Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОТЧЕТ ПО ПРАКТИКЕ.docx
Скачиваний:
26
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
124.1 Кб
Скачать

2.2 Қысқа мерзімді активтер: қысқа мерзімді дебиторлық берешектер

Материалды-жауапкершілікті адамның жұмысындағы ауытқулар анықталған жағдайда бухгалтер бас бухгалтерді немесе басшылықты хабардар етуге тиісті.

Ай соңында қоймаға «Материалдар қалдығы кітабы» тапсырылады, оған карточкадан материалдық қорлар қалдығы көшіріледі. Осылайша қоймадағы есеп заттай ал бухгалтерияда қорлардың сақталған орны бойынша ақшаға шағылып көрсетіледі.

«VIP-ГТ» мекемесінің қоймасынан бухгалтерияға түскен «Құжаттарды тапсыру реестрі» тіркелген құжаттармен бірге бағаланады.

Есептің журналдық-ордерлік материалдар қозғалысы есебі тізімдемесі (ведомості) қоймалар бойынша материалдық қорлардың қалдығы мен қозғалысы жайлы және материалды-жауапкершілікті адамдар бойынша мәліметтер жинақтап қаржыланатын есеп тізілімі жинағы қызмет етеді. Оған материалдар қалдығы тізімдемесінен, есепті кезең ішіндегі материалдар қозғалысы бойынша жинақтаушы тізімдемелерден, сондай-ақ материалды-жауапкершілікті адамдардың материалдық есептерінен мәліметтер көшіріледі. Материалдар қозғалысы есебі тізімдемесі синтетикалық есептің мәліметтерін материалдарды талдаушы есеп көрсеткіштерімен үйлестіруге арналған. Түскен материалдық қорлар құны синтетикалық шоттар шамасындағы немесе белгіленген есептік топтар бойынша келтіріледі. Сонымен қатар, тізімделсе де алынған материалдардың нақты өзіндік құнының есептік бағалар бойынша құннан ауытқулары есебі жүргізіледі. Материалдардың қозғалысын есептеу тізімдемесі, сондай-ақ шығындарды бағыттау бойынша (синтетикалық шоттар, қосалқы шоттар (субшоттар)) материалдар шығынын бөлуге де қызмет етеді. [Тіркеме 5]

«VIP-ГТ» ЖШС Келісім бойынша шетелдік жабдықтаушыдан бағамы 1АҚШ долларына 183.2 теңге бағамымен 100 мың АҚШ доллары көлемінде 12 510 мың теңгеге тауар алынады.

Бухгалтерлік есепте келесі жазбалар жазылады:

1)Тауар кірістеледі:

Дт 1330 «Тауарлар»;

Кт 3310 «Жеткізуші мердігерлерге қысқа мерзімді

берешек» -12510,00.

2.3 Қысқа мерзімді активтер: Қорлар есебі

Тауарлы-материалдық қорлар - өндіріс циклінде қолданылатын әр түрлі еңбек заттары. Олар өндіріс процесінде тұтынылып, өзінің құнын өндірілетін өнімге толығымен аударады.

Халықаралық қаржылық есесптің «Қорлар» стандарттарына сәйкес тауарлы-материалдық қорларға мыналар жатады:

  • Шикізат, материал, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен құрамдас бұйымдар, құрылғылар мен тетіктер, отын, ыдыс (қап, қорап, жәшік т.б.) және ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, өндірісте қолдануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған басқа да материалдық қорлар;

  • Аяқталмаған өндіріс;

  • Мекеменің іс әрекеті барысында сатуға арналған дайын өнімдер, тауарлар.

ХҚЕС 2 ( халықаралық қаржылық есеп стандарттары) сәйкес қорлар екі өлшемнің ең кішісімен өзіндік құнның және өткізудің таза құнымен бағалануы тиіс.

«VIP-ГТ» компаниясының негізгі қызметі тауарларды сату болып табылғандықтан, сатылымдағы материалдарға және кассадағы ақша қаражаттарына материалды жауапты тұлғаның арасыдағы қатынас өте маңызды. Жұмысқа қабылданған материалды жауапты тұлға міндетті түрде қызметтік инструкцияға қол қойылады. [Тіркеме 15 ]

Материалдар алу сәтінде нақты құны (синтетикалық есепте) немесе есептік баға (аналитикалық есепте) бойынша көрсетіледі.

Материалдарды алудың нақты құны ұйымның осы қорларды дайындау мен жеткізу шығындарынан және сатып алу бағасынан құралады.

Есептік бағалар (алудың жоспарлы өзіндік құны орташа сатып алу бағасымен және т.б.) бойынша материалдарды есептеуде есептік баға ретінде қорлардың құны мен қор алудың нақты құны арасындағы айырма осы шоттаға есептеу арқылы айқындалады.

Баланста материалдар есебі нақты құны бойынша көрсетіледі, осы баға бойынша олар синтетикалық есепте, ал аналитикалық есепте – тұрақты есептік бағалармен (келісім-шарттық немесе жоспарлы есептік) есептеледі.

