Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТПМ силлабус (каз).doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
209.41 Кб
Скачать

8. Модульді аралық бақылау бойынша бақылау сұрақтарының тізімі.

«Статика» модулі бойынша бақылау сұрақтары

  1. «Статика» бөлімі нені зерттейді?

  2. Материалық нүкте дегеніміз не?

  3. Механикалық жүйе дегеніміз не?

  4. Теориялық механикадағы күш түсінігі.

  5. Күштер жүйесі дегеніміз не?

  6. Қандай күштер теңәсерлі деп аталады?

  7. Қандай күштер жүйесі эквивалентті деп аталады?

  8. Қандай күштер теңәсерлі деп аталады?

  9. Статика аксиомаларын атаңыздар.

  10. Күш әсерінің теңдігі және қарсы әсер туралы аксиомаларды тұжырымдаңыз.

  11. Байланыс және байланыс реакцияларына мысал келтіріңіз.

  12. Әсер ету сызығы бойымен күштерді тасымалдау теоремасы.

  13. Түйісетін күштер жүйесі дегеніміз не?

  14. Түйісетін күштер жүйесінің тепе-теңдік шарттары.

  15. Координата өсіне күштерді проекциялау.

  16. Күштің жазықтықтағы проекциясы.

  17. Күштің нүктеге және өске қатысты алгебралық моменттері.

  18. Күштің нүктеге қатысты векторлық моменті.

  19. Өске қатысты күш моментінің қасиеттері .

  20. Координата өсіне қатысты күш моментін анықтайтын формула.

  21. Күштің нүктеге қатысты векторлық моменті мен өске қатысты моменттерінің арасындағы байланыс.

  22. Қос күш дегеніміз не?

  23. Қос күш иіні дегеніміз не?

  24. Қос күштің алгебралық моменті қалай анықталады?

  25. Бір жазықтықта орналасқан қос күштердің эквиваленттігі туралы теорема.

  26. Параллель жазықтыққа қос күшті тасымалдау теоремасы.

  27. Қос күштің векторлық моменті.

  28. Қос күш моменттінің қосындысы туралы теорема.

  29. Қос күштерді қосу.

  30. Қос күштердің тепе-теңдік шарты.

  31. Берілген центрге күштерді келтіру.

  32. Нүктеге қатысты күштер жүйесінің бас моменті дегеніміз не?

  33. Бас вектор мен бас моменті анықтайтын формулалар.

  34. Кезкелген күштер жүйесінің тепе-теңдігінің векторлық шарты.

  35. Күштердің кеңістік жүйесінің тепе-теңдігінің аналитикалық түрдегі шарттары.

  36. Вариньон теоремасы.

  37. Күштердің жазық жүйесінің тепе-теңдік шартының түрлері.

  38. Статикалық анықталған және статикалық анықталмаған есептер.

  39. Түзу кесіндісі бойынша таралған тұрақты қарқындылықты парллель күштер.

  40. Сызықтық заңмен өзгеретін қарқындылықпен түзу кесіндісі бойынша таралған параллель күштер.

«Кинематика» модулі бойынша бақылау сұрақтары

  1. «Кинематика» бөлімі нені зерттейді?

  2. Нүкте траекториясы дегеніміз не?

  3. Траектория түрі бойынша нүктенің барлық қозғалыстары қандай қозғалыстарға бөлінеді?

  4. Сіздер қозғалыстың берілуінің қандай үш әдісін білесіздер?

  5. Қозғалыс берілуінің табиғи әдісі кезінде нүктенің қозғалысың анықтау үшін қозғалыстың қандай элементтері берілуі керек?

  6. Қозғалыс берілуінің табиғи әдісі кезіндегі нүктенің қозғалыс теңдеуі.

  7. Қозғалыс берілуінің табиғи әдісі кезіндегі жол үшін формулалар.

  8. Қозғалыс берілуінің векторлық әдісіндегі қозғалыс теңдеуі.

  9. Радиус-вектордың годографы.

  10. Нүктенің қозғалыс берілуінің координаталық әдісі.

  11. Декартты координатадағы нүкте қозғалысының теңдеуі.

