Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОТЧЕТ ПО ПРАКТИКЕ.docx
Скачиваний:
26
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
124.1 Кб
Скачать

2.7 Өзіндік капиталды есепке алу

Өндіріспен, саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадай түрімен айналысатын шаруашылық субъектілерді қайсыларының болса да шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық құндылықтары, ақшалай қаражаттары, қаржалақ салымдары, табыс табу мақсатында жұмсаған шығындары болуы қажет. Осы жоғарыда аталғандардың ақшалай жиынтығы капитал болып саналады. Шаруашылық субъектісі алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол субъекті құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Кейінгі уақыттарда субъектінің өзінің қызметі барысында тапқан таза пайдасы және сондай – ақ басқа да көздерден, тегін түскен көздер мен ақшалай қаражаттар есебінен өсіп отырады.

Субъектінің мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Шаруашылық субъектісі меншікіті капиталының көздері болып мыналар саналады:

  • Жарғылық капитал

  • Резервтік капитал

  • Бөлінбеген пайда

Жарғылық капиталдың есебі

Ұйымның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған ұйымның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.

Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да мүліктердің немесе мүліктік құқықтарының есебінен құрылады. Сонымен қоса, жарғлық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердің, қатысушылардың) қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды.

«VIP-ГТ» ЖШС мекемесінің жарғылық капиталына салынатын салымдары ақша да, бағалы қағаздар да, мүлік те, мүліктік құқық та және басқа да мүліктер болуы мүмкін.

Құрылтайшылардың жарғылық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік құқығы ақшалай нысанды бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі керек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт қуаттауы керек.

«VIP-ГТ» ЖШС-тің құрылтайшылары болып мыналар болып табылады:

  1. Түркия Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған «N-T Kitap Kirtasiye Buro Malzemeleri Pazarlama Ve Turizm Ticaret Anonim Sirketi» компаниясы, Ыстамбул қаласының сауда реестрінде тіркелген, тіркеу №422402, күні 06.09.2010 ж. Жарғы капиталының қатысу үлесі – 90 - 135 000 (жүз отыз бес мың) теңге.

  2. Түркия Республикасының азаматы Тозар Месут Шукру, туылған жылы 31.10.1970, паспорт TR-O №480335, Анкара қаласының Әкімшілігі тарапынан 13.05.2004 ж. берілген. Жарғы капиталының қатысу үлесі – 10 - 15 000 (он бес мың) теңге.

2.8 Өндіруге кеткен шығындарды есепке алу

Ұйымның жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге белінеді.

Негізгі ондіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға (желілік, үсталық, престеу — машина жасау зауыттарында) арналған жартылай фабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.

Көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім ондіруге, қызмет корсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді (жөндеу-механикалық және аспаптық цехтар, электр-көліктік, сумен жабдықтау және т.б.).

Кез келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызметті көрсету белгілі бір шығындармен байланысты, ондай есеп мынаны қамтамасыз етуі керек: жалпы өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік құнын есептеу (калькуляциялау), қызметті көрсету, жұмысты орындау, өндірілген өнімнің нақты шығысын толық, дер кезінде жөне шынайы көрсету, сондай-ақ жалпы бизнесті үйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен жоспарлау үшін ақпараттарды жинау және бақылауды көздейді.

Шешімді қабылдау үшін ақпараттарды жинаған кезде белгілі бір шешім типтерін қабылдау үшін белгілі бір шығын түрлері маңызды болуы, ал кейбіреулері үшін сол шығындар ескерілмеуі мүмкін.

Калькуляция дегеніміз – өнімнің атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметгердің бір өлшемге есептелінген өзіндік құны болып табылады. Ол ұйым жұмысын жедел басқару үшін маңызды роль атқарады және ішкі резервтерді дер кезінде ашуға және өнімнің өзіндік қүнын жоспарлауға, өнімге, жұмыстар мен қызметтерге көтерме және бөлшек бағаларды негіздеуге пайдаланылады.

Калькуляциялауды жасау мерзімі: алдын ала және кейінгі (немесе кезектегі) болып екіге бөлінеді.

Шаруашылық операциялары журналында келесі мәліметтер бар.

Негізгі өндірістің цехына босатылған материалдар – 360 000 теңге, көмекші өндірістің цехына босатылған материалдар – 20 000 теңге, негізгі өндірістің еңбеккерлеріне есептелген еңбекақы – 1 300 000 теңге, көмекші өндірістің еңбеккерлеріне есептелген еңбекақы – 850 000теңге, әлеуметтік салық – 232 000 теңге. Шоттар тобы бойынша корреспонденциясын жасау керек, негізгі жіне көмекші өндіріс өнімдерінің өзіндік құнын келтірілген мәліметтер бойынша анықтау қажет, негізгі өндірістің 90 дана және көмекші өндірістің 40 дана өнім шығарғанын ескеріп, негізгі және көмекші өндіріс өнімдерінің өзіндік құнын анықтау қажет.

Операциялар мазмұны

Сома

дебет

Кредит

Негізгі өндірістің цехына босатылған материалдар

360 000

8110

1310

Көмекші өндірістің цехына босатылған материалдар

20 000

8310

1310

Негізгі өндірістің еңбеккерлеріне есептелген еңбекақы

1 300 000

8110

3350

Көмекші өндірістің еңбеккерлеріне есептелген еңбекақы

850 000

8310

3350

Негізгі өндіріс қызметкерлерінің табысына есептелген әлеуметтік салық (232 000/(1 300 000+850 000)*1 300 000)

140 279

8110

3150

Сол сияқты көмекші өндіріс

91 721

8310

3150

Келтірілген мәліметтер бойынша ай ішінде шығарылған негізгі өндірістің өзіндік құны: 360,0+1300,0+140,279=1800279 теңге.

Сол сияқты бір дана өнім =1800279/90=20003 теңге

Ай ішіндегі көмекші өндіріс өнімінің өзіндік құны: 20,0+850,0+91,721=961721 теңге.

Сол сияқты бір дана өнім =961721/40=24043 теңге.