Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОТЧЕТ ПО ПРАКТИКЕ.docx
Скачиваний:
26
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
124.1 Кб
Скачать

7 Аудит

Аудит – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатымен тексеру. Нақты, әр елдердегі аудит туралы анықтама берген авторалды қарастыратын болсақ, Англия ғалымы Рой Додж өзінің “Краткое руководство по по стандартам и нормами аудита” кітабында “аудит – тәуелсіз, дербес тексеру және табыстылық ақпарат туралы өз пікірін айту”, - деп анықтама берген. Басқа бір англиядағы белгілі бухгалтерлік есеп, аудит маманы Роджер Адамс “Аудит негізінде кәсіпкерлік ретінде қызмет көрсету, қоғам үшін өте қажет мәліметтурдің дүрыстығын анықтаумен, кәсіпорынның табыстылық ақпаратын тексеріп, басылымға шыққан міліметтердің шындығын анықтау” – деп анықтама берген.

Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем – есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы – шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынып аудиторлық фирмалардың (аудиторлардың) кәсіпкерлік қызметі болып табылуында.

Қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты – аудиторға қажылық қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатының стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы қоятын мақсатты түсінуіміз керек.

Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру компаниялары, көлік және коммерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар мен қызметтерді көрсетулерді орандау, коммертциялық операцияларды ақша қаражаттары мен инветициялардың займын жүргізу бойынша сан алуан келісім – шартттық (келісімді) қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар арсындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады.

Аудиттің маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне қол жеткізуде болып табылады. Атап айтқанда:

  • Экономикалық субъектілердің (фирмалар, акционерлік қоғамдар);

  • Салық қызметі тұлғасындағы мемлекеттің;

  • Қаржылық есеп беруді әр түрлі пайдаланушылардың;

  • Аудиторлардың меншік иесі мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, сонымен бірге есеп және қорытынды есеп беру мақсатында.

Аудитке деген қажеттілік меншік құқығы мен кәсіпорынды басқару бөлінген кезде пайда болады. Бірақ аудитті жүргізуге деген заң талаптары жоқ кезде де қаржылық есеп беру аудитіне тән белгілі басымдылықтар болады.

Аудиттің мазмұнын қарастыру барысында оның нақты құрамы айту қажет. Олар мыналар:

  1. шаруашылықтағы субъеккт;

  2. мәлімет;

  3. аудитордың мамандығы;

  4. фактілерді жинау және бақылау;

  5. аудит стандарты;

  6. аудитор ақпараты.

Осы көрсетілген аудит элементтерін жеке-жеке қарастыру қажет.

Шаруашылықтығы субъект. Аудит жұмысын орындау үшін міндетті түрде сол субектінің шаруашылық бағытын, көлемін анықтау қажет. Оны сол субъектінің шаруашылық параметірлері құрайды. Оған аудит барысында нақты болжам жасау үшін аудит қамтитын объектілердің көлемі, мақсатты қарастырылыуы қажет. Мысалы, заң субектілері немесе эканомикалық объектіге қосылмайтын мәлімет жүйесі.

Мәлімет. Аудит жұмысы барысында тапсырушылар берген мәлімет қарастырады. Аудитор олардың дұрыстығын дәлелдеп, өзінің жаңа мәліметтерін құрайды. Сол жұмыс барысында олардан кемшілік табуы немесе дұрыс еместігін анықтауы мүмкін. Ол негізінде екі түрлі себептен болуы мүмкін;

1) ақпаратта кейбір мәліметтердің жетіспеушілігінен;

2) ақпарат дұрыс жасалғанбағандықтан.

Қорыта келгенде, жоғарыда келтірілген аудиттің міндетті құрамын қарастырмай, нақты аудит жүргізу мүмкін емес. Аудиттің міндеті мен мақсаты толық орындау үшін оның принціптерін білу қажет.

ҚОРЫТЫНДЫ

Диплом алдындағы өндірістік тәжірибе өту барысында «VIP-ГТ» ЖШС негізгі қызметімен таныстым.

Серіктестік өз қызметін Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жүргізеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестер туралы» Заңына сәйкес және өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына, кәсіпорын жарғығсына сәйкес жүзеге асырады.

Кәсіпорын коммерциялық ұйым болып табылады.

Серіктестік ерікті түрде құрылған, орта кәсіпкерлік субъектісі мәртебесіне ие жұмысшыларының саны жылда 250 адамнан және жалпы жылдық активтерінің құны үш жүз жиырма бесмың еселенген айлықесептік көрсеткіштен аспайтын кәсіпкерлік қызметімен айналысады.

Серіктестік қызметінің басты мақсаты – таза табыс алу болып табылады.

Серіктестіктің негізгі қызмет түрі

  • кеңсе керек жарақтарын көтерме, бөлшектеп сату

  • ойыншық, базарлық бұйымдарын, аудио видео CD, DVD, VCD, кітап, техниканы сатып алу – сату

  • полиграфиялық қызмет

  • сыртқы экономикалық қызмет

  • көтерме және бөлшек сауда жасау

Бухгалтерия кәсіпорынды басқыруда ең негізгі орын алады. Ол өндірістің қаржылық жағдайын көрсетеді. Активтерді, өзіндік капиталды, міндеттемелерді есепке алуды ХҚЕС №2 сәйкес бухгалтерлік есепте шоттар жоспары сай екі жақты жазба бойынша жүргізіледі.

Негізгісі «VIP-ГТ» ЖШС бухгалтериясы жоғарғы дәрежеде жұмыс жасайды және оз алдына қойылған есептерді уақытылы және дұрыс орындауға ұмтылады.