Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
01_ush_negiz.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
12.03.2016
Размер:
321.54 Кб
Скачать

Екінші негіз: ислам дінін дәлелдермен тану

Екінші негіз: Ислам дінін дәлелдермен үйрену. Яғни бірқұдайшылықты (таухидты) ұстану, Аллаһқа (Оның бұйрықтары мен тыйымдарында) бойсұну, ширк (көпқұдайшылық) пен оны жасайтындарға қатыссыз болу арқылы Аллаһқа бағыну (берілу). Ислам дінінің үш сатысы бар: Ислам, Иман, және Ихсан. Әр саты өз тіректеріне ие.

Бірінші саты: Ислам.

Исламның бес тірегі бар:

1) «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ және Мухаммед - Оның Елшісі» деп куәлік беру;

2) Намазды орындау (әс-салят);

3) Зекет беру (әз-закят);

4) Рамазан айында ораза ұстау (әс-саум);

5) Аллаһтың Қасиетті Үйіне қажылық жасау (әл-хәжж).

«Лә иләһә илләЛлаһ» куәлігінің ақиқаттығына дәлел - Аллаһ Тағаланың мына сөздері:

                   

«Аллаһ әділдікпен үкім шығарып, Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ екеніне куәлік берді, сондай-ақ періштелер және білім иелері де. Тым Үстем, Хикмет иесі Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ!» («Әли `Имран» сүресі, 18-аят).

«Лә иләһә илләЛлаһ» куәлігінің мағынасы: «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты шынайы құдай (тәңір) жоқ!». «Лә иләһә» сөзі Аллаһтан өзге құлшылық етілетін бүкіл құдайларды жоққа шығарады (нәфий). «ИлләЛлаһ» сөзі құлшылық етуге тек Аллаһ ғана лайықты екенін растау (исбәт). Аллаһтың мүлкінде ешқандай серігі болмағанындай, құлшылық етуде де ешқандай серігі жоқ. Осы куәліктің мағынасын Аллаһтың мына сөздері толық ашып береді:

               

«Міне, Ибраһим өз әкесіне және еліне: «Расында, мен сендердің құлшылық етіп жүргендеріңнен аулақпын (бездім), тек мені жаратқаннан (Аллаһтан) басқа. Расында, ол мені тура жолға салады», - деді». («Зухруф» сүресі, 26-278-аяттар).

Сондай-ақ мына аяттар:

                                

««Ей, Кітап иелері! Біздің арамыз бен сендердің араларыңда ортақ бір сөзге келіңдер. Жалғыз Аллаһқа құлшылық қылайық, Оған ешнәрсені серік қоспайық. Сондай-ақ, Аллаһтан бөлек бір-бірімізді тәңіс тұтпайық» - де. Егер олар бет бұрса: «Куә болыңдар, ратында біз мұсылманбыз!» – деңдер». («Әли `Имран» сүресі, 64-аят).

«Мухаммадур-расулюЛлаһ» куәлігінің дәлелі - Аллаһ Тағаланың мына сөздері:

              

«Сендерге өз араларыңнан ардақты елші келді. Оған сендердің бастарына түскен қиыншылықтар ауыр тиеді, сендерге өте ынтық, мүміндерге өте жұмсақ, мейірімді». («Тәубе» сүресі, 128-аят).

«Мұхаммед – Аллаһтың елшісі» куәлігінің мағынасы: пайғамбарымыз Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйрықтарына бойсұну; хабарларын растау; тыйған және қайтарған нәрселереінен аулақ болу; сондай-ақ, Аллаһқа тек ол көрсеткеніндей құлшылық ету.

Намазға және зекетке Аллаһтың мына сөздері дәлел:

                 

«Олар Аллаһқа ханифтер сияқты ықыласпен құлшылық етуге, намазды орындауға және зекет беруге бұйырылған. Міне, осы тура - дін». («Бәйинә» сүресі, 5-аят).

Оразаның дәлелі - Аллаһтың келесі сөздері:

              

«Әй, иман келтіргендер! Сендерден бұрыңғыларға (ораза) парыз етілгендей, сендерге де ораза парыз етілді. Мүмкін тақуалық етерсіңдер!» («Бақара» сүресі, 183-аят).

Қажылыққа дәлел - Аллаһтың келесі сөздері:

                 

«Аллаһтың жолына шамасы келген адамдарға Аллаһ үшін Қағбаны зиярат ету міндетті. Ал кім қарсы шықса, Аллаһ бүкіл әлемдерден бай!» («Әли `Имран» сүресі, 97-аят).

Екінші саты: Иман.

Оның жетпістен астам тармағы бар. Олардың ең жоғарғысы - «Лә иләһә илләЛлаһ» куәлігі. Ал ең төменгісі - жолдан адамдарға зиян тигізуі мүмкін нәрселерді алып тастау. Сондай-ақ ұялу да – иманның бір тармағы.

