Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОТЧЕТ ПО ПРАКТИКЕ.docx
Скачиваний:
26
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
124.1 Кб
Скачать

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

    1. Ұйымның жалпы сипаттамасы…………………………………………….…...4

    1. Ұйымның есеп-аналитикалық қызметі…………………………………...…....7

  1. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

    1. Қысқа мерзімді активтерді есепке алу: ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері…………………………………………………………...……….9

    1. Қысқа мерзімді активтер: қысқа мерзімді дебиторлық берешектер…..…….11

2.3Қысқа мерзімді активтер: Қорлар есебі………………………………………..12

2.4 Ұзақ мерзімді активтер: негізгі құралдар және материалдық емес активтер есебі………………………………………………………………………………….13

2.5 Міндеттемелер есебі……………………………………………………………15

2.6 Еңбекті және оған ақы төленуін есепке алу…………………………………..15

2.7 Өзіндік капиталды есепке алу…………………………………………………17

2.8 Өндіруге кеткен шығындарды есепке алу…………………………………….18

2.9 Дайын өнімді шығару мен сатуды есепке алу………………………………..19

    1. Қаржылық есеп беруді ұсыну………………………………………………..20

  1. ЖЫЛДЫҚ ТҮГЕНДЕУДІ ЖҮРГІЗУ………………………………………...22

4 АНАЛИТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС…………………………………………………...24

5 ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫС………………………………………………………….26

6 САЛЫҚ САЛУ……………………………………………………………………27

7 АУДИТ……………………………………………………………………………28

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………...30

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы (бұдан әрi - Стратегия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы» Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.

Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.

Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.

Нарықтық экономикалы елдердiң, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңдары бюджет қаражатын жеке кәсiпорындарға қаржы және инвестициялық қолдау көрсетуге жұмсауға тыйым салады. Осыған сәйкес нақты жеке компанияларға қаржылық қолдау көрсету мемлекеттiк сыбайлас жемқорлықтың көрiнiсi ретiнде бағаланады. Тәжiрибе осындай көзқарастың дұрыстығын көрсеттi.

Әдетте, мемлекет нақты компанияларға тiкелей қаржылық қолдау көрсете алмайды және онымен айналыспауға тиiс, бiрақ экономиканың бәсекелестiк қабiлетiн арттыру мәселелерiнде, жеке кәсiпорындарды жаңғыртуға, инновациялық процестерге қатысуға және осы арқылы өзiнiң өндiрiстiк және бәсекелестiк әлеуетiн құруға және жақсартуға ұмтылуға ұйытқы әрi бастамашы болуы мүмкiн және болуы тиiс.

Диплом алдындағы өндірістік практика «VIP-ГТ» ЖШС-де өтіліді.

Өндірістік тәжірибе өту барысында «VIP-ГТ» ЖШС-нің бухгалтерлік есебінің қалай жүргізілетінін зерттелді.

1 Негізгі бөлім

    1. Ұйымның жалпы сипаттамасы

«VIP-ГТ» ЖШС-гі өз қызметін Жарғы негізінде жүзеге асыратын, негізгі мақсаты – табыс табу болып табылатын зады тұлға [Тіркеме 1-2]. Компания Қазақстан нарығынды 10 жылдан астам өз қызметін жүзеге асырып келе жатыр. Өз қызметін компания кеңсе тауарларын алып-сатудан бастаған. Алғаш кезде тауарларды тек құрылтайшысы NT компаниясынан алып отырған. Кейіннен басқа жабдықтаушылармен жұмыс жасай бастады. Компания алғашында тек Алматы қаласында жұмыс жасады. Кейіннен өзінің қызметін кеңейту мақсатында және өзге қалаларда туындаған сұранысқа байланысты Қазақстанның өзге қалаларында ашыла бастады. Бүгінде компанияның Алматы, Астана, Ақтөбе, қалалардында сату бөлімдері бар. Компания бүгінгі күнде 60 шақты адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр.

