Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
123.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
43.08 Кб
Скачать

Жоспар

1.Операциялық жүйеге сипаттама.

2.Операциялық жүйелер мен желілер негіздері.

3.Даму тарихы.

4.ОЖ –гі файлдық жүйе дегеніміз не?

5.Жүйелік үзілісті ұйымдастыру.

6.MS DOS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ.

7.БАҒДАРЛАМА – ҚАБЫҚШАЛАР.

8.WINDOWS6 UNIX6 LINUX ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІ.

9. ТРАНСЛЯТОР, КОМПИЛЯТОР, ИНТЕРПРЕТТОР.

1.ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕГЕ СИПАТТАМА.

Операциялық жүйе — Компьютерді қосқан кезде ең бірінші жүктелетін және басқа бағдарламаларды қамтамасыз ететін жүйе. Жүйелік бағдарламаларды байланыстыратын жиыны, оның мағынасы- компьютерді қолданушымен байланысын ұйымдастырады және барлық басқа бағдарламаларды қамтамасыз етеді. Операциялық жүйе көбінесе компьютердің сыртқы жадында- дискіде сақталады. Компьютерді қосқан кезде, ол дисктік жадтан тексеріледі де, ОЕС -да (ОЗУ) орналасады. Осы процесті операциялық жүйенің жіктелуі деп атайды. Операциялық жүйенің функциясына кіреді:

Қолданушымен сұқбатты жүзеге асыру;

Еңгізу-шығару және деректермен басқару;

Бағдарламалардың өндеу процесін жоспарлау және ұйымдастыру;

Ресурстарды орналастыру (оперативтік жадпен кэш жадты, процессорді, сыртқы құрылымды);

Бағдарламаларды орындалуға еңгізу;

Бірнеше көмекші операцияларды қамтамасыз ету;

Әр түрлі сыртқы құрылымдар арасында ақпараттарды беру;

Перифериялық құрылымдарды бағдарламалық қолдау жұмыстары (дисплей, пернетақта, диск жинақтауыш, принтержәне т.б.).

Операциялық жүйе, қыс. ОЖ - компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа. Операциялық жүйе – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланышының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар. Оның негізгі қызметі – программалардың бір – бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекетін ұйымдастыру, оперативті жадты бөлу, компьютердің жұмыс істеу кезіндеқате жіберілу сияқты түрлі оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдаланушының программасын іске қосып, оны орындау т.б.. Яғни ОЖ – машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе. Ол осы үшін арналған иілгіш не қатты магниттік дискіге жазылып қойылады. Сондықтан ОЖ – ны дискілік операциялық жүйе ( ДОЖ, не DOS ) деп те атайды. Дербес компьютерлер үшін кең тараган оиерациялық жүйелерге МS (РС) DOS, Windows 95, Windows NT,OS/2, UNIX жатады,Дербес компьютерлерлерге арналған операциялық жүйелердің барлығы да тек бір адамдық болып табылады. Расында да екі адамның бір мезетге бір компьютерде жұмыс істеуін елестету қиын ғой. WINDOWS 95, WINDOWS NT, OS/2, UNIX көп мақсатты жүйелер болып саналады. Көп мақсаттылық — бір компьютерде бір уақытта қатарласа бірнеше есепті шығару мүмкіндігі немесе бірнеше әрекеттің қатар атқарылып жатуы. Мысалы, Сіз мәтін көшіріліп жатқан шақта ойнап та отыруыңызға боладь, өйткені бұл жұмыстарды әртүрлі қүрылғылар атқарады немесе ол қүрылғылардың жұмыс жылдамдығы адамның жылдамдығынан өте жоғары болып келеді. Көптеген ІВМ - үйлесімді компьютерлер дискілік МS DОS операциялық жүйесі мен көп терезелі WINDOWS графикалық операциялық жүйесін пайдаланады.Операциялық жүкелер көптеген функцияларды орыңдайды: информацияны дискіге жазу-оқуды жүзеге асырады, мәліметтер сақтауды ұйымдастырады, компьютер құрылғыларының өзара байланыста жұмыс істеуін, барлық қолданбалы программалар жұмысының орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл жүйе ЭЕМ іске қосылғаннан кейін иілгіш не қатты дискіден алғашқы жүктелетін кещенді программа болып табылады. Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустік (вирустерге қарсы) программаларды, мәліметтерді архивтеу (кысу) программаларын, компыотердің: жұмыс істеу қабілетін (диагностика) тексеретін программаларды (тест ирограммалары) айтуға болады, Операциялық жүйе- бұл компьютерді іске қосатын және оның жұмысын басқаратын программалар жиынтығы. Операциялық жүйенің түрлері. Әр түрлі типті ЭЕМ-ға негізднлген бірнеше операциялық жүйелер түрі бар. Компьютер типі бірдей болғанымен де, олардың операциялық жүйелері әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, IBM фирмасының компьютерлерінде кеңінен таралған келесідей операциялық жүйелер қолданылады: MS DOS, Windows 1.0, Windows 2.1, Windows 3.0, Windows 3.1, Windows 3.11, Windows 95, Windows 986 Windows NT. Бір компьютерге әдетте екі операциялық жүйе орнатылады мысалы, MS DOS және Windows 95 немесе Windows 98. Компьютердің оперативтік жадының мүмкіндігіне қарай бір компьютерге кейде бұл операциялық жүйелердің үшеуі де орнатылады. Операциялық жүйе- пайдаланушы программасын және барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын компьютердің программалық қамсыздандырудың негізгі бөлігі. Операциялық жүйе түрлерінің тез дамуы, оған сәйкес компьютер типтерінің де түрленіп, күннен – күнге тез дамуына мүмкіндік береді.