Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия.Марксизм.docx
Скачиваний:
31
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
45.63 Кб
Скачать

Алматы Энергетика және Байланыс Университеті

Аэроғарыш және ақпараттық технологиялар факультеті

“Әлеуметтік пәндер кафедрасы”

№1 Семестрлік жұмыс

Тақырыбы: Марксизм және неомарксизм философиясының ерекшеліктері

Орындаған: ПСк-14-2 тобының студенті

Темір Р.Б

Қабылдаған: Мұхамеджан Қ.Ш

.

Алматы , 2015

Кіріспе

    XX – ғасыр философиясындағы аса күрделі кезең – “қазіргі марксизм” деп аталатын ленинизмнің дүниеге келуі. Оның себебі бар. Ең алдымен оған объективті жағдай әсер етті. Егер Маркс пен Энгельс капитализмнің монополияға дейінгі кезеңдерінде өмір сүріп,сол кездің проблемаларына жауап іздеген болса, В. И. Ленин копитализмнің империалистік дәуірінде өмір сүрді. Бұл қайшылықтар еңбек пен капитал арасында ғана емес, капиталистік елдер арасында да пайда болды. Олай болса, капитализмнің біркелкі дамуы да бұзылды. Ақырында, капитализм Шығыс елдеріне, оның ішінде Ресейге де таралды. Ресей экономикасы алдыңғы қатарлы дамыған ел болмаса да, онда революция жасалуы әбден мүмкін еді. Ресейдегі буржуазиялық – демократиялық революцияның жетекші күші пролетариат болатыныайқын байқалды. Сондай – ақ, XIX – ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында жаратылыстану ғылымдарында, әсіресе физикада ірі жаңалықтар ашылды. Атомнан электронның бөлініп шығуы атомның ең кішкентай қарапайым бөлшек еместігін, электрон атомнан 2 мың есе кіші және қасиеті одан мүлдем басқа, жарық сәуледей жылдамдықпен қозғалатын аумағы (массасы) үдайы өзгеріп отыратынын көрсетті.

Міне, бұл жағдай материалист философтардан байсалды тұжырымдар күтті. Бірақ оған Г. В. Плеханов сияқты ірі философ материяның жойылуы мүмкін еместігі туралы пікір айтудан жалтарды, тіпті байқамаған сыңай танытты. Н. Бердяев былай деп жазды: “Философия, өнер, рухани мәдениет саласында Ленин өте артта қалған, қарапайым адам, оның ұнататыны мен тәуір көретіні өткен ғасырдың 60 – 70 жылдарының адамдарын ініндей еді”, — дейді.

В. И. Ленин философияны ең алдымен ең алдымен халықшылдарғақарсы күресеотырып дамытты. Халықшылдардың Ресей капитализмге соқпай дами алады деген пікірін сынай келіп, XIX ғасырдың екінші жартысында Ресей капиталистік даму жолына түсті, олай болса, ол капитализмге соқпай дамиды деген пікір – бос даурығу: мақсат – капитализм ауыртпалықтарынан тез өтуде, деп дәлелдеді.

Жоспары

1.Кіріспе................................................................................................................2

2.Негізгі бөлім

А) Марксизм .........................................................................................................5

Б) Марксизм философиясы..................................................................................7

В)Неомарксизм.....................................................................................................13

3.Қорытынды......................................................................................................15

4.Пайдаланған әдебиеттер................................................................................16

Марксизм

Марксизм — XIX ғасырдың 40-жылдары Карл Маркс пен Фридрих Энгельс негізін қалаған философиялық, экономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі. Марксизмнің теориялық қайнар көзі — классикалық неміс философиясы (Г. Гегель, Л. Фейербах), классикалық ағылшын саяси экономиясы (А. Смит және Д. Рикардо) және француз утопиялық социализм ілімі (Ш. Фурье, Р.Оуэн және Сен-Симон). Марксизмнің мақсаты, қоғамның негізгі қозғаушы күші ретінде жұмысшы табының маңызын теориялық негіздеу болды. Философия саласында марксизм табиғат, қоғам мен ойлау дамуының жалпы заңдарын (қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы, терістеуді терістеу заңы, т.б.), Гегельдің идеалистік философиясы ережелерін тұжырымдап, қоғамды, ең алдымен, экономиканы талдау кезінде қолданды. Марксизмнің түйінді идеялық қағидалары — қосымша құн және өндірісті қоғамдастыру түсініктеріне негізделген капитализмнің экономикалық жүйесін талдау, тарихи материализмнің философиялық жүйесі, соның ішіндепролетариаттың тарихи рөлі туралы қорытындылары XIX ғасырдың 2-жартысында жұмысшы қозғалысының негізгі идеологиясына айналды. Марксизм дүниені кең ауқымда қайта құрудың белгілі бір үлгісін қалыптастыруға бағытталды, жаппай әлеуметтік, рухани көзқарастар төңкерісі идеясын жариялады. Классикалық марксизм ымырасыздығымен, іске асатын жобасының зардаптары туралы мәселені шешудегі қаталдығымен ерекшеленді. Марксизм социалистік төңкеріс нәтижесінде пролетариат диктатурасын, екі кезеңнен (социализм мен коммунизм) тұратын коммунистік қоғам орнатуды мақсат етті. Марксизмдегі аш-қан қоғамдық-экономикалық формация теориясы бойынша жаңа өндіргіш күштер мен күні өткен өндірістік қатынастардың арасында жанжал шығып, әлеуметтік төңкеріске әкеледі. Нәтижесінде бір формация екіншімен ауысады.