Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
makroekonomika.docx
Скачиваний:
29
Добавлен:
08.05.2017
Размер:
94.44 Кб
Скачать

Семинар сабағы

Сабақтың мақсаты: Бюджет тапшылығының болу себептері мен оны жабу жолдарын зерттеу.

 

Талдау сұрақтары:

1.     Үкіметтің табыстары мен шығындары.

2.     Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз.

3.     Инфляциялық салық және сеньораж.

4.     Лаффер қисығы.

 

Тест сұрақтары:

1. Мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыратын негізгі әдістеріне төмендегілердің қайсысы жатпайды:

A)   Шетел компанияларына акцияларды сату.

B)   Ақша-несие эмиссиясын жүргізу.

C)   Займдарды шығару.

D)   Ақшаларды қосымша басып шығару.

E)    Салық жинауды көбейту.

 

2. Мемлекеттік қарыз мынадай жолмен өтелмейді:

A)   Жаңа салықтарды енгізу.

B)   Шетел инвестициясын тарту.

C)   Бюджеттік шығындарды қысқарту.

D)   Жаңа ақша шығару.

E)    Резерв нормасын көтеру.

 

3. Ынталандырылатын фискалды саясат негізінде пайда болатын бюджет тапшылығы келесідей қаржыландырылады:

A)   Жаңа ақшалар эмиссиясымен.

B)   Еңбекақы ставкасының төмендеуімен.

C)   Салықтардың көбеюімен.

D)   Пайыз мөлшерлемесінің жоғарылауымен.

E)    Мемлекеттік кәсіпорындардың тауарларына бағалардың жоғарылауымен.

 

4. Табыс тең 5000, тұтыну – 3200, инвестициялар – 900, мемлекеттік шығындар – 900, салықтар – 700. Мемлекеттік бюджет тапшылығының мөлшері қандай:

A)   200.

B)   100.

C)   500.

D)   0.

E)    300.

 

5. Мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігіне кірмейді:

A)   Пайдаға салық.

B)   Сыртқы экономикалық қызметтен табыс.

C)   Қорғанысқа шығындар.

D)   Ренталық төлемдер.

E)    Жергілікті салықтар.

 

6. Мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігі мынаны көрсетеді:

A)   Мемлекеттің қызметін қаржыландыруға ақшаның қайдан түсетінін.

B)   Мемлекеттік шығындардың қандай мақсатқа жұмсалатынын.

C)   Шығыс бөлігі кіріс бөлігінен  қаншалықты артқанын.

D)   Барлық өндірілген өнімдердің нарықтық құнын.

E)    Жоғарыдағылардың барлығын.

 

7. Мемлекеттік қарыз – бұл:

A)   Бюджеттік тапшылықтың жалпы сомасы.

B)   Үкіметтің ішкі  мемлекеттік займдар шығару нәтижесінде халыққа қарызы.

C)   Сыртқы займдар сомасы.

D)   Бірде бір жауап дұрыс емес.

E)    Үкіметтің шетел инвесторларына қарызы.

 

8. Үкімет бюджеттік тапшылыққа ие болады, егер:

A)   Салықтан түсетін табыс тұтыну шығындарынан көп болса.

B)   Салықтан түсетін табыс мемлекеттік шығындардан көп болса.

C)   Мемлекеттік шығындар салықтан түсетін табыстан көп болса.

D)   Салықтан түсетін табыс инвестициядан көп болса.

E)    Мемлекеттік шығындар салықтан түсетін табыстан аз болса.

 

9. Табыс тең 5000, тұтыну – 3200, инвестициялар – 900, мемлекеттік шығындар – 900, салықтар – 700. Мемлекеттік бюджет тапшылығының мөлшері қандай:

A)   200.

B)   100.

C)   500.

D)   0.

E)    300.

 

Есептер:

1.     Экономика келесі мәліметтермен берілген: нақты пайыздық ставка 3%, нақты ЖІӨ қарқыны 7%, қатынасы 50% құрайды, мемлекеттік бюджеттің бірінші реттік тапгылығы ЖІӨ-нен 5% құрайды. Есептеңдер: қатынас жоғарылай ма, әлде төмендей ме?

      2. Үкімет 1 млрд. долл. мөлшерінде 8% жылдық ставкамен шетелдік заем алды. Бұл қаржы бірнеше жыл ішінде 300 млн. долл. мөлшерінде ЖІӨ-нің жылдық өсімін әкелетін, инвестициялық болжамдарға салынады,

Есептеңдер:

А) мемлекеттік қарыз қандай мөлшерде көбейеді?

Б) қанша жыл ішінде мемлекет бұл қарызын өтей алады?

 

3.Төмендегі кестеде А және В мемлекеттерінің экономикасы берілген:

 

 

А мемлекеті

В мемлекеті

қаржы жылының басындағы мемлекет берешегінің көлемі (млн. долл.)

2000

2000

атаулы мемлекеттік шығындар (қаржы жылының соңына), берешек қызметі бойынша қаржы төлемдерін ескермегенде (млн. долл.)

200

200

бағалар деңгейі (жыл басына)

1,0

1,0

инфляцияның жылдық қарқыны

0,0

0,10

атаулы пайыздық ставка

0,03

0,13

мемлекеттік бюджетке атаулы салық түсімдер (млн. долл.)

260

260

 

Есептеңіздер:

А) әрбір елдегі мемлекеттік берешекке қызмет бойынша пайыздық төлемдердің атаулы сомалары қандай?

Б) әрбір елдегі бюджеттік тапшылық бағасының күтілімі қандай?

В)әрбір елдегі мемлекеттік берешектің атаулы және нақты көлемі қандай (жыл аяғына)?

 

Студенттердің өзіндік жұмысы

Өздігінен оқуға арналған сұрақтар:

1. Дискрециялық және дискрециялық емес қазыналық саясат.

2. Бюджеттік тапшылық проблемалары

3. Сыртқы займдар.

Бақылау түрі:   колоквиум.

 

Іскерлік ойын:  Мемлекеттік қаржыны бөлу.

Ойынның мақсаты: Шектеулі мемлекеттік бюджетті тиімді бөлу.

Өткізу тәртібі: Студенттер екі топқа бөлінеді. Әрбір топқа белгілі көлемде қаржы беріледі. Әр топ берілген қаржыны экономиканың әр саласына тиімді бөлуі тиіс.

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. Оқулық. – Алматы:  Экономика, 2003. 338-357 беттер

2. Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика/ под ред Сидоровича А.В..-М., 2004.- с. 56

3. . Курс экономической теории/ под ред Чепурина М.Н., Киселевой Е.А. Киров, 2001. с. 635, 516

4. Тарасевич Л.С., Гальперин В.М., Гребенников П.И., Леусский А.И. Макроэкономика: учебник / Общая ред Тарасевича Л.С..- СПб: 1999. с. 386

5. Кенжеболатова М.Ш. Макроэкономика. Оқу құралы, Астана, 2005ж.

11-ші тақырып. Ұзақ мерзімді экономикалық өсу