«VIP-ГТ» ЖШС-нің бизнес стратегиясы – максималды сервис жасау болып табылады. Тауралардың кең таңдау түрлері, барлық қызмет түрлері, жағымды орта, сонымен қатар тауарлар мен бағаның жағымды үйлесімділігі компанияның екі деңгейде: бөлшектеп сату және көтермелеп сатуда сапалы әрі тиімді жұмыс атқаруына мүмкіндік береді. Өзінің сауда желісі арқылы еліміздің 3 ірі қала тұрғындарын мектеп және кеңсеге арналған әлемдік дәрежедегі сапалы тауарды қол жетерліктей ету – компанияның мақсаты болып келеді. Компания менеджерлері әр клиенттің және де олардың ішіндегі ең талғампаздарының сұранысын қысқа мерзім ішінде қарастырып және корпоративті клиенттер үшін айрықша жағдайларды ұсына алады. Ұсынылған тауарлар мен қызметтер ассортиментін оңтайландыру, өз тұтынушысына барынша географиялық жақындық, сату жолдарының қазіргі заман талаптарына сай технологиялар ендіру және ұсынылған тауардың сапасын үнемі жақсарту саясаты – Компания жұмысының негізгі қағидасы болып қалған.

Сауда жүйесі

Қазақстанның ірі қалаларында компанияның кең сервис жүйелері бар: Астана, Алматы, Ақтөбе. Осындай тармақталған қызмет жүйесі арқылы Компания тұтынушылардың кең шеңберін толықтай көлемде қысқа мерзім ішінде қанағаттандыруға тырысады. Бірыңғай архитектуралық стильдегі қазіргі заман талабына сай техника мен көліктермен қамтамасыз етілген компанияның стау дүкендері әр қаланың бетке ұстары болып отыр. Қазақстанның барлық аумақтарында тауарлардың біркелкі ассортименті, қызмет көрсетуі, сату саясатының біркелкілігі, біркелкі құн саясаты дамыған. Филиалдар арасындағы шапшаң байланыс бір уақытта және қысқа мерзімде бір қаладағы төленген келісім шарт бойынша тауарларды жеткізуді жүзеге асырады. Өзіне өзі қызмет көрсету жүйесі, тауарларға деген еркін қатынас, штрих-кодтау жүйесі және түрлі кеңсе керек-жарақтарымен лық толған сөрелер сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады және сатып алу өрісін айтарлықтай жылдамдатады.

Қызметтер

«VIP-ГТ» өз клиенттеріне түрлі қызметтер түрін ұсынады:

- Компания сайтындағы Интернет-дүкен;

- Төлемнің түрлі формалары және иілмелі жеңілдіктер жүйесі;

- Клиенттердің өкілділік аймақтарының кез-келген нүктелеріне деген жөнелтім;

- 3 қала бойынша тауарды офиске дейін жеткізу;

- Сатып алынған барлық тауарларға кепілдік;

- Қайырымдылық және жарнамалық мақсатпен сыйлық жинақтарын жинақтау, қоғамжық іс-шаралар ұйымдастыру;

- Біркелкі құн саясаты және т.б.

Компания жоғары сапалы тауарды дер кезінде және шапшаң жеткізіп салуға, тауарлардың сапасына кепіл және сатып алынғаннан кейінгі қызметке үлкен назар аударады. Ал бұндай кепілдерді осы нарықта болашақта да жұмыс атқарғысы келетін компаниялар ғана ұсына алады. Клиенттермен жұмыс жасау саясатының маңызды бір қағидасы - ол клиенттің сенімділігі болып табылады. Ондай құрметке жету ғана емес, оны күннен-күнге қолдау маңызды.

Серіктестер

Компания әлемнің 4 елінің  тұрақты серіктестері болып табылады. Олар – Түркия, Қытай, Тайланд, Ресей. Негізгі тұрақты жабдықтаушылары:

- N-T Kitap kirtasiye Buro, Түркия

- Double A (1991) Public Company Limited, Тайланд

- MONARK TRADE Consulting Co Limited CN, Қытай

- «Стамм» ААҚ, Ресей

- «Хатбер КАЗАХСТАН» ЖШС, Қазақстан және т.б.

