Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
makroekonomika.docx
Скачиваний:
29
Добавлен:
08.05.2017
Размер:
94.44 Кб
Скачать

Семинар сабағы

Сабақтың мақсаты:

-         макроэкономикалық тепе-теңдікті классикалық тұрғыдан талдау

Талдау сұрақтары:

1. Өндірістік функция. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік;

2. Ақша рыногындағы тепе-теңдік;

3. Жалпы тепе-теңдіктің классикалық үлгісі.

 

Негізгі түсініктер:

Классикалық мектеп. Сэй заңы. Классикалық дихотомия. Ақшаның сандық теориясы. Фишер теңдеуі. Кебридждік мектеп теңдеуі.

 

Тест сұрақтары

1.     Қандай экономистердің  еңбектері классикалық мектепке жатады

А) К. Маркс, А. Маршалл, П. Самуэльсонның

В) А. Смит, Дж. С. Милл, Дж. М. Кейнстің

С) Ж. Б. Сэй, Д Рикардо , Пигудің.

Д) В.Ленин, К Маркс, Ф.Энгельстің

 

2.     Қандай жағдай классикалық мектептің бастапқы қағидасына жатады

А) Тиімді сұраныс ұсынысты тудырады.

В) Игіліктер ұсынысы сұранысты тудырады.

С) Экономикалық жүйенің жалпы тепе – теңдігі ақша нарығындағы тепе – теңдікке байланысты қалыптасады.

Д) Мемлекет экономикаға араласуы тиіс.

 

3.     Классиктердің тұжырымы бойынша еңбек нарығындағы тепе – теңдік – бұл:

А) Нақты жалақы қалыптасатын жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс тепе – теңдігі.

В) Атаулы жалақы қалыптасатын жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс тепе – теңдігі.

С) Барлық факторларды толықтай пайдалануға мүмкіндік беретін толық жұмысбастылық

Д) Өндіріс көлемін максималдайтын жұмысбастылық деңгейі.

 

4.     Тепе – теңдік пайыз мөлшерлемесі дегеніміз :

А) Ақша массасының ұсынысы мен сұранысы қиылысатын нүкте.

В) Қор жинағын ынталандыратын пайыз мөлшерлемесі.

С) Инвестицияны ынталандыратын пайыз мөлшерлемесі.

Д) Инвестицияға сұраныс қисығы мен  қор жинағына сұраныс қисықтарының қиылысу нүктесі.

 

5.     Классиктердің көзқарастары бойынша:

А) Қор жинағы пайыз мөлшерлемесінің өсу функциясы болып табылады.

В) Қор жинағы пайыз мөлшерлемесінің кему функциясы болып табылады.

С)  Инвестиция қолда бар табысқа тәуелді.

Д) Тұтыну қолда бар табысқа тәуелді емес.

 

6.     Сэй ұсынған заңның кемшілігі

    А)  Сэй заңы бартерлік айырбасқа арналған

В) Ол заң экономикалық субьектілердің қор жинағын жоққа шығарады.

С) Қоғамда ақшаның болуы сату мен сатып алу арасында үзілісті тудырады.

Д) Барлық жауаптар дұрыс

 

7.     Дихотомия дегеніміз :

А) Ақша нарығында тепе – теңдіктің болмауы.

В) Ақша нарығының оқшаулығы.

С) Екі нарықтың болуы : біріншісі – нақты нарық, екіншісі – ақша нарығы.

Д) Ақша нарығында салыстырмалы бағаның қалыптасуы.

 

8.     Классиктер теориясы бойынша макроэкономикалық тепе – теңдік бұзылғанда қандай шаралар жүргізіледі:

А) Алтын қорды пайдалану арқылы экономикалық дамуды қосымша ынталандыру

В) Автоматты тұрақтандырғыштар болғандықтан мемлекеттің араласуы қажет емес.

С) Пайыз мөлшерлемесінің деңгейін төмендету.

Д) Мемлекеттік құнды қағаздар шығару.

 

9.     Ақша жиынының көлеміне не әсер етеді.

А) Ақша массасының айналым жылдамдығы .

С) Экономикадағы баға деңгейі.

Д) Пайыз мөлшерлемесінің деңгейі.

Е) Ұлттық өндіріс көлемі.

 

10. Экономикадағы баға деңгейі неге байланысты:

А) Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс тепе-теңдігіне.

3-ші тақырып.   Игіліктер рыногы

Семинар сабағы

 

Сабақтың мақсаты: Макроэкономикалық тепе-теңдіктің кейнстік үлгісін талдау

Талдау сұрақтары

1.     Тұтыну функциясы.

2.     Инвестиция функциясы.

3.     Қор жинағы функциясы.

4.     Тепе-теңдік өндіріс көлемі деңгейі.

5.     Мемлекеттік шығындар мультипликаторы.

