Добавил:
instagram.com Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есеп 07.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
26.10.2017
Размер:
96.67 Кб
Скачать

1 «Шалқар қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі

1.1 «Шалқар қаласы әкімінің аппарты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

І.Жалпы ережелер

1. «Шалқар қаласының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- аппарат) Қазақстан Республикасында белгіленген заңдармен құрылатын мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын уәкілеттік берілген мемлекеттік орган болып табылады.

2. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Ақтөбе облысы әкімі мен Ақтөбе облысы әкімдігінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ «Шалқар қаласы әкімінің аппараты» ММ туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Аппарат, заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ, заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қазынашылық Комитеті органдарында шоттары болады. «Шалқар қаласының әкімінің аппарты» ММ азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.

4. Аппарат өз құзыретінің шеңберінде және заңдарға белгіленген тәртіппен тиісті аумақта міндетті күші бар қаулылар нысанындағы аудан әкімдігінің және шешімдер мен өкімдер нысанындағы аудан әкімдігінің актілерін дайындайды.

5. Аппараттың құрылтайшысы Шалқар қаласының әкімдігі болып табылады.

6. Аппараттың қызметін қаржыландыру аудандық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

7. Аппараттың шектелген штат саны Үкіметпен бекітілген бюджеттегі қызметкерлердің еңбегін төлеуді қаржыландырудың бірыңғай жүйесіне сәйкес облыс әкімдігімен анықталады.

8. Аппараттың штат кестесі штат санының және еңбекақы төлеу қорының шегінде аудан әкімімен бекітіледі.

9. Аппараттың мемлекеттік тілдегі толық атауы: «Шалқар қаласының әкімінің аппараты» Мемлекеттік Мекемесі, ресми тілде Государственное Учреждение «Аппарат акима города Шалкар».

10. «Шалқар қаласының әкімінің аппараты» ММ заңды мекен-жайы: Шалқар қаласы, Есет Көтібарұлы №33

11. Аппарат Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген функцияларды жүзеге асырады:

1.2 Негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

1) қала әкімдігі қаулыларының жобаларын және қала әкімі шешімдерінің және өкімдерінің жобаларын әзірлеу;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыстық, аудандық әкімдіктің және облыс, аудан әкімінің кесімдері мен тапсырмаларын орындау үрдісіндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

3) Мемлекет Басшысының, Үкіметінің, облыстық, аудандық әкімдіктің және облыс, аудан әкімінің кесімдері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау;

4) облыс әкімінің аппаратына мемлекет басшысының және Үкіметінің кесімдері мен тапсырмалардың орындалу барысы туралы ақпарат дайындау;

5) аудан әкімдігінің алқа отырыстарын, әкімдегі және оның орынбасарларындағы кеңестерді әзірлеуді ұйымдастыру;

6) әкімнің Президент Әкімшілігімен, Премьер-Министрдің кеңсесімен, Президентпен, облыс әкімінің аппаратымен, Ақтөбе облысы сайланған депутаттармен өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру;

7) әкімнің жергілікті өкілді және атқарушы органдармен, облыстық, қалалық, басқармалар, комитеттер және департаменттермен, саяси партиялар және қозғалыстармен, өзге де қоғамдық бірлестіктермен өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру;

8) қала әкіміне тікелей бағынатын мемлекеттік органдарының құрылымы құрылуы жөнінде ұсыныстарды әзірлеу;

9) қала әкіміне есеп беретін мемлекеттік органдарының құрылымы, құрылуы және қайта құрылуы жөнінде ұсыныстарды әзірлеу;

10) қала әкімінің іс-қағаздарын жүргізу, хат-хабарларын өңдеу, құжаттар айналымын талдау;

11) қызмет бабындағы құжаттарды, хаттарды және арыз-шағымдарды қарау, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

12) әкімнің және оның орынбасарларының қызметін қаржы-шаруашылық және материалды-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

13) қалалық әкімдіктің және қала әкімінің қызметтерін бұқаралық ақпарат құралдарында көрсету, олардың әкіммен өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру;

14) қала әкімінің тапсырмасы бойынша әкімнің мүдделерін соттарда таныстыру және қорғау, прокурорлық ықпал ету кесімдерін қарау;

15) қала әкімінің аппаратына заңнама жүктелген басқа да функциялар мен міндеттер.

12. Аппараттың негізгі міндеті болып қала әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыру табылады.

