Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
01_ush_negiz.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
12.03.2016
Размер:
321.54 Кб
Скачать

Үшінші негіз: пайғамбарды (оған аллаһтың иігілігі мен сәлемі болсын) тану

Ол – Мухаммад ибн `Абдуллаһ ибн `Абдул-мутталиб ибн Һашим. Һашим -Құрайш тайпасынан, ал Құрайш - араб тайпаларының бірі. Арабтар - Исмаильдің ұрпағы, ал Исмаильдің әкесі – Аллаһтың сүйіктісі Ибраһим (оған және Пайғамбарымызға Аллаһтың ең ұлы және ең жақсы игілігі мен сәлемі болсын). Пайғамбарымыз (оған Алаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алпыс үш жыл өмір сүрді: пайғамбарлықтан алдын қырық жыл, ал Пайғамбар және Елші болып жиырма үш жыл. «’Аләқ» сүресінің алғашқы аяттарының түсуімен ол пайғамбар (нәби) болды. «Муддассир» сүресінің алғашқы аяттарының түсуімен ол елші (расуль) болды. Туылған жері – Мекке!

Аллаһ Тағала оны адамдарға оларды ширктен (Аллаһқа серік қосудан) сақтандыру үшін және бірқұдайшылыққа шақыру үшін жіберді. Бұған дәлел Аллаһтың келесі сөздері:

                     

«Әй оранушы! Тұр да, ескерт! Раббыңды ұлықта! Киіміңді тазала! Әр түрлі лас істерден аулақ бол! (Қылған ісіңді) көп міндет қылма. Раббың үшін сабыр ет». («Муддәссир» сүресі, 1-7-аяттар).

«Тұр да, ескерт!» сөздерінің мағынасы: ширктен сақтандырып (қайтарып), таухидке шақыру. «Раббыңды ұлықта!» - яғни Оны жалғыздау (таухид) арқылы ұлықтау. «"Киіміңді тазала!» - яғни амалдарыңды ширктен тазарт. «Лас істерден аулақ бол!» - яғни пұттарды таста, пұттарға құлшылық етуден және оларға құлшылық ететіндерден аулақ бол!

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) он жыл бойы таухидке шақырған. Кейін Аллаһ Тағала оны аспанға көтеріп, оған бес уақыт намазды парыз етті. Ол кісі (Меккеде) үш жыл бойы намазды орындады. Содан соң ол Медина қаласына һижрат жасауға бұйырылды. Һижрат дегеніміз – бұл ширк (көпқұдайшылық) елінен Ислам еліне қоныс аудару. Ширк елінен Ислам еліне көшу - осы үмметке парыз, әрі ол Қиямет күніне дейін жалғасады. Бұған дәлел - Аллаһтың мына сөздері:

                                                        

«Періштелер өздеріне зұлымдық еткендердің (бұлар Меккеден көшпей қалғандар) жандарын алғанда: «Қандай жағдайда едіңдер?» - дейді. Олар: «Біздер бұл жерде шамасыз едік», - дейді. (Періштелер): «Аллаһтың жері сендер онда көшулерің үшін кең емес пе?» - дейді. Міне бұлардың орны Тозақ болады. Бұл барар орын нендей жаман! Бұл тек шара қолдана алмайтын және тура жол таба алмайтын шамасыз еркектерге, әйелдерге және балаларға қатысты емес. Осындайларды Аллаһ кешіруі мүмкін, өйткені Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Жарылқаушы. («Ниса» сүресі, 97-99-аяттар).

Келесі аят та:

        

«Әй, менің иман келтірген құлдарым! Расында, Менің жерім кең, сондықтан Маған ғана құлшылық етіңдер!» («`Анкәбут» сүресі, 56-аят).

Имам әл-Бағауи (оны Аллаһ рахым етсін) былай деген: «Бұл аят Һижрат жасамаған Меккеліктерге қатысты түскен. Аллаһ оларды иман келтіргендер деген есіммен атады».

Һижратқа Сүннеттен дәлел - Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың иігілігі мен сәлемі болсын): «Тәубе қабыл етілгенше һижрат үзілмейді, және Күн батыстан шықпайынша тәубенің қабыл етілуі тоқтамайды», - деген хадисі. (хадисті Ахмад (99/4) және Әбу Дәуд (2479) жеткізген, хадис сахих).

Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Медина қаласына келіп орналасқан соң, оған Исламның басқа да құлшылықтары бұйырылды. Мысалы: ораза, зекет, қажылық, азан, жиһад, жақсылыққа бұйыру мен жамандықтан қайтару және басқалары. Осыларды орындап, ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) он жыл өмір сүрді, кейін қайтыс болды. Алайда, оның діні қалды! Міне осы – оның діні! Ол ешбір игілікті қалдырмастан үмметтіне толық жеткізді. Ешбір жамандықты қалдырмастан үмметін одан тыйды. Ол жеткізген игілік – бұл таухид және Аллаһ жақсы көріп, разы болатын барлық нәрсе. Ол қайтарған жамандық – бұл ширк және Аллаһ жек көретін барлық нәрсе. Аллаһ оны бүкіл адамзатқа елші етіп жіберді. Оған бағынуды жындар мен адамдардың барлығына парыз етті. Бұған дәлел - Аллаһ Тағаланың келесі сөздері:

       

«(Әй, Мухаммад!) "Уа, адамдар! Ақиқатында, мен барлықтарыңа Аллаһтың елшісімін!" - деп айт». («А`раф» сүресі, 158-аят).

