Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
makroekonomika.docx
Скачиваний:
29
Добавлен:
08.05.2017
Размер:
94.44 Кб
Скачать

Семинар сабағы

Талдау сұрақтары:

1.     Валюта рыногы.

2.     Нақты және атаулы айырбас бағамы.

3.     Айырбас бағамының динамикасы және күтімдер рөлі

 

Негізгі түсініктер:

Валюта рыногы. Тағайындалатын валюта бағамы. Құбылмалы валюта бағамы. Тағайындалатын валюта бағамы. Құбылмалы валюта бағамы. Нақты бағам.  Атаулы бағам. Девизалық бағам. Айырбас бағамы. Девальвация. Ревальвация. Сатып алу қабілетінің паритеті (ППС).

 

Тест сұрақтары

1. Құбылмалы валюта бағамы режимінде тепе-теңдік бағаның төмендеуі былайша аталады:

A)   Валютаның құнсыздануы.

B)   Валютаның қымбаттауы.

C)   Валюта девальвациясы.

D)   Валюта ревальвациясы.

E)    Дефляция.

 

2. Валюталық бағам қай факторға тәуелді емес:

A)   Ақшаның сатып алушылық қабілеті.

B)   Инфляция қарқыны.

C)   Төлем балансының жағдайы.

D)   Пайыз мөлшерлемесінің деңгейі.

E)    Валютаның алтын қоры.

 

3. Егер АҚШ пен Канада арасында еркін құбылмалы валюталық бағам тәртібі орнатылса және егер канадалық долларға сұраныс өссе, онда бұл келесіні білдіреді:

A)   Канадалық доллардың ұсынысы төмендеді.

B)   АҚШ валютасындағы канадалық доллардың бағасы төмендейді.

C)   Канадалық валютадағы АҚШ долларының бағасы төмендейді.

D)   АҚШ долларының ұсынысы төмендеді.

E)    АҚШ доллары девальвацияланған.

 

4. Төменде аталған шаралардың қайсысы ұлттық валютаға айырбасталынатын шетел валютасының ұсынысын көбейтеді:

A)   Игіліктер экспорты.

B)   Капитал импорты.

C)   Қызметтер импорты.

D)   Капитал экспорты.

Е) Игіліктер экспорты және капитал импорты

 

5. Теңгеге қатысты доллар бағамының төмендеуі мынаған әкеледі:

A)   Қазақстанда импорт көлемінің көбеюіне.

B)   Қазақстаннан экспорт тауарлары көлемінің көбеюіне.

C)   Қазақстандық азық-түлік импорты мен экспорттың арақатынасының тұрақтануына.

D)   Қазақстандық шикізаттың импорты мен экспорты арақатынасының тұрақтынуына.

E)    Қазақстандық мұнайдың импорты мен экспорты арақатынасының тұрақтынуына.

 

6. Егер тіркелген валюталық бағамдар тәртібі кезінде Жапониядағы инфляция деңгейі басқа елдерге қарағанда жоғары болса, онда:

A)   Жапониялық экспорт пен импорт төмендейді.

B)   Жапониялық экспорт пен импорт өседі.

C)   Жапониялық экспорт өседі, ал импорт төмендейді.

D)   Жапониялық экспорт төмендейді, ал импорт өседі.

E)    Жапонияның төлем балансының активті сальдосы көбейеді немесе тапшылық азаяды.

 

7. Елде төлем балансының тапшылығының өсуі:

A)   ОБ-тің валюталық резервтерін көбейтеді.

B)   ОБ-тің валюталық резервтерін азайтады.

C)   Елдегі ақша жиынының көлемін көбейтеді.

D)   Елдегі ақша жиынының көлеміне әсер етпейді.

E)    Есептік ставканы азайтады.

 

8. Егер АҚШ-та компьютердің бағасы 1000 долл. болса, онда Қазақстандағы бағасы қандай болады, егер айырбас бағамы 1 долл. 150 теңгеге тең болса:

A)   150 000 теңге.