13. Қала әкімінің аппараты өзінің құзырет шеңберінде негізгі міндеттерді орындау және өзінің функциясын жүзеге асыру мақсатында төменде көрсетілгендерге құқылы:

1) қаланың мемлекеттік мекемелерінің қарамағындағы ақпаратты материалдарын пайдалануға;

2) қала әкімі аппаратының қарауындағы мәселелер бойынша мемлекеттік және басқа да ұйымдармен қызмет бабындағы хат алмасуды жүргізуге ;

3) қала әкімдігінің қаулыларына, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларына сараптама жасауды ұйымдастыруға;

4) мүдделі мемлекеттік органдармен бірге қала әкімдігінің қаулыларына, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларының келісімдерінің бар-жоқтығын бақылау және келісімдері болмаған жағдайда тиісті жобаны келісу үшін қайтаруға;

5) қала әкімінің шешімін талап етпейтін мәселелер жөніндегі тиісті мемлекеттік органдарға жолдауға және қайтаруға;

6) Президенттің, Үкіметтің, облыстық, қалалық әкімдік пен облыс, қала әкімінің кесімдері мен тапсырмаларын атқарылуына тексеру жүргізуге қатысуға;

7) Қала әкімі тағайындаған немесе оның келісімімен тағайындалатын мемлекеттік мекемелер мен жергілікті атқарушы органдар басшыларының Мемлекет басшысының, Үкіметінің, облыстық, қалалық әкімдіктің және облыс, қала әкімінің кесімдері мен тапсырмаларын орындамағаны немесе ішінара орындағаны үшін жауапкершілігі туралы ұсыныстар енгізуге;

8) Қала әкімдігінің есеп беретін мемлекеттік органдарының отырысында қатысуға;

9) Қала әкімдігінің есеп беретін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың лауазымды тұлғаларын қаралатын мәселелер бойынша түсініктеме беру үшін шақыру;

10) заңға сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыруға.

14. Қала әкімі аппаратының мемлекеттік органдардың қажетті материалдар, мәліметтер беру жөніндегі, сондай-ақ қала әкімдігінің қаулылары мен қала әкімі шешімдері және өкімдерінің жобаларын пысықтау жөніндегі талаптар, тапсырмада басқа атқару мерзімі көрсетілмеген болса, заңдарда белгіленген мерзімдерде орындалуға тиіс.

ІІІ. Мемлекеттік мекеменің мүлкі

15. Аппараттың жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Аппараттың мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттардан, сондай-ақ құны балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.

16. Аппарат өзіне бекітілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. Мүліктің иесі аудан әкімдігі болып табылады.

ІV. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

17. Қала әкімінің аппаратын заңды белгіленген тәртіпте аудан әкімі қызметке тағайындайтын және босататын аппарат басшысы басқарады. Қала әкімі аппаратының өзге қызметкерлерінің заңды белгіленген тәртіппен аудан әкімі қызметке тағайындайды және босатады.

18. Аппарат басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа орай қабылданған шараларға дербес жауапкершілікті алып жүреді.

Аппарат басшысы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясатты қалыптастыру және іске асыруды ұйымдастырады.

19. Аппарат басшысы аппараттың жұмысын ұйымдастырады, әрі оған басшылық етеді және Аппаратқа жүктелген міндеттерін орындалуы мен функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді.

Аппарат басшысы осы мақсатта:

1) Қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімдері туралы ережені бекітеді, олардың функциялары мен өкілеттіктерін бекітеді;

2) аппараттың құрылымдық бөлімдерінің іс-қимылын реттейді;

3) қала әкіміне мемлекеттік қызметші болып табылмайтын аппарат қызметкерлерінің қызметке тағайындау, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің санатына жататын қызметкерлердің бос орындарына конкурс жариялау туралы, көтермелеу туралы және кадрларды қызметтерінен босату туралы ұсыныстар енгізеді;

4) бұйрықтар шығарады;

5) мемлекеттік және басқа да органдарда қала әкімі аппаратының мүддесін қорғайды;

6) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

V. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына

өзгертулер мен толықтырулар енгізу

20. Аппараттың құрылтай құжаттарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу Қазақстан республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

VI. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

21. «Шалқар қаласы әкімінің аппараты» ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Аппаратты таратудан кейін қалған мүлік мүліктің иесіне қайтарылады.