Егер материалдарды есептеу келісім-шарттық бағалар бойынша ұйымдастырылса, онда олардың нақты құны осы бағалар бойынша материалдар сомасына қосу көлік-дайындау шығындары (КДШ) қосылып шығарылады. ХҚЕС-на сәйкес КДШ құрамына жабдықтау-өткізу ұйымдарына төленген үстеме бағалар, барлық қосымша алымдарымен бірге жүкті тасығаны үшін кіре ақы төлемі, «VIP-ГТ» мекемесінің қоймасына материалдарды түсіру мен жеткізу шығындары, дайындау орындарында ұйымдастырылған арнайы дайындау кеңселерін, қоймалар мен агенттіктерді ұстауға арналған шығындар, материалдарды алу мен жеткізуге байланысты (жабдықтаушылардан жүк жеткізілгендегі ұйымның жүргізушілері, жүк тиеушілер)және іссапар шығындары кіреді.

ТМҚ сатуда жүк құжаты мен шот-фактура тапсырылады, ТМҚ міндетті түрде сенім-хат арқылы табысталып, оны алғандығын растап сатып алушы тарапынан қол қойылады. [Тіркеме 8-10]

«VIP-ГТ» қызметін бірнеше сату бөлімшелері арқылы жүзеге асыратындықтан, тауарларын негізгі қоймадан әр қаланың қоймаларына аударады. Бұл операция материалдарды ауыстыру накладнойымен расталады. [Тіркеме 14]

Мекемедегі материалдар белгілі уақыт аралығына жарамды болып уақыт өте есептен шығарылып отырады. Ондай материалдарға қолданысқа алынған су, жанармай, кеңсе тауарлары және өзге де керек-жарақтар жатады. Бұл операция Есептен шығару және Есептен шығару актісімен расталып, арнайы коммиссияның қолымен рәсімделеді. [Тіркеме 18]

«VIP-ГТ» ЖШС бойынша тауар 184 теңге бағамы бойынша 216 АҚШ доллорына өткізілді немесе 39744 сомасына (184*216);

Дт 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары»;

Кт -6010 «Өнімдерді өткізу мен қызмет көрсетуден

түскен кіріс» - 39744 теңге.

    1. Ұзақ мерзімді активтер: негізгі құралдар және материалдық емес активтер есебі

Негізгі құралдарға олардың құнына байланыссыз, бір жылдан астам қызмет ету мерзімі бар ғимараттар, құрылыстар, кеңселік заттар, есептегіш техникалар, компьютерлер, көлік құралдары жатады.

Негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес бағытта болуы мүмкін. Өндірістік емес бағытка - жарғылық қызметпен байланысы жоқ негізгі құралдар жатады.

Өндірістік бағыты бойынша - жарғылық қызметті жүзеге асырумен және нәтижесінде пайда алумен байланысты құралдарды жатқызуға болады. Сонымен қатар өндірістік бағыттағы негізгі құралдарға банктің дәрежесін жоғарылатуға арналған заттар (картиналар, вазалар, сервиздер) жатады, себебі клиенттерді тартуда банк беделінің маңыздылығы сондай, банк қосымша пайда алуына ықпалын тигізеді. Алғашқы нақты түрін сақтай отырып, олар өздерінің кұнын жұмыстарды орындауға немесе есептелген амортизация (тозу) сомасында көрсетілген қызметтерге аударады. Келесі топтарға бөлінеді:

- ғимарат және құрылыс;

- компьютерлер;

- көлік құралдары;

- құралдар және басқа да шаруашылық құрал-саймандар;

- басқа да негізгі құралдар.

Бухгалтерлік есепте материалдық емес активтердің анықтамасы негізгі құралдардың анықтамасына сәйкес келеді, яғни жай қызметтер үрдісінде сатуға арналмаған және ұзақ мерзімге пайдалану мақсатымен сатып алынады.Егер оларды пайдаланудан болашақта табыс алынады деген ықтималдылық болса және егер оларды сенімді бағалауға болатын болса ғана олар танылады.Тауардың немесе қызметтің келуі шот-фактура және шығыс накладнойымен рәсімделеді.[Тіркеме 17]

«VIP-ГТ» ЖШС Бухгалтерлік есепті жүргізу барысында,өзіндік құнның құрамына өндірістік объектілер үшін төленген жалдау ақысы ғана кіретіні ескере кетейік.

Шаруашылық операциялардың мазұны

Дт

Кт

1.Есепті кезеңдегі есептелген жалдау ақысы

8110

3390,3540,4170,4430

2.Есептелген жалдау ақысының пайыздық жалдау бөлігі

7310

3360,4150

3.Жалдау ақысының ҚҚС

1420

3390,3540,4170,4430

4.Жалдау ақысы

3360,4150,3390,3540,4170

1030

    1. Міндеттемелер есебі

Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндірісен айналысатын субъекті сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де саудемен де айналыспайтын субъектілердің өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлерге олардың істеген еңбегі үшін, сондай – ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шетелдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай – ақ міндеттемелерін ешктен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі. Осы айтылғандар туралы толық түсінік беретін қаржылық есептің ең негізгілерінің бірі болып саналатын тақырыптардың бірі – міндеттемелер есебі. Мекеме жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы екі жақты есеп айырысуын нақтылап екі жақты есеп айырысуы актісін жасап отырады. Ол міндетті түрде екі жақтың қол және мөр қоюымен расталады. [Тіркеме 20]