Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Куралай

.rtf
Скачиваний:
33
Добавлен:
30.03.2016
Размер:
115.65 Кб
Скачать

Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу- ақ. Құқықтың мазмұнының негізгі элементтері:

- қоғамның және адамдардың мүдде- мақсаттарын қорғау, орындау;

- қарым – қатынастарды реттеп – басқару;

- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;

3.1 Құқықтың мазмұны дегеніміз- қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқарып отыратын нормативтік актілердің ішкі құрылысы.

Құқықтық теңдік жалпылама түрде айтылады, іс – жүзінде қатынастардың субъектілері нақты белгілі болмағандықтан, теңдік нормалар да абстракты түрде жазылады. Құқықты дұрыс орындамаса кінәлі субъектілер жауапқа тартылуы керек. Міне, осы кезеңнен бастап заңның кезеңі, мемлекеттің жұмысы басталады.

Құқық - үстем таптың және қоғамның заңға айналдырылған мүддесі.Бұл мүддені заңға айналдырушы және оны рорындаушы мемлекеттік аппарат.

Ммелекеттік құқық арқылы өзінің жоғарғы және жергілікті органдарының жүйесін, құзырын, өзара қарым – қатынастарын бекітпей ішкі және сыртқы міндеттерін іске асыруы мүмкін емес. Міне, осы мәселелерді мемлекет құқық арқылы, нормаға сүйене отырып іске асырады. Мемлекетке қажетті қоғамдық қатынастар құқық негізінде ғана орнай алады. Бұл мемлекет пен құқықтың қатынастарды реттеудегі көздейтін басты мақсаты. Сөйтіп, құқық нормалары мемлекеттің күшіне сүйеніп,жүзеге асырылады. Құқықтың тірегі, оның күш қуаты, абыройы мемлекет. Құқық нормалары адамға бостандық беріп қана қоймай, сол бостандықты қамтамасыз ететін күшке сүйенеді.

1.Құқықтық нормаларды мемлекеттік органдар ресми түрде қалыптастырады; әлеуметтік нормалардың басқа түрлерін қоғамдық ұйымдар қабылдайды, мемлекеттің оған қатысы жоқ.

2.Құқықтық нормалардың мемлекеттің барлық аумағына, барлық халықтарына міндетті күші бар басқа нормалардың міндетті күші тек ұйымдардың мүшелерін қамтиды.

3.құқықтық нормалар жеке адамдардың және қоғамдық мүдде – мақсаттарды қамтиды; басқа нормалар жеке ұйымдардың, бірлестіктердің мақсатын қамтиды.

4.Құқықтық нормалардың орындалуын мемлекеттік органдар бақылап отырады; басқа нормаларға мемлекеттің қатысы жоқ, олардың орындалуын ұйымдар, бірлестіктер бақылайды.