Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
makroekonomika.docx
Скачиваний:
29
Добавлен:
08.05.2017
Размер:
94.44 Кб
Скачать

Семинар сабағы

Талдау сұрақтары:

1.     Ақшаның сандық теориясы.

2.     Ақша мультипликаторы.

3.     Ақшаға сұраныс. Баумоль-Тобин үлгісі.

4.     Ақша рыногындағы тепе-теңдік.

5.     Қымбат және арзан ақша саясаты.

 

Негізгі түсініктер:

Ақша жиыны. Ақша агрегаттары. Ақшаға трансакциялық сұраныс. Ақшаға алыпсатарлық сұраныс. Келісімдер мотиві. Сақтық мотиві. Өтімділіктің артықшылық теориясы. Ақша базасы (жиыны). Ақша ұсынысы. Ақша мультипликаторы. Несие мультипликаторы. Баумоль-Тобин үлгісі.

 

Тест сұрақтары:

1.     «Ашық нарықтағы операциялар» термині нені мазмұндайды?

А) Халықты несиелуге байланысты коммерциялық банк қызметін.

В) Орталық банктің коммерциялық банкке қарыз беру қызметін.

С) Орталық банктің мемлекеттің бағалы қағазын сату-сатып алуға байланысты қызметін.

D) Орталық банктің банктік қор көлемін өзгертуге байланысты операциялары.

Е) Орталық банктің есеп мөлшерлемесін өзгертуге байланысты қызметін.

 

2. Қайсы жағдайда ақша массасының үйлесімсіздігі болуы мүмкін:

A)   Төмендегі жағдайлардың бәрінде.

B)    Коммерциялық банктер қосымша резервтерін арттырды.

C)   Тұрғындар қолда ұстап отырған ақша мөлшерін көбейтті.

D)   Коммерциялық банктердің тұрғындарға беретін несиелерінің көп бөлігіне сұраныс жоқ.

E)    Ұлттық банк міндетті резервтер мөлшерлемесін өсірді.

 

3. Егер ақша массасы 200 млрд.долл., ал Ms – 600 млрд.долл. болса, онда ақша мультипликаторы:

A)   3.

B)   3,33.

C)   2,9.

D)   2.

E)    Анықтау мүмкін емес.

 

4. Ұлттық банк ашық нарықта 8 млн.долл. көлемінде құнды қғаздар сатып алды. Ақша мультипликаторы 2,4-ке тең болса, онда ақша массасының көлемі қалай өзгереді:

A)   19,2-ге артады.

B)   8-ге артады.

C)   19,2-ге артады.

D)   16,5-ке кемиді.

E)    16,5-ке өседі.

 

5. Ақша қызметтерінің қайсысы дұрыс айтылмаған:

A)   Құн өлшемі.

B)   Айналыс құралы.

C)   Табыс өлшемі.

D)   Төлем құралы.

E)    Әлемдік ақшалар.

 

6. Несиелік ақша қандай қызмет атқарады:

A)   Айналыс құралы.

B)   Төлем құралы. 

C)   Жинақтау құралы.

D)   Әлемдік ақшалар.

E)    Байлықтың пайда болу құралы.

 

7. Ақшаның пайда болу себебі:

A)   Табиғатпен жаратылған.

B)   Мемлекеттік билікпен.

C)   Айырбастың дамуымен.

D)   Адамдардың тілегімен.

E)    Барлық жауаптар дұрыс.

 

8. Ақша мынадай қызмет атқарады:

A)   Жинақтау құралы.

B)   Төлем құралы.

C)   Шот бірлігі.

D)   Барлық аталғандар дұрыс.

E)    А және В жауаптары дұрыс.

 

9. Ақша ұсынысы М 500 млрд. доллорды құрайды. ЖҰӨ 3000 млрд. долларға тең, ақша айналымының жылдамдығы қандай?

А) 8

В) 10

С) 6

D) 60

Е) 0

 

10. Ақша массасы (жиыны) – бұл.

