Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Beka_Rus 1.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
3.32 Mб
Скачать

5.2.Сенімділік көрсеткішінің жиынтықты тәжірибелік ықтималдығының графиктері

Жиынтықты тәжірибелік үлестірілудің графиктеріне жиынтықты тәжірибелік ықтималдылық пен сенімділік көрсеткішінің интегралдық үлестірілуінің графиктері жатады. Жиынтықты тәжірибелік ықтималдылықтың графигін тұрғызу үшін абсцисса өсімен белгілі бір масштабпен сенімділік көрсеткішінің (t) мәнін, ордината өсімен жиынтықты тәжірибелік ықтималдылықтың мәнін келтіреді. Ординатада орналасқан жиынтықты тәжірибелік ықтималдылықтың горизонталь түзуімен абсциссада орналасқан интервалдардың соңғы нүктесінің вертикаль түзуімен қиылысқан кезде нүкте пайда болады.

Осы нүктелерді бір-бірімен түзу сызықпен қосқан кезде пайда болатын қисық сызықты график, жиынтықты тәжірибелік ықтималдылықтың графигі деп аталады.

Графиктің бірінші нүктесі интервалдың басындағы санға сәйкес келетін абсциссаөсі бойындағы нүктемен қосылады.

Тәжірибелік есептерді шығару үшін сенімділік көрсеткішінің гистограммасы мен полигон графиктеріне - Жиынтықты тәжірибелік ықтималдылықтың графигі

Тәжірибелік есептерді шығару үшін сенімділік көрсеткішінің гистограммасы мен полигон графиктеріне қарағанда жиынтықты тәжірибелік ықтималдылықтың графигін тұрғызу ыңғайлы. Себебі гистограмма мен полигон графиктерінде көрсеткіш интервалдарына сәйкес аудандарды анықтау қажет. Жиынтықты тәжірибелік ықтималдылықтың графигінде аудандарды есептемей-ақ, анықталатын көрсеткіштер ордината өсінің бойынан тікелей анықталады.

Мысалы, 32.3 мың мото-сағат өндірмеде жөндеуді қажет ететін қозғалтқыштар санын анықтау керек.

Ол үшін тәжірибелік ықтималдылық жиынтығының графигін немесе сенімділік көрсеткішінің(қозғалтқыш ресурсының) интегралдық үлестірілуінің графигін пайдаланамыз.

Графиктің абсцисса өсінен 32.3 мың мото-сағ мәнін табамыз, осы нүктеден тәжірибелік ықтималдылық жиынтығының қисық сызығына дейін вертикаль түзуін түсіреміз. Қиылысу нүктесінен ордината өсіне дейін горизонталь түзуін сызып, оның ордината өсімен қиылысу нүктесінің мәнін оқимыз.

График бойынша тәжірибелік ықтималдылық жиынтығының мәні Σрі=0,47 Жөндеуді қажет ететін қозғалтқыштардың нақтылы саны: Nдв= 0,47·70=33 дана.

Мұндай графиктің көмегімен өндірменің кез келген интервалында қозғалтқыштардың қарсылық санын анықтауға болады.

ƩPi

Сурет 5- Жиынтықты тәжірибелік ықтималдылықтың графигі

Тәжірибелік есептерді шығару үшін сенімділік көрсеткішінің гистограммасы мен полигон графиктеріне қарағанда жиынтықты тәжірибелік ықтималдылықтың графигін тұрғызу ыңғайлы. Себебі гистограмма мен полигон графиктерінде көрсеткіш интервалдарына сәйкес аудандарды анықтау қажет. Жиынтықты тәжірибелік ықтималдылықтың графигінде аудандарды есептемей-ақ, анықталатын көрсеткіштер ордината өсінің бойынан тікелей анықталады.

Мысалы, 3,5 мың мото-сағат өндірмеде жөндеуді қажет ететін қозғалтқыштар санын анықтау керек.

Ол үшін тәжірибелік ықтималдылық жиынтығының графигін(5-сурет) немесе сенімділік көрсеткішінің(қозғалтқыш ресурсының) интегралдық үлестірілуінің графигін(6-сурет) пайдаланамыз.

Графиктің(5-суретті қараңыз) абсцисса өсінен 3,5 мың мото-сағ мәнін табамыз, осы нүктеден тәжірибелік ықтималдылық жиынтығының қисық сызығына дейін вертикаль түзуін түсіреміз. Қиылысу нүктесінен ордината өсіне дейін горизонталь түзуін сызып, оның ордината өсімен қиылысу нүктесінің мәнін оқимыз.

График бойынша тәжірибелік ықтималдылық жиынтығының мәні Σрі=0,24. Жөндеуді қажет ететін қозғалтқыштардың нақтылы саны: Nдв= 0,26·69=18 дана.

Мұндай графиктің көмегімен өндірменің кез келген интервалында қозғалтқыштардың қарсылық санын анықтауға болады.

Мысалы, 3,0 – 3,5 мың мото-с интервалы аралығында қозғалтқыштардың қарсылық санын анықтайық.

График бойынша 3,5 мың мото-сағ өндірмеде жиынтықты тәжірибелік ықтималдылықтың мәні Σрі=0,26 болса, 3,0 мың мото-сағ өндірмеде жиынтықты тәжірибелік ықтималдылықтың мәні Σрі=0,06-ға тең.

Сонда 3,0 – 3,5 мың мото-с интервалы аралығында қозғалтқыштардың қарсылық саны: Nдв= (0,26 – 0,06)·69=14 қозғалтқыш.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]