«VIP-ГТ» серіктес – жабдықтаушыларды Қазақстандық тұтынушылар талабына сәйкес таңдап алып, Компанияның қоймаларында тауарлардың өте көп мөлшер сан көлемінің бар болуын қамтамасыз етеді. Көбінесе компания Қазақстанның географиялық орналасуына байланысты қазақстандық тұтынушылардың тілектері мен қажеттілігін алдын ала білу мен дүкендердің сөрелеріне тауарлардың дер кезінде жеткізілуін реттеп отырады. Бірнеше жылдар бойы көптеген серіктестермен ынтымақтастықта болғаннан «VIP-ГТ» Қазақстанға көптеген сауда белгілерін жеткізуші ретінде таңдамалы компаниялардың бірі болды. Компания қол жеткізген жетістіктерімен тоқтамайды, сол себептен компания мамандары үнемі барлық халықаралық ірі көрмелерге барады, жаңа өндірушілерді іздестіру жұмыстарын жүргізеді және жаңа тауарлар, брендтерді бағалайды, жаңа дизайнерлердің дайындаған жұмыстарына және тауар өндірушілердің тауар бағытына белсенді түрде қатысады.

Компания клиенттері

«VIP-ГТ» компаниясының ең басты мақтанышы - ол клиенттерінің ауқымы бір жасар баланың қолына қалам алуынан басталып, шексіздікке созылады, өйткені үйрену мен даму - кез-келген жас аралығындағы әр адамның негізгі сипаты. Бізге әр тұтынушы – жеке тұлғалар және заңды тұлғалар да маңызды. Сатып алушылар қатарында кіші сынып оқушылары, зейнеткерлер және атақты әрі республикамыздың көрнекті тұлғалары бар.

Біздің корпорпоративті клиенттеріміз:

  • "КАЗКОМ" АҚ

  • «Альянс Банк» АҚ

  • " Авиакомпания SCAT" АҚ

  • Алматы қаласындағы "Корпорация Казахмыс" ЖШС Филиалы

  • "ОНТУСТИК МУНАЙГАЗ" АҚ

  • "POSCO ENGINEERING & CONSTRUCTION CO.LTD" Филиалы

  • "Редакция "Южный Казахстан" МКК

  • "Real Company" (Реал Компани) ЖШС

  • "Коммеск-Омир" Сақтандыру компаниясы Филиалы

  • "News Al Khalidiah Tourism" ЖШС

Тауарлар

Кеңсе тауарлары жылдан жылға адам тіршілік әрекетіне еніп, адамзаттың жанында бүкіл өмір бойы серік болады, бала-бақшаларындағы алғашқы суреттер мен ермексаздан жасалған пішіндерден бастап, кәсіпорын және мекеме жұмыс орындарын безендіруге дейін. Кеңсе тауарларына деген қажеттілік артқан сайын, тұтынушының тауарға және қызмет сапасына деген мұқтаждығы да артады, сондықтан да әртүрлі жас топтарының, кәсіби бағыттар мен халықтың әлеуметтік жігін қанағаттандыру үшін «VIP-ГТ» үй және кеңсеге арналған тауарлардың кең ассортиментін ұсынады. «VIP-ГТ» клиенттерінің өзгешелік белгілері, ол – таңдау құқығы, кез-келген тауарды түсі мен дизайнын өз қажеттілігі мен мүмкіншілігіне сәйкес таңдай алуы.

Тауар ассортименті 40 мыңнан асады:

Таурларадың негізгі ассортименттері:

  • Қағаз өнімдері;

  • Кітаптар;

  • Балалар әдебиеті, Көркем әдебиет;

  • Сөздіктер;

  • Тематикалық кітаптар, Оқу-әдістемелік құралдар;

  • Кеңсеге арналған тауарлары;

  • Жазу құрал-жарақтары;

- Компьютер аксессуарлары;

  • Сөмкелер мен портфельдер;

  • Кәсіби суретшілерге арналған көркемөнер материалдары мен сызу құрал-жабдықтары және т.б.

«VIP-ГТ» ЖШС-нің басқа кеңсе тауарлар компанияларынан айырмашылығы:

  • Тауарлар мен қызмет көрсетудің жоғары сапалылығы;

  • Тауарлардың аса зор ассортименті;

  • Бізде сатып алынған бүкіл тауарға кепіл беріледі;

  • Әр тұтынушыға арналған арзан баға;

  • Қазақстанның ірі 3 қаласында қызмет көрсетуі;

  • Корпоративті клиенттерге арналған жеке менеджерлер;

  • Компанияның тауарлар ассортименті – 6000 тауардан асады;

  • Өте жақсы қызмет ететін маркетинг және логистика жүйесі.