Добавил:
instagram.com Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есеп 07.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
26.10.2017
Размер:
96.67 Кб
Скачать

3.2 Білім беру сапасын арттыру

Шалқар ауданының аумағын дамытудың білім бөлімі бойынша 2016 жылы білім сапасын, балалардың заңды құқығы мен қорғалу жүйесінің тиімділігін арттыру, білімге қол жетімділігін жақсарту мақсатында төмендегідей жұмыстар атқарылды:.

2016-2017 оқу жылында 23 орта, 7 негізгі, 6 бастауыш мектепте 8062 оқушы білім алуда. Биылғы оқу жылынан бастап нормативке сәйкес болмауы себепті Кішіқұм ауылдық округіндегі Сардүлек елді мекені №25 бастауыш мектебі жабылды. Аудандағы 26 бала бақшада 1635 бала, 32 шағын орталықтарда 982 бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі тәрбиемен 3-6 жас аралығындағы балаларды қамту 100 пайыз, 0-6 жас аралығындағы балаларды қамту 76,9 пайызды құрайды.

2016 жылы Шалқар қаласынан 70 , 75 және 190 орындық 3 балабақша ашылды.

Сонымен қатар 4 мектептен тыс мекемелерде 4060 оқушы қосымша білім алуда.

Өткен жылы Ұлттық бірыңғай тестке ауданның 23 орта мектебінен 378 түлек (мектеп бітірушілердің 65,6 пайызы) қатысып, аудан бойынша оқушылардың орташа көрсеткіші 82,1 баллды құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдан 3,8 –ге, облыстан 0,7-ге төмен. Тест қорытындысы бойынша 15 түлек «Алтын белгі» белгісіне, 36 түлек үздік аттестатқа ие болды.

Сурет 2. 2015-2016 жылдардағы ҰБТ көрсеткіштері

2015 жыл; 2016 жыл; 2015 жыл; 2016 жыл; 2015 жыл; 2016 жыл;

Бітіруші Бітіруші ҰБТ-ға ҰБТ-ға ҰБТ ҰБТ

Түлектер түлектер қатысқан қатысқан көрсеткіші: көрсеткіші:

саны:432 саны:451 түлектер түлектер 85,2 82,1

саны:360 саны:378

Үстіміздегі жылы облыстық пәндік олимпиадаға қатысқан 35 оқушының 24-і I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталып, нәтижесінде «Үздік ауыл командасы-16» номинациясын иеленді.

Балалардың жазғы демалысы, сауықтырылуы, бос уақыттарын ұйымдастыруы бекітілген іс-шараларға сәйкес жүргізілуде.

Өткен жылы 1,8 сыныптарға толық комплект, 4 сыныптың ағылшын оқулығы, 9-сыныптың «Дінтану және зайырлылық курсы» оқулығы сатып алынды.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша Сарсай негізгі мектебі, қаладағы №1 орта мектебі, көркемсурет лицейі, аудандық бюджеттен Жангелдин орта мектебін күрделі жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар, Сарсай мектебінің спорт залын және ГКС-12 орта мектебін күрделі жөндеуге ЖСҚ дайындауға 1,2 млн.теңге қаржы бөлінді.

Аз қамтылған отбасылардың 1751 баласына «Мектепке жол» акциясы бойынша 14,9 млн.теңге , жалпыға міндетті оқу қорының негізінде 1855 балаға18,5 млн.теңгекөлемінде көмек көрсетілсе, «Туған жерге тағзым» акциясы аясында мектеп түлектері 48,3 млн.теңгенің демеушілік көмектерін көрсетіп, мектептерге қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды.

Кесте 5. Мектеп білімі қызметінің сапасын арттыру

Шаралар

Аяқталу үлгісі

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

Орындалуы туралы ақпарат

1

*Өзін-өзі тану* оқу құралдарымен қамтамасыз ету

ОББ-на ақпарат

АББ

Жыл сайын

Аудан мектептерін өзін өзі тану оқулығымен қамтамасыз етуге 1,7 млн.теңге қаржы бөлініп, алынып берілді.

2

УМК-мен қамтамасыз ету

ОББ-на ақпарат

АББ

Жыл сайын

1,4,8,9 сыныптарды оқулықпен қамту үшін 33,8 млн.теңге қаржы бөлініп, игерілді.

3

Аудан орталығындағы мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту

ОББ-на ақпарат

АББ

Жыл сайын

Мектептердің материалдық техникалық жағдайын нығайту мақсатында 9 мектепке РБ-тен 8,9 млн.теңге бөлініп, интерактивті кешен, АБ-тен 8,7 млн.теңге қаржы бөлініп, құрылғылар сатып алып берілді.

4

Қаратоғай ауылындағы мектеп құрылысы

Пайдалануға беру актісі

АББ

2017-2018жж

АБ-есебінен ЖСҚ дайындалып, 2017 жылы ОБ-тен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жоспарлануда.

5

Мектептерге күрделі жөндеу жүргізу

ОББ-на ақпарат

АББ

Жыл сайын

Есепті кезеңде Шалқар қаласындағы №1, Жангелдин атындағы орта мектептер, Сарсай негізгі мектебі, көркемөнер лицейі күрделі жөндеуден өткізілді.

6

Ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалардың, жетім балаларға ай сайын қаржылай төлем

ОББ-на ақпарат

АББ

Жыл сайын

38 балаға ай сайын қаржылай көмек беріліп отыр.