Иманның алты тірегі бар:

  1. Аллаһқа иман келтіру;

  2. Періштелеріне иман келтіру;

  3. Кітаптарына иман келтіру;

  4. Елшілеріне иман келтіру;

  5. Ақырет күніне иман келтіру;

  6. Тағдырға, оның жақсылығы мен жамандығына иман келтіру.

Осы алты тірекке дәлел - Аллаһ Тағаланың мына сөздері:

                   

«Игілік тек жүздеріңді шығыс пен батысқа қаратуларыңда емес, бірақ (нағыз) игілік – кім Аллаһқа, Ахырет күніне, періштелеріне, кітапқа және пайғамбарларға иман келтірсе...» («Бақара» сүресі, 177-аят).

Тағдырға (иман келтірудің) дәлелі - Аллаһтың келесі сөздері:

     

«Расында, біз әрбір нәрсені тағдырмен (өлшеумен) жараттық». («Қамар» сүресі, 49-аят).

Үшінші саты: Ихсан.

Оның тірегі біреу: Аллаһқа, оны көріп тұрғандай құлшылық ету. Егер Оны көре алмасаң (да), Аллаһ сені көріп тұр деген оймен құлшылық ету. Оған дәлел - Аллаһтың келесі сөздері:

        

«Расында, Аллаһ тақуалармен және ихсан құлушылармен бірге». («Нәхл» сүресі, 128-аят).

Сондай-ақ мына аят та:

                  

«Өте Үстем, ерекше Мейірімді (Аллаһқа) тәуекел ет! Ол сені (намазда) тік тұрып тұрғаныңда көреді және сәжде етушілердің арасында жасаған қимылдарыңды да (көреді). Ақиқатында, Ол – (барлық нәрсені) Естуші, Білуші». («Шу`ара» сүресі, 217-220-аяттар).

Мына аят та:

                     

«Қандай жағдайда болсаң да, Құраннан нені оқысаң да және қандай амал істесеңдер де, оған кіріскендеріңде сендердің үстеріңнен Куәгерміз». («Юнус» сүресі, 61-аят).

Бұған Сүннеттен дәлел - Жәбрейілдің белгілі хадисі. Умар («оған Аллаһ разы болсын) былай деп баяндаған: «Бірде біз Пайғамбарымызбен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) отырған кезде, киімдері аппақ, шаштары қап-қара бір кісі кіріп келді. Оның үстінде сапар іздері байқалмады, бірақ арамыздан ешкім оны танымады. Ол Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алдына жақындап келіп, тізесін оның тізесіне тигізіп, екі алақанын сандарына қойып, оған бетпе-бет отырды. Сосын: «Уа, Мухаммад, маған Ислам туралы хабар бер», - деді. (Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың иігілігі мен сәлемі болсын)) былай деді: «Бұл -Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына және Мухаммад - Оның елшісі екеніне куәлік беруің, намазды орындауың, зекет беруің, рамазан айында ораза ұстауың және шамаң келсе (Қағбаға) қажылық жасауың». Ол: «Рас айттың!», - деді. Біз оның өзі сұрап, өзі растап жатқанына таң қалдық. Кейін ол: «Маған Иман туралы хабар бер», - деп сұрады. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың иігілігі мен сәлемі болсын): «Ол – Аллаһқа, періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне, Ақырет күніне иман келтіруің және тағдырға: жақсылығы мен жамандығына иман келтіруің», - деп жауап берді. Ол: «Рас айттың!» - деді. Содан соң ол: «Маған Ихсан туралы хабар бер!», - деді. Пайғамбар (оған Аллаһтың иігілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһқа, оны көріп тұрғаныңдай құлшылық етуің. Егер Оны көре алмасаң да, Ол сені көріп тұр деген оймен құлшылық етуің», - деді. Ол кісі: «Маған Қиямет туралы хабар бер», - деді. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың иігілігі мен сәлемі болсын): «Сұралушы сұраушыдан артық білмейді», - деп жауап берді. Сонда (әлгі кісі): «Онда маған оның белгілерін атап бер», - деді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Күң (құл әйел) өзінің қожайынын туатынын; жалаңаяқ, жалаңаш кедей қойшылардың биік ғимараттар көтеруде бір-бірімен жарысатынын көресің», - деді.

Содан соң ол кісі шығып кетті, ал біз сол жерде біраз уақыт қалдық. Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың иігілігі мен сәлемі болсын) менен: «Уа, Умар, сұраушының кім екенін білесің бе?», - деп сұрады. Мен: «Аллаһ және Оның Елшісі жақсырақ біледі», - деп жауап бердім. Сонда ол: «Бұл – Жәбраиль, діндеріңді үйрету үшін келді», - деді». (хадисті Муслим жеткізген).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]