген ескерткіштерін рекреациялық мақсатта пайдалану. Бұндағы басты туристік орталық - Мехико; екінші бағыт Тынық мұхит жағалауындағы демалыс орындарын дамыту. Басты куророттар Аккапулько, Багам, Бермуд, Пуэрто-Рико аралдары.

Оңтүстік Америка елдерінде ішкі де, халықаралық туризмде өте нашар дамыған. Солай бола тұрсада солардың арасынан жеке бөлініп тұратын курорттар бар – Аргентинадағы таудағы курорт Мендос, теңіз жағалауындағы курорттар – Пунте-дель-Эсте Уругвайдағы, Бразилиядағы Копакабана мен Ипанема, Чилидағы Винья-дель-Мор курорты.

Оңтүстік Америка елдерінің мәдени-тарихи ескерткіштерінің болашағы зор.

5. Өз-өзін бақылау сұрақтары

  1. АҚШ-тың туристік аймақтарына мен орталықтарына сипаттама беру.

  2. Канада елінің туристік аймақтарына мен орталықтарына сипаттама беру.

  3. Карибі рекреациалық аймағына сипаттама беру.

  4. Аргентина, Бразилия, Уругвай, Чили елдерінің туристік аудандарына сипаттама беру.