Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
makroekonomika.docx
Скачиваний:
29
Добавлен:
08.05.2017
Размер:
94.44 Кб
Скачать

Семинар сабағы

 

Сабақтың мақсаты Инфляция мен жұмыссыздықтың мәні, салдары және олармен күресу жолдарын қарастыру.

 

Талдау сұрақтары:

1.     Инфляция және оның зардаптары.

2.     Инфляция шығындары

3.     Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі

4.     Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық зардаптары.

5.     Филлипс қисығы.

 

Негізгі түсініктер

Сұраныс инфляциясы. Ұсыныс инфляциясы. Ашық инфляция. Жабық (ьасылыңқы) инфляция. Ұшқыр инфляция. Баяу инфляция. Қарқынды инфляция. Болжанатын инфляция. Болжанбайтын инфляция. Жұмыссыздықты күту. Табиғи жұмыссыздық. Циклдық жұмыссыздық. Құрылымдық жұмыссыздық. Фрикциондық жұмыссыздық. Еңбек рыногы. Филлипс қисығы.

 

Тест сұрақтары:

1. Жұмыс күші – бұл:

A)   Жұмыспен қамтылғандар + жұмыссыздар.

B)   Жұмыспен қамтылғандар.

C)   Жұмыспен қамтылғандар – жұмыссыздар.

D)   Экономикалық белсенді тұрғындар – жұмыссыздар.

E)    Мемлекеттің барлық тұрғындары.

 

2. ЖҰӨ мен жұмыссыздық арасында қандай тәуелділік бар:

A)   Жұмыссыздық өседі, ЖҰӨ азаяды.

B)   Жұмыссыздық өседі,ЖҰӨ өседі.

C)   Жұмыссыздық өседі, ЖҰӨ өзгермейді.

D)   Жұмыссыздық өзгермейді, ЖҰӨ азаяды.

E)    Олардың арасында ешқандай тәуелділік жоқ.

 

3. Инфляция мен жұмыссыздық арасында қандай өзара байланыс бар:

A)   Жұмыссыздық төмендегенде, инфляция өседі.

B)   Жұмыссыздық өскенде, инфляция да өседі.

C)   Жұмыссыздық өскенде, инфляция өзгермейді.

D)   Жұмыссыздық төмендегенде, инфляция төмендейді.

E)    Жұмыссыздық пен инфляцияның арасында ешқандай өзара байланыс жоқ.

 

4. Экономиканың құлдырауы себебімен жұмысынан айырылған адам келесі жұмыссыздық түрін көбейтеді:

A)   Фракциондық.

B)   Құрылымдық.

C)   Циклдық.

D)   Табиғи.

E)    Маусымдық.

 

5. Инфляцияның қарқынына қарай  төмендегідей түрлері болады:

A)   Күтілетін және күтілмейтін.

B)   Баланстандырылған және баланстандырылмаған.

C)   Баяу, қарқынды және ұшқыр инфляция.

D)   Сұраныс инфляциясы және шығындар инфляциясы.

E)    Ұсыныс инфляциясы.

 

6. Дефляция – бұл:

A)   Экономикада бағаның жалпы деңгейінің төмендеуі.

B)   Инфляция қарқынының төмендеуі.

C)   Ұлттық валюта бағамының төмендеуі.

D)   Ақшаның сатып алушылық қабілетінің төмендеуі.

E)    Экономикада бағаның жалпы деңгейінің өсуі.

 

7. Инженер К.Смирнов неғұрлым көп ақылы жұмысқа орналасу үшін «ПОК» фирмасынан кетті. Бұл қандай жұмыссыздықты білдіреді:

A)   Фрикциондық және құрылымдық.

B)   Циклдық.

C)   Фрикциондық.

D)   Құрылымдық.

E)    Фрикциондық және циклдық.

 

8. Жұмыссыздық деңгейі қалай анықталады:

A)   Жұмыссыздар

      Жұмыс күші

B)   Жұмыс күші

       Жұмыссыздар

C)   Жұмысбастылар

        Жұмыссыздар

D)   Жұмыссыздар

    Жұмысбастылар

E)   Дұрыс жауабы жоқ.

 

9. Қайта мамандануды қажет ететін жұмыссыздарды келесі түрге жатқызады:

A)   Фрикциондық.

B)   Құрылымдық.

C)   Циклдық.

D)   Барлық аталғандарға.

E)    Дұрыс жауабы жоқ.

 

10. Сұраныс инфляциясы келесідей сипатталады:

A)   Шикізатқа бағалардың өсуімен.

B)   Пайыз мөлшерлемесінің өсуімен.