 

Негізгі түсініктер

Тиімді сұраныс. Тұтыну функциясы. Тұтынуға шекті бейімділік. Қор жинағына шекті бейімділік. Тұтынуға орташа бейімділік. Қор жинағына орташа шекті бейімділік. Инвестиция функциясы. Автономды инвестиция. Индуцирлі инвестиция. Пайыз мөлшерлемесі. Инвестициялық мультипликатор. Акселератор. Рецессиялық үзіліс. Инфляциялық үзіліс. Үнемдеу парадоксы.

 

Тест сұрақтары

1. Y = C + I + G + X теңдеуіндегі С факторының мағынасы:

A)   Тұтыну шығындары.

B)   Инвестиция шығындары.

C)   Мемлекеттік шығыстар.

D)   Таза экспорт.

E)    Амортизация.

 

2. С = а + b(Y – T) тұтыну функциясындағы b коэфиценті нені көрсетеді:

A)  Тұтынуға шекті бейімділікті.

B)   Салық мөлшерлемесін.

C)  Еңбекақы мөлшерлемесін.

D)  Аренда ақысын.

E)   Автономиялық тұтынуды.

 

3. Y = C + I + G + X теңдеуіндегі G факторының мағынасы:

A)   Мемлекеттік шығыстар.

B)   Тұтыну шығындары.

C)   Инвестициялық шығындар.

D)   Таза экспорт.

E)     Инвестиция.

 

4. Жеке  қор жинғына төмендегілердің қайсысы жатады:

A)   Қолма-қол табыс пен тұтыну шығындарының айырмасы.

B)   Салықтар – мемлекеттік шығыстар.

C)   Салықтар – тұтыну шығындары.

D)   ЖҰӨ-нен тұтыну және мемлекеттік шығындарды алып тастағандағы айырма.

E)    ЖҰӨ-нен тұтыну шығындарын алып тастағандағы айырма.

 

5. Тұтыну функциясы берілген C = 120 + 0,2 (Y – T). Қор жинағы функциясын анықтаңыз:

A)   S = – 120 + 0,8(Y – T).

B)   S = 120 + 0,8(Y – T).

C)   S = – 120 + 0,2(Y – T).

D)   S = 120 + 0,2(Y – T).

E)    S = – 120 – 0,8(Y – T).

 

6. Тұтыну функциясы берілген C = 25 + 0,7(Y – T). Осы функцияның коэффиценттеріне экономикалық түсініктеме беріңдер:

A)   Автономдық тұтыну = 25, қолма-қол табыстың 1 теңгесінен 0,7-і тұтынуға, ал 0,3-і  қор жинағына бағытталады.

B)   Қолма-қол табыс өскенде қаражат қор жинақтау 0,3-ке өседі, ал тұтыну 0,7-ге азаяды.

C)   Қор жинағына = 25, ал тұтыну – табыс 0,3-ке өскенде қысқарады.

D)   Қор жинағы = 0,7, ал тұтыну = 25.

E)    С = 25,7 және қолма-қол табыс өскен жағдайда өседі.

 

 

 

7. Тауарлар мен қызметтер нарығындағы тепе-теңдік үлгісі төмендегіні жорамалдайды:

A)   Тепе-теңдік нақты пайыз мөлшерлемесімен анықталады.

B)   Тепе-теңдікті мемлекеттік шығыстар мен салықтардың өзгермелі шамалары анықтайды.

C)  Тепе-теңдік номиналды пайыз мөлшерлемесімен анықталады.

D)  Тепе-теңдік тауарлар мен қызметтер нарығындағы өндірістің берілген технологиясымен анықталады.

E)   Тепе-теңдік қолма-қол табысқа тәуелді.

 

8. Инвестициялар 220-ға тең, бюджет артықшылығы 10-ға тең,     экспорт = 175, импорт = 185. жеке қаражат қор жинақтауды анықтаңыз:

A)  200.

B)   210.

C)  180.

D)   150.

E)   20.

 

9. Кейнстің тұтыну теориясының негізгі алғы шарттары:

A)  Пайыз мөлщерлемесінің әсері өте аз, тұтыну ағымдағы табысқа тәуелді және табыс өскенде ол орта есеппен алғанда азаяды.

B)   АРС және МРС шамалары бірден көп болады.

C)  АРС табыс өскен сайын өседі, содан кейін тұрақтана бастайды.

D)  Пайыз мөлшерлемесінің әсері келешектегі тұтынуды дисконттауда көрінеді.

E)   Пайыз мөлшерлемесінің әсері біршама, тұтыну тек ағымдағы табысқа ғана тәуелді емес және табыс өскен сайын орта есеппен ол да өседі.

 

10. С = а + b(Y – T) тұтыну функциясындағы b коэфиценті нені көрсетеді:

А)Тұтынуға шекті бейімділікті.

В) Салық мөлшерлемесін.

С)Еңбекақы мөлшерлемесін.

Д)Аренда ақысын.