  12. Қозғалыс берілуінің векторлық әдісі

  13. Нүктенің вектор жылдамдығы.

  14. Табиғи әдіспенпен берілген нүкте жылдамдығын анықтау.

  15. Жылдамдықты нүктенің траекториясына жүргізілген жанамаға проекциялау.

  16. Координаталық әдіспен берілген нүкте жылдамдығын анықтау.

  17. Координаталық әдіспен берілген нүкте жылдамдығының бағыты мен модулін анықтау.

  18. Нүкте жылдамдығының годографы.

  19. Жылдамдық годографының параметрлік теңдеуі.

  20. Векторлық әдіспен берілген нүкте үдеуін анықтау.

  21. Жылдамдық годографына және траекторияға қатысты үдеу векторының бағыты.

  22. Координаталық әдіспен берілген нүкте үдеуін анықтау.

  23. Табиғи координаталық өстер.

  24. Табиғи үшжақ.

  25. Траекторияның қисықтығы және қисықтық радиусы.

  26. Табиғи әдіспен берілген нүкте үдеуін анықтау.

  27. Нүктенің нормаль және жанама үдеулері.

  28. Қатты дененің еркіндік дәреже саны дегеніміз не?

  29. Қатты дененің қозғалысының бес түрін атаңыз.

  30. Ілгерілмелі қозғалыс дегеніміз не?

  31. Қатты дененің қандай қозғалыстары қарапайым түрге жатады?

  32. Ілгерімелі қозғалыстағы қатты дене нүктелерінің жылдамдығы, үдеуі және траекториясы туралы теорема.

  33. Қатты дененің айналмалы қозғалысы. Айналмалы қозғалыс теңдеуі.

  34. Бұрыштық жылдамдық пен бұрыштық үдеу.

  35. Қозғалмайтын өсті айналатын қатты дене нүктесінің жылдамдығы мен үдеуі.

  36. Айналдырғыш жылдамдықтың векторлық формуласы.

  37. Айналдырғыш және центрге тартқыш үдеудің векторлық формуласы.

  38. Қатты дененің қандай қозғалысы жазық немесе жазықпараллель деп аталады?

  39. Қатты дененің жазық қозғалысының қасиеті. Жазық фигураның жазықтығындағы қозғалысы.

  40. Жазық фигураның қозғалысын полюс төңірегін айнала жөне полюспен бірге ілгерілмелі қозғалыстарға бөлу.

  41. Жазық фигураның қозғалыс теңдеуі.

  42. Жазық фигураны нүктесінің жылдамдығы туралы теорема.

  43. Жылдамдықтың лездік центрі дегеніміз не?

  44. Жылдамдықтың лездік центрінің болуын дәлелдеу.

«Динамика» модулі бойынша бақылау сұрақтары

  1. Классикалық механиканың негізгі аксиомаларын атаңыз.

  2. Классикалық механика негізіне қандай заңдар енгізілген.

  3. Динамиканың негізгі заңын құрыңыз.

  4. Күштің , массаның және үдеу өлшем бірлігінің өзара байланысын түсіндіріңіз.

  5. Материалық нүкте қозғалысының дифференциалдық теңдеуін жазыңыз.

  6. Нүкте динамикасының негізгі екі есебі.

  7. Нүктенің түзу сызықтықты қозғалысының негізгі түрлері.

  8. Нүктенің кеңістіктегі және жазықтықтағы қисық сызықтықты қозғалысына мысалдар келтіріңіз .

  9. Бірінші текті Ланграж теңдеуін жазыңыз.

  10. Материалдық нүктенің салыстырмалы қозғалысының дифференциалдық теңдеуі.

  11. Қандай күш тасымалдаушы инерция күші деп аталады?

  12. Қандай күш Кориолис инерция күші деп аталады?

  13. Өске және нүктеге қатысты инерция моменттері.

  14. Координата өстеріне қатысты инерция моменттері.

  15. Жүйе қозғалысының дифференциалдық теңдеулерін жазыңыз.

  16. Нүктенің қозғалыс молшерінің өзгеруі туралы теорема.

  17. Жүйенің қозғалыс молшерінің өзгеруі туралы теорема.