C)   Нақты өндіріс көлемімен салыстырғанда жиынтық сұраныстың артықшылығымен.

D)   Инвестициялардың төмендеуімен.

E)    Жиынтық ұсыныстың қысқаруымен.

 

11. Стагфляция – бұл келесі жағдай болатын құбылыс:

A)   Инфляция өседі, ал жұмыссыздық төмендейді.

B)   Жұмыссыздық өседі, ал инфляция төмендейді.

C)   Жұмыссыздық та, инфляция да өседі.

D)   Жұмыссыздық та, инфляция да төмендейді.

E)    Өнім шығару көлемі қысқарады.

 

12. Оукен заңына сәйкес, жұмыссыздықтың фактілік деңгейінің оның табиғи деңгейінен 2 пайыздық жоғарылауы, ЖҰӨ-нің фактілік көлемінің нақтыдан қаншаға қалуын көрсетеді:

A)   2%

B)   4%

C)   3%

D)   5%

E)    5% -дан анағұрлым жоғары.

 

13. Толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі ненің жиынтығына тең:

A)   Циклдық және фрикциондық.

B)   Фрикциондық және құрылымдық.

C)   Циклдық және құрылымдық.

D)   Циклдық, фрикциондық және құрылымдық.

E)    Дұрыс жауабы жоқ.

 

14. Адамдардың оқу орнын бітіргеннен кейін немесе жұмыс орнын өзгерткен кездегі жұмыссыздық түрі:

A)   Құрылымдық.

B)   Фрикциондық.

C)   Циклдық.

D)   Жасырын.

E)    Барлық аталғандар.

 

15. Өндіріс шығындарының өсуінен туындаған инфляцияға төмендегі жағдайлардың қайсысы қатысты  емес:

A)   Жұмыспен қамтылудың және өндірістің өсуі.

B)   Өнімнің әр данасының құнының өсуі.

C)   Жалақы мөлшерінің өсуі.

D)   Ұсыныстың азаюы.

E)    Пайыздық мөлшерлеменің өсуі.

 

Есептер:

1.     Келесідей деректер бар:

Жұмыспен қамтылғандар саны 90 млн. адам

Жұмыссыздар саны 10 млн. адам

Жұмыссыздық көлемін анықтаңдар.

90млн. жұмыспен қамтылған адамдардан бір ай өткеннен кейін 0,5 млн. адам жұмыстан шығарылған еді; 1млн ресми тіркелген жұмыссыздар жұмыс іздеуді тоқтатқан. Мыналарды анықтаңыз:

а)  жұмыспен қамтылғандардың санын

б) Жұмыссыздар саны

в) Жұмыссыздық көлемін.

 

2. Тұрғындар саны 100 млн. адам құрайды – 16-ға дейінгі балалар, ұзақ изоляциядағы адамдар, 30 млн. адам жұмыс күші қатарынан шықты; 4 млн. 60 мың адам – жұмыссыздар; 1 млн. адам – толық жұмыс күні бар жұмыскерлер және жұмыс іздейтіндер.

Осы мәліметтерді пайдаланып анықтаңыздар:

А) жұмыс күші көлемін;

Б) жұмыссыздық деңгейін.

 

Іскерлік ойын: «Инфляциядан шығу жолдары».

Өткізу тәртібі: 2 топ құрылады: 1 – мемлекет, 2 – кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар. Екі топ инфляциядан шығу жолдарын көздейтін бағдарлама дайындап оны дәлелдеулері қажет.

 

Студенттердің өзіндік жұмысы

Өздігінен оқуға арналған сұрақтар:

   1. Инфляцияға қарсы саясат, оның әдістері

   2. Оукен заңы.

   3. Еңбек рыногы және оны мемлекеттік реттеу

Бақылау түрі: эссе жазу

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. Оқулық. – Алматы:  Экономика, 2003. 59-81 беттер

2. Курс экономической теории/ под ред Чепурина М.Н., Киселевой Е.А. Киров, 2001. с. 403

3. Макроэкономика / под ред Яковлевой Е.Б. СПб: Поиск, 1997. с. 177, 192

4. Макроэкономика: Уч. пособие/ под ред И.П. Николаевой.- М: ЮНИТИ-ДАНА, 2002.- с. 227

5. Тарасевич Л.С., Гальперин В.М., Гребенников П.И., Леусский А.И. Макроэкономика: учебник / Общая ред Тарасевича Л.С..- СПб: 1999. с. 311, 196

6. Кенжеболатова М.Ш. Макроэкономика. Оқу құралы, Астана, 2005 ж.

10-шы тақырып. Бюджет тапшылығы және инфляция