B)   1500 теңге.

C)   15 000 теңге.

D)   50 000 теңге.

E)    45 000 теңге.

 

9. Қазақстанда қандай айырбас бағамы бар:

A)   Құбылмалы.

B)   Тіркелген.

C)   Жекелендірілген.

D)   Тіркелегн шектелген дәлізпен.

E)    Биржалық.

 

10. Ағымдық оперция шотына кірмейді:

А) Тауар экспорты.

Ә) Инвестициядан таза табыстар.

Б) Шетелдерге көлік қызметін көрсету.

В) Шетел активтеріндегі өзгерістер.

Г) Біржақты трансферттік төлемдер.

 

Есептер:

1.     Төменде теңгеге сұраныс кестесі көрсетілген:

 

теңгенің бағасы (долл)

152,00

152,10

152,20

152,30

152,40

152,50

теңгеге сұраныс көлемі

200

190

180

170

160

150

а) үкімет валюталық бағамды 1 тг=152,40 долл. деңгейінде бекітті делік. Ал бұл деңгейдегі ұсыныс көлемі 180 млн. тг. Осы кезде Үкімет теңгені сатуы, не сатып алуы керек пе? Егер сату, не сатып алу керек болса, онда қандай көлемде?

б) егер де Үкіметке теңгені доллармен сатып алу керек болса, қажетті доллларды қай жерден ала алады?

 

2. Төменде ҚР теңгесі үшін ақша нарығындағы сұраныс пен ұсыныс кестесі берілген

 

Теңге бағасы (доларға шаққанда)

Теңгеге сұраныс көлемі (млн. тг.)

Ұсыныс көлемі (млн. тг.)

0,6

300

400

0,5

320

370

0,4

340

340

0,3

360

310

0,2

380

280

 

а) доллардың валюталық курсының тепе-теңдік көлемі қандай?

ә) ҚР теңгенің валюталық курсының тепе-теңдік көлемі қандай?

б) валюталық нарықта доллардың қандай көлемі сатып алынады?

в) валюталық нарықта ҚР теңгенің қандай көлемі сатып алынады?

 

      3. Доллар бағасында жыл сайын 7% өсу байқалған жағдайда Үкімет теңге/доллар арақатынасын тұрақтандыруға тырысады.

а) ҚР-да валютаның айырбас бағамын тұрақтандыру үшін инфляция деңгейі қандай болуы керек?

ә) егер де ҚР-да экономикалық өсу 2% болса, ақшаның сандық теориясына сәйкес АҚШ пен ҚР-да тұрақты коэффициент бірдей болса, онда ҚР-да ақша жиынының (ұсынысы) өсу қарқыны қандай болуы керек?

б) егер де ҚР-да пайыздық мөлшерлеменің төмендеу тенденциясы пайда болатын болса, онда (к) – мінез-құлық коэффмцментінің тұрақтылығы сақтала ма?

 

Студенттердің өзіндік жұмысы

Өздігінен оқуға арналған сұрақтар:

1. Валюта рыногы.

2. ҚР-ғы қаржы және валюта рыноктары

Бақылау түрі: коллоквиум

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. Оқулық. – Алматы:  Экономика, 2003. 264-318 беттер

2. Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика – М.: Изд-во МГУ: 1997. с. 202

3. Курс экономической теории/ под ред Чепурина М.Н., Киселевой Е.А. Киров, 2001. с. 658

4. Тарасевич Л.С., Гальперин В.М., Гребенников П.И., Леусский А.И. Макроэкономика. учебник / Общая ред Тарасевича Л.С..- СПб: 1999. с. 410

5. Кенжеболатова М.Ш. Макроэкономика. Оқу құралы, Астана, 2005 ж. 119-123 беттер.

8-ші тақырып. Ашық экономика