  18. Қозғалыс мөлшерінің сақталу заңы.

  19. Қатты дененің ілгерілмелі қозғалысының дифференциалдық теңдеуін жазыңыз.

  20. Айналу өсіне қатысты дененің кинетикалық моментін анықтау.

  21. Нүктенің кинетикалық моментінің өзгеруі туралы теорема.

  22. Жүйенінің кинетикалық моментінің өзгеруі туралы теорема.

  23. Қатты дененің жазық қозғалысының дифференциалдық теңдеуін жазыңыз.

  24. Элементарлық орын ауыстыруда күштің элементарлық жұмысы қалай анықталады?

  25. Элементтарлық жұмыстың аналитикалық формуласын жазыңыз.

  26. Күш қүаты қалай анықталады?

  27. Кенига теоремасы.

  28. Қатты дененің кинетикалық энергиясы қалай анықталады?

  29. Қозғалмайтын өсті айнала қозғалған дененің кинетикалық энергиясы қалай анықталады?

  30. Нүктенің кинетикалық энергиясының өзгеруі туралы теорема.

  31. Жүйенің кинетикалық энергиясының өзгеруі туралы теорема.

  32. Даламбер принципі.

  33. Мүмкін орын ауыстыру принципі.

  34. Динамиканың жалпы теңдеуін жазыңыз.

  35. Екінші текті Лангранж теңдеуі.

Материалдар кедергісі пәнінен сурақтар

  1. Материалдар кедергісі пән не оқытады?

  2. Беріктік дегеніміз не?

  3. Қатаңдық дегеніміз не?

  4. Қию әдіс дегеніміз не?

  5. Бойлық күш дегеніміз не?

  6. Кернеу дегеніміз не?

  7. Кернеулі күй тұрлерін атаңыз.

  8. Статикалық момент қалай анықталады?

  9. Қиманың инерциялық моменті қалай анықталады?

  10. Инерцияның бас остері дегеніміз не?

  11. Инерцияның бас моменті дегеніміз не?

  12. Деформация дегеніміз не?

  13. Гук заңы қалай жазылады?

  14. Серпіндік модуль дегеніміз не?

  15. Көлденен деформация коэффициент дегеніміз не?

  16. Мұмкін нормаль кернеу қалай анықталады?

  17. Беріктік шарты қалай жазылады?

  18. Қатаңдық шарты қалай жазылады?

  19. Стаикалық анықталмаған жүйе дегеніміз не?

  20. Қандай кернеу бас кернеу деп аталады?

  21. Гуктың жалпылама кернеуін жазыңыз.

  22. Таза ығысу дегеніміз не?

  23. Ығысу кезіндегі Гук заңы қалай жазылады?

  24. Бұралу кезіндегі стерженьдегі кернеу қалай аталады?

  25. Бұралу кезіндегі беріктік шарты қалай жазылады?

  26. Бұралу кезіндегі қатаңдық шарты қалай жазылады?

  27. Рамадағы ішкі күштер қалай анықталады?

  28. Жазық иілу дегеніміз не?

  29. Көлденең күштің таңбасы қалай анықталады?

  30. Ию моментінің таңбасы қалай анықталады?

  31. Көлденең ию моментімен арасында қандай байланыс бар?

  32. Тік кернеу бойынша біріктік есептеу шарты.

  33. Жанама кернеудің анықтаудың формуласы.

  34. Бұрылу бұрышы дегеніміз не?

  35. Иілу мөлшер дегеніміз не?

  36. Иілу осінің универсал теңдеу.

  37. Қиғаш иілудегі ішкі факторларды атаңыз.

  38. Центрден тыс сығылу кезіндегі ішкі факторларды атаңыз.

  39. Қиғаш иілу кезіндегі беріктік шарты.

  40. Иіліп бұралу кезіндегі ішкі факторларды атаңыз.

  41. Бей тарап остің теңдеуін жазыңыз.

  42. Центрден тыс сығылған брустың беріктік шарты қалай тексеріледі?

  43. Орнықтылық дегеніміз не?

  44. Аумалы күш дегеніміз не?

  45. Эйлер формуласын жазыңыз.