А) Берілген елдегі евро және американ доллар және өндірістік дамыған елдердің баска да валюталары.

В) Қолма-қол формадагы барлық ақша қаражаттарының жиынтығы.

С) Айналыс және қор жинау құралы қызметін атқаратын қолма-қол және қолма-қолсыз нысандағы барлық ақша қаражаттарының жиынтығы.

D) Тарихи қалыптасқан ақша айналысын ұйымдастыру формасы.

Е) Бағалы металдар мен бағалы тастар.

 

Есептер

1.     Кестеде көрсетілген мәліметтер бойынша М1, М2, М3 ақша агреттарының көлемін анықтаңдар:

млрд. тг.

Аз көлемді қысқа мерзімді салымдар

1630

Көп көлемді қысқа мерзімді салымдар

645

Чектік салымдар

448

Чексіз жинақтық салымдар

300

Қолда бар ақша

170

 

2.     а) Мәмілеге арналған әр теңге орта есеппен жылына 6 рет айналады. ЖҰӨ атаулы көлемі 2400 млрд. тг. Мәміле үшін ақшаға сұраныс көлемін табыңдар.

ә) Төмендегі кестеде әр түрлі пайыз мөлшерінде активтер бойынша ақшаға сұраныс көлемі көрсетілген. Мәліметтерді қолданып, ақшаға деген жалпы сұранысты анықтаңдар.

 

Пайыздық мөлшерлеме (%)

Ақшаға сұраныс көлемі

активтер бойынша

жалпы

16

20

420

14

40

440

12

60

460

10

80

480

8

100

500

6

120

520

4

140

540

           б) Ақша ұсынысы 480 млрд. тг. болды. Тепе-теңдік пайыз мөлшерлемесін анықтаңдар.

 

3.     Коммерциялық банктің жиынтық резерві 220 млн. Тг. Депозиттер 950 млн. тг. Депозиттердің міндетті резерв мөлшері 20% - ды құрайды. Егер банк өзінің барлық артық резервтерін ссуданы беру үшін жұмсаса, онда ақша ұсынысы қалай өзгеруі мүмкін?

4.     Міндетті резервтер мөлшері 20% - ды құрайды. Коммерциялық банк артық резерв ретінде депозиттер сомасынан 5% - ды сақтайды. Депозиттер мөлшері 10000 құрайды. Ссуданы беру үшін банк қандай максималды соманы пайдалана алады?

5.     Орталық банк коммерциялық банктерден мемлекеттік облигацияларды 100 млн. сомаға сатып алады. Егер коммерциялық банктер өз несиелік мүмкіндіктерін толық пайдаланса, ақша ұсынысы қалай өзгеруі мүмкін, депозиттердің резерв мөлшері 0,1 (10%).

 

Проблемалық жағдай: қымбат және арзан ақша саясаты.

 

Студенттердің өзіндік жұмысы

Өздігінен оқуға арналған сұрақтар:

1. Ұлттық банктің ақша айналысын басқаруы.

2. Ақша мультипликаторы және несие мультипликаторы

3.Баумоль-Тобин үлгісі

Бақылау түрі:

-         конспект, сұрақтарды талдау.

 

Әдебиеттер тізімі:

1.Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. Оқулық. – Алматы:  Экономика, 2003. 176-192 беттер

2. Макроэкономика / под ред Яковлевой Е.Б. СПб: Поиск, 1997. с. 265-269

3. Макроэкономика: Уч. пособие/ под ред И.П. Николаевой.- М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2002.- с. 188

4. Тарасевич Л.С., Гальперин В.М., Гребенников П.И., Леусский А.И. Макроэкономика: учебник / Общая ред Тарасевича Л.С..- СПб: 1999. с. 77

5. Кенжеболатова М.Ш. Макроэкономика. Оқу құралы. Астана, 2005 ж.

5-ші тақырып. IS-LM үлгісі және жиынтық сұраныс