Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия.Марксизм.docx
Скачиваний:
31
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
45.63 Кб
Скачать

Неомарксизм

Идеялық қайнар көздері: Классикалық марксизм.

Негізін салушылар және өкілдері: П. Баран, П. Суизи, С. Амин, А. Иммануэль, И. Валлерстайн, А. Франк. Идеялары мен тұжырымдары: 1. Классикалық марксизмнің қоғам ішіндегі таптық антагонизм туралы негізгі ережесін қатынастар сахнасына бейімдей отырып, бай және кедей мемлекеттердің арасындағы тең емес қатынастарға ауыстырады. 2. Бай дамыған елдер экономикалық даму деңгейі төмен елдерді тонап, қанаумен ӛздерінің байлығын, қуатын үстемелей береді. Бүгінгі күнгі бүкіл әлемдік экономикалық байланыстар жүйесі байлардың байып, кедейлердің кедейлене түсүін қамтамасыз етіп отырады. Батыс елдерінің ―үшінші әлемге беретін қаржы, техникалық, гуманитарлық кӛмегі шын мәнініде кедей мемлекеттерге кӛмек бермек тұр ғой, оларды одан әрі тонап, өздеріне тәуелді етудің амалы болып табылады, осы тұрғыдан алғанда халықаралық экономикалық, қаржы ұйымдарының кедей мемлекеттерге берер кӛмегінің мәні де жағымды емес. Неомарксистердің бұл тұжырымдамасының өміршең екендігін Аргентинадағы 2002 жылдан басталып, өте қатты экономикалық дағдарыс мысалынан кӛруге болады. Осы дағдарысқа байланысты Оңтүстік Америка елдері Батыстың қуатты мемлекеттері мен халықаралық экономикалық, қаржы ұйымдарын Аргентинадағы жағдайға кінәлі екендіктерін мойындауға шақырды. 3. Осының бәрін ескере келгенде қазіргі заманғы халықаралық жүйе «бай» орталық «кедей» шет аймақты (периферия) қанауға негізделген ғаламдық империя болып табылады.Бұл тұста біз неомарксистерге макроәлеуметтік парадигма тән екенін көреміз, яғни онда бүкіләлемдік қатынастар біртұтас әлеуметтік қатынастар ретінде қарастырады. Неомарксизм шеңберіндегі теориялық ағымдардың бірі- гегемониялық тұрақтылық теориясы. Оның негізін салушы итальяндық марксист А. Грамши. Бұл ағым дүние жүзінде тұрақтылықты қамтамасыз етіп, барлық мемлекеттердің дамуы, экономикалық алмасулары үшін қолайлы жағдай туғызудың мүмкін жолы күшті бір немесе бірнеше мемлекеттің айналысына топтастырылған халықаралық орта құру болып табылады. Яғни, күшті мемлекет халықаралық қатынастарды реттеуші, билік жүргізуші құзіретке ие болады. Қазіргі заманғы Америка Құрама Штаттары немесе ат төбеліндей- ақ бай елдер өз дегенін жүргізіп отырған жағдайды алар болсақ, тұрақтылықтың бұл жобасының шындықтан алыс емес екендігін көреміз.

Қорытынды

Қорыта айтқаңда, марксистік әдіс диалектикалық қана емес, сондай — ақ материалистік, ал марксистік теория — материалистік қана емес, сондай — ақ диалектикалық әдіс.Демек, марксизм философиясында материализм мен диалектика біріне — бірі тәуелсіз екі құрамдас бөлшек емес, біртұтас ілім, өйткені ол бейнелендіретін шындық дүниенің өзі — бір мезгілде әрі материалдық, әрі диалектикалық дүние.

Сонымен, дүниеге диалектикалық — материалистік көзқарастың жасалуы, материализмнің диалектикалыққа айналуы, материалдық дүниенің және оны таньп — білудің ішкі   диалектикалық   процесінің ашылуы   Маркс   пен Энгельстің философияда жасаған революциялық төңкерісінің ең бірінші көрінісі болып табылады. Марксизмге дейінгі материализм жай пайымдаушылық сипатта болды: оның өкілдері дүниені практикадан тәуелсіз, адамдардың дүниені өзгертуге бағытталған мақсатты іс — әрекетіне байланыссыз — ақ танып білуге болады деп санады.

Диалектикалық материализмнің негізін салушылар, керісінше, адамдардың дүниені танып білуінің негізі практикалық іс — әрекет, оның ішінде материалдық игіліктер өндіруге бағытталған мақсатты іс — әрекет екенін терең түсіне отырып, таным теориясына практика критерийін енгізді, практика танымның негізі және ақиқаттылықтың өлшеуіші, анықтаушысы деген қағиданы енгізді.

Сөйтіп, Маркс пен Энгельс теория мен практиканың табиғи бірлігін қамтамасыз етті. Бүл да марксизмнің философияда жасаған революциялық төңкерісінің көрінісі болды. Маркс пен Энгельс диалектикалық материализмді дәйекті түрде қоғам өміріне, тарихқа қолдана отырып, тарихи материализмді жасады, қоғамдық болмыстың біріншілігі, қоғамдық сананың екіншілігі жайындағы оның негізгі мәселесін тұжырымдады: адамдардың материалдық түрмыс жағдайы қандай болса, жалпы алғанда олардың ой — санасы соған сәйкес болатынын т.б. негіздеп берді.