Добавил:
instagram.com Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есеп 07.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
26.10.2017
Размер:
96.67 Кб
Скачать

Қорытынды

«Шалқар қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде өндірстік тәжірибемді атқара отырып мыналарды айтып кетсем деймін.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару»мамандығы бойынша алған теориялық білімімді тәжірибеде пайдалану жүзінде үйлестіріп, іскерлік қабілетімді жоғарылаттым және өз білімімді едәуір тереңдеттім деп ойлаймын.

«Шалқар қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде әр түрлі бастапқы құжаттармен жұмыс істей отырып,олармен таныстым. Шалқар қаласы әкім аппаратының шаруашылық кітапшаларын толтыруға көмектестім және шешімдермен, өкімдермен таныстым.

Өндірістік тәжірибедегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары:

қызмет беруші органдарда көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау тетіктерін әрі қарай жетілдіру және күшейту;

мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін уақтылы бекіту;

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мерзімдерін бұзуға жол бермеу;

мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы БАҚ, стендтер және ресми интернет-ресурстар арқылы тұрғындарды уақтылы хабардар ету;

көрсетілетін қызметті алушыларға «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы насихат жүргізу және ақпараттандыру бойынша шаралар өткізу;

«бір терезе» қағидасы бойынша ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үлесін ұлғайту (түсіндіру сипатындағы шаралар);

«электрондық үкімет» порталы арқылы қызмет көрсетуге келіп түскен арыздарды уақтылы тіркеу бойынша пәрменді іс-шаралар қабылдау шараларын толық меңгеру арқылы кәсіпқой маман ретінде дамытуға мүмкіндік береді.

«Шалқар қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ ережелерге сәйкес жүзеге асырады.

2016 жылы округ елді мекендері тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсартуға және қаланың көркеюі жолында айтарлықтай іс-шаралар атқарылды және атқарылуда.

Қолданылған әдебиеттер

  1. Шалқар ауданының ресми сайты http://shalkar.aktobe.gov.kz/

  2. Қала әкімінің 2016 жылғы есебі

  3. Ақтөбе облысының ресми сайты http://aktobe.gov.kz/

  4. Ақтөбе облысы Шалқар ауданының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру туралы есеп