Аллаһ елшісі арқылы Өзінің дінін толықтырды (кәміл етті). Бұған дәлел – Аллаһ Тағаланың мына аяттары:

             

«Бүгін діндеріңді толықтырдым, өз нығметімді тәмәдадым және сендерге Ислам дінімен разы болдым». («Мәида» сүресі, 3-аят).

Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дүниеден өткеніне дәлел - Аллаһтың мына сөздері:

            

«(Уа, Мухаммад!) Расында, сен өлесің, олар да өледі. Сосын Қиямет күні сендер Раббыларыңның алдында тартысасыңдар». («Зумәр» сүресі, 30-31-аяттар).

Адамдар өлген соң қайта тіріледі. Бұған дәлел - Аллаһтың келесі сөздері:

         

«Одан (топырақтан) сендерді жараттық. Оған қайтарамыз да, екінші рет одан шығарамыз». («Та-һа» сүресі, 55-аят).

           

«Аллаһ сендерді жерден өсіріп өндірді. Сосын сендер оған қайтарыласыңдар да, кейін қайта шығарыласыңдар». («Нух» сүресі, 17-18-аят).

Адамдар тірілгеннен кейін, істеген амалдары үшін есепке алынады. Бұған Аллаһ Тағаланың мына сөздері дәлел:

                

«Көктердегі және жердегі барлық нәрсе Аллаһтікі. (Бұл) - жамандық істегендерді істегендерімен жазалау үшін, ал жақсылық жасағандарға одан да артығымен қайтару үшін». («Нәжм» сүресі, 31-аят).

Қайта тірілуді жоққа шығарушылар кәпір болады. Бұған дәлел Аллаһтың мына сөздері:

                    

«Кәпірлер: «Қайта тірілмейміз», - деп ойлайды. (Оларға) айт: «Раббыммен ант етемін! Сендер өлгеннен кейін әлбетте тірілесіңдер, кейін істегендерің жайлы хабар аласыңдар. Бұл Аллаһқа оңай!» («Тағабун» сүресі, 7-аят).

Аллаһ барлық пайғамбарларды (Жәннәтпен) қуандырушы, (Тозақтан) ескертуші етіп жіберді. Бұған Аллаһтың келесі сөздері дәлел:

                

«Елшілерден кейін адамдардың Аллаһқа ешқандай сылтауы болмас үшін, Аллаһ елшілерді қуантушы және ескертуші етіп жіберді». («Ниса» сүресі, 165-аят).

Олардың алғашқысы – Нұх, ал ең соңғысы әрі пайғамбарлардың мөрі – Мухаммад (оларға Аллаһтың иігілігі мен сәлемі болсын). Нұхтың ең алғашқы елші екеніне дәлел - Аллаһтың мына сөздері:

            

«Біз Нұхқа және одан кейінгі пайғамбарларға уахи еткеніміздей, саған да уахи еттік». («Ниса» сүресі, 163-аят).

Нұхтан бастап, Мухаммадқа (оларға Аллаһтың иігілігі мен сәлемі болсын) дейін елшілерді Аллаһ әрбір үмметке Өзіне ғана құлшылық етіп, тағутқа табынудан қайтару үшін жіберген еді. Бұған дәлел Аллаһтың келесі сөздері:

           

«Расында, әр үмметке: «Аллаһқа ғана құлшылық қылыңдар, тағуттардан аулақ болыңдар», - дейтін елші жібердік». («Нәхл» сүресі, 36-аят).

Аллаһ барлық құлдарына тағутқа купірлік етіп, Өзіне ғана иман келтіруді бұйырды. Шейх Ибн әл-Қайим (Аллаһ оны рахым етсін) былай деген: «Тағут – бұл адамның шектен шығып құлшылық ететіні, соңынан ілесетіні және бойұсынатыны». Тағуттар көп, бірақ олардың бастылары бесеу:

  1. Иблис (оны Аллаһ лағынет етсін);

  2. Өзіне құлшылық етілуіне разы болушы;

  3. Өзіне құлшылық етуге шақырушы;

  4. Ғайбты (көместі) білетіні туралы жариялаушы;

5) Аллаһ түсірген шариғаттан басқамен үкім етуші.

Тағутқа күпірлік етіп, Аллаһқа иман келтіруге дәлел - Аллаһтың мына сөздері:

                           

«Дінде зорлық жоқ. Расында, тура жол адасудан ажыратылған. Сонда кім тағутқа күпірлік етіп, Аллаһқа иман келтірсе, ол үзілмейтін мықты бір тұтқадан ұстап алды. Аллаһ – Естуші, Білуші» («Бақара» сүресі, 256-аят).

Міне осы «Лә иләһә илләЛлаһ» куәлігінің мағынасы. Хадисте айтылғанындай: «Бұл істің (діннің) негізі – Ислам, тірегі – намаз, ал шыңы – Аллаһтың жолында күресу». (әт-Табарани «әл-Кәбир»).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]