Добавил:
instagram.com Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есеп 07.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
26.10.2017
Размер:
96.67 Кб
Скачать

3 Шалқар ауданын дамыту туралы бағдарламалар.

3.1 Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары

Ауданда 2092 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оныңішінде жұмыс жасайтыны 1883. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда сәйкесінше 102,8; 94,2 пайызды құрады.

Шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерімен 4,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, қызметтері көрсетілді.

Салада 3,5 мың адам жұмыс жасайды немесе экономикалық белсенді тұрғындардың 14,0 пайызын құрайды.

«Бизнестің жол картасы-2020»бағдарламасы бойынша биылғы жылы 9 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде 3 жоба субсидиялау арқылы, құны 465,0 млн.теңге, 6 жоба кепілдендіру арқылы, кепілдік сомасы 51,4 млн.теңге, несие сомасы 100,2 млн.теңге.

Ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Бизнес-регион» жобасы бойынша 7 адам 20,1 млн.теңге, «Даму» қорынан 6 жеке кәсіпкерлер мен 2 шаруа қожалығы «Жас старт» , «Кең дала» жобалары бойынша 39,5 млн.теңге несие алды.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамынан «Ырыс» жобасы бойынша 2 жеке кәсіпкер мен 1 шаруа қожалығы 18,0 млн.теңге және «Ынтымақ» жобасы бойынша 1 ауылдық тұтыну кооперативі 6,8 млн.теңге несие алды.

Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында «Гаухартас» көтерме және бөлшек сауда дүкенімен өзара ынтымақтастық орнатылып, тұрақтандыру қоры құрылды. Қазіргі таңда дүкеннің сыйымдылығы 120 тоннадан астам қоймасында картоп, көкөніс және жеміс-жидектер қоры жеткілікті және уақтылы толықтырылып отырылады. Қала және ауылдық округ әкімдері барлығы 53 көтерме және бөлшек сауда орындарымен Меморандумға отырып, тұтыну рыногындағы бағаны тұрақтандыру жөніндегі штабпен меморандум шарттарының орындалуы тұрақты бақылауда.

Ірі сауда дүкендері және көтерме сауда жасайтын кәсіпкерлер облыс орталығынан азық түлік, картоп, көкөніс өнімдерін және оңтүстік, Қостанай өңірлерінен көкөніс және картоп дақылдарын тұрақты түрде әкеліп, аудан халқын қамтамасыз етуде.

Аудан тұрғындарын ауылшаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында Қызылорда облысына қарасты Арал және Қазалы ауданы әкімдігімен Шалқар ауданы әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға отырылды.

Шалқар қаласындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын «Айдана» және «Бек-Аслан» дүкендері арқылы Қызылорда облысы Қазалы, Арал аудандарынан «Рза», «Мерей» ЖШС-нен 33 тонна күріш, «Арал тұз» ЖШС-нен 5,5 тонна тұз әкелінді. Сонымен қатар Қызылорда облысының тұрғыны жерімізге қант қызылшасын егу мақсатында Тоғыз ауылдық округінен 10 000 га жерді жалға алды.

Тұрғындарды арзан ет және сүт өнімдерімен, картоп және көкөніспен қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан бері 10 рет ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізілді. Жәрмеңкеде ұн, ет, сүт өнімдері, картоп, көкөніс өнімдері нарықтық бағадан 10-15 пайызға төмен сатылып, барлығы 34,2 млн.теңгенің өнімдері өткізілді.Бөлшек сауда айналымы 3,3 млрд.теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 104,7 пайызды құрады.

Кесте 4. Шағын және орта бизнесті дамыту

Шаралар

Аяқталу үлгісі

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

Орындалуы туралы ақпарат

1

Шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау

ОКБ және ОИИДБ ақпарат

АКБ

Жыл бойы

Ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Бизнес-регион» жобасы бойынша 7 адам 20,1 млн.теңге, бұдан басқа «Даму» қорынан 6 жеке кәсіпкерлер

мен 2 шаруа қожалығы «Жас старт» , «Кең дала» жобалары бойынша 39,5 млн.теңге несие алды.«Ауыл

шаруашылығын қолдау қоры» АҚ арқылы «Ырыс» бағдарламасы бойынша «Сүйіндік» шаруа қожалығы 8,5 млн.теңге, жеке кәсіпкер Утежан.А 5,0 млн.теңге, жеке кәсіпкер Туремуратов.Е 4,5 млн.теңге, және «Ынтымақ» бағдарламасы бойынша «Жарас ата» АТК 6,8 млн.теңге несие алды.

2

Жергілікті сауда инфрақұрылымын дамыту

ОКБ ақпарат

АКБ

Жыл бойы

Ауданда 2013 сауда дүкендері бар, оның іщінде 28-і 2016 жылы ашылды.

3

Сауданы дамыту үшін бүгінгі күннің талаптарына сай жағдай жасау

ОКБ ақпарат

АКБ

Жыл бойы

Сауда орындарына қажетті электр, газ, су желілері алдыңғы кезекте жеткізіледі.

4

Шалқар қаласынан кемпинг құрылысы

ОКБ ақпарат

КБ,ЖК Ержанов.М

2016-2020 жж

Құрылыс материалдары алынып, іргетасы төселді.

5

Мөңке би елді мекенінен шаштараз ашу

ОКБ ақпарат

КБ,ЖК Есіркегенова

2016-2020 жж

Қоғамдық монша ішінен шаштараз ашылып, халыққа қызмет көрсетуде.