Е)Автономиялық тұтынуды.

 

Есептер:

1.     Экономикада келесі мәліметтер берілген:

Y=C+I

C=100+0,8Yd

I=50

Анықтау керек:

А) Табыстың тепе-тең деңгейін.

Б) Жинақ ақша және тұтынудың тепе-тең деңгейін.

В) егер шығару көлемі 800-ге тең болса, онда жоспарланбаған өнімнің босалқы қорының өсімі қандай?

Г) егер автономды инвестициялар 100-ге дейін өссе? Онда тепе-тең шығару қалай өзгереді? Тепе-тең деңгейінің өзгерілуін графиктік түрде көрсетіңіз.

 

2.     Экономикада келесі мәліметтер берілген:

Y=C+I+G+Xn

C=300+0,8Yd

I=200+0,2Y

Xn=100-0,04Y

G=200

t=0,2

Анықтау керек:

А) Табыстың тепе-тең деңгейін.

Б) Автономды шығындар мультипликаторының көлемін. 

 

3.     Төменде келтірілген мәліметтер бойынша табу керек: тұтыну, тұтынуға орташа бейімділікті, қор жинағына орташа бейімділікті, тұтынуға шекті бейімділікті, қор жинағына шекті бейімділікті. Тұтыну және қор жинағы графиктерін құрыңыздар.

 

Өндіріс және табыс деңгейі (долл.)

240

260

280

300

320

340

360

380

400

Жинақ ақша (долл.)

-4

0

4

8

12

16

20

24

28

 

4.     Ұлттық өндірістің тепе-теңдік деңгейі 1200 млрд.теңге. Ал автономды тұтыну – 0. Бұл жағдайда тұтынуға шекті бейімділік 0,05-ке өсті. Анықтау керек:

А) Өндірістің тепе-теңдік көлемі қалай өзгерді;

Б) Жинақтаудың тепе-теңдік деңгейі қалай өзгерді;

В) Тұтыну функциясы: С=300+0,75Y. Үкімет 30 млрд. теңге мемлекеттік тапсырысты салықты көбейту арқылы орналастыруды шешті. Тепе-тең ЖҰӨ өзгеріссіз қалу үшін, бюджеттік түсім қандай сомаға көбеюі тиіс.

 

5.     Тұтыну шығындарының тепе-тең көлемі 20000 т. және тұтынуға шекті бейімділік 0,8. Анықтау керек:

А) инвестициялар көлемін;

Б) мультипликатор көлемін;

В) тұтынуға шекті бейімділігіктің 0,6-ға дейін төмендеуі тепе-тең ұлттық табысқа қалай әсер етеді?

 

6.    Кестелік және талдау әдістерімен жұмысбастылықтың тепе-тең деңгейін және өндіріс көлемін анықтаңыздар.  Инвестициялар 20 млрд. долл. құрайды, ал жұмысбастылық деңгейі, өндіріс көлемі және тұтыну төмендегі кестеде берілген. Анықтау керек тұтынуға және қор жинағына шекті бейімділікті, тұтынуға және қор жинағына орташа бейімділікті.

 

Жұмысбастылықтың мүмкін деңгейлері (млн. адам)

Өндірістің нақты көлемі (млрд. долл.)

Тұтыну (млрд. долл.)

1,40

370

375

2,45

390

390

3,50

410

405

4,55

430

420

5,60

450

435

6,65

470

450

7,70

490

465

8,75

510

480

9,80

530

495

10,85

550

510

 

Пікір-сайыс.

Өткізу тәртібі: Студенттер екі топқа бөлінеді. Жеке табыстардың қайнар көздерін анықтап , олардың әрекет ету механизмін талдайды.

 

Студенттердің өзіндік жұмысы

Өздігінен оқуға арналған сұрақтар:

1.     Категориялар: мультипликатор және акселератор, олардың айырмашылығы.

2.     «Ұқыптылық қайшылығы» әсерінің мәні.

3.     Сайман Кузнец жұмбағы

4.     Салық мультипликаторы және үкімет шығындарының мультипликаторы әсерлерін салыстыру.

5.     Инфляциялық және рецессиялық үзілістерді талдау

Бақылау түрі: конспект, сұрақтарды талдауға қатысу

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. Оқулық. – Алматы:  Экономика, 2003.

2. Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика – М.: Изд-во МГУ: 1997.

3. Курс экономической теории/ под ред Чепурина М.Н., Киселевой Е.А. Киров, 2001.

4. Макроэкономика / под ред Яковлевой Е.Б. СПб: Поиск, 1997.

5. Тарасевич Л.С., Гальперин В.М., Гребенников П.И., Леусский А.И. Макроэкономика: учебник / Общая ред Тарасевича Л.С..- СПб: 1999. с. 246

6. Кенжеболатова М.Ш. Макроэкономика. Оқу құралы. Астана, 2005 ж.

4-ші тақырып. Ақша рыногы